Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау



бет13/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

2. Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау.
3. Әдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын анықтайды, снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді.
4. Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мұғалім мектептегі бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап, өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет.
5. Теориялық және сөйлеу дайындығы. Мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б.).
6. Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету (керек құрал-жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
7. Көмекші даярлау (төрешілерді, команда капитандарын, физоргтарды, кезекшілерді т.б.). Мұғалімнің әрбір көмекшісі өзінің міндетін жақсы білуі және дәл уақытында орындауы керек. Ұстаз әрбір сабақ алдында оларға нұсқау береді, жаттығуды дұрыс орындауды тапсырады, сақтану әдістемесін үйретеді.
8. Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Олар мұғалімнің түсіндірген сөздерін тыңдауға, жаттығу орындауды бақылауға мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге, сабақ өткізетін орынды дайындауға, қазылық жасауға қатысуы қажет. Бұл шаралар оқушылардың тәртіп бұзуына жол бермейді және сыныптың білімін арттыруға көмектеседі.
9. Мұғалім өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы қажет.
10. Оқушылардың сабақ кезіндегі қимыл-әрекеттерін ұйымдастыру. Оқу процесін басқару қызметін орындай отырып, мұғалім барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, үйренуіне барлық жағдай жасауы керек. Осы мақсатпен әр түрлі оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері қолданылады. Олар – топтық, даралық, шеңберлі, фронтальдық әдістер болып бөлінеді. Әрбір әдістің өзіне тән әр түрлі үйлестіре қолданылатын жолдары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет