Джрауова К. С- э.ғ. к, Қорқыт Ата атындағы Қму-нің академиялық доценті, Қазақстан



Дата16.06.2016
өлшемі84.78 Kb.
#138623
Джрауова К.С- э.ғ.к, Қорқыт Ата атындағы

ҚМУ-нің академиялық доценті, Қазақстан


Жанама салықтардың экономикалық мазмұны және Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі ролі
Нарықты экономиканы дамыту үшін мемлекет тарапынан салыққа аса мән беріледі. Салықтар мемлекеттің қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Салықтар, жалпы экономикалық мазмұнына қарай тікелей салықтар және жанама салықтар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің ішінде жанама салықтардың алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында жанама немесе тұтынуға салынатын салықтар кең қолданылады.

Жанама салықтар – бұл салық төлеушінің табысына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес, тауардың бағасына және қызметтің тарифіне қосылатын салықтар. Жанама салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.

Салықтардың тікелей және жанама болып бөлінуі XVІІ ғасырдың соңында Д. Локкпен салықтардың басқаға аудару критерииін негізге ала отырып енгізілген болатын. Нәтижесінде тек жерге салынатын салық тікелей деп танылды да, қалғандары - жанама болды (себебі оларды төлеу ақыр соңында жер иеленушілерге аударылатын) [1].

Дж. Миль болса критерийге құқықтық тұрғыдан қарады. Оның құқықтық (мемлекет) көзқарасы тұрғысынан тікелей салықтар – бұл салық төлеушіге тікелей жүктелетін, ал жанама салықтар - бұл салық төлеушімен басқаға жүктеле алатын салықтар. Бұл критерийді А. Вагнер де ұстанды [2].

XІX ғасырда тікелей салықтардың басым бөлігі басқа тұлғаға аударыла алуы, жанама салықтардың толығымен тиісті тәртіпте пайдаланылмауы оларға деген көзқарасты өзгертті. Енді критерийге салық салу мен алу тәртібі ескерілді. Тікелей салықтар тұрақты сипаттағы құбылыстарға негізделгендіктен (мүлікті басқару немесе пайдалану) олар салық төлеушілермен жасалған тізімге сәйкес бөлек және белгілі бір белгіленген мерзімде төленді, жанама салықтар болса өзгермелі құбылыстардан, бөлек іс-әрекеттерден, факторлардан (белгіленген тарифтер негізінде салынатын тұтыну, келісім-шарт, қызмет көрсету актілері) бастау алады.

Жанама салықтардың келесі ерекшеліктерден тұрады:

- жанама салықтар салық салынатын өндіріс кезеңдеріне қарамастан ақырғы тұтынушыға бағытталады;

- мемлекеттің фискалдық функциясын атқарады. Мәселен, белгілі бір тауардан үлкен көлемде қосымша кіріс алу мақсатында тауарлардың белгілі бір топтарына (арақ және темекі өнімдеріне) акциз салығын қолданады;

- тұтыным есебінен жиналған ақша қаражаттары нақты белгіленген мақсаттарға- мемлекеттің түрлі бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады.

Ел экономикасын көтеру мен мемлекеттік бюджеттің кірісін молайтуда сүбелі үлесті жанама салықтар қосатындығы белгілі. Оны олардың бюджеттің салықтық кірістерінің жартысына жуық бөлігін құрауынан байқауға болады. Осыны біле білген Европалық Одақ жанама салықтарды оған мүшелікке кірудің басты шартына айналдырып отыр.

Себебі:

- оларды төлемеу мүмкін емес;



- олармен болатын экономикалық қылмыстар аз;

- еңбекке деген құлшынысқа аз көлемде әсер етеді;

- тапшылық жоқ кезде, яғни тауар алмастыратын басқа да тауарлар болған кезде тұтынушының тауар таңдау құқықтарын қалыптастырады;

- салықтардың көрінбеуі және басқалары [3].

Қазақстанда жанама салықтардың келесі түрлері қолданылады:

- Қосылған құнға салынатын салық;

- Акциз;

- Кедендік баж салығы.

Қазақстанда жанама салықтардың ішінде бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылатын салық болып қосылған құн салығы табылады. 2009 жылы бұл салық жалпы мемлекеттік бюджет кірісінің 22,4 пайызын құрады [4].

Шет мемлекеттер тәжірибесі көрсеткендей, салық реформасын жүргізудің бір ұшы салық жүйесіне қосылған құнға салынатын салықты (ҚҚС) енгізудің қажеттілігін саралап, тиімді жолын табу болып табылады.

1991 жылдың 24 желтоқсанында «Қосылған құнға салынатын салық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, республиканың салық жүйесіне қосылған құнға салынатын салықты енгізді. Бүгінгі күні бұл салық Салық кодексімен реттеледі және ол жанама салықтар қатарына жатады.

КСРО кезеңі мен одан кейінгі экономикалық кезеңде де ұзақ уақыт бойына айналым салығы қолданылып келді. 30-жылдардың басында енгізілген бұл салық бюджеттің ауқымды да тұрақты кіріс көзі болып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етті (1985ж.-36,8%, 1986ж.-34,9%, 1987ж.-34,9%,1988ж.-31,5%, 1989ж.-29,6%, 1990ж.-40%, 1991ж.-22,1%).

1990-1991 жылдары өнеркәсіп өзі тұрған жері бойынша айналым салығын төлеуге көшуіне байланысты бұл тұрақты қаржы көзінен айыылды. Мұны республикамызда аяқ киім, темекі, кондитер, тоң май кәсіпорындары бойынша келіп түсетін түсімдердің кемігендігімен түсіндіруге болады. Әйтсе де өнеркәсіп тауарларының бағасы қолдан кемітілді. Айналым салығы арзан азық-түлік өнімдеріне берілетін дотация түрінде жабылды, ол әрине қайта бөлу тиімділігін бере алмады.

Қазақстан Республикасы нарыққа өту кезеңінде аса ауыр қаржы жағдайында қалды, өйткені экономикалық тұрғыдан құрылымдық қайта құру ұзақ уақытты, елеулі қосымша қаржы ресурстарын талап етті, ал бұлар бізде жоқ еді.

Айналым салығы тауарлардың көтерме және бөлшек сауда бағасы арасындағы айырманы білдіреді. Бұл әринебағаның жоспарлы белгіленуі кезінде тиімді болып табылады. Салық ставкалары бюджеттің қажеттілігіне қарай белгіленіп, өзгертіледі. Алайда орталықтандырылған жоспарлау жағдайында бұл өндіріс қызметіне әсері аз еді, өйткені салық салу шарты бойынша маңызы төмен өнеркәсіп салаларын мемлекет қаржыландырды. Алайда баға босатылып жіберілген кезде айналымнан алынатын салық бағалар айырмасы болғандықтан, мүлде жоғалып кетті.

1991 жылдың қаңтарынан бастап республиканың салық жүйесіне сатудан алынатын салық енгізілді. Бұл салық бойынша халық тұтынатын тауарларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өткізуден, ақылы жұмыстар мен қызметтерді атқарудан 5 пайыз мөлшерінде алынды.

Айналым салығы тауардың бағасына енгізілгенімен, сатудан алынатын салық тауарды сатушының бағасынан тыс алына отырып, сол салықтың қайталануына әкеліп соқтырды. Егер мұның біріншісі қатаң орталықтандырылған салық салу тәртібін бейнелесе, екіншісі шексіз жеңілдіктер құқықтаын ұсынды.

Бұл мемлекеттер арасында сатудан алынатын салық бойынша тауардан түскен соманың орнын толтырудың елеулі қиындықтарын туғызады. Республикада қалыптасқан поблемаларды шешу жолының бірі- айналым салығын, сатудан алынатын салықты қосылған құн салығына ауыстыу еді. Сонымен Қазақстанда ҚҚС енгізу сән қуудан емес, объективті қажеттіліктен туындады. Сонымен қатар жанама салық салу жүйесі мемлекеттің қазынашылық мүдделерін білдіруі мүмкін еді. Алайда оларды парасатты қолдану, баға белгілеу мен тұтыну құрылымына кері ықпал етуге әкеледі.

Дүниежүзілік тәжірибе көсеткендей, салық төлеушілер үшін олардың кірісіне салынатын тікелей салықтың өсуінен гөрі шығындарға салынатын жанама салықтың өсуі анағұрлым маңыздырақ.

ҚҚС-ғы салық ауыртпалығын бөлуді жүзеге асырудың көрнекті мысалы болады: бұл жерде салық субъектісімен оның таратушысы бір-біріне сәйкес келмейді. ҚҚС-ғын төлеуші салық ауыртпалығын өз тауарларының не «алдағың сатып алушыларына (салық көлеміне сәйкес бұл тауарлардың бағасын арттыра отырып), не бұрынғы өзі тауарлар сатып алған адамдарға (оларға тауарлары үшін ақыны кем төлеп отырып) салуға ұмтылады [5].

ҚҚС салық жүйесіне енгізу кезінде мемлекет өз алдында келесідей мақсаттарды қойды:


  1. - бюджеттің табыс бөлігін бір қалыпты қамтамасыз ету мақсатымен байланысты салық салу базасын кеңейту;

  2. - салық түсімдерін инфляциялық құнсызданудан қорғау;

  3. - тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің бір қалыпты табыс көзін құрастыру;

  4. - шығынды төлем қабілетін төмендету және осының арқасында екі сұрақты шешу: тауар дефициттін жою және инфляцияның қарқынын төмендету.

ҚҚС Қазақстанда енгізудің себебі ретінде Еуропа Одағына кірудің ең бірінші талабы болып, ол ҚҚС салық жүйесінде қолданылуы болды. Ал келесі себеп ол нарық экономикасына өтуіне байланысты әмбебап салық қажет болды, ал ҚҚС дәл сол салық болды.


Біздің ойымызша, ҚҚС артықшылықтары келесіден тұрады:

- ҚҚС өнім бағасына енгізілмейді, керісінше баға үстінен қойылады және сатып алушымен төленеді, бұл өндірістің шығыны мен рентабелдігіне әсерін жояды;

- салық салу объектісі ретінде бірдей мөлшерлеме бойынша өндірістің барлық фазаларындағы бүкіл өнім болады, яғни бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының айырмашылығы бойынша емес, бұл өз кезегінде салықтың соңғы өнімде жиналмауынан көмектеседі, салық салу үрдүсінде қайталап есептеуді доғарады;

- реттелген жүйе кезінде, салық органдары мен салық төлеушілерінің көзқарасы бойынша салық өндіріп алу процедурасы өте оңай. ҚҚС есеп -айырысуы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі бақылайтын үрдіс болып табылады, себебі әр келесі сатып алушы, оның жеткізушілері олармен төленген салықтың мөлшерін фактура –шоттарда дұрыс тіркелуінде мүдделі;

- ҚҚС мемлекет табысын үлкейтудің тиімді құралы болып табылады. Салықтардың кең базасы ҚҚС мөлшерлемесін сәл көтерудің арқасында бюджет түсімдерін едәуір кеңейтуіне мүмкіндік береді;

- ҚҚС экономикалық әс-әрекетінің барлық салалары мен түрлеріне, олардың күрделі қаржы сиымдылығына, кәсіпорынның мөлшеріне және тағы басқа қарамастан салық салудың бірдей нақты деңгейін қантамасыз етеді;

- көптеген елдерде экспорты ынталандыру үшін фирмалар экспортерларға, экспорт өнімінің бағасына кіретін, айналым салығының бір бөлігін қайтаратын тәртібі бар. ҚҚС берілген фирманың экспорт өніміне кеткен нақты шығындарды есептей отырып осы соманы дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Импорт кезінде ҚҚС протекционистік саясаттың құралы ретінде кеңінен қолданылады. Осыдан, ҚҚС сыртқы экономикалық байланыстарды реттейтін тәсіл ретінде қолдана алады.

- әр түрлі елдерге бірдей салық саясатын өткізуге көмектесетіндей, ҚҚС интеграциялық функциялар атқарады. Бұл ұлттық экономикалардың жақындасуына әкеледі, оны ЕЭО елдер тәжірибесімен қуатталады, ал олар үшін ҚҚС өзіндік қаражаттың негізгі қайнар көзі болып табылады.

ҚҚС-ның жағымсыз әсерін азайту әрекеті салық жүйесінің қалыптасуының бірінші сатысының барысында жасалған, ал ол ҚҚС қолданылуын жеңілдетті.

Айналымнан және сатудан алынатын салықтардың орнына енгізілген ҚҚС іс жүзінде салық жүйесінің аса маңызды да елеулі өзгерісі болды. Әуел баста салық өндіріс қызметін реттеу үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бюджет қаржыларының құнсыздануын болдырмау құралына айналды, өйткені бюджетке салық сомасының түсуін бағаның өсуімен тікелей байланыстыады деп ұйғарылды.

Іс жүзінде, бұл салықтың реттеушілік қызметі өндірістің ұлғаюы мен тұтынудың үнемі өсуі жағдайында ғана көрініс алатындығын көрсетті. Өндірістің құлдырауы мен экономиканың дағдарыс құбылыстары өршіген жағдайларда ол өзіндік құнның ұлғаюына тікелей ықпал ететін факторлардың біріне айналады. Бұл салықты енгізу кезінде қосылған құнды, базасын есептеудің нақты әдістемесі жасалған жоқ еді. Бұған қоса салықты алу механизмі жасалмады.

Сонымен ҚҚС жүйесі сұраныстың төлем қабілеті жиынтығына ықпал етеді, ол Кейнстік тұжырымға сай нарық шаруашылығы дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Осыдан шығатын қорытынды, ҚҚС жүйесінің көмегімен қоғам мүдделі болып отырған өндірістер мен салаларға капитал мен жұмысшы күшін жедел аударуды қамтамсыз етіп, нарық құрылымын қоғам үшін қажетті бағытқа қарай қайта құруымыз керек.

ҚҚС жүйесі территориялық қаржыларды нығайтуға жәрдемдеседі, тауар қозғалысының әрбір сатысында территориялардың қосылған құнды құруға өз үлесін қосуын белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Осы арада ҚҚС жүйесінің көмегімен ұлттық шаруашылықтың жақындасуы қамтамасыз етіліп, бірыңғай салық саясатының жүргізілуі бұл салықтың пайдалылығын тағы да бір дәлелдейді [6].

Мемлекет ҚҚС-ын тауарлар мен қызметтердің әрбір сатысында салып, салық түсімдерінің тұрақтылығы мен үнемі түсуін қамтамасыз етудің анағұрлым тиімді және сенімді құралын ала алады. Кең салық салу базасы салық ставкаларын елеусіз көтерудің есебінен бюджетке түсімдердің елеулі түрде көбеюіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов,- учебник, М: ИНФА-М, 1996 г. С 46.

  2. Гензель П.П. Очерки по истории финансов. Выпуск первый. Древний мир. М.,1913. С.27, 48.

  3. Карагусова Г. Налоги : сущность и практика использования: -Алматы:1994.-ст. 22-23

  4. ҚР Қаржы Министрлігінің Статистикалық бюллетені. 2010 ж. № 12 . желтоқсан

  5. Идрисова Э.К. Предпосылки введения НДС и его экономическое содержание.// Қаржы-Қаражат,- 1996.- №10.- с.86-89

  6. Нурумов А.А. О становлении налоговой службы Республики Казахстан// Вестник по налогам и инвестициям, 2008ж., №5.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет