ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет21/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78

Кедендік құн


  • Қазақстанның өкілі кедендік құн саласындағы Қазақстанның қағидаттары мен рәсімдеріне қатысты негізгі ережелер 2008 жылғы
    25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімде (бұдан әрі – КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімі), Кеден одағының 2009 жылғы
    27 қарашасында қабылданған Кеден кодесінде (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) және «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV кодексінде (бұдан әрі – ҚР Кеден кодексі) бар екендігін хабарлады. КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімі және КО Кеден кодексі Қазақстанда 2010 жылғы
    1 шілдесінде күшіне енді. Бұл заң құжаттары 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін әрекет етуін жалғастырады. 2010 жылғы 1 шілдесіне дейін Қазақстанда кедендік тазалау мен бақылау, соның ішінде кедендік құн, ұлттық заңнамаға, негізінен күшін жойған 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II Қазақстанның Кеден Кодексіне сәйкес жүргізілді. КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімі ұлттық заңнамада іске асырылуы тиіс салаларды белгілейді. Басқа жағдайларда КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімі тікелей заң сияқты қолданылады. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155- II кодекс ережелері мен кедендік құнға қатысты «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы
    12 қаңтардағы №221 Заңы (бұдан әрі – №221-III Заң) 2010 жылғы
    1 шілдесінен кейін қолданылуын жалғастырып келеді.




    1. Қазақстан өкілі растағандай, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 1.3 бабында көрсетілгендей, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің қатысты ережелері мен ұлттық заңнамасы 1994 жылғы Тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің (бұдан әрі – ДСҰ-ның кедендік құн жөніндегі келісімі) VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің ережелеріне негізделеді және, оның пікірінше, КО-ның кедендік құн туралы келісімі Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелерін толық қамтып көрсету үшін жасалады. Кедендік құнды айқындаудың барлық алты әдісі Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімнің 1,2,3,5,6,7 және 8-баптарының ережелеріне, сонымен бірге түсініктеме ескертулердің көптеген ережелеріне негізделеді. Қалған түсініктеме ескертулер ЕАЭО-ның құқықтық ережелеріне енгізілген. Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімнің 9-13 және 16-баптарының ережелері де Қазақстанның және Кеден одағының заңнамасында көрініс тапқан. Ол ерекше атап өткендей, КО Кеден кодексінің 2-бабына сәйкес «әкелудің кедендік аймағы» термині, Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімнің
      15.2-бабында айқындалғандай, ЕАЭО-ның кеден аумағы, сондай-ақ ерекше экономикалық аймақтар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құрлықтық қайраңдары, жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ерекше заңдық құзыры бар басқа объектілер болып табылады. КО-ның Кедендік құн жөніндегі келісімінің 3-бабы кеден аумағында «шығарылған» тауарларға (ұқсас және біртекті тауарларды қосқанда), Кедендік бағалау жөніндегі ДСҰ келісімнің 15.1-бабымен анықталғандай, алынған, өсірілген, дайындалған (оның ішінде тауарларды құрастыру, жинау немесе бөлшектеу жолымен) тауарлар жататындығын айтады. Ол КО кедендік құн жөніндегі келісімнің 3-бабында пайдаланылатын термин, яғни бұл тауарлар «бірдей және біртектес тауарларды қоса алғанда, оларды дайындау экономикалық қызметтің тиісті түріне» жататын тауарлар Кедендік бағалау ДСҰ келісімінің 15.3-бабында белгіленген «нақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар» терминінің мағынасына негізделетінін хабарлады. Одан кейін ол Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімнің 15-бабында сипатталған бірдей және біртектес тауарлар, өзара байланысты адамдар сияқты терминдер және олардың анықтамасын КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 3-бабынан табуға болатындығын айтты.




    1. Қазақстан өкілі мәлімдегендей, ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны «КО-ның кеден аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы»
      2008 жылғы 12 желтоқсандағы келісімде, КО Кедендік кодексінің
      65-бабында және 27-тарауында көрсетілгендей, кеден декларациясын берген кезде декларантпен айқындалады. «КО-ның кеден аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы» 2008 жылғы
      12 желтоқсандағы келісім өзінің әрекет етуін 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін тоқтатады. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны келесі ақпаратты көрсетумен декларацияланады: (і) тауарлардың кедендік құнын анықтау әдісі, (іі) тауарлардың кедендік құны, (ііі) тауарлардың кедендік құнымен байланысты және сол ақпаратты растайтын мәміленің талаптары мен жағдайлары және (іv) осы ақпаратты растайтын құжаттар. Ол әкелінетін тауарлардың кедендік құны нақты айқындалған жүйелі тәртіпте қолданылатын 6 әдіске сәйкес анықталатындығын атап өтті: (і) әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша; (іі) бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша; (ііі) біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша; (іv) құнды шегеру әдісі; (v) құнды қосу әдісі;
      (vі) резерв әдісі, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 4 және 6-9 және 10-баптарында көрсетілгендей. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізі барынша мүмкін болатын дәрежеде сол тауарлармен жасалатын мәміленің құны болуы қажет...» және «ЕАЭО-ның кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны, яғни олардыцң ЕАЭО кеден аумағына сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс баға болып табылатындығын ...» белгілейтін КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 2 және 4-баптарында көрсетілгендей, басым дәрежеде тауарлармен жасалған мәміленің құнына негізделуі тиіс. Тауарлардың кедендік құны және оның айқындауға қатысты ақпарат нақты, сан жүзінде анықталатын және құжат жүзінде расталған ақпаратқа негізделеді. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі әмбебап, тауарларды жеткізу көздеріне (келген елі, тауарлар түрі, әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле қатысушылары және т.б.) тәуелсіз болып табылады.




    1. Қазақстанның өкілі мәлімдегендей, әкелінетін тауарлармен жасалатын баға бойынша айқындау әдісі ЕАЭО-ның кедендік аумағына импортқа сату кезінде бұл тауарлар үшін іс жүзінде төленген және төленуі тиіс бағаның негізінде айқындалады және кедендік құнды айқындаудың барлық қалған әдістерінен басым түседі. Одан кейін ол Кедендік бағалау жөніндегі ДСҰ келісімінде бар кедендік құнды айқындау әдістері, мәміле құны жөніндегі әдісті қоспағанда, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің
      6-10-баптарында көрініс табатындығын атап өтті. Содан кейін ол КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 10-бабы және Қазақстанның Кеден кодексінің 107-бабы резерв әдісін пайдалануды ескеретіндігін түсіндірді. Егер де кедендік құн КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 4,
      6-9-баптарының ережелеріне (Қазақстанның Кеден кодексінің 101-106 баптары) сәйкес айқындалмаса, кедендік құн КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімінің қағидаттары мен ережелерімен үйлесетін әдістерді пайдалану арқылы айқындалады.




    1. Резерв әдісі бойынша пайдаланылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері Қазақстанның Кеден кодексінің 101-106-баптарында сипатталынып, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 4 және
      6-10-баптарының ережелеріне, сондай-ақ Кедендік құн жөніндегі ДСҰ келісімінің 7-бабына сәйкес келеді. Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін резерв әдісін қолдану КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің
      10-бабында сипатталады және басқа әдістермен бірдей болып табылады; дегенмен де оларды қолдану кезінде икемділікке жол беріледі. Мысалы:




    • бағаланатын тауардың кедендік құнын айқындау бағаланатын (әкелінетін) тауарларды өндіру елінде емес өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің бағасына негізделуі мүмкін;

    • бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей және біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің бағасын пайдалану бірдей немесе біртектес тауарлар сондай немесе тиісті уақыт кезеңі ішінде, әдетте 90 күнге дейін экспортталынуы тиіс деген КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 6 және 7-баптарының және ҚР Кеден кодексінің 103 және
      104-баптарының талабынан орынды ауытқуды ескереді;

    • КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 8 және 9-баптарының және ҚР Кеден кодексінің 105 және 106-баптарының ережелеріне сәйкес айқындалған бірдей және біртектес тауарлардың кедендік құнын айқындау кедендік құнды айқындау кезінде қолданылуы мүмкін; және

    • шегеру әдісі арқылы кедендік құнды айқындаған кезде КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 8-баптың 3-тармағымен және Қазақстанның Кеден кодексінің 105-бабының 8-тармағымен белгіленген 90 күнге қатысты талаптан ауытқуына жол беріледі (ДСҰ-ның кедендік бағалау жөніндегі келісімнің 7.3(с)-бабына берілетін түсініктеме ескертулерге сәйкес).




    1. Сонымен бірге резерв әдісін пайдаланған кезде тауарлардың кедендік құны: (і) ЕАЭО-ның кеден аумағында өндірілген ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тауардың бағасы; (іі) екі балама құннын ішінен ең жоғарысын кеден мақсаттары үшін қабылдауды ескеретін жүйе; (ііі) әкету елінің ішкі нарығындағы тауардың бағасы; (iv) қосу әдісінде бірдей немесе біртекті тауарлар үшін айқындалған есеп айырысу құнына енгізілген шығыстардан басқа шығыстар; (v) оларды әкету елдерінен үшінші елдерге жеткізілетін тауарлардың бағасы; (vi) ең төменгі кедендік құн; (vii) ерікті немесе жасырын құн негізінде айқындалмауы тиіс.




    1. Қазақстанның өкілі одан кейін Жұмыс тобының мүшелеріне хабарлағандай, КО Кеден кодексінің 68 және 69-баптарына сәйкес, кеден органдары тауарлардың кедендік құны жайлы мәліметтер анық еместігін немесе мәлімделген мәліметтердің тиісті түрде расталмағандығын көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда кеден органы қосымша тексеруді, соның ішінде құжаттар мен (немесе) тауарларды тексеруді жүргізеді. Тауарларды шығаруға кеден баждары мен салықтарын төлеу кепілдігін берген кезде рұқсат беріледі. КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 1.2-бабына және Қазақстан Кеден кодексінің 113-бабына сәйкес, бұл төлемдерге (i) әкелім кеден бажы; (ii) әкетілім кеден бажы; (iii) тауарларды Қазақстан аумағына әкелген кезде алынатын қосылған құн салығы; (iv) тауарлардың Қазақстанның кеден аумағына әкелген кезде алынатын акциздер;
      (v) кедендік баждар (тауарларды кедендік декларациялау, кедендік сүйемелдеу немесе алдын ала шешім үшін баж салығын жинау) кіреді. Мәлімделген ақпаратты растау үшін декларант кеден органымен сұралатын қосымша құжаттарды, мәліметтер мен түсініктемелерді ұсынады. Одан кейін ол декларанттың таңдаған тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін пайдаланудың заңдылығын және кеден органына ұсынған құжаттар мен мәліметтердің анықтығын дәлелдеуге құқығы бар екенін қосты. Егер де кеден органы декларантқа мәміле құнын қабылдаудан бас тартса, декларантқа басқа әдісті пайдалана отырып, тауарлардың кедендік құнын анықтауға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда кеден органы мен декларант тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолданылатын әдіске қатысты консультация берулер өткізеді. Атап айтқанда, кедендік құнды айқындаған кезде кедер органы әдістерді белгіленген тәртіпте пайдаланады, бұл КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 2-бабымен расталған. Ол сонымен бірге қазіргі таңда Қазақстанның заңнамасы алдын ала шешімді, яғни кедендік құнды мерзімінен бұрын айқындауды қолдануды ескермейтіндігін атап өтті. Тауарлардың кедендік құны декларантпен айқындалып, тауарларға кеден декларациясын берген кезде кеден органына тапсырылады.



    1. Қазақстанның өкілі кедендік құнды айқындау үшін валюта айырбастау қажет жерде, егер де КО-ның Кеден кодексімен және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен басқасы белгіленбесе, кеден органымен кеден декларациясын тіркеу күніне белгіленген ресми валюта бағамы қолданылатынын қоса айтты. КО-ның Кеден кодексінің 78-бабына сәйкес кеден баждары мен салықтарын есептеу және кедендік құнды айқындау үшін ЕАЭО-ға тиісті мүше мемлекеттің кеден органы ЕАЭО-ға мүше сол мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес келетін айырбас бағамын қолданады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
      1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстанның Ұлттық Банк теңгеге қатысты шетел валюталарының ресми бағамын белгілейді және жариялайды. Осындай ақпаратқа Қазақстанның Ұлттық Банкінің веб-сайтында қол жетімді болады (www.nationalbank.kz).




    1. Қазақстан өкілі мәлімдегендей, КО Кеден кодексінің 64-бабына сәйкес әкетілетін тауарлардың кеден құнын айқындау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады. Қазақстанда бұл сұрақ Қазақстан Кеден кодексінің 98-бабымен реттеледі.




    1. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі Қазақстаннан белгілі бір әкелінетін тауарларға ең төменгі бағаларды белгілейтін анықтама кітаптарды қолдануға мүмкіндік бермейтін заңнаманы өзгертуді талап етті. Қазақстанның өкілі оған тауарлардың кеден құнын айқындау үшін анықтама кітаптарды қолдану Қазақстан Кеден кодексінде, КО Кеден кодексінде және КО-ның кедендік құн туралы келісімінде жоқ деп жауап берді.




    1. Кеден шараларын заңды бағалаудың қолданыстағы рәсімдері туралы сұраққа Қазақстанның өкілі 2001 жылғы 30 қаңтарында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» №155-II кодексі қабылданғандығын айтты. Бұл Кодекс кеден құнын, сондай-ақ кеден алымдары мен салықтарын төлеуден қасақана жалтару кіретін жағдайларды айқындауға қатысты даулар бойынша рәсімдерді анықтайды. Әкімшілік бұзушылықтармен және жазаны тағайындаумен айналысатын уәкілетті органдар осы Кодекске сәйкес тағайындалады.




    1. Аппеляция беру құқығына қатысты ол КО Кеден кодексінің 9-бабы мен ҚР Кеден кодексінің 17-бабы апелляция беру құқығын ескеретіндігін және кез келген тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген рәсімдерге және уақыт шектеріне сәйкес кеден органы қабылдаған шешімдерге, кеден органдары немесе олардың ресми тұлғаларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсы апелляция бере алатындығын мәлімдеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III Заңының 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне шағым бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге беріледі. Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған жағдайда, не болмаса арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі. Бұл қағидат 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-I Қазақстанның Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278-бабымен расталады. Бұл жағдайда ондай істер Қазақстанның Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174-бабанда белгіленгендей, бір айға дейінгі мерзім қаралып, шешіледі. Осылайша, импорттаушы жоғары тұрған кеден органына немесе сотқа апелляция бере алады. Импорттаушының апелляция инстанциясын таңдауына байланысты айыппұл қолданылмайды.



    1. Құпиялылық жөніндегі талаптар (ДСҰ-ң кедендік бағалау жөніндегі келісімінің 10-бабы) КО Кеден кодексінің 8-бабында көрсетіледі. Осы бапқа сәйкес, кеден органдарының ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе)
      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған кез келген ақпаратты ондай органдар тек қана кедендік мақсаттарда, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жол бермеу үшін пайдаланады. Кеден органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізген басқа да тұлғалар мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық, банкілік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпаратты, КО Кеден кодексімен және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Қазақстанның Кеден кодексінің 16-бабына сәйкес, кеден органдарымен ЕАЭО заңды құралдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат тек қана кедендік мақсаттарда пайдаланылып, ондай ақпарат, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнаманы және заң рәсімдерін орындау мақсатында қажет болған жағдайларды қоспағанда, ашылмайды немесе тіпті басқа мемлекеттік органдарға болсын беріле алмайды.




    1. Ашықтық пен есептілікке қойылатын талаптарға қатысты Қазақстан өкілі КО Кеден кодексінің 10-бабы ЕАЭО кеден заңнамасы бойынша ЕАЭО-ның реттеуші заңнама актілерін ресми және өзге де баспасөз басылымдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты таратудың өзге тәсілдері арқылы таратуды көздейтінін хабарлады. Еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары ЕАЭО кеден заңнамасы жөніндегі ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді, Ғаламтор желісіндегі ресми сайттарда – www.eurasiancommission.org, www.e.customs.kz. жариялауды қоса алғанда ескереді. Тиісті ақпарат сондай-ақ түрлі өткізу пунктерінде; әуежайларда, темір жол бекеттерінде, терминалдар мен теңіз кемежайларында; халықаралық трафикті әуе және теңіз кемелерінде; кедендік бақылау аймақтарында таратылады. Қазақстанның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті кедендік заңнама жөніндегі ақпаратты және сыртқы сауда статистикасын www.e.customs.kz электрондық сайта, сондай-ақ «Официальная Газета», «Заң», «Кеден» және «Таможенный бюллетень» басылымдарында қамтамасыз етеді және орындалуы міндетті барлық құжаттар Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтында жарияланады. КО Кеден кодексінің 11-бабына сәйкес кеден органдары кеден заңнамасының ережелері және кеден органдарының құзыретін енетін өзге де мәселелер бойынша жеке немесе жазбаша түрде түсініктемелер («консультациялар») береді. Үшінші тұлғаның жазбаша сұрау салуы бойынша кеден органдары жазбаша ақпаратты қысқа мерзімде, бірақ ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей ұсынуға міндетті. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы
      12 қаңтардағы №221-III Заңның 8-бабына сәйкес өзге мемлекеттік органдардан немесе тұлғалардан ақпарат алу талап етілмейтін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау күнтізбелік 15 күнді құрайды және өзге де мемлекеттік органдардан және тұлғалардан ақпаратты алумен қарастыру мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.



    1. Қазақстан өкілі КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 11-бабына сәйкес егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы кедендік құнға қатысты шешімді кейінге қалдыру қажеттілігі туындаса, тауарларды декларациялайтын адам оларға ЕАЭО заңнамасына сәйкес осындай тауарларға салынатын кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ететін, жеткілікті кепілдікті оларға қажеттілік болған жағдайда ұсынған кезде бағаланатын (әкелінетін) тауарларды алуға құқығы болуы тиіс екендігін мәлімдеді. Кепілдік (кепілгерлік) туралы ережелер КО Кеден кодексінің 12 тарауында және Қазақстанның Кеден кодексінің 16 тарауында қамтылған. Кеден органдары тауарлардың шартты шығаруын жүзеге асыруға кеден органдарымен бағалар туралы қол жетімді ақараттың негізінде ұсынған кедендік құнына сәйкес кедендік алымдар кепілдендірілгенге дейін құқылы болады. Кепілдіктер: 1) қолма-қол ақша;
      2) банк кепілдіктері; 3) кепілгерлік; 4) мүлік кепілдігі; 5) сақтандыру шарты түрінде болуы мүмкін. Төлеуші кеден алымдары мен салықтарын қамтамасыз ету әдісін таңдауға құқылы. Қазақстанның Кеден кодексінің
      113-бабына сәйкес бұл төлемдерге әкелім кеден бажы; әкетілім кеден бажы; тауарларды Қазақстан аумағына әкелген кезде алынатын қосылған құн салығы; тауарлардың Қазақстанның кеден аумағына әкелген кезде алынатын акциздер (тауарларды кедендік декларациялау, кедендік сүйемелдеу немесе алдын ала шешім үшін баж салығын жинау) кіреді. 2011 жылы кепілдікті қамтамасыз етумен еркін айналысқа шығарылған сауданың үлесі 0,2 % құрайды. Кепілдік мерзімі декларанттың кеден органы алдындағы міндеттерін орындауға жеткілікті болуы тиіс. Қазақстанның Кеден кодексінің 156-бабына сәйкес депозит декларант кеден органы алдындағы барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін 10 күннің ішінде қайтарылады. Өтініш декларант міндеттемелерін орындағаннан кейін 5 жыл ішінде қабылданады. Одан кейін ол кеден төлемдері мен салықтарын төлеу кепілдіктері КО Кеден кодексінде және, Қазақстанның Кеден кодексін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кеден актілерінде көрсетілген белгілі бір жағдайларда талап етілетінін қосты. Әсіресе, келесі:




    • кеден транзиті рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау;

    • тауарларды кеден аумағынан тыс тауарды қайта өңдеудің кеден рәсіміне орналастырған кезде;

    • тауарларды шартты шығару; және

    • егер де ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің халықаралық шартымен ескерілсе, кеден төлемдер мен салықтарды төлеу уақытын өзгерту жағдайлары.




    1. Жұмыс тобының мүшелері өзара байланысты адамдарды түсіндіруге қатысты алаңдатушылықтарын білдірді және бұл туралы сондай жағдайларда талап етілетін КО-ның кеден құны жөніндегі келісімнің
      4.4-бабына сәйкес, әкелінетін тауарлар белгілі бір баға деңгейіне сәйкес болуы тиіс екендігін атап өтті. Бұл талап Кедендік бағалау жөніндегі ДСҰ келісімнің 1.2 (а) және (в) бабына берілген түсініктеме ескертулерге де, Кедендік құн жөніндегі келісімнің 4.3-бабына да сәйкес келмейді.




    1. Қазақстанның өкілі КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің
      4.3- бабы сәйкес, сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс қолайлы емес мәміленің құнын тану үшін негіз болып табылмайды деп жауап берді. Бұл жағдайда сатумен бірге жүретін жағдайларға талдау жасалуға тиіс. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты адамдар болса және бұл ретте тауарларды декларациялаушы тұлға ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілімен алған  ақпараттың негізінде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы әкелетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға   ықпал етсе, онда кеден органы осы белгілер туралы тауарларды декларациялаушы тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды. Декларант бағаға сатушы мен сатып алушының өзара байланысы ықпалының жоқ екендігін дәлелдеуі тиіс. Одан кейін ол, өзара байланысты адамдардың арасында сату кезінде жасалатын мәміленің құны, егер декларант ондай құн сол және оған тиісті уақыт кезеңінде мынадай тексеру шамаларының біріне жақын екендігін дәлелдесе, қабылданатынын атап өтті:




    • сатушымен өзара байланысты емес болып табылатын адамдар Қазақстанға әкету үшін мұндай тауарларды сатып алушыларға сатқан кездегі бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны; 

    • КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 8-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің кедендік құны; немесе

    - КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 9-бабына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны.




    1. Қазақстан өкілі мәлімдегендей, КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 4.3 және 4.4-баптары 2012 жылдың 23 сәуірінде қол қойғаннан бастап уақытша қолданылатын және «2008 жылғы 25 қаңтардағы «Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының
      2013 жылдың 21 маусымындағы №109 Заңымен ратификацияланған Кедендік құн жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамамен (бұдан әрі – Хаттама) өзгертілді. Ол одан әрі Жоғары Еуразиялық Экономикалық қоғамдастықтың 2014 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауардың кедендік құны туралы келісмге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі туралы
      № 86 шешіміне сәйкес Хаттама 2014 жылғы 10 қазанда күшіне енді. Хаттамаға сәйкес декларант мәміле құнын қабылдауды белгілеудің екі түрлі әдісін көрсетуге мүмкіндік алды: сатумен бірге жүретін жағдайларды зерттеу және жасалған мәміле құны ертеректе кеден органымен қабылданған «тексеру шамаларына» жақын екендігіне қатысты декларанттың дәлелі.




    1. Қазақстан өкілі КО-ның 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден Одағының кеден аумағына әкелетін тауарларлардың кедендік құнын анықтау туралы КО келісімінің 4.3 және 4.4-баптары 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес келуін қаматамсыз ету үшін Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін өзгертілетіндігін растады. Декларант мәміле құнын қабылдауды белгілеудің екі түрлі әдісін көрсетуге мүмкіндік алады: сатумен бірге жүретін жағдайларды зерттеу және жасалған мәміле құны ертеректе кеден органымен қабылданған «тексеру шамаларына» жақын екендігіне қатысты декларанттың дәлелі. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Сондай-ақ мүшелер КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімдерінде де, КО Хаттамаларында да және ұлттық заңнама актілерінде де «Деректерді өңдеу үшін бағдарламалық жасақтаманы тасымалдаушыларды бағалау туралы» ақпарат тасымалдаушының құныны негізделуі керектігін айтатын Кедендік құн жөніндегі техникалық комитеттің №4.1 шешімінің 2-бабын қабылдау туралы ереже және «Импортталатын тауарлардың кедендік құнында пайыздық мөлшерлемелерді қолдану туралы» №3.1 шешім жоқ екендігіне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Сонымен бірге мүшелер Қазақстан ұлттық заңнамада түсініктеме ескертулерді толыққанды көрсетпенгендігін атап өтті. Мүшелер бұл мәселелер ЕАЭО және Қазақстанның заңнамасында қалайша көрініс табатындығы жайлы ақпаратқа сұрау салды.




    1. Қазақстан өкілі КО-ның кедендік құн жөніндегі келісімнің 4.7-бабы пайыздық мөлшерлемелердің сомасы кедендік құнға кірмейтіндігін көрсететін Кедендік құн жөніндегі техникалық комитеттің «Импортталатын тауарлардың кедендік құнында пайыздық мөлшерлемелерді қолдану туралы» №3.1 шешімнің ережесін қамтып көрсететіндігін түсіндірді. Ол Кедендік құн жөніндегі техникалық комитеттің «Деректерді өңдеу үшін бағдарламалық жасақтаманы тасымалдаушыларды бағалау туралы» №4.1 шешімі 2 бабының ережелері Қазақстан Кеден кодексі 101-бабының
      8-тармағында қамтылып көрсетілетіндігін қосты.




    1. І қосымшаға берілетін түсініктеме ескертулер Кедендік бағалау жөніндегі ДСҰ келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын айтатын 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің
      14-бабына қатысты, Қазақстан өкілі түсініктеме ескертулердің басым бөлігінің ережелері Кеден Одағының кеден аумағына әкелетін тауарларлардың кедендік құнын анықтау туралы КО-ның келісімінде қамтылғандығын және 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің басқа ережелерімен бірге «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кеден кодексіне және Кеден Одағының 2009 жылғы
      27 қарашадағы Кеден кодексі туралы шартқа енгізілгендігін растады. Қалған түсініктеме ескертулер Еуразиялық экономикалық комиссияның, КО Комиссиясының мирасқоры, шешімдері арқылы немесе Қазақстанның ұлттық заңнамасына Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін енгізілетін болады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




    1. Мүшелер түсініктеме ескертулердің ЕАЭО және Қазақстанның заңнамасында жүзеге асырылу үдерісі туралы одан кейінгі ақпаратқа сұрау салды. Қазақстан өкілі 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік аймағына әкелінетін тауарлардың құнын айқындау туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама кедендік бағалау туралы ДСҰ келісіміне сәйкес келтіруге бағытталған деп жауап берді. Түсініктеме ескертулердің кейбір ережелері мысалдар болып табылады және заңнамалық нормаларға жатпайды, яғни олар КО-ның кедендік құн жөніндегі келісіміне енгізілген жоқ. Мысалы: тауарлардың кедендік құнын айқындаудың шегеру әдісі туралы 5-бапқа берілген түсініктеме ескертулердің мысалдары; бірдей тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі үшін 2-бапқа берілген түсініктемесе ескертулердің мысалдары және т.б. Осылайша, Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, Түсініктеме ескертулердің жетіспейтін ережелерін қамтыған құжаттарды әзірледі. Ондай құжаттар Комиссия шешімдерімен қабылданды. Атап айтқанда, Комиссия Алқасының шешімі ескертулердің жетіспейтін ережелерін қамтыған: Кедендік бағалау жөніндегі ДСҰ келісімнің 2 және 3-бабына берілетін Түсініктеме ескертулердің көрнекі мысалдары бар (і) 2012 жылғы 30 қазандағы «Тауарлардың кедендік құнын бірдей тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша (2 әдіс) және (іі) біртектес тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша (3 әдіс) айқындау әдістерін қолдану ережелерін»; (ііі)
      2012 жылдың 13 қарашасында «Тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде шегеру әдісін (4 әдіс) қолдану ережелерін»; 2012 жылдың
      12 желтоқсанында «Тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде қосу әдісін (5 әдіс) қолдану ережелерін»;(iv) 2012 жылдың 20 желтоқсанында «Тауарлардың кедендік құнын әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша (1 әдіс) айқындау әдісін қолдану ережелерін» мақұлдады.




    1. Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап Қазақстан тауарлардың кедендік құнын айқындау саласында заңдарды, нормаларды және тәжірибені ДСҰ келісіміне, оның ішінде 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің І бабына және 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану жөніндегі келісімге сәйкес қолданатындығын растады. Осыған байланысты кедендік құнды бағалау кезде Қазақстан анықтама бағалары немесе тиянақталған бағалау схемасы сияқты ең төмен құнның ешбір түрлерін пайдаланбайтын болады. Оған қоса Қазақстан, егер де кеден органдары жасалған мәміленің нақты кедендік құнын немесе талас тудыратын ұсынылған құнды айқындай алмаса, онда тауарға салынуы мүмкін кеден баждарын төлеудің ең жоғарғы сомасындағы жеткілікті кепілдікпен ішкі тұтыну үшін шығарылатын болады. Одан әрі, ол әкелінетін тауарлардың құнын анықтайтын кезде, Қазақстан ДСҰ комитетінің «Деректерді өңдеу бойынша құралдар үшін бағдарламалық жасақтаманы қамтитын ақпарат тасымалдаушылардың кедендік құнын бағалау туралы» 4.1 шешімінің
      2-тармағының және «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнындағы пайыздық төлемдерді есептеу туралы» 3.1 шешімінің қағидаларын қолданылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет