Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет82/87
Дата24.08.2022
өлшемі1.4 Mb.
#460031
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
2914564175700 ZH sipkalieva

Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқу-
шыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызы-
ғушылығы бар оқушыларды алуы керек. Мұғалімнің оқушы-
ларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабі-
летіне сәйкес үйірме таңдауына көмектесуге, сонан соң үйірме 
мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. 
Әр үйірме мүшелерінің саны 12-15-тен артық болмауы тиіс. 
Үйірме жұмсының жоспары мен мазмұнын мектеп 
оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас 
ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы 
бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу 
мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесінде, 
оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің 
жабдықталуы жағдайына, материалдардың бар-жоғына және 
бірқатар басқа да факторларға байланысты. 
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы 
жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса 
терең ойлану мен шығармашылықты қажет ететін тапсырманы 
орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны 
және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр 
тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының 
өсу сатысы болуы тиіс. 
Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника 
жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалдармен үйірме 
мүшелерін таныстырып отыру пайдалы.
Физикалық апталық. Оны ұйымдастырудың әдістемесі. 
Физика мен техника кештері. Бүгінгі таңда көптеген мектеп-
терде жыл сайын білім байқауларын өткізу дәстүрге айналған. Ол 
үшін жылдық жоспарда физика, химия, әдебиет, т.б пәндер 
арасында апталықтар өткізуге уақыт бөлінеді. Жыл соңында 
үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылып, сыныптар арасындағы 
жарыстардың қорытындысы айтылып, жеңімпаздар марапат-
талады. Сыныптан тыс жұмыстың мұндай түрін ұйымдастыру 
оқушылардың ғылыми еңбекке араласуын, белгілі бір пәнге деген 


184 
қызығушылығын арттырып, оны өзге пәндермен салыстыра 
отырып мамандық таңдауға үлес қосады. 
Жыл сайын өткізілетін апталықтардың жоспары өзгертіліп 
отырғаны дұрыс. Әрбір пәндер бойынша өткізілетін апталық-
тардың аралығы 10 күн болуы керек. 
Апталықтарды өткізу үшін арнайы штаб құрылу керек және 
ол апталықтардың барлық жұмыстарын басқарып отырады. 
Сонымен қатар мектеп комитетінің отырысында штаб құрамы 
қарастырылып, бекітіледі. 
Штаб құрамы тек жақсы ұйымдастырушылардан ғана емес, 
сонымен қатар физикаға қызығушылығы бар және өзге оқушы-
лардың да пәнге деген қызығушылығын арттыра білетіндей білімі 
бар болуы керек. 
Штаб құрамы физикалық апталық басталатын күннен 2 апта 
бұрын жиналады. Штаб құрамының отырысында апталықтың 
өткізу жоспары құрылады, әрбір шараға жауапты адам тағайын-
далады және әрбір конкурсқа әділқазы алқаларын сайлайды.
Апталықты өткізудің ең маңызды бөлігі оның болатындығын 
алдын – ала хабарлау. 
Физикалық апталықтың ашылу салтанатында арнайы хабар-
ламалар дайындаған жөн. Олар мынадай түрде болуы мүмкін: 
1. Апталықтың ашылуымен оқушыларды құттықтап, оларға 
физика ғылымы жөнінде қысқаша мәлімет беру. 
2. Апталық жоспарын хабарлау. 
3. Оқушыларды физикалық білімдерін одан әрі жетілдіруге 
шақыру. 
4.Оқушылардың физикалық апталыққа арналған әнұранын 
орындауы. 
Мектептің хабарламалар бұрышында «Физика апталығы өту-
де» деген әдемі плакат іліп қоюға болады. Бұл ілінген плакат тек 
қана жоғары сынып оқушыларын ғана емес, төменгі сынып оқу-
шыларын да тіпті ата-аналарды да қызықтыратындай болуы керек. 
Физика кабинетінің жанына «физикалық апталық» деп 
аталатын арнайы бұрыш орнату керек. Онда апталықтың жоспары, 
конкурс шартары, рефераттың тақырыптары, т.б жазылуы керек. 
Мектептің безендіруіне үлкен көңіл бөлінуі қажет. 
Мектептегі қабырға газеті мен бұрыштамалардан басқа әртүрлі 
мазмұндағы плакаттармен безендіруге болады. Мысалы: 
Оқушыларды ғылымды меңгеруге шақыратын плакаттар. 
Білмеген ұят емес, білгісі келмеген ұят.  


185 
Физика ғылымы жайлы плакаттар: 
Физика – табиғат жайлы ғылым. 
Э.Роджерс 
Біз әлі де көптеген жаңалықтар ашуға болатын ғасырда өмір 
сүрудеміз. Р.Фейнман. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет