Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет52/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

 
6.3. Физика сабағының құрылымы 


118 
Педагогикалық жүйе ретінде сабақтың өзінің құрылымы бар. 
Сабақ белгілі бір жүйеде өзара бір-бірімен байланыста болатын 
әртүрлі бөлімдерден, компанентерден және элементтерден (ұйым-
дастыру, тексеру, түсіндіру, сабақ мақсатына жетудің әдісері мен 
құралдары және т.б.) тұрады. Сабақ құрылымы, оның жекелеген 
элементтері әртүрлі қарастырылуы мүмкін: сабақ кезеңдері 
түрінде, оқу жағдаяттары, оқу үдерісінің бөлімдері ретінде. 
Сабақ құрылымы үш деңгейде қарастырылады: дидакти-
калық, логико-психологиялық және әдістемелік.
Әртүрлі типтегі және түрдегі сабақтардың құрылымдары әр 
түрлі болады. Бірдей дидактикалық міндеттерді шешетін, бірдей 
оқу материалын қолданатын бір түрдегі сабақтың құрамы мен 
құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Сабақтың құрылымына 
оқушылардың әзірлік деңгейі, сыныптың психологиялық күйі, 
оқу кестесіндегі сабақтың орыны, оқушылардың жұмыс істеу 
қабілеті ықпал етеді.
Оқушыларда жаңа білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін 
қалыптастыру сабағының құрылымы: 
Сұлба 14. 
1.Оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін 
өзектендіру - оқушылардың білетін білімдерін еске түсірулерін, 
олардың танымдық іс-әрекеттерін туғызып, жаңа білімді 
меңгеруге ынталандырып отыруды көздейді. 
2. Оқушыларда жаңа білімді іскерлікті қалыптасытру-жаңа 
материалды меңгерту сабағының басты кезеңі болып табылады. 
Жаңа білімді қалыптастырудың әдістемесі оқушыларда қалып-
тастырылуға тиісті білім элементтерінің логикалық жүйесін 
берудің әдістерін, оқыту әдісі мен құралдарын, оқыту үдерісін 
ұйымдастырудың формаларын анықтауды көздейді. 
3.Жаңа білімді, іскрлікті қолдану – оқытудың әртүрлі дидак-
тикалық құралдарын қолданып, сабақтың кез-келген кезеңінде 
жаңа берілген материалды қайталап бекітуді көздейді. Сабақтың 
бұл кезеңінде білімді немесе практикалық іскерлікті қолдану 
білігі қалыптастырылады. 
Оқушыларда 
бар білімді, 
іскерлікті 
анықтау 
Жаңа білімді, 
іскерлікті 
қалыптасытру 
Жаңа білімді, 
іскерлікті 
қолдану 
Үйге тапсырма 
беру 


119 
4.Үй тапсырмасы-физика сабағының міндетті компаненті. 
Физиканы оқып меңгеру оқушылардың үй тапсырмасын 
орындамай жүзеге асуы мүмкін емес. Үй тапсырмасын үнемі 
сабақтың аяғында беру міндетті емес. Оны сабақтың басында 
немесе жаңа материалды қарастырғаннан кейін де беруге болады.
Сабақ кезеңдерін мұғалім әртүрлі факторларға (сабақ 
мақсаттары, оқу материалының мазмұны, оқушылардың ақыл-ой 
дамуының деңгейі және т.б.) байланысты жоспарлап ұйым-
дастырады. 
«Өзектендіру» сөзінің мағынасы білімді өзекті ету керектігін, 
берілген сабаққа қажетті екендігін білдіреді. Білімді өзектендіру 
оқушының сабаққа психологиялық дайындығын болжамдап, 
меңгерілетін тақырыпқа қызығушылықты туғызу, эмоционалды 
дайындау. Бұл кезеңде мұғалім сыныптың дайындығының 
дәрежесін және жекелеген оқушылардың жаңа материалды 
қабылдауға әзірлігін тексереді. 
Сабақтың ең тиімді кезеңі, оқушылардың жұмыс істеу 
қабілеті мен белсенділігі жоғары болатын кезең, сабақтың 
бастапқы 20-30 минуты. Сондықтан оқушылардағы бар білімді 
өзектендіру кезеңін 5-10 минуттан асырмай фронтальды сұраған 
дұрыс. Ауызша сұрау оқушылардың физикалық тілдерінің 
дамуына да әсер етеді. 
Жеке немесе франтальды сұрауды мұғалім әр түрлі әдістерді 
және әр түрлі құралдарды қолданып, ұйымдастырып өткізеді. Кең 
тараған әдіс оқулықпен жұмыс (мәтінмен, анықтамалық мате-
риалдармен, тапсырмалар мен сұрақтар, графиктер мен суреттер), 
үлестірмелі дидактикалық материалдармен жұмыс және т.б. 
Оқушылардың білімдерін өзектендірудің бір әдісі – физикалық 
есептерді шығару. Есептерге талдау жасау барысында мұғалім 
оқушылардың білімді меңгеру деңгейін және олардың жаңа 
материалды қабылдауға әзірлігін тексереді. Кейбір мұғалімдер 
сабақтың бұл кезеңінде қысқа уақытты практикалық жұмыстарды 
орындату арқылы оқушылардың қажетті білімдерін еске түсіртіп, 
жаңа білімді беруге әзірлейді. 
Жаңа материалды игерту сабағы құрылымның екінші 
компаненті-оқушыларда жаңа білімдер мен іскеліктерді қалып-
тастыру. Бұл сабақтың маңызды кезеңі болып табылады. Бұл 
кезең оқушылардан үлкен ақыл-ой қызметін талап етеді. Олар 
жаңа материалды қабылдап, оны ұғынып, білімнің жекелеген 


120 
элементтері арасындағы өзара байланыс пен логикасын көріп, 
мұғалім көрсеткен тәжірибелердің ролін түсінулері қажет. 
Мұалімнің жаңа материалды берудегі қолданған әдістеріне 
байланысты оқушылар өз бетімен ізденуге, шығармашылық 
проблемаларды шешуге қатысады.
Ең алдымен, мұғалім оқушылардың қабылдауға тиісті 
білімнің элементтерін анықтайды. Бұлар фактілер, ұғымдар, 
физикалық шамалар, заңдар, іс-әрекеттің жүзеге асу жолдары 
және т.б. Жаңа білім элементтерін енгізу үшін түсіндіру 
процесінде көрсетілімдік тәжірибелер, математикалық аппарат, 
тарихи анықтамалар қолданылады. Оқушылар оқу материалының 
басты білім элементтерін айыра білу үшін сабақтың құрылымы 
нақты, белгілі бір жүйеде құрылуы керек. Оқу материалының 
логикасы мен құрылымын анықтап жасау мұғалімнің сабаққа 
дайындық жұмысындағы екінші қадамы. 
Мұғалімнің келесі міндеті-жаңадан оқытылатын материал-
дың көрнекілік бейнесін жасау. Тәжірибе көрсеткендей кейде
7-8-сынып оқушыларының дәптерлерінде сабақ өткен күннің 
жады мен тақырыптан басқа ештеңе болмайды. Оқулықтағы 
тақырып мәтініндегі анықтамаларды жаздырудың қажеттігі жоқ. 
Оқу материалының мазмұны сұлбалар мен кестелер арқылы 
берілсе, онда ол оқу материалдың көрнекілік бейнесін көрсетеді. 
Мұғалімнің тақтаға жазған оқу материалының бейнесін 
оқушылар дәптерлеріне жазуға тиісті. Осылайша, көрнекілік 
бейнелерді пайдалану оқушылардың материалды түсінуіне, білім 
элементтері арасындағы логикалық байланысты көруге, еске 
сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы: «Заттың құрлысы» 
тақырыбын қарастырғанда оқушылар заттар ұсақ бөлшектерден 
тұратындығы туралы білім элементін саналы түрде меңгеруі үшін 
әуелі әр түрлі күйдегі денелердің көлемдерінің өзгеруін 
көрсететін тәжірибелерді (шар, сұйықтың көлемінің ұлғаюы, 
газдың көлемінің ұлғаюы)көрсетіп, оларды талдағаннан кейін 
беріп тұрған білімді сұлба арқылы көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет