ДҮниежүзілік сауда ұйымы


(b) Импорттық лицензиялау



бет20/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78

(b) Импорттық лицензиялау


  • Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда лицензиялау режимі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасымен және оның қосымшасында осы Баяндаманың 384-тамағында көрсетілген Комиссияның шешімімен, сондай-ақ ЕАЭО туралы шарттың 6-қосымшасымен (ТК) реттелетінін хабарлады. Лицензиялаудың мақсаты ЕАЭО мүше сезімтал мемлекеттердің және/немесе халықаралық қоғамдастықтың тауарларына жататын әр түрлі себепер бойынша тауарлардың импорты үшін мониторинг және бақылау жүргізу болып табылады. ЕАЭО туралы шарттың
    № 7-қосымшасы және Комиссияның шешімдері техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану, сондай-ақ демпингке қарсы қорғау және өтемақы шараларын қолдану мәселелерін қамтымайды. Аталмыш мәселелер ЕАЭО туралы шарттың жекелеген ережелерімен және/немесе ұлттық заңнамамен реттеледі. Шифрлау құралдары, этил спирті және алкоголь өнімдері, дәрілік заттар және т.б. осы секілді Бірыңғай тізімге енгізілген жекелеген тауарларды әкелу тәртібі ЕАЭО ережелерімен және ұлттық заңнамамен айқындалады. ЕАЭО құзыретті органдары автоматтандырылған лицензиялау (рұқсаттар) және/немесе автоматтық емес лиценизияларды орындауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады.




    1. Қазақстан өкілі Қазақстанның ұлттық заңнамасы егер ол ЕАЭО туралы шартқа және Комисисияның шешімдеріне, ЕАЭО өзге де заңнамалық актілеріне қайшы келмесе қолданылуын жалғастырады деп ұғындырды. Қазақстанның ұлттық заңнамасы мынадай салаларды қамтиды: «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-III Қазақстан Республикасының Заңы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгертулермен және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Қазақстан Республикасының Заңы) (бұдан әрі – Лицензиялау туралы Заң) және «Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы», «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысы, жаңа редакцияда - Үкіметтің 2012 жылғы 17 қазандағы № 1320 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 578 қаулысы).




    1. Қазақстан өкілі импортқа арналған лицензия немесе рұқсат беру лицензиатты немесе рұқсат иесін лицензияны немесе рұқсатты берген ЕАЭО мүше мемлекеттеріне белгіленген тауарларды импорттау құқығын міндеттейді; лицензия немесе рұқсат лицензиатты белгіленген тауарларды ЕАЭО мүше өзге мемлекеттерге импорттауға құқығы жоқ. Алайда ол лицензия немесе рұқсат лицензиатқа/рұқсат иесіне лицензияны немесе рұқсатты берген ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына транзит арқылы өнімдерді өткізуге рұқсат ету құқығын береді.




    1. ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының IХ тарауына сәйкес, сыртқы саудада тауарларды лицензиялау мынадай жағдайларда:
      1) жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына сандық шектеулерді уақытша енгізу; 2) мемлекет қауіпсіздігіне, денсаулыққа, қоршаған ортаны қорғауға қолайсыз әсер етуі мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттау және (немесе) импорттау тәртібін жүзеге асыру; 3) тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға ерекше құқықтарды ұсыну; 4) халықаралық міндеттемелерді орындау. Лицензиялар тарифтік квоталар шеңберінде тауарларды әкелу үшін талап етіледі. Тарифтік емес шектеулердің түрлері және осы шектеулерге жататын тауарлардың тізімі Комиссиямен айқындалады. Осындай тауарлардың тізімі Баяндаманың
      6-қосымшасында көрсетілген. Комиссия өзінің қалауы бойынша немесе ЕАЭО мүше мемлекеттің сұрауы бойынша бірыңғай тізімнен алып тастау немесе енгізу туралы шешімдерді қабылдауға құқылы.




    1. Импорттауға арналған автоматтандырылған немесе автоматтық емес лиценизияларды (рұқсаттар) алу рәсімі тауарлардың әрбір санаты үшін лицензиялау рәсімдері және импорттау кезінде лицензиялауға жататын тауарлардың бірыңғай тізімін және лицензияны алу үшін қажетті құжаттардың тізімін, рұқсаттарды және лицензиялардың нысандарын, өтініш беру нысандарын қоса алғанда ЕАЭО барлық аумағында біріздендірілген.




    1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының
      IХ тарауына сәйкес, мемлекеттік атқарушы билік органы (бұдан әрі –құзыретті орган) автоматтық емес лицензиялардың үш түрін береді деп хабарлады: біржолғы, негізгі және ерекше, сондай-ақ автоматты түрде лицензиялау барысында рұқсаттар береді. Қазақстанда лицензияларды беруге жауапты мемлекеттік құзыретті орган лицензиялауға жататын тауарларға қатысты берілетін лицензияның түрлеріне байланысты. Импорттық лицензияны беруге жауапты құзыретті орган аталмыш Баяндаманың 6-қосымшасында келтірілген.




    1. Біржолғы лицензиялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органымен сыртқы сауда қызметіне қатысатын қатысушыларға сыртқы сауда мәмілесі негізінде беріледі, оның нысаны лицензияланатын тауар болып табылады және лицензияда белгіленген санда тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған құқықтарды ұсынады. Лицензия сыртқы сауда келіімшартында көрсетілген тауардың санына беріледі және оның әрекет ету күні басталған күннен бір жылға дейін қолданыста болады. Уақытша сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның әрекет ету мерзімі квота беліленген күнтізбелік жылда аяқталады. Біржолғы лицензияның иелері лицензияның әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде құзыретті органға лицензияны орындау туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.




    1. Негізгі лицензиялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органдарымен сыртқы қызметке қатысушыларға беріледі және лицензияда белгіленген лицензияланатын тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған құқтарды ұсынады. КО Комиссиясының «Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының кеден одағының тарифтік емес бірыңғай жүйесін қалыптастыру туралы» 2010 жылғы
      27 қаңтардағы №168 шешіміне сәйкес, бұдан әрі – КО Комиссиясының
      № 168 шешімі) негізгі лицензия Бірыңғай тізімнің 2,9 (бағалы тастар және бағалы металдар), 2,10 (өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, кен қазбалары мен бағалы металдардың концентраттары, бағалы металдарды қамтитын шикізат тауарлары),
      2,25 (импорттау кезінде рұқсат ету тәртібі белгіленген тауарлар),
      2,27 (импортталуы тарифтік квота шеңберінде жүзеге асырылатын тауарлар) тарауына енгізілген тауарларды импорттауға беріледі. Негізгі лицензияның әрекет ету мерзімі оның әрекет еткен күнінен бастап бір жылдан аспауы тиіс, ал уақытша сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның әрекет ету мерзмі квота беліленген күнтізбелік жылда аяқталады. Негізгі лицензияның иелері құзыретті органға тоқсан сайын лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Жұмыс тобының мүшесімен қойылған сұраққа Қазақстан өкілі қазіргі таңда Қазақстанда негізгі лицензиялар берілмейді деп жауап берді.



    1. Ерекше лицензиялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органымен беріледі және өтінім берушіге комиссия шешімімен белгіленген мерзімге тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға арналған құқықтарды ұсынады. КО Комиссиясының № 168 шешіміне сәйкес, ерекше лицензия ЕАЭО мүше-мемлекеттердің тиісті заңнамасына сәйкес, Бірыңғай тізімдегі 2.26 тарауға (импорттау кезінде ерекше құқық белгіленген тауарлар) енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға беріледі. Қойылған сұраққа Қазақстан өкілі Қазақстанда ерекше лицензиялар берілмеген деп жауап берді.




    1. ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының қосымшаның II тарауына сәйкес, импорттауға арналған лицензиялардың барлық түрлері мыналардан тұратын құжаттар топтамасын толық ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде беріледі: лицензия беру туралы өтініш, өтініштің электрондық көшірмесі; шарттың (шартының) көшірмесі; салық органында есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі; лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға берілген лицензияның көшірмесі (егер қажет болса) өзге де құжаттар. Арнайы берілген сұраққа Қазақстан өкілі өзге де құжаттар
      2009 жылғы 27 қарашадағы ЕАЭО МҮК №19 шешімімен бекітілген Алқаның №134 шешімімен қабылданған жекелеген Ережелердің мазмұнын қайталайтын болады деп жауап берді. Мысалы, озонды бұзатын заттар, қауіпті қалдықтар, өсімдіктерді қорғау заттары, арнайы техникалық тауарлар және т.б. секілді тауарлардың шектелген санына қойылатын талаптарға жататын қосымша құжаттар. Егер өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына, тұрғылықты жеріне өзгерістер енсе немесе лицензиясы жоғалса лицензияны жаңарту қажет. Қазақстанда барлық тауарлардың импорттауға арналған лицензияны бергені үшін бірыңғай алым алынады. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, лицензияны бергені үшін алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (бұдан әрі - АЕК). 2014 жылы лицензияны бергені үшін алынатын алым 18.250 теңгені (шамамен 100 АҚШ долл) құрады.




    1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының
      III тарауына сәйкес, рұқсаттар КО Комиссиясының № 168 шешімімен бекітілген нысанда қандай да бір шектеулерсіз үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге беріледі деп түсіндірді және ол берілген күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды деп танылады. Рұқсаттарды беру үшін өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Өтініш кедендік декларациялаудың алдында кез келген жұмыс күнінде берілуі мүмкін. Комиссия импортты бақылауға қатысты тауарлар тізімін бекітеді (Бірыңғай тізімнің
      2.25 тарауы).




    1. Ішкі істер министрлігі беретін есірткі заттары, психотроптық заттар және олардың прекурсорларын импорттауға арналған лицензияларды қоспағанда, импорттауға арналған автоматтандырылған лицензияларды Инвестициялар және даму министрлігі береді; лицензиялар; озонды бұзатын заттарды импорттауға арналған лицензияларды Энергетика министрлігі береді. 2011 жылғы 16 тамыздағы «Этил спирті мен алкоголь өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу саласында Кеден одағының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» КО Комиссиясының
      № 747 шешіміне сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірі ДСҰ кіруіне қарай этил спирті мен алкоголь өнімдерін автоматтық емес лицензиялау бойынша талаптар жойылатын болады және автоматты түрде лицензиялау талаптарымен алмастырылатын болады. Аталмыш сәтте импорттық лицензиялау бойынша барлық талаптар Қазақстанда 2012 жылдың
      22 тамыздан бастап күшін жойған. Келешекте автоматты лицензиялауды қолданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті құзыретті орган болып табылады.




    1. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасында қолданатын заңдар импорттауға арналған лицензияны беру туралы өтініште ұсынылған құпия сипаттағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етеді деп жауап берді.




    1. Жұмыс тобының мүшесі өзінің қамкөңілдігін білдірді, яғни егер импорттаушылар лицензияның мерзімін ұзарту туралы өтінішті келесі жылдың 15 қаңтарынан бастап беретін болса, лицензияның әрекет ету мерзімі күнтізбелік жылдың соңында қалайша аяқталуы мүмкін, сонымен қатар лицензияны ұзарту рәсімінің салдарынан жеткізулердегі 6 апталық үзіліске әкеп соқтырады, ал отандық өндірушілер үшін импорттауға арналған лицензияны алу талап етілмейді. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасына сәйкес, лицензияларды ұзарту үшін жеке рәсімдерді көздемейді, ал мерзімін ұзартуды қалайтын лицензиат 10 АЕК сомасында лицензия үшін төленетін төлемді жүзеге асыра отырып және құжаттардың толық топтамасымен жаңа лицензия алу үшін өтініш береді деп мәлімдеді. Сонымен қатар өтініш беруші тауарлар жеткізілімінде үзілістерді болдырмас үшін қолданыстағы лицензияның мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытты жаңа лицензия алуға өтініш бере алады.




    1. ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының II тарауына қосымша лицензия беруден бас тарту негіздерін белгілейді. Лицензия беруден бас тарту негіздері мыналар: (i) өтінім беруші лицензия алу үшін ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы; (ii) ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасында көзделген талаптардың сақталмауы; (iii) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданылуының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы; (iv) оны іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (шартты) орындау салдары туындауы мүмкін ЕАЭО мүше мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы; (v) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда) және (vi) Комиссиямен көзделген өзге де негіздемелер. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім дәлелді болуы және өтінім берушіге жазбаша нысанда ұсынылуы тиіс. Қазақстан өкілі құжаттардағы болмашы қателер лицензия беруден бас тарту үшін негз болмайтынын растады.




    1. Қазақстан өкілі импорттауға арналған лицензияларды тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім «Лицензяның әрекетін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы» Ережені бекіту туралы КО Комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 488 шешімімен белгіленген өлшемдер негізінде Қазақстанның уәкілетті органы қабылдайды. Аталмыш шешімге сәйкес Қазақстанның уәкілетті органы ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасында көзделген жағдайларда лицензияларды тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы деп мәлімдеді, оның ішінде егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтінім берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілсе (мысалға, ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының немесе оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын өтінім берушінің төлқұжаттық деректері өзгерсе, бұл жағдайда ЕАЭО туралы шартқа № 7-қосымшада қосымшаның көздейтіні берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және жаңа лицензияны туркеу туралы өтінішпен құзыретті органға жүгінуге міндетті. Жаңа лицензиянытіркеу үшін өтінім беруші жаңа өтінішті және жоғарыда көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса ұсынуы тиіс. Лицензияны жоғалтқан жағдайда, жоғалтудың себептері мен жағдайлары көрсетіле отырып, лицензияның телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.




    1. Қазақстан өкілі тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға арналған лицензияны алу үшін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға арналған лицензияны алу қажет деп ұғындырды. Лицензиялау туралы
      № 214-III заңмен лицензияланатын қызметтердің толық тізімі бекітілген. Қызмет түрлерін лицензиялау мынадай мақсаттарда: (i) ұлттық қауіпсіздік; (ii) мемлекеттік монополия міндетін жүзеге асыру; (iii) құқықтық тәртіпті нығайту; и (iv) қоршаған ортаны, азаматтардың жеке меншігін, өмірі мен денсаулығын, қорғау. Импорттық лицензияны алу үшін қызмет түріне арналған лицензия алуды қажет ететін тауарлар аталмыш Баяндаманың
      14-қосымшасының соңғы бағанында көрсетілген.




    1. Жұмыс тобының мүшесі, яғни № 214-III Заңның 4.9-бабы «Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін лицензиялау талап етiлмейді» деп атап өтті. Жұмыс тобының мүшесі мемлекет меншігіндегі немесе мемлекет бақылауындағы немесе Қазақстан Үкіметінің ресми органадарымен щектелген кәсіпорындар «мемлекеттік органдар» санатына жатады ма және неліктен мұндай айырмашылықтар бар және әлеуетті лицензиаттарды осы ерекшеліктерге жатқызуды реттеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіруді сұрады. Сондай-ақ ол аталмыш ерекшеліктер кемсітушілік преференциалдық режимдерді көздейді ме деп сұрады. Қазақстан өкілі заң импорттауға арналған лицензияға немесе қызмет түріне арналған лицензияға қатысты отандық ұйымдар үшін кемсітушілік преференциалдық режимдерін көздемейді және аталмыш ерекшеліктер импорттаумен немесе экспорттаумен байланысты қызметтерге қатысты емес деп түсіндірді.




    1. Жұмыс тобының мүшесі № 214-III Заңның 40-бабы халықаралық келісімдер (мысалы, сирек кездесетін жабайы өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы БҰҰ Конвенциясы, (CITES), Кимберлий процесі) әрекетіне жататын тауарларды әкелуді реттейді ме және «сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін және отандық тауар өндірушілердің тауарларын қорғау мақсатында» импортты лицензиялау қандай жағдайларды жүзеге асырылатынын сұрады. Қазақстан өкілі тарифтік емес шаралар туралы КО келісімне сәйкес және қазіргі ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасына сәйкес лицензиялау туралы заңға өзгерістер енгізілді деп жауап берді. Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV заңымен, № 214-III Заңның 39 және 40-баптары алынып тасталды. Ал халықаралық келісімдер (мысалы, сирек кездесетін жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы БҰҰ Конвенциясы, (CITES), Кимберлий процесі) әрекетіне жататын тауарлар ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасының VII тарауына сәйкес реттелуі мүмкін.




    1. Осыған ұқсас Жұмыс тобының мүшесі өзінің қамкөңілдігін білдірді, яғни лицензиялау туралы заңның 40-бабымен «отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында» импорттауды лицензиялау көзделген. Аталмыш ереже ДСҰ ережелеріне сәйкес қабылданатын Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес келмейді. Жұмыс тобының мүшесі импорттауды лицензиялау режимін ДСҰ ережелеріне қалай сәйкестендіреді деп сұрады. Қазақстан өкілі № 400-IV Заңының 40-бабымен алынып тасталды деп түсіндірді. Ол ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасы қандай жағдайда ғана импорттық лицензиялау талап етілетінін еске салды.




    1. Жұмыс тобының мүшелері өзінің қамкөңілдігін білдірді, яғни этил сирті және алкоголь өнімдері, дәрілік заттар, арнайы техникалық құралдар және шифрлау құралдары секілді тауарларға қатысты қолданыстағы лицензиялау талаптары импортты шектеу үшін қолданылады. Жұмыс тобының мүшелері аталмыш шектеулер қалай өзгертіледі және ДСҰ талаптарына сәйкестендіру мақсатында қалай жойылатынын ұғындыруды сұрады. Қазақстан өкілі жауап ретінде тауарларды лицензиялау негіздері 1994 жылғы ГАТТ-тың XX бабымен көзделген ерекшеліктерге сәйкес келеді деп атап өтті. Импорттық лицензиялау рәсімдері импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша ДСҰ келісіміне сәйкестендірілген.




      • Этил спирті және алкоголь өнімдері




    1. Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап этил спирті және алкоголь өнімдерін әкелу ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасымен және 384-тармақта атап көрсетілген шешіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларымен - «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 Заңымен (бұдан әрі –
      № 429 Заң) және «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен реттеледі деп түсіндірді.




    1. Қазақстан өкілі одан әрі қарай ұғындырды, яғни КО Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы «Этил спирті және алкоголь өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу саласында Кеден одағының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» № 747 шешімімен этил спирті мен алкоголь өнімін автоматтық емес лицензилау (Бірыңғай тізімнің
      2.18-тарауы) ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірі ДСҰ кірген сәттен бастап жойылатын болады және оның орнына автоматты лицензиялау рәсімі енгізілетін болады, ол тиісінше құжаттардың толық топтамасын ұсыну кезінде жүзеге асырылатын болады. Одан әрі ол мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңына сәйкес, этил спирті мен алкоголь өнімін импорттау лицензиясын алу ретінде қолданылған алкоголь өнімін әкелу қызметін түріне арналған лицензиялау туралы талаптарға, лицензиялау туралы Заңға енгізілген өзгерістер
      2012 жылдығ 30 қаңтарынан бастап күшін жоятын болады деп атап өтті. Сонымен қатар аталмыш Баяндаманың «Импорттауға арналған ішкі салықтарды қолдану» атты тарауында көрсетілген, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, сақтау немесе жүзеге асыру бойынша қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензия алудағы этил спирті мен алкоголь өнімін импорттаушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ акцизді салықты төлеу мақсатында есептік-бақылау маркілерін алуға қойылатын талаптар сақталады. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа Қазақстан өкілі
      № 429 Заңына этил спирті мен алкоголь өнімін импорттауды лицензиялау режиміндегі өзгерістерді бейнелейтін тиісті өзгерістер Қазақстан ДСҰ-ға кіруіне қарай енгізілетін болады деп атап өтті. Ал қосындыланған алкогольді қамтитын азық-түліктік емес өнімдерді, яғни косметика, иіс су заттары, тазалағыш заттар, бояулар және бояғыштарды және т.б. лицензиялау талабына қатысты Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа Қазақстан өкілі «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстанның № 429 Заңы және ЕАЭО мен КО құқықтық актілері қосындыланған алкогольді қамтитын азық-түліктік емес өнімдерді, яғни косметика, иіс су заттары, тазалағыш заттар, бояулар және бояғыштарды реттемейді деп жауап берді.




      • (ii) Дәрілік заттар




    1. Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға дәрілік заттар мен фармацевтикалық негіздерді (бұдан әрі - дәрілік заттар) әкелу ЕАЭО туралы шарттың № 7-қосымшасымен және 384 тарауда айтылған шешімдермен реттеледі, атап айтқанда «Дәрілік заттар мен фармацевтикалық негіздерді Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы» Ережемен (бұдан әрі –Ереже) , сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV кодексімен (бұдан әрі-№ 193-IV Кодекс) және «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу мен әкету қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы
      31 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 711 қаулысымен реттеледі.




    1. Қазақстан өкілі Жұмыс тобына «Дәрілік заттар мен фармацевтикалық негіздерді Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы
      № 748 шешіміне (бұдан әрі-дәрілік заттарды әкелу туралы КО ережесі) сәйкес, 2011 жылдың 1қазанынан бастап лицензиясыз дәрілік заттарды әкелу жүзеге асырылатынын хабарлады. Алайда дәрілік заттарды тіркеу туралы талап әрекет етеді. КО ережесіне сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттер ұлттық тіркелімінде тіркелген дәрілік заттар ғана ЕАЭО аймағына әкелінуі мүмкін. Қазақстанның Ұлттық тіркелімі ұлттық заңнамамен (яғни
      № 193-IV Кодекске сәйкес) әкімшілендіріледі. Тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу 425-тармақта көзделген жағдайларда тиісті қорытынды (рұқсат) болған кезде жүзеге асырылады. Топ мүшесінің бірінің қойған сұрағына Қазақстан өкілі осы Баяндамадағы «Импорттау мен экспорттау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін қойылатын тіркеу талаптары» атты тараудың 280-тармағында сипатталғандай, дәрілік заттарды әкелу
      № 193-IV Кодекстің 80-бабына сәйкес келетін Қазақстанның заңды тұлғаларымен шектеледі, бұл дәрілік заттарды өндіруге немесе жүзеге асыруға арналған лицензияны алу дегенді білдіреді.




    1. Жұмыс тобы мүшесінің бірі қазақстандық тіркеу тәртібі ауырпалықты және оның экспорттаушылары үшін кедергілерді тудырады деп атап өтті. Басты проблема ұзарту мақсатында әкелінген заттарды тіркеу шамамен бір жылды қамтиды, ал қазақстанда өндірілген, шығарылған дәрілік заттарды (генериков) тіркеу үшін бір ай талап етіледі. Қосымша түрде ұзарту тәртібі алғашқы тіркеудегідей дәл сондай талаптарды қамтиды. Аталмыш мүше Қазақстан дәрілік заттарды тіркеу үшін импорттау лицензиясының рәсімдерін ДСҰ талаптарына сәйкестендіруді қамтамасыз ете ме деп сұрады.




    1. Жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу немесе қайта тіркеуге қатысты ЕАЭО заңнамасында және ұлттық заңнамада да ешқандай кемсітушілік жоқ деп нақтылады. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы дәрілік заттардың құжаттамаларын мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» Үкіметтің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 351 қаулысына сәйкес, (і) мемлекеттік тіркеу
      227 күннің ішінде, (іі) ал қайта тіркеу 137 күннің ішінде жүзеге асырылады. Қайта тіркеу рәсімі үшін аз ғана құжаттар керек. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі былай деді, яғни Қазақстанда әкелінген дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу үшін жүргізілетін рәсімдер отандық өндірушілер үшін де, әкелетіндер үшін бірдей болып келеді. Отандық және әкелінетін дәрілік заттар үшін бірдей құжаттардың тізімі талап етіледі. Қазақстан заңнамасында «оңайлатылған құжаттар тізімі» атты термин жоқ.




    1. Жұмыс тобы мүшесінің атынан білдірілген қарсылыққа Қазақстан өкілі қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 бұйрығымен бекітілген, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету қағидасымен» (бұдан әрі бұл бөлімде - Қағида) талдамалық сараптама жүргізу сатыларының бірін алып тастау бөлігінде қайта тіркеу рәсімдерін оңайлату көзделген. Аталмыш норма оның қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын жарнамаламай он бес жылдан астам Қазақстанның фармацевтикалық нарығында болған дәрілік заттарға қолданылмайды. Сонымен қатар, тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) жағдайларында өндірілген дәрілік заттардың тіркеме құжаттамалары 5 модульден тұратын жалпы техникалық құажатты нысаны бойынша әзірленеді. Мемлекеттік тіркеу кезінде барлық 5 модульді (1-5) ұсыну талап етіледі, ал дәрілік заттарды қайта тіркеу кезінде 1-3 модуль талап етіледі. Тиісінше мемлекеттік қайта тіркеу үшін аз ғана құжаттар керек. Үкіметтің 2010 жылғы 4 тамыздағы
      № 791 қаулысымен бекітілген 2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін, сапасын және тіимділігін қамтамасыз ету кепілі ретінде Тиісті өндірістік тәжірибенің фармацевтикалық кәсіпорындар стандарттарын (GMP) ендіру көзделген. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
      № 1113 Жарлығымен бекітілген «Саламатты Қазақстан» (Здоровый Казахстан) атты денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен фармацевтикалық инспекциялардың халықаралық ынтымақтастық жүйесінің ұлттық инспекторатына кіру жоспарланған. Көрсетілген шаралар бойынша қол жеткізілген мақсаттар 2015 жылдан кейін Қазақстанда мемлекеттік қайта тіркеудің жалғыз рәсімін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



    1. Қазақстан өкілі одан әрі мемлекеттік тізілімде қамтылған дәрілік заттар туралы ақпараттар кедендік декларацияда көрсетілуі тиіс деп атап өтті. Тіркеу сараптама негізінде оның қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бағалау үшін, сондай-ақ дәрілік заттарды дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жүргізілуі тиіс. Тіркелген қолданыстағы дәрілік заттардың тізімі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сараптама орталығының веб-сайтында қол жетімді http://www.dari.kz/indихphp?lang=eng&uin=1282274831.




    1. Қазақстанның өкілі одан ары түсіндіргендей, Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді егер де олар: (і) мемлекеттік тіркеуге; (іі) оларды одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелерді өткізуге; (ііі) сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке емдеуге; (iv) төтенше жағдайлардың салдарын алдын алуға және жоюға; (v) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, аналогтары жоқ бірегей медициналық техникамен жабдықтауға; (vi) № 193-IV кодекстің 80.3-бабында көрсетілгендей, клиникалық зерттеулер мен (немесе) сынақтарды өткізу үшін арналса, Қазақстанның аумағына әкелуіне тек уәкілетті органның (Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі) рұқсатымен ғана жол беріледі. Дәрі-дәрмектер тауарларының жоғарыда аталған әрбір санаты үшін рұқсатты алуға құжаттар тізімі Үкіметтің қаулысымен бекітілді.




    1. Ол ЕАЭО-ның кеден аумағына келген көлік құралдары, поезд бригадаларының жолаушылары мен экипаж мүшелерін және көлік құралдарының жүргізушілерін емдеу үшін жеке тұлғалармен, дипломатиялық корпус қызметкерлерімен немесе халықаралық ұйымдар өкілдерімен жеке пайдалануы үшін, халықаралық мәдени, спорттық шаралар мен халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеу үшін коммерциялық емес мақсаттарда дәрілік заттарды (оның ішінде тіркелмегендерін қосқанда) әкелу уәкілетті мемлекеттік органның (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі) қорытындысыз жүзеге асырылатындығын атап өтті.




    1. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа Қазақстанның өкілі есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттар мен олардың прекусорларын ЕАЭО кеден аумағына (Бірыңғай тізбенің 2.12-тарауы) әкелу лицензиялар негізінде жүргізіледі және Комиссия алқасының №134 шешімімен бекітілген,
      «КО кеден аумағы бойынша есірткі зарттар, жүйкеге әсер ететін заттар мен олардың прекурсорларын әкелу, әкету және тасымалдау туралы» жеке Ережесімен реттелетіндігін растады. Осы Ережеге сәйкес заңды тұлғалардың есірткі заттарды, есуастандырғыш заттар мен олардың прекурсорларын ЕАЭО кеден аумағына әкелу Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен келісіле отырып, уәкілетті мемлекеттік органмен (Ішкі істер министрлігі) берілетін бір жолғы лицензия негізінде жүзеге асырылады. Жеке тұлғалар медициналық көрсетілімдер бойынша жеке қолдану үшін дәрі-дәрмектер түріндегі есірткі заттар мен есуастандырғыш заттардың шектелген мөлшерін әкеле алады. (і) Төтенше жағдайларда жедел жәрдем көрсетуге арналған, (іі) алғашқы жәрдем көрсету үшін теңіз (өзен) кемелерінде, халықаралық қатынастағы ұшақтарда алғашқы жәрдем дәрі қобдишаларында есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттар мен олардың прекурсорларын әкелу, (ііі) сондай-ақ жабдық пен көлік құралының техникалық құрылғыларының қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуге қажетті көлемдегі қорлар ретінде пайдаланылатын прекусорларды әкелу лицензиясыз жүзеге асырылады.




      • (iii) Шифрлеу құралдары мен арнайы техникалық құралдары бар тауарлар қоса алғанда, криптографиялық қасиеттері бар өнімдер




    1. Қазақстан өкілі түсіндіргендей, Кеден одағы және ЕАЭО шеңберінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрамында криптографиялық қасиеттері бар (осы Баяндаманың 15 (А) қосымшасында көрсетілген шифрлеу құралдары) өнімдер бар кейбір тауарларды әкелу қазіргі уақытта лиценизиялануы керек және Бірыңғай тізбеге енгізілген; ақпаратты жасырын алуға арналған (осы баяндаманың 15 (В) қосымшасында көрсетілген) арнайы техникалық құралдарды әкелу Бірыңғай тізбеге енгізілді және импорттық лицензиялануы тиіс.




    1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстанның шифрлеу құралдарын әкелуге қоятын талаптарын қолданғандығы туралы ақпаратты ұсынуға өтініш білдірді. Жұмыс тобының сол мүшелері көптеген мемлекеттер бұл тауарларды әкелуді шектемейтіндігін атап өтіп, лицензиялаудың, атап айтқанда, коммерциялық мақсаттарда өткізілетін кеңінен тұтынылатын тауарларды және Ақпараттық технологиялар жөніндегі келісімнің (ИТА) қағидаларымен қамтылатын тауарларды автоматты емес лицензиялаудың қажеттілігін негіздеуді сұрады. Мүшелер мұндай лицензиялық талаптар Қазақстан қабылдаған тауарлардың кең қатарының нарыққа шығуы жөніндегі міндеттемелерін жоққа шығаруы немесе оларға жағымсыз әсер етуі мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Мүшелер Қазақстан лиценизиялау жөнінде белгілеп, қолданғысы келетін талаптар қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін тауарларға қатысты ғана қолданылуы тиіс деп мәлімдеді. Мұндай жағдайларда лицензиялау рәсімдері кемсітпеушілік негізде қолданылып, ДСҰ-ның барлық талаптарына жауап беруі тиіс.




    1. Қазақстанның өкілі 2010 жылғы 1 қаңтарына дейін Қазақстанға шифрлеу құралдарын әкелу «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы
      №1160 қаулысына сәйкес қызмет түріне лицензияны алған жағдайда лицензиясыз жүзеге асырылатындығын түсіндірді. Қазіргі уақытта құрамында шифрлеу құралдары бар тауарлар әкелу ЕАЭО туралы шартқа № 7-қосымшамен және осы бөлімнің 384-тармағында тізілген шешімдермен, КО-ның «Шифрлеу (криптографиялық) құралдарды Кеден одағының кеден одағына әкелу және Кеден одағының кеден аумағынан әкету тәртібі туралы» ережесімен (бұдан әрі- шифрлеу құралдары туралы ережесі) реттеледі. Одан әрі ол осы Баяндаманың 15 (С) қосымшасында белгіленгендей, «көпшілік нарық тауарлары» анықтамасын енгізу үшін «Шектеулерді қолдану туралы ережелерге өзгерістер туралы» ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы №103 шешімімен КО-ның шифрлеу құралдары туралы ережесіне өзгерістер енгізілгендігін атап өтті. ДСҰ мүшесі мәлімдегендей, Комиссия Алқасының №103 шешімімен КО-ның шифрлеу құралдары туралы ережесіне түзетулер, осы Баяндаманың 15 (С) қосымшасында анықталғандай, «көпшілік нарық тауарлары» анықтамасын тарылтады және айналымға көпшілік нарық тауарлары ретінде анықталатын тауарларға қосымша ауыртпалықтар түсіреді. Бұл да қосымша кедергілерді тудырады, олар нарыққа шығу жөніндегі Ақпараттық технологиялар туралы келісіммен қамтылатын тауарларға әсерін тигізуі мүмкін. Осы мүше келіссөздер жасасқанға дейін ондай сәйкессіздіктерді алып тастауды өтінеді. Қазақстанның өкілі алқа шешімімен «көпшілік нарық тауарлары» анықтамасын енгізу мақсатында Баяндаманың 15 (С) қосымщасында белгіленгендей ЕЭК 2013 жылғы
      14 мамырдағы «Шектеулерді қолдану туралы Ережеге өзгерістер туралы» №103 шифрлау құралдары туралы Ережеге өзгерістер енгізілді.



    1. Қазақстанның өкілі, құрамында шифрлеу құралдары бар тауарлардың импортын лицензиялауға қатысты кез келген рәсімдер немесе талаптар Қазақстан Республикасымен немесе ЕАЭО құзыретті органдарымен кемсітпеушілік негізде және ДСҰ-ның тиісті келісімдерінің ережелеріне, атап айтқанда, 1994 жылғы ГАТТ-тың І және ІІІ баптарына сәйкес қолданылатындығын, шифрлеу технологияларын хабарлау, бағалау, келісу және лицензиялаумен байланысты рәсімдер транспарентті және болжанатын негізде болады және бұндай тауарларға негізсіз және ауыртпалықты талаптар бекітілмейтінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Жұмыс тобының мүшелері шифрлеу құралдарының импортын лицензиялау режиміКеден одағы құрылғанға дейінгісімен салыстырғанда анағұрлым шектелгендігіне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Оған жауап ретінде Қазақстан өкілі түсіндіргендей, сауданы дамытуға септігін тигізу мақсатында Қазақстан және оның ЕАЭО бойынша серіктестері шифрленген құралдарды реттеудің аралық жүйесін әзірлеп, қолданады, оған сәйкес барлық шифрлеу құралдары 3-санатқа бөлінеді: (і) шифрлеу құралдарын әкелуге қатысты қандай да рәсімдерсіз әкелінетін құрамында шифрлеу құралдары бар жекелеген тауарлар; (іі) бір жолғы нотификация талабына жататын шифрлеу құралдары бар басқа тауарлар және (ііі) әкелуге лицензия және әкелу мүмкіндігі жайлы сараптамалық қорытынды қажет болатын шифрлеу құралдары бар тауарлар санаты. Импортқа лицензия атқарушы органның техникалық зерттеуді өткізу нәтижелері бойынша берілетін ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі (Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті) саласындағы қорытындысы негізінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі береді.




    1. Жұмыс тобы мүшесінің алдыңғы тармақтағы «шифрлеуге қатысты қандай да бір рәсімдерсіз» анықтамасын түсіндіру өтінішіне жауап ретінде Қазақстанның өкілі ондай рәсімдер осы Баяндаманың 15 (С) қосымшасындағы тауарлар тізбесіне қатысты жүзеге асырылатын және
      435-тармақтың екінші және кейінгі сөйлемдерінде сипатталған рәсімдер, сондай-ақ әкелуі импорттық лицензиялауды және әкелу мүмкіндігі жайлы сараптамалық қорытындыны қажет ететін тауарларға қатысты 438-тармақта көрсетілген рәсімдер болып табылатындығын айтты. Одан әрі ол шифрлеуге жатпайтын, бірақ шифрлеу құралдарына қатысты қолданылатын «рәсімдерге» кедендік реттеу, техникалық реттеу, зияткерлік құқық меншіктері саласындағы заңнама талаптары және әкелінетін тауарларға немесе нарықтағы ішкі айналымға арналған тауарларға қатысты қолданылатын басқа құқықтық актілер жатуы мүмкін екендігін түсіндірді.




    1. Қазақстанның өкілі, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органы енгізген Вассенаарлық шарттарға сәйкес Қосарлы белгілеу тауарлар тізбесінің «Ақпаратты қорғау» 2-бөлімінің 5-санатына барлық ескертулерде көрсетілген ағымдағы және болашақ жеңілдіктерді есепке алғанда шифрлау құралдары бар тауарларды әкелудің жағдайлары 2012 жылдың
      1 маусымынан әрекеттегіден қаталдырақ болмайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Осы Баяндаманың 15 (С) қосымшасында көрсетілген санаттарға жататын тауарларға қатысты, Қазақстан өкілі, 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттегі уақытша жүйенің шегінде кез келген шектеулер жойылатынын және Қазақстан да, ЕАЭО-ның құзыретті органдары да ешқандай жаңа шектеулер, мысалы, сарапшылық бағалау, келісу және аталған тауарлар импортына лицензиялар қабылданбайтынын және қолданылмайтынын растады. Бұдан әрі, ол, уақытша жүйенің шегінде осы Баяндаманың 15 (С) қосымшасында көрсетілген санаттарға жататын тауарлардың әкелуіне бір реттік хабарламаны беру негізінде рұқсат беріледі. Бұл талапты сақтау үшін өндіруші осы Баяндаманың 15 (D) қосымшасында көрсетілген ақпаратты қамтитын нысанның толтырылған қағаз көшірмесін береді. Бұдан басқа, Қазақстан өкілі, 29-қосымшаға кіретін және
      434-тармақта көрсетілген алулар қамтыған шифрлеу құралдары бар тауарларды Қазақстанға импорттау кезінде Қазақстанның лицензиялары немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдарының лицензиялары қажет етілмейтінін растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді ескерді.




    1. Жұмыс тобы мүшелерінің сұрағына жауабында ол Вассенаар келісімдерінің (2 тарау, 5 санат «Ақпараттық қауіпсіздік») нысаны болып табылатын шифрлеу технологиялары бар барлық өнім «шифрлеуге қатысты қандай да бір рәсімдерсіз» әкелінетіндігін растады. Алдыңғы тармаққа сәйкес нотификациялануы тиіс тауарлар осы Баяндаманың
      15(C) қосымшасында келтірілген. Жұмыс тобы мүшелерінің сұрағына берген жауабында Қазақстан өкілі Вассенаар келісімдерінің тәжірибесіне сәйкес, реттеуді жүзеге асырып жатқан мемлекет (Қазақстан), осы Баяндаманың 15(C) қосымшасында белгіленгендей, қандай тауарлар «кеңінен тұтынылатын тауарларға» жатқызылатынын орнататындығын түсіндірді. Ол нотификация нысанын толтыруға қажетті ақпарат осы Баяндаманың
      15(D) қосымшасында келтірілгендігін атап өтті. Ол растағандай, егер де тауар бір жолғы нотификация негізінде әкелінген жағдайда, сол тауар оны импорттаушы кез келген тұлғалармен қайталама нотификациялаусыз әкелінеді. Нотификация негізінде әкелуге рұқсат берілген тауарлар туралы ақпарат жұртшылыққа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ЕАЭО веб-сайттарында қолжетімді болады.




    1. Жұмыс тобының мүшесінен түскен сауалға, Қазақстанның өкілі нотификацияда ұсынылған және әзірлеушімен сондай болып белгіленген құпия сипаттағы мәліметтер құпиялығын сақтайтындығын түсіндірді. Егер де келісуші орган ұсынылған материалдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, оның ішінде 435-тармақта сипатталғандай, тауарды нотификациялануы тиіс тауарларға дұрыс жатқызу мәселелері бойынша өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде әзірлеушімен немесе оның уәкілетті өкілімен байланысқа түспесе, нотификацияны растау автоматты түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасында тіркелген нотификация туралы ақпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми веб-сайттарына орналастырылады, мұндай ақпарат сондай-ақ ЕАЭО-ның ресми интернет-сайтында көпшілікке қолжетімді болуы тиіс. Әрбір импорттаушы немесе жүк жөнелтеуші тиісті растауға сенім арта алады. Тауар жайлы хабарлама беріліп, растау алынғаннан кейін, импорттаушыдан (жүк жөнелтушіден) тауардың ғаламтор сайтында тиісті кеден мағлұмдамасында шығатындығын ғана көрсету талап етіледі. Ол нотификация рәсімі жоғарыда аталған тауарларды әкелуге септігін тигізу үшін жүзеге асырылатындығын жән қандай да бір кідірістерге немесе қосымша келісу рәсімдеріне әкелмейтіндігін түсіндірді.



    1. Қазақстанның өкілі, импорттауға лицензияны қажет ететін шифрлеу технологиялары үшін, уақытша жүйе шегінде мұндай тауарларды сарапшылық бағалау өткізіліп және келісу (қорытынды) бір рет қана берілетіндігін растады. Егер сарапшы-бағалаушыға тауарды бағалау үшін қосымша ақпарат қажет болса, өндірушіні немесе оның Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкіліне хабарлау керек және өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай ақпаратты сұрау керек. Өндірушілер бастапқы мәтінді беруге міндетті емес және өз бетімен бұндай мәтінді бермеу өтінішті қабылдауды бас тартуға әкелмейді. Тауар келісуден өткеннен кейін, сондай тауар не сондай мақсаттар үшін қолданатын баламалы шифрлеу қызметімен тауар Қазақстан Республикасының аумағына импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша ДСҰ келісімінің 2-бабына сәйкес берілген лицензиямен әкеліне алады. Импортты лицензиялау рәсімдерін аяқтау үшін мерзім, соның ішінде, импортқа келісу және лицензияны алу үшін сарапшынын бағалауын алу үшін қажетті мерзім үш айдан аспауы керек. Сарапшылық бағалау және лицензиялау алымдары транспарентті болады және көрсетілген қызметтердің құнына негізделеді. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Қазақстанның өкілі, Қазақстан осы уақытша жүйенің әрекеттерімен танысу үшін мүдделі мүшелерді тартатын растады. Осы танысудың мақсаты хабарландыру, растау және шифрлеу құралдарын қолдану арқылы тауарларды лицензиялау, мүмкін болған жерде, осы Баяндаманың 434-тармағы және 15 (С) қосымшасына қамтитын тауарлардың алдағы жетілдіруі және таратылуы болып табылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Импорттауға лицензия алу үшін, ЕАЭО туралы шарттың
      № 7 қосымшасына Қосымшаға сәйкес ұсынылатын құжаттар пакетінен басқа, өтініш жасаушы сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шифрлеу құралдарын әкелу мүмкіндігі туралы 438-тармақта көрсетілгендей) қорытындысын ұсынады. Шифрлеу құралдары туралы ережеге сәйкес, қорытындыны алу үшін өтініш жасаушы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы керек: шифрлеу құралының толық атауын және тауар үлгісінің атауы мен сериялық нөмірі, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі, шифрлеу құралына техникалық құжаттама және шифрлеу құралының үлгілері (талап етуі бойынша) сияқты сәйкестендірілген белгілерін көрсетумен шифрлеу құралын әкелуге қорытындының берілуі туралы өтініш. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шифрлеу құралдарының бар болуына әкелінетін тауарлардың техникалық зерттеуін жүргізеді және сараптамалық қорытындысы бар құжатты береді.




    1. Қазақстанның өкілі техникалық зерттеу және импортқа және шифрлеу құралдарымен байланысты қызмет түріне лицензияны алу барысында өтінішкерден құпиялы коммерциялық ақпаратты, оның ішінде әкелінетін тауардың бастапқы бағдарламалық кодын ұсыну талап етілмейтіндін растады. Тауар үлгісін ұсыну да міндетті болып табылмайды. Іс жүзінде көптеген жағдайларда қорытындылар ашық дереккөзден алынған тауардың толық техникалық сипаттамасының негізінде беріледі.




    1. Жұмыс тобының мүшелері Қазақстанның өзгерістерге қатысты ұсынған ақпаратын қолдайды, бірақ бұл жүйе бұрынғы әрекет еткенге қарағанда анағұрлым шектеуші екендігін атап көрсетеді. Олар Қазақстан шифрлеу құралдарын әкелуге қойылатын талаптар шифрлеу құралдары жоқ тауарларға қойылмайтындығын қалайша қамтамасыз ете алатындығына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Олардың пікірінше, шифрлеу құралдары жоқ тауарларға шифрлеу құралдарына қатысты талаптар мен рәсімдер қойылмауы керек. Сонымен бірге, Қазақстан тек қана нотификациялануы тиіс шифрлеу құралдарын әкелген кезде қызмет түріне лицензияны алу туралы талапты қоймауы тиіс.




    1. Қазақстанның өкілі, шифрлеу құралдары жоқ тауарларға шифрлеу және басқа формальдылықтар бойынша қандай да бір талаптар таралмайтынын растады. Сондай-ақ, ол, шифрлеуге байланысты талаптар және формальдылықтардың әрекетіне жатпайтын тауарларды әкелу үшін шарт ретінде қызмет түріне лицензиялар талап етілмейді және тауарларға хабарлау бойынша талаптар ғана таралады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанның өкілі арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі – АТҚ) әкелу (Бірыңғай тізбенің 2.17 тарауы) ЕАЭО туралы шарттың № 7- қосымшасымен және осы бөлімнің 384-тармағында тізілген шешімдермен, атап айтқанда, «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кеден аумағына әкелу және Кеден одағының кеден аумағынан әкету тәртібі туралы» ережемен реттелетіндігін түсіндірді. Лицензиялануы тиіс АТҚ тізбесі осы Баяндаманың 15 (B) қосымшасында келтірілген. АТҚ лицензиялануын реттейтін ЕАЭО-ң заң құралдары ұлттық заңнамадан басым түседі. АТҚ дыбыстық, бейне және басқа ақпаратты тек қана жасырын алу үшін әзірленген, арнайы конструктивтік немесе бағдарламалық ерекшеліктері бар арнайы бағдарламалық жасақтау және техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың жайылып кетуінің техникалық арналарын іздеу құралдары ретінде анықталады. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұрағына берген жауабында Қазақстанның өкілі АТҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарынан пайдалану мақсатымен ерекшеленетінін түсіндірді. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары құпия ақпаратты қорғауға арналған болса, АТҚ жедел іздестіру шаралары үшін ақпаратты жасырын алуға арналған техникалық құралдар болып табылады. Ол ашық пайдалануға арналған, бірақ түрлену, мақсатына сай пайдаланбау нәтижесінде ақпаратты жасырын алу үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар, мысалы, диктофондар мен бақылау камералары, АТҚ-ға жатпайтынын растады.




    1. Қазақстанның өкілі растағандай, ДСҰ-на кірген күннен бастап үлестемелер, тыйымдар, рұқсаттар, алдын ала мақұлдау талаптары, лицензиялау жөніндегі талаптар және ДСҰ келісімдерінің ережелеріне сәйкес ақталына алмайтын, балама әсер ететін басқа да талаптар немесе шектеулер жойылып, Қазақстанмен де, ЕАЭО-ның құзыретті органдарымен де қайтадан енгізіліп, қолданылмайтын болады. ДСҰ-на кірген күннен бастап кез келген мұндай талаптар немесе импортқа деген шектеулер, Қазақстан Республикасымен немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдарымен қолданылатындығына қарамастан, ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес келетін болады. Ол Қазақстан Республикасы импорттық лицензиялауының әкімшілік рәсімдері және қолданылуы кірген күннен бастап ДСҰ келісімдерінің, оның ішінде Импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша келісімнің барлық тиісті ережелеріне сәйкес келетіндігін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.



  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет