Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет50/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

6.2. Қазіргі заманғы физика сабағы 
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде қазіргі заман-
ғы физика сабағы ұғымы жаңадан пайда болды. Қазіргі заманғы 
физика сабағы оның барлық элементтері оқытудың негізгі мақ-
саттарына жетуді көздейтін, белсенді ойлайтын, шығармашылық 
қабілеттерге ие, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалып-
тастыруға бағытталған оқытудың жүйесі ретінде қарастырылады. 


114 
Жүйе компанентерінің өздері және олардың құрылымы әртүрлі 
авторлармен түрліше анықталынады. 
Оқыту үдерісінің компанентері
деп И.Я.Лернер оқу мате-
риалын (оның мазмұнын), мұғалім мен оқушыларды айтады. 
М.И.Махмутов оқу үдерісінің құрылымдық компанентеріне оқу 
материалының мазмұнын, оқыту әдісін, іс-әрекеттердің түр-
лерін, оқыту формалары мен құралдарын енгізеді. Г.Д.Кириллова 
сабақ копанентеріне сабақтың мақсатын, оқу материалының 
мазмұнын, оқыту әдістері мен тәсілдерін, оқытуды ұйымдас-
тыру формаларын жатқызады. 
Сабақ сапалы өтуі үшін әуелі сол сабақтағы мұғалімнің іс-
әрекеттерінің мақсатын анықтау керек-ол неге қол жеткізуі керек, 
мақсатқа жетуге не көмектеседі, мақсатқа жету үшін не істеу 
керек. Сонымен, қазіргі заманғы физика сабағы-сабақ жүйесінің 
компаненттері(оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері 
және оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары) өзара бір-
бірімен тығыз байланыста болып, сабақтың мақсатын 
анықтайтын оқу үдерісін ұйымдастырудың формасы болып 
табылады. 
Сұлба 13. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Физика сабағы қазіргі кезеңнің сабағына сай болуы үшін оқу 
материалының мазмұнына қойылатын талаптар:
1) 
білім мазмұнының қазірігі кезеңдегі ғылымның 
дамуына сәйкес болуы; 
2) 
оқу материалының құрылымын анықтау: ғылыми 
білімнің элементтерінің жүйесін, оларды сабақта берудегі іс-
әрекеттердің (ақыл-ой мен практикалық) жүзеге асыру тәсілдерін 
анықтау. 
Мақсат 
Физика сабағы 
Оқу  
материалының 
мазмұны 
 
Оқыту әдісі 
мен 
құралдары 
Оқыту үрдісін 
ұйымдастыру 
формалары 


115 
Мұғалімнің нақты сабақта таңдап алған оқытудың түрі 
(дәстүрлі, дамытушылық, проблемалық оқыту) тек қана сабақтың 
құрылымын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар сол сабақта 
брілетін білім мазмұнының құрылымын да анықтайды.
Сабақ жүйесінің екінші компаненті-оқыту әдістері мен 
құралдары.
Бұл мәселе 4-5 тарауларда толық қарастырылды. 
Оқыту әдістерінің жүйесін, оқыту әдістері мен құралдарды
әр оқыту әдісінің бір-бірінен ерекшеліктерін, оларды қолданудың 
тиімділігін мұғалімнің білуі сабақты қазіргі кезеңдегі талаптарға 
сәйкес өткізуге көмектеседі.
Оқу үдерісін ұйымдастыру формасы-сабақ жүйесінің үшінші 
компаненті. 
Оқу үдерісін ұйымдастыру формасына, сабақ құрылымына, 
оқу жағдаяттарының жүзеге асу кезеңдеріне байланысты 
сабақтың түрі әр түрлі болады. Сабақтарды топтастыру, олардың 
типтері мен түрлерін анықтау дидактиканың проблемасы болып 
табылады. Топтастыру негізінде-сабақ құрамына, оны өткізудің 
кезеңдеріне, оның мазмұнына, өткізу тәсілдеріне және т.б. 
тәуелді сабақтарды топтастырудың көптеген түрлері бар. Олар-
дың ішінде ең тиімді және логикалық келістісі - М.И.Махму-
товтың ұсынған сабақтарды ұйымдастыру мақсаттары бойынша 
оқуды топтастыру болып табылады. Осы топтасытруға сәйкес 
барлық сабақтарды келесі типтерге сабақтарға бөлуге болады: 
жаңа материалды меңгерту сабағы; 
білімді жетілдіру сабағы; 
білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағы; 
аралас сабақ; 
білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеру мен түзету 
сабағы. 
Жаңа материалды меңгерту сабағының негізгі мақсаты-
оқушылардың жаңа білімді меңгеруге жетуі. Бұл мақсат жаңа 
білім мен іс-әрекеттердің әдістерін меңгеру, өз беттерімен 
зерттеушілік қызметін жүзеге асыру, құндылықты қатынастар 
жүйесін қалыптастыру арқылы жүзеге асады. 
Оқушылардың білімдерін жетілдіру сабағының негізгі 
мазмұны-оқушылардың білімдерін жетілдіруге ықпал ететін 
білімді практикада қолдану, оны кеңейту мен тереңдету


116 
шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың 
білімдерін тексеру болып табылады. 
Білімді қорытындылау мен жүйелеу сабағының мақсаты оқу 
материалының жүйесін қорытындылап, қайталап бекіту. Мұндай 
сабақ физика курсының үлкен бір тақырыбын немесе тарауды 
оқытудың соңында өткізіледі. 
Аралас сабақтың мақсаты- алдыңғы үш типті сабақтардың 
мақсаттарын кешенді түрде жүзеге асыру.
Оқушылардың білімдерін, іскерлігін және дағдыларын 
бақылау мен түзету сабағы оқу үдерісі мен оның нәтижелерін, 
білімді игеру, іскерліктері мен дағдылардың қалыптасу 
деңгейлерін бағалауды көздейді. 
Көрсетілген сабақтардың әр түрі мұғалім мен оқушылардың 
сабақтағы іс-әрекетіне байланысты әр түрлі ұйымдастырылып 
өтуі мүмкін. Оны мына кестеден көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет