Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2


Қазақ тілінде жалпы білім беретін оқу орнының



Pdf көрінісі
бет9/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Қазақ тілінде жалпы білім беретін оқу орнының
типтік оқу жоспары 
Негізгі саты 
№ 
Білім салалары және оқу 
пәндері 
Сыныптар бойынша апталық 
сағат саны 
Жүктеме, сағ. 





апталық жылдық 
Базалық (инвариантты) компанент 
І 
Филология 
11 
10 
10 


49 
1666 
1. 
Қазақ тілі 





12 
408 
2. 
Әдебиет





12 
408 
3. 
Русская речь 





15 
510 
4.
Шетел тілі





10 
340 
ІІ 
Математика





27 
918 
5. 
Математика





22 
748 
6. 
Информатика




102 
7. 
Сызу


68 
ІІІ Жаратылыстану 





27 
918 
8. 
Георграфия

1,5 



8,5 
289 
9. 
Биология
1,5 



7,5 
255 
10. 
Физика 




204 
11. 
Химия



170 


17 
IV 
Қоғамтану





15 
510 
12. 
Дүние жүзі тарихы 


1,5 
1,5 
1,5 
6,5 
221 
13. 
Қазақстан тарихы 


1,5 
1,5 
1,5 
6,5 
221 
14. 
Қоғамдық білім негіздері 


68 
V 
Өнер 



204 
15. 
Музыка 
1,5 
1,5 

102 
16. 
Бейнелеу
1,5 
1,5 

102 
VI 
Технология 





10 
340 
17. 
Технология





10 
340 
VIІ Денешынықтыру 





10 
340 
18. 
Денешынықтыру 





10 
340 
Инвариантты оқу жүктемесі 
27 
27 
28 
30 
32 
144 
4896 
Мектеп (вариативті)компоненті 
Факультативтер. Таңдаулы 
курстары 





20 
680 
Жоғары шекті оқу жүктемесі 
31 
31 
32 
34 
36 
164 
5576 
Оқушы компаненті 
Жеке және топтық кеңестер, 
белсенді қозғалыс сипатындағы 
сабақтар 





10 
340 
БАРЛЫҒЫ 
33 
33 
34 
36 
38 
174 
5916 
Кесте 2. 
Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары 
Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты 
№ 
Білім салалары және оқу 
пәндері 
Сыныптар бойынша 
апталық сағат саны 
Жүктеме, сағ. 
10 
11 
апталық 
жылдық 
Базалық (инвариантты) компанент 
І 
Тіл және әдебиеті 
Вариативтік компоненттегі «Бағдарлы пәндері» 
бөлігіне қараңыз 
ІІ Математика және 
информатика 



272 
1. 
Алгебра 



136 
2. 
Геометрия



68 
3. 
Информатика



68 
ІІІ Жаратылыстану 



272 
4. 
Физика



68 
5. 
Химия



68 
6. 
Биология 



68 
7. 
Георграфия 



68 
IV 
Адам және қоғам 
«Бағдарлы пәні»вариативті бөлікті қараңыз 

Өнер 



136 
8. 
Өнер



136 
VI 
Технология 



136 
9. 
Технология



136 
VIІ Денешынықтыру және 
алғашқы әскери 


10 
340 


18 
дайындық 
10. Денешынықтыру 



204 
11. Алғашқы әскери дайындық 



136 
Инвариантты оқу жүктемесі 
17 
17 
34 
1156 
2. Вариативті компоненті 
2.1 Мектеп компоненті 
Бағдарлы пәндер 
19*/17 
19*/17 
38*/34 
1292*/1156 
12. 
Ана тілі 



136 
13. 
Әдебиет



170 
14. 
Қазақ тілі*/Орыс тілі 
4*/2 
4*/2 
8*/4 
272*/136 
15. 
Қазақ әдебиеті/Орыс 
әдебиеті



102 
16. 
Шетел тілі 



204 
17. 
Қазақстан тарихы 



102 
18. 
Дүние жүзі тарихы 



68 
19. 
Қоғамдық білім негіздері 



102 
20. 
Құқық негіздері 



68 
21. 
Өзін-өзі тану 



68 
Қолданбалы курстар 



204 
2.2 Оқушы компаненті 
Таңдаулы курстар 
-*/2 
-*/2 
1*/4 
34*/316 
Вариативті оқу жүктемесі 
22 
22 
44 
1496 
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті 
көлемі 
39 
39 
78 
2652 
 
Кесте 3. 
Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары 
Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты 
№ 
Білім салалары және оқу 
пәндері 
Сыныптар бойынша 
апталық сағат саны 
Жүктеме, сағ. 
10 
11 
апталық 
жылдық 
Базалық (инвариантты) компанент 
І 
Тіл және әдебиеті 
10*/8 
10*/8 
20*/16 
680*/544 
1. 
Ана тілі 



68 
2. 
Әдебиет



136 
3. 
Қазақ тілі*/Орыс тілі 
4*/2 
4*/2 
8*/4 
272*/136 
4. 
Қазақ әдебиеті/Орыс 
әдебиеті



68 
5. 
Шетел тілі 



136 
ІІ 
Математика және 
информатика 
«Бағдарлы пәндер»вариативті бөлігін қараңыз 
ІІІ Жаратылыстану 
«Бағдарлы пәндер»вариативті бөлігін қараңыз 
IV 
Адам және қоғам 



272 
17. 
Қазақстан тарихы 



68 
18. 
Дүние жүзі тарихы 



34 
19. 
Қоғамдық білім негіздері 



68 
20. 
Құқық негіздері 



34 
21. 
Өзін-өзі тану 



68 


19 
V 
Технология 



136 
9. 
Технология



136 
VIІ Денешынықтыру және 
алғашқы әскери 
дайындық 


10 
340 
10. 
Денешынықтыру 



204 
11. 
Алғашқы әскери дайындық 



136 
Инвариантты оқу жүктемесі 
21*/19 
21*/19 
42*/38 
1428*/1292 
2. Вариативті компоненті 
2.1 Мектеп компоненті 
Бағдарлы пәндер 
15 
15 
30 
1020 
1. 
Алгебра 



136 
2. 
Геометрия



136 
3. 
Информатика



68 
4. 
Физика



204 
5. 
Химия



204 
6. 
Биология 



136 
7. 
Георграфия 



136 
Қолданбалы курстар 



204 
2.2 Оқушы компаненті 
Таңдаулы курстар 
-*/2 
-*/2 
-*/4 
-*/316 
Вариативті оқу жүктемесі 
18*/20 
18*/20 
36*/40 
1224*/1360 
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті 
көлемі 
39 
39 
78 
2652 
Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа 
алатын үшінші құжат-жалпы орта білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттары(БМЖМС).
БМЖМС-да пәндік оқытудың мақсаттары мен міндеттері, 
пән бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимума 
және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды 
тағайындайды. 
"Физика" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес 
сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының 
типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу 
бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады. 
1.4 . Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген 
ғылыми-зерттеу жұмыстары 
Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физи-
каны оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру сту-
денттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы, 
оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш 
техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, эколо-
гия, т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет 


20 
етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгер-
мейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы 
мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар 
мен электронды приборларды пайдалану арқылы
физика 
сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын 
күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол 
мүмкіндік туғызылады. 
Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың 
танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы, т. б. философия 
курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу - тәрбие 
жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогика-
лық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психоло-
гиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Сол 
сияқты, физиканы оқыту әдістемесінің институттағы басқа да 
курстармен байланыстары кең, әрі мол. Сондықтан бұл жағдай 
ұдайы ескеріліп отырылуы тиіс. 
Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы 
жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал 
жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, 
педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ, 
экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке 
арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен 
оқу құралдары.
Үкіметтің мектеп туралы қаулы-қарарлары, әдістемелік жур-
налдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықта-
рының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялары 
мен съездерінің материалдары; озат физика мұғалімдерінің, жаңа-
шыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.б. 
Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қа-
рап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз ма-
мандығының күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы 
оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады. 
Ресей мектептері мен гимназияларында физика жеке пән 
ретінде осыдан 350 жылдай бұрын оқытыла бастаған. Орыс 
тіліндегі тұнғыш физика оқулығын ("Вольфианская эксперимен-
тальная физика", 1746 ж.) М.В.Ломоносов шығармашылық тұр-
ғыда аударып, бастырылған. Түп нұсқалық негіздегі орыс тілінде 
шығарылған алғашқы оқулықтар М.Е.Головиннің ("Краткое 
руководство к физике", 1785ж.), П.И.Гиларовскийдың («Руко-
водство к физике», І793ж.), К.Д.Красвичтің ("Учебник физики", 


21 
1866 ж.), П.Л.Любимовтың («Начальная физика", 1876ж.), 
И.И.Косогонвтың ("Концентрический учебник физики", 1909ж.), 
А.И.Бачинскийдің ("Физика", І9І5ж.) кітаптары болды.
Орыс тілінде физиканы оқыту жөніндегі тұнғыш туынды - 
әдістемелік құралдар мен зерттеулер Ресейде 1870 жылдан 
(К.Д.Краевич. "Каталог физического кабинета") шығарыла баста-
ды. Одан кейінгілері, И.И.Паульсонның "0 преподавании элемен-
тарной физики" (1871 ж.), Я. И. Ковальскийдің "Первоначальные 
опыты по физике" (1885 ж.), Ф.Н.Шведовтың "Методика физики" 
(1894 ж.), П.А.Бароновтың "Методика начальной физики"
(1913 ж.), Н.В.Кашиннің "Методика физики" (1916 ж.) деген 
арнаулы әдістемелік құралдары болды. 
Советтік кезеңдегі алғашқы мектеп физикасының басқышты 
бағдарламасын Петроградта П.А.Знаменский (1918 ж.) және 
Мәскеуде И.И Соколов (1921 ж.) жасаған. Алғаш рет 1918 жылы 
Мәскеу мен Петроград педагогика институттарында арнаулы 
физиканы оқыту әдістемесі кафедралары ұйымдастырылған. 
Орыс тіліндегі советтік тұңғыш физика оқулығы (И.И.Соколов 
Рабочая книга по физике для рабфака") 1926 жылы шығарылған. 
Одан кейін, мектеп үшін, 1933 жылдан бастап А.В. Перышкиннің 
және басқа авторлардың жазған физика оқулықтары шығарылып 
келеді. 1934 жылдан бері физика мұғалімдеріне арнап "Физика в 
школе" журналы шығарыла бастады. 
1934 жылы педагогикалық институттардың студенттері үшін 
Ленинградтық П.А.Знаменскийдің және Мәскеулік И.И.Соко-
ловтың "Методика преподавания физики в средней школе" деген 
фундаментальды тұңғыш қолтума арнаулы оқулықтары жеке-
жеке кітап болып шығарылған. Бұл кітаптарда совет мектебіндегі 
физиканы оқыту әдістемесінің негізгі теориялық принциптері мен 
практикалық әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттеліп, мазмұны мен 
ғылыми бағыттары тұжырымдалған. Осы уақытқа дейін 
физиканы оқыту әдістемесі туралы орыс тілінде 20- дан астам әр 
түрлі оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік еңбектер шығарылған. 
Украин тілінде физикадан есептер шығарудың әдістемесі 
(авторы - В.А.Франковский, Киев, 1947 ж.), физиканы оқыту 
әдістемесі жайлы очерктер (А.К.Бабенко, М.И.Разенберг, 4 том-
дық, 1955-1959 ж.ж.), сегізжылдық мектептерде физиканы оқыту 
әдістемесі (Н.С.Белый, 1962 ж.) туралы оқулықтар шығарылған. 


22 
Белорусь Республикасында "Самостоятельные работы на 
уроках физики" (М.Я.Качинский и др.), "Уроки физики" 
(М.С.Кузей) сияқты тамаша қолтума әдістемелік құралдар 
жасалынды. 
Әзірбайжанда 1954 жылдан бері "Преподавание физики и 
математики в школе" деген арнаулы әдістемелік журнал шыға-
рылып келеді. А.К.Абасзаде, С.Ш.Иманов сияқты ғалымдардың 
әскери техниканың физикалық негіздері, физиканы оқытудағы 
тәрбие мәселелері, физиканы оқытуды жақсарту мақсатта 
техникалық құралдарды пайдаланудың әдістемесі жайындағы 
ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. 
Грузияда В.С.Кобохидзенің мектепте физиканы оқыту 
әдістемесі туралы құнды оқулығы (1966 ж.) жарық көрді. Есеп 
шығару, физикалық эксперимент жайлы әр түрлі әдістемелік 
құралдар шығарылды. 
Прибалтика республикаларында мектеп физикасы жайында 
өзінше қолтума ерекшеліктері мол оқулықтар мен есептер 
жинағы шығарылып келді. 
Өзбекстан әдіскер-ғалымдары (Б.Мирзахметов, Э.Тұрдықұ-
лов, Н.Шадиев, Д.Шодиев, т.б.) мектеп физикасы үшін қолдан-
балы физика мәселелерін, экологиялық тәрбиенің әдістемесін, 
кәсіптік бағдар беру мен физикалық эксперимент проблема-
ларын зерттеуде әр түрлі мектептерге арналған физикалық оқу 
құралдарын жасаған. 
Қазақстан мектептері мен институттарында физиканы оқыту 
жайлы алғашқы әдістемелік мақалалар XX ғасырдың 30-40-шы 
жылдарында жарияланған. Олар айналмалы қозғалыстың дина-
микасы (М.Маркович), электр құбылыстары мен электромаг-
нитизм (М.Жылқыбаев, П.Уваров, М.Маркович), балқу және 
магнитизм (Е.Әбдрахимов) мәселелерін физика сабақтарында 
оқытуды жетілдіруге арналды. Сондай-ақ қолдан физикалық 
құралдар жасаудың, демонстрациялық тәжірибелер өткізудің, 
есеп шығару және қайталау сабақтарын жүргізудің әдістемелері 
(М.Маркович, Е.Абдрахимов, Х.Әбішев т.б.) талданған. 
Қазақстан зерттеушілері мен әдіскерлері 50-шы жылдарда 
оқушылардың политехникалық дайындықтарын (П.Правдин.
П. Фидулина, А.Исабекова, П.Уваров, М.Құдайқұлов), физиканы 
ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М.Жылқыбаев), физи-
калық есептерді шығаруды (А.Қалиев, Е.Асқаров, А.Садыков), 


23 
өндірістік экскурсия мен киноэкскурсияны өткізуді (В.Гусева, 
М.Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М.Мар-
кович), оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын 
қалыптастыруды (Л.Көбесов, М.Құдайқұлов. Қ.Болеев), астроно-
мия оқытуды (Х.Әбішев) жақсартумен айналысқан. 
Қазақстанда 60-шы жылдары физиканы оқытуды өмірмен 
ұштастыру (Н. Зафирис), физикалық заңдылықтарды түсіндіру 
(М.Маркович), ультрадыбысты оқыту (Б.Арызханов), физиканы 
ауыл шаруашылығымен байланыстыру (Е.Асқаров), физиканы 
оқыту процесінде техниканы және оқу киносын пайдалану 
(М.Маркович, П.Уваров, К.Айманов, М. Құдайқұлов) жайында 
оқу-әдістемелік құралдары шығарылды. Олардың негізінде 
К.Айманов, Б.Арызханов, М.Құдайқұлов, С.Левиналар Респуб-
лика бойынша алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғады. 
Сондай-ақ, бұл кезеңде С.Урғалиева, В.Агеев, Е.Евсюков, 
Н.Триллер, А.Қалиев, А.Горбунов, Л.Грабельковская, Б.Ва-
хольский сияқты әдіскерлердің политехникалық және програм-
малап оқытуға, техникалық құралдарды пайдалануға арналған 
мақалалары жарық көрді. 
60-70-ші жылдары Қазақстанда физиканы оқытуда политех-
никалық білім беруді жетілдіру (М.Маркович, П.Уваров), физика 
сабақтарында автоматика мен телемеханика элементтерін пайда-
лану (К.Айманов), қазақ мектептерінде физиканы оқыту әдісте-
месінің дамуы (Е.Әбдрахимов) жайлы зерттеулер жүргізілген. 
М.Құдайқұлов физиканы оқытуда техникалық құралдарды 
пайдалану мен физика мұғалімінің әдістемелік дайындығы жай-
ында ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 
докторлық диссертация қорғап, көптеген оқулықтар мен бағдар-
ламалар және монографиялар шығарды. Кейінгі жылдары, про-
фессор М.Құдайқұловтың ғылыми жетекшілік етуімен Республи-
када 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалып, бірне-
ше докторлық жұмыс дайындалып, Қазақстан әдіскерінің ғылыми 
мектебі құрылды. Олар негізінен, физиканы оқытуда оқушылар-
дың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру (Қ.Болеев, 
Ш.Төлегенов), қолданбалы физика негіздерін оқыту әдістемесі 
(Т.Кенжебаев, К.Әзібаева, Қ.Намазбаев), физикадан сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастыру (Р.Брайнингер, К.Нұрымжанова), 
оқушылардың эксперименттік, политехникалық, кәсібибағдар-
лық, компьютерлік, жалпы-техникалық іскерліктерін дамыту 


24 
(Б.Белесов, К.Кенжеғалиев, Ә.Кәрімова, Ж.Асқарова, Ә.Жолдас-
беков, т,т.), мектепте физикалық экспериментті жетілдіру (Б.Тас-
болатов, О.Нүрманов), Франция мектептерінде физикалық есеп-
терді шығарудың тәсілдері мен тәжірибесі (Ә.Кәрімова, О.Нүр-
манов, Б.Тасболатов, Ә.Файзуллаев т.т.), физика сабақтарында 
техникалық құралдар мен телевизиялық орталықты пайдалану 
(Т.Нұрғалиев, А.Горбунов, Б.Белесов т.т.), пединституттар мен 
мектеп үшін түрлі факультативтік курстардың бағдарламалары 
мен оқу құралдарын жасау (М.Құдайқүлов, Т.Кенжебаев, 
Р.Брайнингер, Қ.Намазбаев, П.Фролон т.т.), физика мұғалімінің 
әдістемелік шеберлігі (М.Құдайқұлов, Ғ.Кертаева), физика әдісте-
месінің ғылыми негіздері (Қ.Әлімбаев), проблемалық сабақтарды 
өткізу жайындағы мұғалімнің әдістемелік іскерліктері (М.Құдай-
құлов, Б.Асылбаев, О.Мусабеков) жөніндегі ғылыми зерттеулерді 
жүргізді. Ғ.Әбдіғаппаровтың, В.Володарскийдің, А.Анарбаева-
ның, Б.Дәмитовтың алғашқы физикалық есептер жинақтары 
шығарылды. 
Қазақ тілінде қолтума физика оқулықтары да жасалынды. 
(П.Полатбеков, Б.Арызханов, Қ.Жаңабергенов, Ж.Тобаяков, т.т.) 
Келешекте факультативтік курстар, шығармашылық сабақ-
тар, өндірістік-техникалық нысандарға экскурсиялар өткізу, 
кәсібибағдар, физика сабақтарында компьютерді және техни-
калық құралдарды пайдалану, физика кабинетінің жұмысын 
нәтижелі ұйымдастыру, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін 
насихаттау, т.с.с. мәселелер бойынша кең көлемді зерттеу 
жұмыстарын жүргізу және толтума әдістемелік кұралдар даярлау 
қажет. 
ССРО-да физиканы оқыту әдістемесі жайында 600 ден астам 
(1936-1938 жж. - 4, 1938-1958 жж. - 146, 1959-1990 жж. - 450) кан-
дидаттық диссертация қорғалған, ал 1951 ж. - 1, 1968-1990 жж. – 
15-тен астам докторлық диссертациялар орындалған. Ал, 
Қазақстанда болса алғашқы ондай кандидаттық диссертация-
ларды қорғау (Айманов, М.Құдайқұлов, Б.Арызханов) 1960-
жылдардан басталыпты. Қорғалған докторлық диссертациялар-
дың біреуі 1970-ші жылдары, ал қалған алтауы 1990-шы 
жылдары орындалған. 
Қазақстандықтардың қорғалған алғашқы қандидаттық дисер-
тациаларды пәнаралық байланыс, техникалық құралдармен 
бағдарламалармен оқытудың әдістемесі мәселелерін шешуге 


25 
арналған (М.Ысқақов, Қ. Айманов, М.Құдайқұлов, С.Левин,
Б. Арысханов). 
Қазақстандық әдіскер-ғалымдардың 1970-ші жылдардағы 
өздігінен жұмыс істеу (А. Горбунов), факультативтік курстарды 
өткізу (Б.Вахольский, Т.Кенжебаев, Қ.Намазбаев), сыныптан тыс 
жұмыстарды ұйымдастыру мен техникалық құралдарды пайда-
лану (Н.Демина, К.Нұрымжанова, Б.Белесов), пәнаралық байла-
ныс (В.Кириллов, К.Әзібаева) мәселелеріне арналды. 
Республикадағы физик-әдіскерлердің 1980-ші жылдарғы 
диссертациялық ізденушіліктері, негізінен политехникалық, экс-
перименттік, кәсібибағдарлық және өлшеу іскерліктерін қалып-
тастыру (О.Нұрманов, Ә.Кәрімов, О.Сәлімбаев т.т), физикалық 
есептерді шығару әдістемесін жетілдіру (Б.Волдарский, Б.Одияк, 
Н.Ильясов), физиканы оқытудың әдіснамалық (Е.Әбдуғалиев), 
проблемалық сабақтарды өткізу (Б.Асылбаев), кристалдар 
физикасы мен термодинамиканы оқытуды жақсарту (З.Мәжитова, 
А.Маженова) мәселелерін шешуге бағытталды. 
1990-шы жылдарғы кандидаттық зерттеулердің нәтижесінде 
мектеп телевизиялық орталығын құру және техникалық құрал-
дарды пайдалану (Т.Нұрғалиев, Т.Мәмбетәлиев, Ә.Файзуллаев), 
физикалық есептер жүйесі (Б.Мұқышов, Ғ.Байжасарова), студент-
тер мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру 
(Л.Жеребятова, М.Ахметов, Н.Жаманқұлова), компьютерлік және 
кәсіби бағдарлық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру 
(Ә.Жолдасбеков, Ж.Асқарова, А.Әмірбеков), пәнаралық байла-
ныс пен экологиялық білім беру (О.Мұсабеков, А.Болтаев, 
У.Тоқбергенова), энергетика негіздерін физика сабақтарында 
түсіндіру (Қ.Намазбаев), физика мұғалімінің әдістемелік 
шеберлігін (Ғ.Кертаева), физикалық білімдерді гуманизациялау 
(Ә.Қаймолдина) мәселелерін жақсартуға мүмкіндік туғызылды. 
Қазақстан әдіскер-ғалымдары ішінен М.Құдайқұлов физика 
мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік іскерліктерін қалыптастыру-
дың дидактикалық диссертация қорғады. (1977 ж., Киев). Физик 
мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дайындығын жақсартуда 
пәнаралық байланысты пайдаланудың теориялық негіздерін 
Б.Кириллов өзінің докторлық зерттеулерінде қарастырған (1990 ж. 
Мәскеу) Кәсіби мамандық беруге бағытталған физика оқу 
құралдарын жасаудың дидактикалық проблемалары Б.Арызха-
новтың докторлық диссертациясында зерттелді (1991 ж., 


26 
Ташкент). Жамбылдық Т.Кенжебаевтың докторлық ізденісі 
техникалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың 
нәтижелілігін артыруды педагогикалық негіздерін шешуге 
арналды (1992 ж., Мәскеу). 
Одан кейінгі Абай атындағы АлМУ-да қорғалған доктордық 
дессертациялар физиканы оқыту процесінде оқушылардың кәсіби 
мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық 
негіздеріне (Л.Мәжитова,1995ж), ғылыми-жаратылыстану білім 
беруде оқушылардың оқу іскерлігі мен дағдыларын қалып-
тастыруға (О.Сәлімбаев, 1995 ж.), физика-техникалық және эсте-
тикалық пәндерді оқыту негізінде еңбек пәні мұғалімінің кәсіби 
әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселеле-
ріне (М.Қозыбақов, 1998 ж.), болашақ мұғалімдердің функцио-
налды-әдістемелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға 
(Ғ.Жүсіпқалиева, 1999 ж.) арналды. 
Казақстанда 1920-1997 жылдары аралығында физиканы 
оқытуға қатысты 170-ке жуық қазақ тіліндегі әдістемелік және 
ғылыми-көпшілік әдебиеттер шығарылыпты. Физикадан қазақша 
қолтума оқу құралы алғаш 1923 жылы басылған, сонан соң 1960-
шы жылдардан бастап төл тіліміздегі оқулықтар мезгіл-мезгіл 
шығарылып тұрған. 
1920-шы жылдан 1950-ші жылдарға дейін, 30 жыл бойы 
біздің республикада қазақ тілінде физикадан ешқандай әдісте-
мелік, не ғылыми-техникалық әдебиеттер шығарылмай келген.
Алғашқы әдістемелік құрал да орысшадан 1955-жылы 
(Т.Әбдісадықов т.б. қатысуымен) аударылған, ал физика мұғалімі 
үшін өзіміздің қолтума әдістемелік әдебиеттеріміз 1960-шы 
жылдардан бері ғана жарық көре бастаған. 
Осы 78 жыл ішінде қазақ тілінде 60 тан астам физика-
техникалық әдебиеттер шығарылған, олардың үштен екі бөлігі 
төл тілімізде жазылыпты. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші 
алғашқы физикалық-астрономиялық ғылыми-көпшілік әдебиет-
тер 1950-ші жылдары (20 тақырып бойынша) орыс тілінен 
аударылып, ал мұндай қолтума басылымдардан, 1960-шы 
жылдары - 30, 1970 ж. - 45, 1980-ші жылдары - 50 кітаптар әр 
түрлі тақырыпта жазылған.
2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы 
өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған байланысты 
қазіргі кезде академияның мектепте және мектепке дейін білім 


27 
беру институтының жаратылыстану-математика пәндерін оқыту 
лабораториясының қызыметкерлері осы мерейтойды лайықты 
табыстармен қарсы алу мақсатында жемісті еңбек етті.
Ал енді физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген 
ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тоқталатын болсақ, 
Республикада 
физика 
әдістемесі 
саласындағы 
ғылыми-
зерттеулердің даму тарихы 1939 жылы педагогика институтының 
негізінде құрылған мектептер институттың ашылу кезеңінен 
бастау алады. Физика және математика пәндерін оқыту бөлімі 
алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратумен, мектеп-
тегі физика пәнін оқытуды жетілдіру мәселесін зерттеумен, 
әдістемелік құралдар дайындаумен шұғылданды. 1939-40 жыл-
дары бөлім қызыметкерлерінің атсалысуымен республикадағы 
қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін ғылыми-әдісте-
мелік құрал жазған ғалымдардың бірі М.Жылқыбаев болды. 
Оның «Физикадан лабораториялық жұмыстар», «Физикалық 
приборлардың сипаттамасы және олардың қолданылуы», «Мате-
рияның атом-электрондық құрылысы» атты еңбектері жарық 
көріп, педагогикалық журналдарда мақалалары жарияланды. 
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты 
институт жабылып, ол тек 1943 жылы ғана өз жұмысын қайтадан 
жалғастырды. 1951 жылы мектептер институты негізінде Педаго-
гикалық ғылыми зерттеу институты құрылып, оның жеті 
секторының бірі фиизика мен математиканы оқыту әдістемесімен 
айналысты. 1957 жылдан бастап бұл сектор политехникалық 
оқыту бөліміне қосылды. Физиктер тобының алдына «Оқушы-
ларға политехникалық білім беру және оларды еңбекке баулу» 
проблемасы қойылды.
Он бір жылдық мектептерде өткізілген эксперимент мәлімет-
тері негізінде ғылыми қызметкерлер физиканы оқыту процесін 
жетілдіру мәселесі бойынша әдістемелік құралдар, нұсқаулар 
жаратылыстану–математика цикліндегі пәндердің бағдарлама-
ларын дайындады. 
1960 жылы физика мен математиканы оқыту және өндірістік 
еңбекке баулу секторы құрылды. 1960-65 жылдары сектор орта 
мектепте физика мен математиканы оқытудың жағдайын, 
өмірмен байланыстыру негізінде оқыту процесінің тиімділігін 
арттыру жолдарын зерттеумен айналысты. Жүргізілген жұмыс 
нәтижесінде өндірістік оқуы бар мектептер үшін бағдарлама 


28 
жобалары, физиканы осы бағдарламалар бойынша оқытуға 
арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындалды. 
1965-72 жылдар аралығында сектор жалпыға бірдей орта 
білім беру проблемасын зерттеу мәселесімен шұғылданды. Бұл 
жылдары жаңа оқу бағдарламаларын эксперименттік тексеру 
және оларды жетілдіру, оқыту әдістемесін жақсарту жолдары 
қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде «Физиканы саралап оқыту» 
(С.Левина), «Физика сабағында оқу фильмдерін өздік жұмыс»
(А. Горбунов), «Қатты денелер физикасының жетістіктерін орта 
мектептің физика сабағында және сыныптан тыс сабақта 
түсіндіру» (К. Әбдімәжитов) атты еңбектер жарық көрді.
1972 жылы Алматда бұрынғы Кеңес Одағының Педагогика-
лық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері 
ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. Содан 
бастап физика пәнін оқыту проблемаларын зерттеумен онда 
құрылған физика және математика пәндерін оқыту лаборато-
риясы айналысты. 1972-75 жылдары пән бойынша жаңа 
бағдарламаға көшу жайын зерттеле бастады. Лабораторияда 
1975-80 жылдарда жүргізілген зерттеулер қазақ мектептеріндегі 
оқыту жағдайын, бағдарлама материалын игеруде кездесетін 
қиындықтарды анықтауға бағытталады. 
1981 жылдан бастап «Қазақстанның ұлтық мектептерінде 
физиканы оқытудың тиімділігін аттару» проблемасы бойынша 
жетілдірілген бағдарламалардың әдістемелік аппаратын қолдану 
негізінде және ұлттық мектептегі оқыту ерекшеліктерін ескере 
отырып, оқу процесінің тиімділігін арттыру, оқушылардың білімі 
мен іскерлігін тексеру тәсілдері жақсарту, пәнаралық және 
пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру т.б. мәселелері зерттелді. 
Соның нәтижесінде «Физика сабағында оқушыларды ауылша-
руашылық кәсібіне дайындау» (А.Мәженова), «9-11 сынып физи-
кадан типтік есептер және оларды шығару жолдары» (А.Мәже-
нова, Д.Қазақбаева, С.Қабақанов) және т.б. еңбектер жарық көрді. 
1986 жылы лаборатория қызыметкерлері А.Мәженова «Развитие 
у учащихся общеобразовательное школы знания законов 
термодинамики при изучении физики, химии и биологии» 
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 
1991 жылы филиалдың құрылымы өзгеріп, онда «Базалық 
мектеп» лабораториясы ашылды. Оның педагогика ғылымда-
рының кандидаты А.Б.Мәженова басқарды. Лаборатория «Жалпы 


29 
орта білім тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық және 
эксперименттік-педагогикалық шарттары» проблемасы бойынша 
зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде интеграцияланған «Жары-
тылыстану» курсының тұжырымдамасы мен бағдарламасы, 
тақырыптық жоспар және оқушыларға арналған тапсырмалар 
(А.Б.Мәженова, Д.М. Қазақбаева, Ж.Д.Молдабеков) дайындалып, 
жарыққа шықты.
1992 жылдың ақпан айында бұрынғы одақтың тарауына 
байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың 
мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ фи-
лиалы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдар ғылыми-
зерттеу институтына қосылып, одан физика-математика циклін-
дегі пәндерді оқыту лабораториясы құрылды. 1992-97 жылдар 
аралығында оны физика-математика ғылымдарының кандидаты, 
доцент Б.М.Дүйсенбаев басқарды. Лаборатория қызыметкерлері 
«Жалпы білім беретін мектепте математика, физика, информа-
тика пәндерінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін 
жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Дәстүрлі 
мектептегі оқыту процесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамта-
масыз ету» проблемаларымен айналысты. Зерттеу барысында 
тоғызжылдық негізгі мектептегі физикалық білім тұжырымдама-
сының жобасы жасалды, білім мазмұнының көлемі мен құры-
лымы анықталып, базалық мектепке арналған бағдарлама жобасы 
дайындалды. «Физикадан жазбаша жұмыстар және оларды 
тексеру жолдары» (Р.Башаров, А.Мәженова, Д.Қазақбаева, С.Қа-
бақанова, Ж.Молдабеков) атты әдістемелік құрал, «Физикадан 
қысқаша анықтамалық» (Б.Дүйсенбаев, Д.Қазақбаева), «Физи-
кадан тест тапсырмалары» (Б.Дүйсенбаев, Ғ.Байжасарова, 
Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова) сияқты көлемді еңбектер және т.б. 
көтеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. 
Лабораторияда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
нәтижесінде ғылыми қызметкерлер С.Қазақбаева «Преемест-
венность формирования квантовых представлениий учащехся 
общеобразовательной школы» тақырыбында (1994ж), Г.З.Байжа-
сарова «Система и задач физико-техничесгого содержания как 
средство усиления политехнической направленности школного 
курса физики» тақырыбында (1994ж.) кандидаттық диссер-
тациялар қорғады. 


30 
1998-99 жылдары физика, математика, информатика, эконо-
мика және сызу пәндері лабораториясына педагогика ғылым-
дарының докторы, прфессор Б.Баймұқанов жетекшілік етті. Бұл 
уақыт ішінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академия-
сында ғылым-әдіскерлердің жұмылуымен пән мазмұнына, оның 
құрылымы мен құрамына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, 
физика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы 
анықталды, бұл Қазақстан Республикасы мектеп физикасынан 
білім беру тұжырымдамасын (1998 ж.), физикалық білім стандар-
тын (1998 ж.), физика пәні бойынша дәстүрлі бағдарламалардан 
елеулі өзгешелігі бар жаңа оқу бағдарламаларын (2000 ж.) жа-
риялауға мүмкіндік берді. Осы кезде физикадан негізгі мектепке 
арналған жаңа буын оқулықтарын жазу ісі қолға алынды. 
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі 
Д.М.Қазақбаеваның «Жалпы білім беретін мектептің физика 
курсының базалық мазмұны және оны оқытудың әдістемесі» 
тақырыбында (1998 ж.), У.Қ. Тоқбергенованың «Физиканы оқыту 
барысында оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру 
(Х-ХІ сыныптар)» тақырыбында (1998 ж.) қорғаған кандиданттық 
диссертацияларында көрніс тапты. 
2000-2003 жылар аралығында институтта «Қазақстан Респуб-
ликасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылыми-
әдістемелік негіздері» проблемасы бойынша зерттеу жүргізілді. 
2000 жылы физика, математика, информатитка пәндерін оқыту 
лабораториясында «Негізгі орта мектепте физиканы, математи-
каны және информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін 
жетілдірудің дидактикалық және әдістемелік негіздері» тақы-
рыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысына педагогика 
ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Қазақбаева жетекшілік етті. 
Осы жылы 7-9 сыныптарға арналған «Физика және астрономия» 
төл оқулықтары жарыққа шығып, байқаудан өткізу үшін респуб-
ликадағы тірек мектептерге таратыла бастады. Ал 2001 жылдан 
бастап институттың құрылымы өзгеріп, одан жаратылыстану – 
математика пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістері лабора-
ториясы құрылды. Оған педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор С.Шакілікова меңгеруші болып тағайындалды. Бұл 
кездегі зерттеу жұмысының мақсаты физикадан ОӘК дайын-
далудың тұжырымдылық тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін 
жасау болды. Осыған орай физикадан оқу-әдістемелік кешеннің 


31 
неғұрлым тиімді болатын мынадай құрамы анықталды: оқулық, 
әдістемелік, есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық 
материалдар. Бұл кешенді дайындау барысында келесі ұстаным-
дар басшылыққа алынды: оның әлеументтік тиімділігі, практи-
калық бағдарлығы, оқытудың дамытушылық қызыметін күшей-
туі, пәнге қызығушылықты арттыруы, ақпараттық толымдылығы.
2001-2002 жылдарда «Физика» пәні бойынша 1998 жылы 
жарияланған Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік 
стандартын өңдеп, жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілді. 
Бұл өңделген стандарттың 1998 жылғы стандарттан басты 
айырмашылығы сол, мұнда базалық білім мазмұны іргелі 
теориялар төңірегінде топтастырылды, ал алдынғы құжатта ол 
бес мазмұндық желімен берілген болатын. 
Стандартта берілген базалық білім негізгі мектепке арналған 
«Физика және астрономия» байқау оқулықтарында жүзеге 
асырылды. Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған бұл «Физика 
және астрономия» оқулықтар (Р.Башаров, Д.Қазақбаев, У.Тоқбер-
генова, 7 сынып; Б.Дүйенбаев, Ғ.Ғ.Байжасарова, А. Медетбекова 
8 сынып), оны оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар «Ата-
мұра» және «Мектеп» баспаларынан жарыққа шығып, 2000 жыл-
дан бастап республикадағы трек мектептерде байқаудан өткізілді. 
Бұл оқулықтарды тәжірибелік байқаудан өткізу және олардың 
қортындыларын жинақтау үшін жадынама дайындалып, оқулық-
тармен бірге таратылды. Осы оқулықтарға трек мектептерден 
келіп түскен ұсыныс-пікірлер негізінде жаңа буын оқулықта-
рының теориялық және әдістемелік аппаратын жетілдіру 
бағытында жұмыстар жүргізілді. 2003-2004 оқу жылынан бастап 
7 сыныпқа арналған «Физика және астрономия» оқулығының 
қазақша және орысша нұсқаулары жаппай мектептерге енгізілді.
2002 жылы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері 
бойынша «Физикалық білімнің жаңарған мазмұны» (мақала, 
Д.Қазақбаева), «Жалпы білім беретін негізгі мектепке арналған 
«Физика және астрономия» оқулықтарының ерекшеліктері» 
(мақала, Д.Қазақбаева), қазақша және орыс тіліндегі 7-9 сынып-
тарға арналған «Физика және астрономия» пәннің оқыту бойын-
ша әдістемелік ұсыныстар (Р.Башарова, Д.Қазақбаева, У.Тоқ-
бергенова) сияқты ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдар 
дайындалып, жарияланды.


32 
2003 жылдан бастап лабораторияда «Жаратылыстану-
математика цикліндегі пәндерді оқытудың сапасын күтілетін 
нәтиже тұрғысында жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» 
тақырыбындағы зерттеу жұмысы жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет