Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет6/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
І тарау
ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУДЫҢ



ӘДІСТЕМЕСІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  БІЛІМІНІҢ БІРІ.
Ғ ЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ,
ОНЫҢ МАҚ САТТАРЫ МЕН ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ 
1.1 . "Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің"
ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары 
мен міндеттері 
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылым-
дары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика 
ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта 
мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-
тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай 
қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады: 
1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын 
оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұ-
нын анықтау.
2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқыты-
латын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға)
3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді 
әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік 
түсіндіру амалдарын көрсету. 
4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік 
игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті мате-
риалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік 
және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау. 
5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай 
сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, 
олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету. 
6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - 
материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, 
т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 
7. Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін 
және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету. 
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең 
басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге 
болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет