Дүниежүзілік сауда ұйымы



бет5/5
Дата26.06.2016
өлшемі447 Kb.
#159350
1   2   3   4   5

 

Халықты әлеуметтік қорғау қызметіндегі бағыттардың бірі егде жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген экономикалық, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер болып табылады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты:


  1. мүгедектікті алдын алуға;

  2. әлеуметтік қорғауға, соның ішінде мүгедектерді оңалтуға;

  3. мүгедектерді қоғамға жақындастыруға бағытталған.

Егде жастағы азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет адамның және азаматтың құқықтарын сақтау; әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну; әлеуметтік қызмет көрсетуді алуға тең мүмкіндіктерді және мүгедек қарттар үшін олардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; мүгедек қарттардың жеке қажеттіліктері үшін әлеуметтік қызмет көрсетуге бағыт сілтеу; мүгедек қарттардың әлеуметтік бейімделу шараларының басымдығы; билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мекемелерінің , сондай-ақ лауазымды адамдардың әлеуметтік қызмет көрсету саласында мүгедек қарттардың құқықтарын қамтамасыз етудегі жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.

Мүгедек қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету халықты әлеуметтік қорғау органдарына ведомстволық бағынысты мекемелердің шешімі бойынша немесе өзге меншік нысанындағы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерімен әлеуметтік қорғау органдары жасасқан шарт бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қызмет көрсетулерді алған кезде мүгедек қарттардың әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі қызметкерлерінің тарапынан құрметтелуге және ізгі көзқарасқа; әлеуметтік қызмет көрсетудегі өзінің құқықтары, міндеттері мен шарттары туралы ақпаратқа; әлеуметтік қызмет көрсету үшін келісуге; әлеуметтік қызмет көрсетуден бас тартуға; әлеуметтік қызмет көрсету кезінде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің қызметкерліне белгілі болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына; өз құқықтары мен заңды мүдделерінің сот тәртібімен де қорғалуына; әлеуметтік қызмет көрсету түрлері мен нысандары, оны алудың көрсеткіштері мен олардың төлеу шарттары, сондай-ақ оларды ұсынудың басқа да шарттары туралы ақпарат алуға құқығы бар.

2006 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі құрылып, жүргізілетін болады.

Бөгде адамдардың күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі республикада интернат-үйлері мен үйде әлеуметтік көмек бөлімшелері желісін қамтиды. Қазіргі кезде 79 интернат үйі жұмыс істейді. Оның 35-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйі, 26-ы жүйке-неврологиялық сырқаттарға, ал 17-сі ақыл-есі кем мүгедектерге арналған. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 399 бөлімше мен 7 аумақтық орталық жүзеге асырады. Ола 34 мыңнан астам мүгедектер мен жалғыс ілікті қарттарға қамқорлық жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету осыған құқығы бар адамдарға меншік нысанына қарамастан, үйде немесе әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсетулердің жиынтығын (күтім, тамақтандыру, медициналық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және заттай түрде көмек алу, кәсіби дайындауға, жұмысқа орналастыруға, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға көмек және басқалары) қамтиды.

Мүгедек қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету тұрақты, сондай-ақ уақытша негізде де жүзеге асырылады: әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің күндізгі бөлімшесінде жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету; әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелерінде (интернат-үйлерде, пансионаттарда және олардың атауына қарамастан, басқа да әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде) стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету; мерзімді медициналық қызмет көрсету; (әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуді қосқанда) үйдегі әлеуметтік қызмет көрсету .

Мүгедектерге көрсетілетін үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетулердің қатарына: үйге тағамдарды жеткізуді қосқанда, тамақтандыруды ұйымдастыру; дәрі-дәрмектерді, бірінші кезектегі қажетті азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сатып алу; медициналық көмек алуға жәрдемдесу, соның ішінде медициналық мекемелерге ілесіп апару; гигиеналық талаптарға сай тұратын жеріне жағдай жасау; заңгерлік көмекті және өзге де құқықтық қызмет көрсетулерге жәрдемдесу; әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыруға жәрдемдесу; басқа да үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетулер жатады.

Стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету өз-өзіне қызмет көрсету қабілетінен ішінара немесе толық айырылған және денсаулық жағдайымен ұдайы күтім мен қадағалауға зәру мүгедек қарттарға жан-жақты әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге бағытталған. әлеуметтік қызмет көрсетудің осы нысаны мүгедек қарттар үшін жасына және денсаулығының жай-күйіне қарай тұрмыс-тіршілігіне жағдай жасау шараларын, медициналық, әлеуметтік және емдік-еңбек сипатындағы оңалту іс-шараларын, күтім мен медициналық көмекті қамтамасыз етуді, олардың демалыстары мен бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтиды.

Жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуге стациоонарлықтан айырмашылығы бойынша мүгедектердің барлық санаты бірдей жата бермейді. Оған өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді қимылдау қабілетін сақтаған, әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуға медициналық жағынан қарама-қарсы көрсеткіші жоқ мүгедек қарттар қабыладанады. Жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуде мүгедек қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және мәдени қызмет көрсетуді, олардың тамақтандырылуын ұйымдастыруды, демалуды, олардың еңбек қызметіне қатысуын ақамтамасз етуді және белсенді тұрмыс салтын қолдауды қамтиды.

2005 жылы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң қабылданды. Оның іске асырылуына байланысты протездік-ортопедиялық көмектен басқа, бірінші кезекте мүгедек қарттардың санаторилық-курорттық емделуіне, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілуіне, жеке оңалту бағдарламаларына, әлеуметтік қызмет көрсетілуіне, мұқтаж адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жіне жеке көмекшілер беруге көңіл бөлінеді.

Тұрғын үйлер мен қоғамдық өндірістік ғимараттар салу кезінде мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша мүгедектердің проблемасы ескеріледі. Олардың үй-жайларға кіруіне жеңілдету үшін барлығы жасалуда. Кіре-беріс жолдары, пандустар, мүгедектерге арналған арбалардың құрылғылары қайта жасалып, синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылуда.



Сонымен бірге, өмірдің шындығы бөлек. Әрбір әлеуметтік объектіге немесе тұрғын үйге мүгедектер жете бермейді. Синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар негізінен орталық көшелерге орнатылған. Бүгінде қабылданып жатқан шаралар мәнісі бойынша жартыкеш. Қала көшелерінде бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын мүгедектерді кездестіре алмайсыз. Өйткені олар қоғамдық көлік қызметтерін пайдалана алмайды, биік тротуардан өзі түсіп немесе бағдаршамдары дыбыс дабылдарымен жабдықталмаған көшені кесіп өте алмайды.

1) Оңалту бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасы (оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 23,2 миллион теңге көзделген) және әкімнің шешімдерімен бекітілетін мүгедектерді ңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламалары жұмыс қолданылады.

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасына сәйкес:


  • мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуге 313,8 млн. теңге;

  • санаторлық-курорттық ем ұсынуға – 1098, 3 млн. теңге;

  • протездік-ортопедиялық көмек пен бұйымға – 1480, 6 млн. теіге;

  • тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 268, 4 млн. теңге;

  • сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 677, 8 млн. теңге көзделген.

Мүгедектерді оңалту – ағза функциялары бұзылғандық денсаулығы нашарларған тұрмыс тіршілегіндегі шектеулерді жоюға немесе барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шара. Мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейіімделуіне қол жеткізу оңалту мақсаты болып табылады.

Мүгедектері оңалту медициналық оңалтуды, кәсіби оңалтуды, әлеуметтік оңалтуды қамтиды. Медициналық ңалтуды қалпына келтіру терапиясынан, реконструктивті хирургиядан, протездеу мен ортезир тұарды. Мүгедектерді кәсіби оңалту кәсьи бағдардан, кәсіби білімнен, кәсіби-өндірістік бейімделу мен жұмысқа орналастырудан тұрады. әлеуметтік ортадағы бағдар мен әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу мүгедекті әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-б бұйрығымен Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі бекітілді.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (ЖОБ) – медициналық-әлеуметтік кмоиссияның шешімі негізінде әзірленген ағзаның бұзылған немесе жойылған функцияларын қалпына келтіруге, орнын толтыруға, мүгедектің белгілі бір қызмет түрін орындау қабілетінің орнын толтыруға бағытталған медициналық, кәсіби және басқа да оңалту шараларын іске асырудың жекелеген түрлерін, нысандарын, көлемдерін, мерзімдері мен тәртібін қамтитын мүгедектерге арналған оңтайлы оңалту іс-шаралар кешені.

Оңалтудың медициналық жағын денсаулық сақтау ұйамдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Мүгедектерді оңалтудың әлеуметтік бөлігін медициналық-әлеуметтік мекемелер (қарттарға, мүгедектерге арналған интернат-үйлері), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Оңалтудың медициналық бөлігі ойдағыдай өтіп жатса да, әлеуметтік бөлігі өте төмен деңгейде.

Егде адамдар арасында мүгедектердің санын азайту мақсатында дене, ақыл-есе, психикалық және сенсорлық ақаулардың пайда болуын болдырмауға және ақаудың тұрақты функционалдық шектеуге немесе мүгедектікке ауысуын болдырмауға бағытталған белсенді алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мен оңалтуды жүргізу әдістері жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалтуға арналған мамандандырылған медициналық оңалту орталықтарының ролін аумақтық әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтарының күндізгі бөлімшелері мен көпбейінді медициналық мекемелер (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар) орындайды.

2. Жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктер

Мүгедектерді материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда түрлі негіздер бойынша (зейнетақы, жәрдемақы, денсаулығына келтірілген залалды өндіру есебінен төлемдер) ақша төлемдерін қамтиды.

1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша джәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК)еселенуіне сәйкес айқындалады, ал оларды көбейту оны индекстеу есебінен жүргізіледі.

Жалпы аурулар бойынша мүгедектігі ойынша жәрдемақы мөлшері 2004 жылы І топтағы мүгедектер үшін – 7720 теңгені; ІІ топтағылар үшін – 5882 теңгені, ІІІ топтағылар үшін – 3309 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылар көбейтілдіҮ І топтағы мүгедектерге – 3 АЕК (2895 теңгеге);
ІІ топтағы мүгедектерге – 2,5 АЕК (2412, 5 теңгеге), ІІІ топтағы мүгедектерге –
2 АЕК (1930 теңгеге). Соның нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 % өсті. Бір мезгілде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 15 АЕК-ке дейін өсіп, 30 мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық қолдау көрсетілді.

Мүгедек қарттар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленетін жеңілдіктерді пайдалана алады.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-көрініс іс-шараларына кіру үшін, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорт кешендеріне кіруге, арнайы спорт құрал-жабдықтарын беруге жағдай жасауға тиіс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер бюджет қаражатының есебінен санаулы қызмет көрсетулерді пайдаланады, ал үшінші топтағы мүгедектер көрсетілген қызмет құнының 50 пайызын төлеумен шектеледі.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысына сәйкес ишемиялық аурумен, артериалды гипертониямен, язвалық аурумен және пневмониямен диспансерлік есепте тұрған мүгедектер республикалық бюджеттен 50 % жеңілдікпен дәрілік препараттпен қамтамасыз етіледі.

Мүгедек қарттарға әкімнің шешімімен моншадағы, шаштараздағы қызмет көрсетулер, қоғамдық көлікте жүргендері өндіріледі. Облыстық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жанынан жан басына шаққандағы табысын әр мүшеге бөлгенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен төмен отбасылардағы егде жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін жеңілдетілген бағамен бірінші кезекте қажет азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сату дүкендерін ашуға болады.

Сонымен бірге сапалы әрі тиімді дәрі-дәрмек пен арнайы құралдарға шығыстар барлық мүгедек қарттардың бюджетіндегі шығыстардың ең жоғарғысы болып қалуда. Жәрдемақылардың, жеңілдіктер мен өтемақылардың мөлшері мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлық қажеттіліктерін өтей бермейді және құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жеткілікті деңгейді қамтамасыз етпейді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен кәсіпорындардағы жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота бөлінген (мысалы, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 19 маусымдағы, «Астана қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоьасын белгілеу туралы» Астана қаласының


2006 жылғы 29 мамырдағы, «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ақтөбе қаласының 2006 жылғы 28 сәуірдегі, «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің қосымша шаралары туралы» ақтөбе облысының 2006 жылғы 24 ақпанадағы, «Солтсүтік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бөлу ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысының 2005 жылғы 22 қазандағы қаулылары).

 



«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда мүгедектерді 3 % орналастыруды белгілеу бөлігіндегі норма іске асырылмай отыр. Мәселен, мемлекеттік мекемелерде жүріп-тұруы қиын мүгедек бірде бір ызметкер немесе жұмыс үшін талап етілетін арнайы түзету жабдықтары мен көмекшілер жоқ.

Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен мүгедек қарттардың денсаулығына келтірілген залал үшін өздеріне тиесілі ақшалай өтемақыны алу мәселесі өзекті.

1994 жылы 9 қыркүйекте Мәскеу қаласында қол қойылған Еңбектегі міндетін атқару кезіндегі қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға ұшырауына немесе денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты келтірілген залалды өтеуге деген құқығы өзара тану туралы келісімнің 2-бабында залал келтіргені үшін жауапты жұмыс беруші өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес оны өтейді.

Азаматтардың өтініштеріне қоса берілген көптеген құжаттарда мүгедек қарттар жұмыс істеген кәсіпорындардың таратылғаны, құқық мирасқорларының жоқтығы, конкурстық меңгерушінің төлемдерді капиталдандыруды жүргізбейтіні жазылған. Осыған байланысты көптеген қарт мүгедектер – Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтары кәсіпорын таратылғаннан кейін ақшалай өтемақыны алуды тоқтатады.



3) Тұрғын үй мәселелері

Әлеуметтік жағынан осал, физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дербес үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар үшін тығырықтан шығар жол - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу болып табылады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 14-бабына сәйкес мүгедектердің тұрғын үйге құқығы бар. 24-бапқа сәйкес әкімдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерді есепке алып, тұрғын үйді пайдалануға ұсынады.

Әкімдіктер бюджеттік тұрғын үй салмайтындығына немесе аз ғана үй салатындығына, ал қала халқы (Астана, Алматы) өсетіндігіне байланысты, тиісінше мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін есепте тұрған адамдардың кезегі де өсе түседі. Ал кезектер өте жай жылжиды.



Сондықтан облыстық әкімдіктің меншігіндегі жекешелендірілмейтін мүгедек қарттар үшін арнайы әлеуметтік тұрғын үй салу өзекті болуда.

4) Санаторийлік-курорттық емдеу

Мүгедектерге санаторийлік-курорттық емдеу ұсыну ережесі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген.

Санаторийлік-курорттық емдеу егде адамдардың денсаулығын қолдау тәсілдерінің бірі болып табылады.

Санаторийлік-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулықтың бұзылуы тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің


2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 886 бұйрығымен бекітілген.

Мүгедек қарттар, не олардың жазбаша келісімен басқа адам санаторийлік-курорттық ем алу үшін ауданның (қаланың) уәкілетті органына өтініш береді.

Республиканың әрбір облыстық әкімігі Жекелеген санаттағы азаматтарға санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекітеді. Ереже жергілікті маңызы бар профилакторияларда тегін санаторийлік-курорттық емдеуден өту үшін жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді ұсыну тәртібі мен шарттарын регламенттейді.

Егде адамдардың санатрийлік-курорттық емдерінің тиімділігі жалпы емделушілер тобындағы ұқсас көрсеткіштерден ерекшеленбейді – 90 % астамы санаторийден тәуір болып шығады.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 2003 және 2004 жылдары 160 зейнеткерге санаторийлік-курорттық емдеуге 4 ,6 млн. теңге, 2005 жылы – 187 зейнеткерге – 6,7 млн. теңге, тісін протездеу үшін 302 зейнеткерге 3 ,4 млн.теңге бөлінген. Павлодар облысында зейнет жасындағы адамдар үшін «Ардагерлер үйі» Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған облыстық санаторий» ММ ашылған. 2005 жылдан бастап 3047 мүгедек, соғыс және еңбек ардагері санатрийлік-курорттық емдеуден өткен, соның ішінде «Ардагер» Республикалық пансионаты» РМҚК-да – 83 егде адам, «Арқа санаторийі» АҚ-да – 170, «Мойылды» санаторийі» АҚ-да – 265, «Ағарту» санаторий-профилакториясы» КҚМК-де – 179, «Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған облыстық санаторий» ММ-де – 2350 қарт емделген. Павлодар қалалық әлеуметтік көмек орталығында егде адамдарды емдеу мен сауықтыруда емнің 20-ға жуық әдісін қолданады. Соның ішінде Мойылды көлінің сульфидті батпағы, фитотрепаия, сылау, оттекті ванна бар. Ақтөбе облысында Ұлты отан соғынысының ардагерлері мен қатысушылары және егде азаматтар үшін «Ардагер» ауруханасы жұмыс істейді. 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында осы ауруханада 157 егде адам ем алды, күндізгі стационарда 70 адам емделуден өтті. 61 адам, соның ішінде 11 Ұлы Отан соғысының ардагері мен қатысушысы санаторийлік-курорттық емдеуге жіберілді. Жамбыл облысында 2003 жылы – 462, 2004 жылы – 1688, 2005 жылы - 1560 Ұлы Отан соғысының ардагері мен қатысушысы санаторийлік-курорттық емдеуге жіберілді. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен зейнеткерге санаторийлік-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер туралы» Алматы ақаласы әкімдігінің 2002 жылғы 28 қаңтардағы қаулысына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары санаторийге тегін жолдама алады, ал зейнеткерлерге жолдама құнының мөлшерінен 50 % төленеді. 2003 жылы 920 қарт адам «Ақ қайың» және «Ардагер» санаторийіне, 2004 жылы – 1433, 2005 жылы – 1958 егде адам «Қарғалы», «Ақ қайың», «Ардагер» санаторийіне жіберілді. 2006 жылы егде адамдарға 3042 жолдама бөлу көзделді. Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылғы тамызда мүгедектерді оңалту орталығы ашылып, жыл сайын қарт мүгедектер сауықтырудан өтеді. «Мейір» ардагерлері үйі мен Ардагерлер үйінде 2003 жылдан бастап 2006 жыл аралығында облыстық бюджет есебінен 627 мүгедек қарт, «Сарыағаш», «Біркөлік», «Ақсу-Жабағылы» санатрийлерінде - 1070 адам ем қабылдады.

Дегенмен қарт мүгедектердің санатрийлік+курорттық ем алу мүмкіндігі өте өзекті болып табылады. Қарт мүгедектердің тек шамалы бөлігінің ғана санаторийлік-курорттық ем алуға немесе 50 % жеңілдікпен алуға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты әрбіа мүгедек қартқа жетпейтін соманы жабуы және курорттық емді дербес пайдалануы үшін жолдама құнының 50-80 % мөлшерінде санатрийлік-курорттық ем алуға ақшалай соманы берген орынды болар еді. Бөлінетін ақшаның мақсатты пайдаланылуын жеке шартта көрсету қажет.

5) Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету, техникалық көмек.

Нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен қатар еліміздің протездік-ортопедиялық индустриясы дамып келе жатыр. Мүгедектер техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етіледі.

2005 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді протездеуге және протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифло-сурдоқұралдармен, сурдокөмекпен қамтамасыз етуге 734 миллион теңге мөлшерінде ресми трансферттер берілді.

Соңғы үш жылда протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісін қаржыландыру көлемі 4 есеге (106, 6 млн. теңгеден 436,2 млн. теңгеге) ұлғайды. Бұл 2004 жылы 16 840 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге мүкіндік берді, яғни бесінші бөлігі модульдық протездерді пайдалана отырып, жаңа қазіргі заманғы технологиямен протезделді. Бұған қарамастан, 94 000 адам сурдоқұрал мен сурдокөмекке, 18841 адам – тифлоқұралдарға және 28 872 адам – протездік-ортопедиялық бұйымға мұқтаж.

Есту бойынша мүгедектерге берілетін сурдоқұралдардың тізбесі кеңейтілді. 2004 жылы мүгедектер үшін есту бойынша 6,9 мың есту аппараттары (соның ішінде 1, 5 мыңы – мүгедек балалар үшін), 320 телефакс, 1000 көп функционалды дабылды жүйе, 2,2 мың мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар сатып алынды.

Мүгедектер көру бойынша тифлоқұралдармен қамтамасыз етіледі. 2002-2004 жылдары мүгедектерге көру үшін 11 мың тифломагнитолалар, 28 оқу машиналары, 15 Брайл рельефті-ноқатты қаріппен дисплейлері бар компьютер, 8 мың арнайы қол сағаттар сатып алынды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысына сәйкес мүгедек қарттар жеке оңалту бағдарламасымен протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Протездік-ортопедиялық көмек мүгедектерді протездеу, белгіленген тәртіппен протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызмет көрсетуді ұсынудан, сондай-ақ оларды пайдалануға оқытып-үйретуден тұрады. Аталған көмек мемлекеттік тапсырыс қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Мүгедектер күрделі, күрделілігі аз ортопедиялық аяқ-киіммен, протезге арналған аяқ-киіммен және ортопедиялық аппараттармен де қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерді сурдотехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Мүгедектер өтініштердің, облыстағы орталық атқарушы халықты әлеуметтік қорғау органының аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Сурдотехникалық құралдармен:


  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

  2. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

  3. бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі.

Техникалық көмек мемлекеттік бюджет қаражатының есбінен жүзеге асырылатын мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуден тұрады.

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелері өтініш иелері берген өтініштерге сәйкес тізім бойынша кресло-арбаларды береді. Өтініште мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты, зейнеткерлік куәліктің нөмірі, туған күні, тұратын жері, алған кресло-арбаның атауы, алған күні, алғаны туралы белгі көрсетіледі.

Мүгедектерге бөлмелік кресло-арбалар 7 жылға, серуендік кресло-арбалар төрт жылға пайдалану мерзімімен беріледі.

Инвестицияларды тарту және протездік-ортопедиялық өндірісті кеңейту үшін Алматы, Семей және Петропавл протездік-ортопедиялық орталықтар мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Жаңа технологиямен протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісі өсе бастады, олардың үлес салмағы жалпы өндіріс көлемінен 30 пайызды құрады.



Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында мұқтаж қарт мүгедектерге 21 млн. теңге сомаға протездік-ортопедиялық бұйым, 1,7 млн теңге сомаға тифлоқұрал және 7 млн. теңге сомаға сурдоқұрал берілді. 3 жылда мүгедек қарттарға 739 кресло-арба берілді, осы мақсаттағы қаржы шығынының көлемі шамамен 16, 0 млн. теңге құрады, жалпы сомасы 74 млн. теңгеге протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді. 2005-2006 жылдар ішінде материалдық қолдау мақсатында 161 мүгедекке ай сайын күтім бойынша емлекеттік жәрдемақыға 1 АЕК мөлшерінде жалпы сомаға 1281,0 тың теңге үстемеақы төленеді. 2005-2006 жылдары олар үшін Павлодар облысында 470 есту аппараты, 150 телефакс, 130 көп функционалды дабылды жүйелер, 320 мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар сатып алынды. 3 жылда мүгедектерге көруі үшін 425 магнитола, 105 Брайл қарпімен жазу құралы, көруі нашарлғана адамдарға арналған 400 сағат, 405 көзі көрмейтін мүгедектерге арналған таяқтар берілді. Маңғыстау облысында 2005 жылы 3,9 млн теңге сомаға 549 адам және 2006 жылы 3,1 млн. теңге сомаға 466 адам тіс протездерін дайындуға және амбулаторлық емделу кезінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін материалдық көмек алды. Қызылорда облысында 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер қажетті техникалық орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан 132 мүгедек кресло-арбамен, 113-і – тифломагнитолалармен, 66-ы – дыбыс сағаттарымен, 380 адам – көзі көрмейтін мүгедектердің жүріп-тұруына аралған таяқтармен қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге қолайлы болуы үшін қалалық әкімшілік Қызылорда кітапханасына компьютерлік тифлокешендер, «Книголюб» оқу машинасын сатып алды, 10 телефакстер, 24 дабылдық жүйелер таратты, 126 мүгедек есту аппараттарымен, 68 мүгедек мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондарымен қамтамасыз етілді.

Қазақстандағы мүгедектер ақпараттық ортаға қол жеткізуі жетіспейтіндігін атап өту қажет. Есту және көру бойынша мүгедектердің көпшілігі радио мен теледидарлардағы ақпараттық және көркем бағдарламаларға қолы жете бермейді, кітапханалар арнайы қаріп пайдаланылған әдебиеттермен қамтамасыз етілмейді.

Мүгедектердің қоғамдық көліктерде жүруі қиын. Көптеген тұрғын үйлерде мүгедектерарбаларын түсіру және көтеру үшін бейімделген лифтілер мен пандустер жоқ, мүгедектер пандустер мен көмекші сипаттағы басқа да жағдайлардың жоқтығынан бос уақыттарын өткізу және демалу объектілерін жиі пайдалана алмайды.

Мүгедектерді қоғамға жақындастыру мақсатында кәсіби оңалту шаралары да қажет. мүгедектерге қатысты дүниеүзілік іс-қимыл бағдарламасы бұзылған кәсіби дағдыларды алу немесе қалпына келтірудің, кәсіби бағдар мен жұмысқа орналастырудың кәсіби оңалту шараларына жатады. Соңғы үш жылда жұмысқа орналасқан мүгедектердің жалпы саны 9128 адамды құрады, ал Қазақстандағы барлық санаттағы мүгедектер саны 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 413, 6 мың адамды немесе халықтың шамамен 3 % құрайды. Бұл орайда екінші топтағы мүгедектер арасында жұмысқа орналасу 0, 7 %-дан 3,7 %, үшінші топтағылар – 8,9 %-дан 16, 1 % шегінде. Кейбір көрсеткіштердің өскеніне қарамастан, жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жалпы санынан шамалы бөлігін құрайды.

Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамту көптеген басқа елдердегідей едәір кедергілерге ұшырап отырады. Олардың ішінен бастысы – еңбек нарығындағы мүегедектердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Жұмыс берушілердің мүгедектерге арнайы жасалған еңбек жағдайы мен төлемақыларды ұсынуы экономикалық жағынан тиімсіз.

Республикада 33 Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнында және 18 Қазақ саңыраулар қоғамында төрт мыңға жуық мүгедек жұмыспен қамтылған. Осы кәсіпорындардағы қызметтің негізгі түрі тігін бұйымдарын тігу, трикотаж, картонад, электротехникалық, ппластмасса бұйымдарын өндіру, жиһаз жасау, полиграфиялық қызмет көрсетулерді ұсыну және жөндеу-құрылыс жұмыстары мен т.б. болып табылады.



Мамандандырылған цехтар мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіндегі проблемалардың бірі қазіргі кезде инвестициялық қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады. Ол жеке сектордағы бәсекелестерден едәуір артта қалып қоюға әкеледі.

Егде жастағы мүгедектердің жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша олардың құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін мынадай проблемаларды бөліп көрсетуге болады:

  1. Әлеуметтік кешендер мен тұрғын үйлердің мүгедектердің мұқтаждығына бейімделмеуі және жабдықталмауы.

  2. Әлеуметтік бейімделудің төмен деңгейі.

  3. Мүгедектерге оңалтуға арналған жекелеген мамандандырылған медициналық орталықтардың жоқтығы.

  4. Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық препараттардың қымбаттығы.

  5. Мәнісі бойынша жұмыс істемейтін мүгедектерді еңбекке орналастыру мен жұмыспен қамту туралы заңнама нормалары.

  6. Мұқтаж мүгедек қарттар үшін арнайы әлеуметтік тұрғын үйдің жоқтығы.

  7. Мүгедек қарттардың санаторийлік-курорттық ем алу мүмкіндігінің шектелуі.

  8. Ақпараттық ортаға қол жетімділіктің жеткіліксіздігі.

 

2011 жылы ең төменгі зейнетақы 16 047 теңгені құрайды


Кері қарай
Жаңа жылдан бастап еліміздегі ең төменгі зейнетақы 2 мыңға жуық теңгеге өсіп, 9875 теңгені құрамақ. Бұл бірінші рет үш жылға жоспарланған республикалық бюджетте көрсетілген. Заңға сәйкес, аталған төлем 2011 жылы 16 047 теңгеге ұлғайтылады.
Базалық зейнетақы биыл 4210 теңгеден 5388 теңгеге өседі.

Аталған төлемді 2011 жылы 7820 теңгеге ұлғайту көзделген. Сол жылы республикалық бюджеттен тек зейнетақы төлемдеріне 1 триллион теңге жұмсалады. Түйіп айтқанда, зейнетақы төлемдері 2012 жылға дейін 2007 жылмен салыстырғанда 2 жарым есеге өседі.



Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Мақсатымыз Елбасының 2008 жылғы халыққа жолдауындағы негізгі мақсат Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту, мемлекетіміздің саясаты деген тапсырманы орындау. Өздеріңіз жақсы білесіздер, осы жолдауда Елбасы Қазақстандағы зейнетақының орта мөлшерін 2012 жылға дейін 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсіру, яғни 2009 жылы 25,2010 жылы 25, 2011 жылы 30 пайызға өсіру жөнінде тапсырма берген болатын.

Үшжылдық бюджет бойынша кепіл берілген тегін медициналық көмектің де көлемі ұлғаяды. Биыл 34 миллиард теңге болса, 2011 жылы 54 миллиард теңгеге жетеді. Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ағымдағы жылы 9 пайызға өседі. Сондай-ақ, дүниеге төртінші бала келуінен бастап берілетін бір реттік жәрдемақы 2010 жылы 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Сәби бірге келгенше төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2,5 есеге ұлғайтылмақ. Мүгедек бала асырап отырғандарға берілетін ақы 2011 жылы 15 639 теңгеге жетеді. Үшжылдық бюджеттің негізгі көрсеткіштерін естеріңізге сала кетсек, шығысы биыл 3 триллион 432 миллиард теңге, алдағы жылы 3 триллион 856 миллиард теңге, ал, 2011 жылы 3 триллион 992 миллиард теңгені құрамақ. Бюджет тапшылығы 2011 жылы 514 миллиард теңгеге жетеді деп болжанған. Бюджет басында дайындалғанына қарағанда, консервативті болып шыққаны мәлім. Себеп біреу - әлемдік дағдарыс тереңдеп барады. Мәселен, 2009 жыл үшін мұнайдың бір баррелі 60-тан 40 долларға төмендетіліп жоспарланды. Алайда, бұл көрсеткіш тағы төмендетілуі мүмкін. Атқарушы биліктің сендіруінше, әлемдік дағдарысқа қарамай, жағдайды нашарлатпайтын мүмкіндік мол. Мемлекеттік қазынадан экономикаға дем беретін қосымша 2,2 триллион теңге немесе 19 миллиард доллар бөлінбек. Серпінді жобалардың 12-сі іске қосылады.



Өмірзақ Шүкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Сыртқы рыноктардың жабылып қалуына байланысты біз үлкен-үлкен жобалар іске қосайық деп отырмыз. Оның ішінде мынау үлкен жобалар жол мәселесі, электр желісі мәселесі. Мұның бәрі сайып келгенде елге, азаматтарға жұмыс береді. Жалпы экономикалық жағдайын жоғарылатады деп ойлаймын.


Үкімет қандай жағдай тумасын, әлеуметтік шығындардың бір теңгеге де қысқартылмайтынын бірнеше рет мәлімдеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет