Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет71/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Кесте 18. 
Кезең 
 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушының іс-әрекеті 
Әзірлік 
1) құралдарды әзірлеу 
2) жұмысты істеп қарап 
қателікті анықтап экс-
периментті 
орындау-
дың тиімді әдісін табу 
3) жұмысты орындауға 
нұсқау әзірлеу
4) жұмысты орындау-
дың графигін әзірлеу 
1) графике сәйкес әзірлену;
2) теориялық мәселені 
қайталау; 
3) жасайтын эксперименттің 
теориясымен танысу;
4) құралдарды олармен жұмыс 
істеу ережелерімен танысу;
5) экспериментті дәптерге 
түсіру 
Орындау 
1) 
жоспар бойынша 
бірінші сабақта кіріспе 
әңгіме өткізу 
2) оқушылардың жұ-
мысқа әзірлігін тексеру 
3) оқушылардың жұ-
мыстарды 
орындауын 
тексеру 
1) жұмысты орындауға 
әзірлігіне есеп беру
2) өз беттерімен жұмысты 
орындау 
3) өлшеу қателіктерін есептеп, 
қорытындылау 
Қорытын-
дылау 
1) Оқушылардың жұмы-
сын тексеріп бағалау 
1) Істеген жұмыстарының нәти-
жесін әзірлеп есеп беру 
 
10.5. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы 
Айналамыздағы бізді қоршап тұрған денелер мен процестер 
әлемінде тұнып тұрған физикалық сыр-құпия мен таңғаларлық 
тамаша құбылыстар мол. Тіпті, аяқ бассаң, қозғала кетсең, тамақ 
пісірсең, ойыншықпен ойнасаң, машинамен жүрсең, сырғанақ 
тепсең, суда жүзсең, ән салсаң, домбыра тартсаң - бәрі физика 
екендігін физик-мұғалім ешқашан естен шығармауы тиіс. Мұны 
оқушыларға ұқтырудың, оған нандырудың ең тиімді жолы - 
оларға сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелер мен 


165 
бақылауларды жасаттыру. Әрине, мұндай сыныптан тыс 
эксперимент мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі. 
Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңы-
зы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын 
арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеу-
лер жүргізуге баулыйды; физикалық теория мен практиканың 
байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбы-
лыстардың мән-маңызын ұғады; физика және техника туралы 
әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби маман-
дықтардың 
ерекшеліктерімен 
танысады. 
Мұның 
бәрі 
оқушылардың физикалық білімдері мен іскерліктерін қарқынды 
дамытуға күшті ықпал жасайды, физиканы тереңдетіп және 
кеңейтіп оқуға ұмтылдырады, физика сабақтарының көрнекілігін 
күшейтіп молайтады. 
Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжіри-
белері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті 
мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес (механикалық 
ойыншықтар, балалардың алып жүретін (портативтік) жеңіл 
инструменттері, арнаулы конструкторлық приборлар комплектісі, 
үй-тұрмыстық машиналар мен тетіктер, үйдегі өлшеуіш при-
борлар, мектеп айналасындағы өндіріс орындары, ұстагершілік 
үй аспаптары, т.т.). 
Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс объектілерінде 
экскурсия кезінде, физикалық - кештерде, физика-техникалық 
үйірмелерде, оқушылар сарайлары мен жас техниктер станса-
ларындағы секция жұмыстарында, қолдан приборлар жасау 
кезінде өткізіледі. Оқушыларды ұдайы физика-техникалық 
өнертапқыштықпен, рационализаторлықпен, техникалық шығар-
машылықпен әр түрлі жолмен (үйірмеде, сабақта, физикалық 
кеште, қабырға газеті арқылы, көрмеде, экскурсияда) таныс-
тырып тұру қажет. 
Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылау-
ларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай 
әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу 
шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша 
әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар 
орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау;
2) жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды 
орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау. 


166 
Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен 
өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек: 
а) үйден шелектің, бидонның, кесенің сыйымдылығын 
мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып). 
ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдам-
дығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7, 9-сынып). 
б)
тұрмыста және техникада инерция құбылысының 
ескерілуін бақылау (7, 9 сынып) 
в) 
Үйдегі электр есептегіш арқылы бір күнде және бір 
аптада жұмсалатын энергаяның құнын есептеу (8 сынып). 
г) 
Үйде 
және 
табиғатта 
байқалатын 
жарықтың 
дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын 
бақылау, оларды түсіндіру (11 сынып). 
д) 
Адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын 
өлшеп, анықтау (7 сынып). 
Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін 
мұғалімнің сабақта сұрап, талдап, қорытындылап, толықтырып 
тұруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет