Для того, чтобы человек мог постичь


) Зооморфты метафоралар белгісін



бет28/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

8) Зооморфты метафоралар белгісін құрайтын топ: жылан.

Қайғы жылан кейпінде елестейді. Мысалы: Қайғы деген жылан бар, өзекті шағып өртейтін (Байдалы би).


9) Қайғы концепті от стихиясымен байланысты. Қайғы туралы көптеп кездесетін фразеологизмдердің өзі осыған куә: жүрегі от [өрт] боп жану; іші бауыры өртену; іші оттай күю [жану]; кеудесі өртену т.б.

Мысалы: Не десем саған еп,



Ғашығың да қайғы жеп.

Өртенген жүрекке,

Бір көрген болар сеп (Абай)

Мысалы: Соңғы алты ай ішінде, барлық жалын атқан қайғысыжалғыз баласы Құтжан жайы (М.Ә.Абай жолы). Мынау үлкен балам жазылмай, тағы да қайталап жазым боп кетсе, әйелім мен шешем обадан бұрын қайғы- қасіреттен өртеніп өлетін (М.Ә.Абай жолы). Қайғы болды күйгендей ол қуатым еді рас (Абай).

Қуаныштың да біршама отпен байланысы мынадай фразеологизмдерден көрінеді: қуаныш оты жарқ етті; көзі шырадай жанды; өлгені тіріліп, өшкені жанды т.б.

Осы көрсетілген мысалдардан шығатыны: қайғыға кенелген адамның оттай күйуі, өртенуі, жануы ұзақ процесс ретінде сипатталса, қуанышты адамның қуаныш оты жарқ етуі, көзі шырадай жануы, өлгені тіріліп, өшкені жануы қайғыдағыдай ұзақ процесс емес, тез күтпеген кезде болатын құбылыс. Сонымен қатар осындағы қайғы сезімімен бірге жүретін от, жану сөздері көбінесе адамның ішкі әлемімен, көзге бірден көрінбейтін ішкі сырымен (жүрегімен, іші бауырымен, кеудесімен) байланысты болса, қуаныш сезімімен бірге жүретін осы сөздер адамның сыртқы бет-бейнесінен көріне алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет