Өндірістік санитария
Өндірістік санитария ауаның жоғары температурасы мен газдану, вибрация, шу, шаң сияқты зиянды факторлардың әсерін төмендету немесе жоятын санитарлы-гигиеналық және ұйымдастыру іс-шараларының сұрақтарын қарастырады.
Химия өндірісінде ауада әр түрлі зиянды заттардың мөлшері жоғарылайды. Ол адам ағзасына тыныс алу жолы арқылы енеді және тыныс жолдарының сілекей-қабығын зақымдайды. Газдың зиянды әсерін төмендету үшін құбыр ішіндегі кеңістікте сораптан газды шығару үшін газды якорьды сорап қабылдауына орнату ұсынылады.
Гигиеналық зерттеулер көрсеткендей шу мен вибрация жұмыс жағдайын төмендетеді, адам ағзасына зиянды әсер әкеледі. Шудың ұзақ әсері кезінде адам ағзасында қажет емес құбылыстар пайда болады; есту, көру, сезу төмендейді, қан қысымы жоғарылайды. Қатты ұзақ шу нерв жүйесі мен жүрек-тамырдың функционалды өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Сонымен бірге адам ағзасына вибрацияда әсер етеді: олар жүйе және жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық және тірек-қозғалыс аппаратының өзгеру себебі болуы мүмкін.
Шу қатты, сұйық және газ тәрізді ортада механикалық қозғалу кезінде пайда болады. 20 – 2000 Гц жиілікті механикалық қозғалыс дыбыс түрінде есту аппаратымен қабылданады. 20 төмен және 2000 Гц жоғары жиілікпен қозғалыс адам ағзасына зиянды биологиялық әсер етеді. Барлық спектр жиілігі бойынша таралған дыбыс энергиясының шуы кең таралған деп аталады. Анықталған жиілікпен естілген дыбыс шуы тональды деп аталады. Жеке импульс сияқты қабылданған шу импульсты деп аталады.
Осы ауру кезінде бас ауру, басайналу, жоғары зорығу болуы мүмкін. Вибрацияның ұзақ әсері кезінде вибрациялық ауру деп аталатын даму пайда болады. Вибрациялық аурудың ауыр формалары жеке немесе толық жұмыс істеу қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін.
Шудың зиянды сипаттамасы бойынша 5 д Б дан көп емес уақытта өзгеретін сегіз сағаттық жұмыс күніндегі дыбыс деңгейі тұрақты, және сегіз сағаттық жұмыс күнінде 5 д БА-дан төмен емес уақыттағы дыбыс деңгейі тұрақсыз деп бөлінеді. Шу мен вибрацияның көзі кәсіпорында үйкеліс пен соққыдан пайда болатын жеке кинематикалық буларда тең емес салмақпен айналатын массалы машиналар мен механизмдер, пульсация мен жоғары жылдамдықта болатын сұйықтар мен газдар қозғалыс аппараттары мен технологиялық қондырғылар болып табылады. Сонымен қатар шу мен вибрация көзі компрессор болып табылады.
Жылдың жазғы уақытында, ауа температурасы + 30оС көп болғанда объектіде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі мен сезінуінде үлкен әсер етеді, адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесі мен байланыс адам ағзасына әсер етеді. Осындай метереологиялық жағдайда ұзақ уақыт болғанда адамда жұмыс істеу қабілеттілігі төмендейді және өзін сезінуі нашарлайды. Осы зиянды факторларды жою үшін шаралар қарастырылған : арнайы киіммен, аяқ киіммен жұмысшыларды қамтамасыз ету, жұмысшыларды салқындату үшін бөлме, жұмысшылар үйіне қалқа, қорғану құрылыстар орнату. Қиын климаттық жағдайға қарамастан мұнай мен газды игеру жылдық барлық уақытында, тәулік бойы жүзеге асырылады.
Санитариялық гигиеналық шаралар - бұл қызметтегі зиянды факторлардан туындайтын кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған және жұмыс орнын ыңғайлы қылып қамтамасыздандыру болып табылады.Бұл жерде еңбек гигиенасы жұмыс орнының денсаулыққа кері әсерін тигізбеуіне әртүрлі шаралар жасайды.
Жұмысшы жұмыс орындау кезінде және гигиена ережесін сақтау керек.Әрбір жұмысшы жұмысқа шығар алдында арнайы киімдер мен аяқ киімдерін және жеке қорғаныс бұйымдарын тексеруі және оларды реттеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |