Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Кіріспе бөлімінің негізгі міндеті –



бет10/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе бөлімінің негізгі міндеті – оқушылардың организмін сабақтың негізгі бөлімінің қимыл-әрекетіне функционалды дайындау. Ол оқушыларға тыныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін жаттығулар көмегімен орындалады. Жүру, жүгіру, жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би амалдары, қозғалмалы ойындар элменеттері, әр түрлі сипатта сапқа тұрулар және басқа біртіндеп бірқалыпты жүктемелі жаттығулар осы кіріспе бөлімде жиі қолданылады. Кіріспе бөлімінің жаттығулары негізгі бұлшық ет топтарына әсер етеді. Ол мынадай реттілікпен орындалуға тиіс: керілу, жоғарғы иық белдігіне арналған жаттығу, аяқ бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығу, секіру жаттығулары, босаңсу жаттығулары т.б. Сабақтың дайындық бөлімінің мазмұнына сай болуы қажет. Кіріспе – дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытына 10-20 процент, яғни оқу сабағына 5-12 минөттен, жаттықтыру сабағына 30-40 минөтке дейін уақыт бөлінеді.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасына және сабақ міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің басында орындалады, сонан, соң дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндетті орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламасында белгіленген дене тәрбиесі жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 30-35 минөтке, жаттықтыру сабақтарында 90 минөткғе дейін созылады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде организмнің функционалдық белсенділігі ақырыңдап төмендейді. Снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты әрекеттер жаттығушыларды жайландырады, ауыр жаттығудан соң біраз бой жазуына септігін тигізеді. Қорытынды бөлімге организмді тез бастапқы қалыпқа келтіретін массаж және су процедуралары да жағады. Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі және босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы ойындар т.б. Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыратын үй тапсырмаларын әрдайым беріп отырған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет