Для того, чтобы человек мог постичь


) Қайғы концептіндегі ауа райының



бет26/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

5) Қайғы концептіндегі ауа райының белгілерін білдіретін топ: аяз, жауу, дауылдың қара бұлты.

Мысалы: Жамбасына аяздай бату (фраз.). Жетім-жесірге ес болып отырған кемпір, басынан қара тұман айықпай үсті- үстіне қайғы жауып, қабат қаза көрген соң, Құдайға, тағдырға нанған көңілмен бір уақыт шын жалбарынып, назаланып: «Құдай- ау, не күнә сұмдығымнан осындай қаза душар қылдың? Не жазығым бар еді?»– деп меңіреу дүниеге сұрақ қоюшы еді (М.Ә. Қорғансыздың күні). Дауылдың қара бұлтындай болып, әдейі басына арналып келе жатқан қайғы – қасіретті көріп, соның алдынан айласыз- әлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің жүзінде үлкен сабыр бар (М.Ә. Қорғансыздың күні).

Қуаныш концептіндегі ауа-райының белгілерін білдіретін топ: саябырлап басылмау, бұлттың аспан арасынан тууы.

Мысалы: Әзір саябырлап басылмаған қуаныш бар тәрізді (М.Ә. Абай жолы). Бұлтты аспан арасынан, қуаныш, сәулелі, күлкілі, жүзі бар Абайдың жалғыз ғашығы – Тоғжан жүзі туды (М.Ә. Абай жолы). Жаңағы жалтыраған күншуақты қуаныш сәулесін енді күдік пен дерттей, соңғы ойлар бұлттары бүркеп басып барады (М.Ә. Абай жолы).Павлов әкелген осындай үмітке толы ойларын Абай көңілінің ендігі жүдеу күйіне алыс та болса, өте жарық қуаныш сәулесін салғандай болады (М.Ә. Абай жолы).

Қайғы суық аяз, даыулдың қара бұлт, жауған қардай болса, қуаныш керісінше, оған оппозициялық қатынаста болып, бұлтты аспан арасынан туған сәулелі күн, саябырлаған жел ретінде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет