Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары



Дата06.12.2019
өлшемі92.34 Kb.
#447656
Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
Пән атауы: Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері

Орындағын:

ОП-19у қыс. тоб. студенті

Абеуов Сырымжан

Тексерген: Кенжекеева А.Р.

Қарағанды 2019



Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі

Тасымалдау үрдісінің үздікссіз жұмыс істеуі, қызметтік-техникалық ғимараттарды және құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын тұрақты тексеріп тұруын қажет етеді. Жұмысты тексеру уақыты мен тәртібі, бірнеше жылғы тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы немесе жабдықтың жалпы жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға сай келетін мөлшерін және жіберуге болатындығын, бөлшектермен қозғағыштарының бір-бірімен әрекеттесуін, сапасын анықтайды.

Жабдықтар мен құрылғыларды, қызметтік – техникалық ғимараттарды соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо, дистанция немесе телім бастықтарымен тексереді, енгізілген құрылғылар мен жабдықтардың пайдалану уақытын, бекітілген жағдайлар мен нұсқауларға қарайды.

Басты және қабылдап-жөнелтетін жолдардың бағыттама бұрмаларын, станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір рет тексеріп отыруы қажет.

Тексеру нәтижесі мен іс-шаралары, істен шыққандарды байқағанда, қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-шаралардың орындалғанын жазады.

Бағыттаманы ауыстыруда – ауыстыру механизімі мен жылжымалы бөлшек құрылғысы күрделі – жылжымалы құрамнан үлкен күш әсер етеді. Пойыздардың жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының тұрақты дұрыс қалпында тұруын қажет етеді, әйтпесе пойыздар жүрісіне тікелей қауіп әкеледі. Стансадағы электрлі орталықтағы бағыттамалар мен си гналдарды жол дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері тексеріп тұрады. Міндетті түрде айына бір рет стансадағы бағыттама шаруашылығының жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп тұру қажет. Бағыттама бұрмаларының мөлшерін тексеріп және онымен жібергенде тораптар мен бөлшектердің нақты бекітілуін, қажалу мөлшерін, желі жұмысын, жүріс жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін, қисық пен ойықтардың болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.

Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ құрылғыларын, байланыс желілерін тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде, басып озу бекеттерінде және жол қосымдарында болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық жазуларды тексерген және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды жиі тексеріп және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.

Жол бастығының жиі тексеруі, қызмет пен бөлімше шаруашылығының жағдайын, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын, станса мен тораптарды дамыту, құрылғылар мен жабдықтарды қайта өңдеу, жолдағы өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруды қарастыру, ал пән бойынша –мамандарға тәрбиелік жұмысты күшейтіп, өмірге қолдануға, білімдерін жетілдіріп, тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды шешіп, оларға шара қолданып, техникалық құрылғыларды дұрыстап қолданып, жұмысты алдыңғы деңгейге жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.


Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

Жолдардың дамуымен стансаның техникалық жабдықтары поездар жүрісінің тәртібімен бекітіледі, поездардың келіп жөнелту операциялары белгілі ьір уақыт мөлщерінде орындалады,жүктерді тиеу-түсіру, құрамдар мен вагондарды өңдеу және поездар жүрісіндегі қауіпсіздігін сақтау, еңбек өнімділігін арыттыру керек.

Жолаушылар ғимараты, жолаушыларды тасымалдауға байланысты, платформалармен және жолаушыларға қызмет көрсететін басқа да құрылғы жабдықтармен операциялардың тез, ыңғайлы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамассыз етеді. Жолаушылар платформасына өту үшін жаяу жүретін арнайы жолдар мен көпірлер болуы керек.

Стансаның бір деңгейінен өтетін жерлерді жаяу жүретін төсеніш жабдықтайды, ескертетін және көрсететін белгілер болады, қажетті жағдайларында автоматты сигналдар болады.

Ірі жолаушылар стансасында поездарды жөнелтуге автоматты көрсеткіштер, анықтама бөлімдер билетті басатын машина жүйесі, автоматтар, сондай-ақ автоматты түрде жүк сақтайтын қоймалар болады.

Жолаушылар аялдайтын аралықтағы бекеттерде жолаушылар платформасында ілінген көрсеткіштерімен павильон дар болуы қажет, олар жолаушыларға қызымет көрсететін билет кассасының санына байланысты.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары, жүктің бұзылмауын қамтамассыз етеді, жүк операцияларын тез және ыңғайлы орындалуын қажет етеді.

Стансалық жолдар қабылдап-жөнелтетін, тиеп түсіретін, арнайы, сұрытпайтын жолдарға бөлінеді. Қабылдау жолдарына телімдерден пойыздар келеді, жөнелтетін пойыздар дайындалған құрамға техникалық операциялар жасалады және телімге жөнелтіледі, сұрыптау жолдары белгілі бір бағытта вагондарды жинайды, сондай-ақ пойыздарды құрастырады және тарқатады, тұйықталған жолдар маневр жұмыстарына арналған. Тиеп-түсіру жолдарына жүк операцияларын орындауға вагондарды қояды. Арнайы жолдарға қорғайтын тұйықталған жолдар жатады, олар өрт сөндіретін және қалыпына келтіретін пойыздар тұратын жол, габаритсіз вагондармен және разрядты жүктер тұратын жолдар, жалғастырушы жолдар. Операциялардың жұмыс көлеміне қатысты бір немесе бірнеше жолдарға бөлінеді.

Бір бағыттағы жол топтарын парк деп атайды. Қабылдап-жөнелтетін, сұрыптайтын парктер болады. Кейбір стансаларда арнайы бір жол (парктер) пойыздарды қабылдап-жөнелтетін болады. Онда оларды қабылдап-жөнелтетін жолдар деп атайды. Сұрыптау және телімдік стансаларда қабылдап-жөнелтетін (жолдар) жеке парктер болады. Аралық стансаларда тек қабылдап-жөнелтетін жолдар ғана болады. Жүк операцияларын орындайтын жолдарды қабылдарп-жөнелтетін жолдардан оқшаулайды; олардың саны стансадағы тиеп-түсірудің көлеміне қатысты болады, сондай-ақ, жүк түріне қарай. Пойыздарды құрастыруға және тарқатуға, сұрыптау, техникалық, жүк стансаларында жергілікті вагондарды сұрыптауға жұмыс көлеміне қатысты сұрыптау дөңестері, кіші қуатты дөңес және тартым жолдары, қапталданған және қарапайым жолдар болады, аралық стансаларда тартым жолдар ғана болады.

Стансадағы жолаушылар пойызының жүрісінің аяқталуы, арнайы қабылдап-жөнелтетін жолдарды жолаушылар ғимаратына жақын орналастырады. Ірі жолаушылар стансасы мен тораптарындағы вагондарға жолаушыларды мінгізіп-түсірмей-ақ, тіркеу және айыру жүргізеді, олардың тұратын тұйықталған жолының ұзындығы 75 см.

Жүк шаруашылығының құрылғыларына қойма, платформа және контейнер, ауыр жүктер алаңы, вагон таразысы жатады. Ашық және жабық қоймалар, әр түрлі алаңдар мен платформалар жүктің қауіпсіздігін сақтап, жүк операцияларының ыңғайлы әрі тез орындалуып, оларды механикаландырады.

Барлық стансаларда жолаушыларға қызмет көрсететін құрылғылар бар. Қызметтік-техникалық ғимаратта жолаушыларға қызмет көрсететін оқшауланған ғимарат бөлінеді. Онда билет кассасы, жолаушылар пойызының жүрісі туралы анықтама бөлімі, асхана, дем алу бөлмесі, күту залы бар. Вокзалдың ішкі жобасы кететін және келетін жолаушылар ағымынының бір-бірімен қарама-қарсы кездеспеуін болдырмай жобалайды.

Жолаушыларды мінгізіп-түсіруге платформалар биік және аласа болып келеді (аласасы жолаушылар легі аз Айырым бекеттерде – тәулігіне 100 жолаушыға дейін) ұзындығы 500 м., қаламаңындағылар 300 м. Платформаның ені жолаушылар легінің жиілігіне, жолаушылар пойызының жүріс жылдамдығына, платформа санымен одан шығу жағдайына қатысты болады .

Жұмыскерлердің қызмет ғимаратты пойыздар жүрісіне қатысты (станса кезекшісіне, маневр және станса диспетчеріне, техникалық бақылаудың операторына және т.б.), жолаушылар жолдарынан басқа станса жолдарына шығуға болады.


&&&

$$$002-002-000$3.2.6.2 Сигналдар
Көліктегі сигналдар қолдану түріне қарай көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.

Көрінетін сигнал бағдаршам, диск, щит, фонар, жалаушы сигнал көрсеткіштері мен белгілері беріледі. Көрінетін сигналдар уақыт мезгілдеріне қарай күндізгі, түнгі және тәулік бойына қолданатын сигналдар болып бөлінеді.

Түнгі сигналдар кейде ауа рауйының жағдайына байланысты қар да, жаңбыр да, тұман да және басқа да жағдайларда күндізгі уақытта да қолданылады, күндізгі уақытта көрінетін сигналдарға тоқтау аралығы 1000 м-ден кем емес, жылдамдықты азайтатын сигнал – 400 м-ден кем емес, маневрлік сигналда – 200 м-ден кем емес.

Дыбыстық сигналдар дыбыстардың санымен және ұзақтығымен ерекшелінеді, локомотивтің, моторлы вагон пойызы мен дрезинаның, қолмен ысқыруы, керней дауысын, сиренді,гуілдек пен петарды пайдаланады. Петардың жарылуы барлық жағдайда лезде тоқтауды білдіреді.



Сигналдар, темір жол сигналдары мен нұсқаларында бекітілген тәртіп бойынша, қайда, қалай қолданылуы, негізгі пайдалануына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  • тұрақты сигналдар – пойыздар жүрісінде аралық пен стансада, сондай-ақ маневр жұмыстарында қолданылатын бағдаршамдар;

  • қорғаушы сигналдар, жұмыс жүргізетін жерлер мен пойыздар жүрісіне аралық пен стансада кедергі келтіруіне, қауіпті телімдерден қорғауға арналған; жылжымалы құрамның стансалық жолдармен аралықта оның еріксізден тоқтауын қорғайды;

  • қолмен берілетін сигналдар, пойыздар жүрісінде қолданылады (фонармен, жалаумен, дискімен беріледі);

  • сигнал көрсеткіштері мен белгілері, маневр құрамы мен пойыздардың жүргендегі бағытындағы көрсеткіштерде қолданылады, бағыттама жағдайын, жолды қоршауын, гидравликалық құдықтарды;

  • маневр жұмысында қолданатын сигналдар, (бағдаршаммен, фонармен, жалаумен, ысқырықпен, кернеймен беріледі);

  • пойызды, локомотивті, басқа да жылжымалы құрам бірліктерін көрсетуге қолданатын сигналдар, (фонармен, шағылысатын дискілер, жалаулар);

  • дыбыс сигналдары;

  • дабыл сигналы мен арнайы көрсеткіштер.

Мақсаты мен орналасу орындарына қарай бағдаршамдар былай бөлінеді:

  • кіре беріс – аралықтан стансаға пойыздың кіруіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • шыға беріс – стансадан аралыққа пойыздың шығуна рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • маршруттық – стансаның бір ауданынан екінші ауданына пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • өткізетін – бір блок-телімінен екінші блок-теліміне пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі;

  • қалқалаушы – бір деңгейдегі темір жолдың басқа жолдармен қиылысуын қорғайтын, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен, сондай-ақ айрылатын көпірлер мен телімдерде, желілермен өткенде;

  • бөгеуші – жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылғылар да және құламалы жерлерде қауіп төнгенде тоқтатуға арналған, сондай-ақ құрамды қоршап тексергенде және стансадағы вагондарды жөндегенде;

  • ескертуші – басты бағдаршамның көрсетуін алдын-ала ескертуі (шыға беріс, кіре беріс, бөгеуші, қалқалаушы);

  • қайталаушы – шыға беріс, маршруттық және дөңестегі бағдаршамдардың рұқсат берген көрсеткішін білдіреді, жергілікті жағдайға байланысты басты бағдаршамның көрсеткіші көрінбеген жағдайда;

  • локомотивтік – аралықтағы бір блок-телімінен екінші блок-теліміне пойыздың өтуіне рұқсат беруі немесе рұқсат бермеуі, сондай-ақ пойыздар жақындағанда жол бағдаршамдарының көрсетуі ескертеді;

  • маневрлық – маневр жүргізуге рұқсат беретін немесе рұқсат бермейтін;

  • дөңестік – вагондарды дөңестен жіберуге рұқсат беретін немесе рұқсат бермейтін;

Барлық стансалық сигналдардың қалыпты көрсетуі –рұқсат бермеуі. Тек қана оларды автоматты түрде ауыстырғанда қалыпты жағдайы рұқсат етеді.

Кіретін сигнал бірінші кіретін бағыттаманың алдында орнатылады, пойыздар жүрісінің оң жағынан қашықтығы 50 м-ден кем емес, бағыттама үшкілігімен есептегенде немесе бағыттама үшкілігінің шектік бағанына дейін. Электірлендірілген жолдарда кіретін сигналдармен аралықтан кіретін бірінші бағыттаманың арасы стансадағы байланыс желілерін аралықтағы байланыс желілерінен ажырату үшін арақашықтығы 300 м- ден көп, аралықта қорғайды.



Кіретін сигналдар бір тармақты желіде Айырым бекеттердің шекарасы болып табылады. Екі тармақты желіде әрбір басты жолдар станса ауданында бір жағынана кіретін сигналмен, ал екінші жағынан арнайы «Станса шекарасы» (СШ) деген көрсеткішпен көрсетіледі. «Станса шекарасы» деген белгі аралыққа шығатын соңғы бағыттамадан 50 м-ден кем емес қашықтықта орналасады. Кіретін сигнал қашықтығы бағыттама үшкілігімен немесе ауыстыратын бағыттама үшкілігінің шектік бағанымен есептелінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет