ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Тауарлардың шығу тегін айқындау ережелері



бет22/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78

Тауарлардың шығу тегін айқындау ережелері


  1. Қазақстан өкілі 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелерін 2009 жылғы
    27 қарашадағы Кеден одағы Кеден кодексінің (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) 7- тарауына сәйкес қолданып келе жатқандығын хабарлады. Тауарлардың шығарылу ережелерінің преференциялық емес тәртібі және оларды қолдану Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың ережелерін (бұдан әрі – КО Шығарылу ережелері) қоса алғанда, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережелері туралы келісімнің (бұдан әрі – КО шығарылу ережелері туралы келісім) ережелерімен белгіленеді. Әзірленген келісімдер тауарлардың шығарылған елін айқындаудың преференциялық емес ережелерін қолдануға және үйлестіруге қатысты Дүниежүзілік кеден ұйымының және ДСҰ-ның жұмыстарына жақындатылған. Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың қағидаттары халықаралық тәжірибеге негізделіп, 2009 жылы қолданысқа енгізілген жаңартылған Киото Конвенциясының ұсынымдарын іске асырады. КО Кеден кодексінің 58-бабының 3-тармағы тауарлардың шығарылған елін анықтау халықаралық шарттарына сәйкес, қатысушылары тауарлардың шығарылған елін анықтау рәсімдерін айқындайтын, ЕАЭО-ға мүше болып табылатын мемлекеттердің айқындайтынын айтады. Одан ары ол дамушы және аз дамыған елдерден шығарылған және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қолданатын преференциялар жүйесіне құқығы бар тауарлардың шығарылған елін айқындау Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау туралы ережелерді (бұдан әрі – КО-ның дамушы және аз дамыған елдерге арналған ережелері) қоса алғанда, 2008 жылғы
    12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау туралы келісіммен (бұдан әрі – КО-ның тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім) реттелетінін мәлімдеді. Тауарлардың шығарылған елін айқындау үшін кеден рәсімдері 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ Қазақстанның Кеден Кодексінде көрсетілген кеден рәсімдерінің орнын басқан КО Кеден кодексінде көзделеді және мұндай рәсімдер енді қолданылмайды. Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелері бойынша қосымша ережелер 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ Қазақстанның Кеден Кодексінің орнын басқан 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV «Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы» кеден кодексінің
    10- тарауында бар. Ол тауарлардың шығарылған елін айқындау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің шараларын қолдану тауарлардың шығарылған еліне тәуелді болған барлық жағдайларда жүргізілетіндігін атап өтті.




  1. Қазақстан өкілі КО Кеден кодексінің 58-бабына сәйкес, тауарлардың шығарылған елі ЕАЭО кеден актілерімен белгіленген өлшемдерге сәйкес тауарлар толық өндірілген немесе жеткілікті түрде қайта өңдеуге ұшыраған ел болып табылатынын атап өтті. Преференциялық емес тауарлар үшін жеткілікті түрде қайта өңдеудің негізгі өлшемі, КО-ның шығарылу ережелері туралы келісімнің КО шығарылу ережелерінің 4-тармағында белгіленгендей, алғашқы төрт санның біреуінің болсын тарифтік жіктемесінің өзгеруіне негізделеді. КО шығарылу ережелерінің 2-тармағы толықтай елде өндіріле алатын тауар түрлерінің жабық тізімін қамтамасыз етеді. Осы ережелердің
    5-тармағына белгілі бір елден шығатын тауарды тану үшін орындау жеткіліксіз болатын операциялардың көрнекі тізімі кіреді. Жеткілікті қайта өңдеудің өзге өлшемдерін, КО шығарылу ережелерінің 6-тармағында белгіленгендей, тек КО Комиссиясы ғана белгілейді.




  1. Арнайы сұраққа берген жауабында Қазақстан өкілі КО Кеден кодексінің 348-бабында сілтеме бар тауарлық номенклатура ДСҰ-ның Шығару қағидалары жөніндегі келісімінің 2(а) (і) бабында белгіленген тарифтік номенклатураның бөлікшелеріне және бөлімдеріне сәйкес келетіндігін растап, Қазақстан 2012 жылғы Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесін қабылдағанын қосты. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды жіктеу, КО Комиссиясының 2009 жылдың
    27 қарашасында №130 шешімімен бекітілген КО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады. КО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы
    2012 жылғы Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне де сәйкес келтірілген.




  1. Мүшелер Қазақстанға әкелінетін тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелерінің қолданылуын, сондай-ақ бұл саладағы ұлттық заңнаманы реттейтін КО келісімдері, КО шешімдері, КО Кеден кодексінің ережелері және ЕАЭО құқықтық актілері туралы бұдан кейінгі ақпаратты сұратты. Олар Қазақстандағы тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелері ДСҰ-ның Шығару қағидалары жөніндегі келісімінің ережелеріне, сонымен бірге тауарлардың шығарылған елін айқындаудың преференциялық және преференциялық емес ережелері қандай шараларды белгілейтіндігі туралы ақпаратқа сәйкес келуіне кепілдіктер беруді сұрады. Жұмыс тобының мүшелері тауарлардың шығарылған елін анықтау мүмкін болмаған жағдайда Қазақстанның НҚТ бойынша қосарлы кеден бажын өндіріп алу бойынша талабы шамадан тыс болып табылатындықтан, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін аз ғана елдерден шығарылатын тауарлар НҚТ мөлшерлемелері бойынша бағаланбайтынын ескере отырып, мұндай талапты жоюға сұрау салды, Олар Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап НҚТ қағидаты қолданылатын барлық елдермен тауарларды НҚТ мөлшерлемелері бойынша бағалайтындығы туралы Қазақстаннан міндеттемелер сұраған болатын. Сонымен қатар олар Қазақстаннан тауарлардың шығарылған елі нақты белгілене алмау жағдайын түсіндіруді сұрады. Одан кейін олар тауарды кеден рәсіміне орнатқаннан және НҚТ-ның қосарлы мөлшерлемелері бойынша кеден баждарын төлегеннен кейін, кедендік ресімдеу кезінде шығарылу сертификатын немесе басқа құжаттарды ұсынған кезде, артық төленген кеден баждары қайтарылады мА деп сұрады.




  1. Қазақстан өкілі КО Кеден кодексінің 58-бабына сәйкес, егер де тауарлар толықтай сол елде өндірілсе немесе КО Шығарылу ережелерінде және КО Комиссиясының шешімінде белгіленген өлшемдерге сәйкес айтарлықтай өзгерсе, олар белгілі бір елде шығарылған болып танылады деп жауап берді. Одан ары КО Кеден кодексінің 59-бабы шығарылған ел шығарылу сертификатымен немесе тауардың шығарылу декларациясымен расталатындығын белгілейді. Осы кодекстің 60-бабы тауарлардың шығарылуы туралы декларация онда тауарлардың шығарылған елін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілген кезде тауарларды шығаруға байланысты дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жасаған тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімдемені білдіретінін белгілейді. Осындай декларация ретінде тауарларға қатысы бар коммерциялық немесе кез келген басқа да құжаттар пайдаланылады. КО Кеден кодексінің 61-бабына сәйкес, тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауарлар шығарылған ел туралы нақты куәландыратын және егер әкету сертификаты тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтер негізінде берілсе, аталған елдің уәкілетті органы немесе ұйымы немесе әкету елі берген құжат. Шығарылу сертификаты кеден рәсімдерінен өткен кезде басқа құжаттармен қатар тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылады.




  1. Қазақстанның өкілі көрсеткендей, КО Кеден кодексінің 61-бабының 4-тармағына сәйкес, егер тауардың шығарылуы туралы сертификат ЕАЭО-ның кедендік заңнамасында оны ресімдеуге және (немесе) толтыруға қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделген болса, кеден органы мұндай сертификатты тарифтік преференцияларды ұсыну үшін негіз ретінде қарастырудан бас тарту туралы шешімді дербес қабылдайды. КО Кеден кодексінің 61-бабының 5-тармағына сәйкес, кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдарына немесе ұйымдарына қосымша құжаттар немесе нақтылайтын мәліметтер беру туралы өтінішпен жүгінуге құқығы бар. Мұндай өтініш тауарларды кедендік рәсімге орналастырған кезде, олардың шығарылуы туралы мәлімделген мәліметтердің негізінде тауарларды шығаруға кедергі келтірмейді.




  1. Қазақстан өкілі тауардың шығарылуы туралы сертификатта шығарған ел туралы көрсетілуі; мәлімдеушінің тауардың тиісті шығарылу өлшеміне сәйкестікті қанағаттандыратындығы туралы жазбаша куәгерлігі; сертификатты берген әкету елінің құзырлы органының сертификатта ұсынылған мәліметтер шындыққа сәйкес келетіндігі туралы жазбаша куәлігі болуы керектігін атап өтті. Преференциялық емес режим кезінде тауардың шығарылған елі туралы сертификатты ұсыну міндетті болып табылмайды. Бұған тарифтік емес реттеудің кеден баждары, салықтары және (немесе) шаралары мөлшерлемелерінің қолданылуына әсер ететін тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімделген мәліметтер нақты болып табылмайтындығының белгілері табылған, дұрыс емес болған және егер бұл Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар жатпайды. Тиісті түрде ресімделген сертификатты немесе тауардың шығарылған елі туралы мәліметтерді ұсынбау, КО Кеден кодексінің 62-бабы 2-тармағында көзделген (мысалы, кеден органы ЕАЭО кедендік заңнамасына немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, ЕАЭО кеден аумағына әкелуге немесе оның аумағы арқылы транзитке тыйым салынған ел болып табылатын белгілері анықталған) жағдайларды қоспағанда, КО кеден аумағына тауарларды шығарудан бас тартуға негіз болып табыла алмайды. Егер де тауарлар дұрыс толтырылған шығарылу туралы сертификатты ұсынусыз әкелінсе, ондай тауарларға қатысты НҚТ баждары мөлшерлемелері қолданылатын болады.




  1. Қазақстанның өкілі өндірістік немесе көліктік жағдайларға байланысты тауарларды бір партиямен жеткізудің мүмкінсіздігінен бөлшектенген немесе жиналмаған түрде, бірнеше партиямен жеткізілетін тауарлардың шығарылған елін айқындау кезінде, сондай-ақ қателесу салдарынан партиялары бөлініп кеткен тауарлар КО Шығарылу ережелерінің 8 және 9-тармақтары тауардың шығарылған елін айқындауда септігін тигізу үшін арнайы ережелерді белгілейтінін түсіндірді (мысалы көрсетілген тауарлар импорттаушының қалауы бойынша бір партия ретінде есептелінуі мүмкін).




  1. Ол одан кейін КО Кеден кодексінің 62-бабына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер Қазақстан (немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер) кедендік заңнамасына және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес осы тауарлар шығарылған елге тарифтік преференциялар беретін жағдайда, тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ұсынылатынын мәлімдеді. Ол кезде шығарылу туралы сертификат (дамушы және аз дамыған елдерден шыққан тауарлардың шығарылу ережелерге 1-қосымшаға бекітілген «А» - құжат: ТМД елдері үшін - ST-1 құжат) талап етіледі. Тауарлар толықтай дамушы және аз дамыған елдердег шыққан жағдайда солай танылады және тарифтік артықшылықтар жүйесіне кіретін болып саналады. Ол Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесінің 1-қосымшасы 3-бөліміне сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тауар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраған және осы процесте пайдаланылған, тарифтік артықшылық режимі қолданылмайтын басқа да елдерден шығарылған тауарлардың құны немесе шыққан жері белгісіз тауар құны тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған ел экспорттайтын тауар құнының 50%-ынан аспауына негізделетін тарифтік преференцияларға құқығы бар елдер үшін жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін қолдану рәсімдерін белгілей алатынын қосып айтты. Ол сонымен қатар дамушы немесе аз дамыған елдерден шығарылу ережесінің IV бөлігі преференция режимін қолданған кезде тауарларды тікелей сатып алу және тікелей жеткізу ережелерін қолдану жағдайларын көздейтінін атап өтті. Дамушы немесе аз дамыған елдерден шығарылу ережесінің 8-бөліміне сәйкес, сертификаттың немесе онда берілген мәліметтердің, сондай-ақ тауардың шығарылуы туралы мәліметтердің мінсіздігіне қатысты дәлелді күмән пайда болған жағдайда кеден органдары қосымша немесе нақтылайтын мәліметтерді сұратып, дамушы немесе аз дамыған елдердің құзыретті органдарына жүгіне алады. 




  1. ЕАЭО шегінде және Қазақстан мен ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттер арасындағы еркін сауда аймағында айналымдағы тауарлар бойынша Қазақстан өкілі Қазақстанның ТМД Үкіметтері басшылары мақұлдаған 2009 жылғы 20 қарашадағы «ТМД-ғы тауарлардың шығарылу ережелері туралы» келісімнің тауарлардың шығарылу ережелері мен 1996 жылғы 12 сәуірдегі «Жалпы преференця жүйесінің шеңберінде тарифтік преференция беру кезінде дамушы елдердің тауарларының шығу тегін айқындау ережелері туралы» келісімді қолданатынын түсіндірді. Бұл ережелер тауарлардың шығарылу елін айқындауға арналған халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірленген болатын. Тікелей сатып алудың қосымша өлшемдері экспорттаушы ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде 2011 жылғы 18 қазанда қол қойған Еркін сауда аймағы туралы келісімге (бұдан әрі – ТМД 2011 жылғы Еркін сауда аймағы келісім) қатысушы мемлекеттерде заңды түрде құрылу талабымен бірдей пайдаланылады (1996 жылғы 18 қазандағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің шешімінде негізгі құжат реінде көрсетілген). Қазіргі уақытта ЕАЭО, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық немесе ТМД шеңберінде тауарлардың шығарылу елін айқындаудың басқа тәртіптері жоқ. ТМД-ға мүше емес елдермен басқа сауда шарттары үшін тауарлардың преференциялық режимдеріне арналған шығарылу ережелері осы шарттарда бар.




  1. Жұмыс тобының мүшелері экспорттаушы преференциялық кеден баждарын алу үшін ТМД-ға мүше мемлекеттерде заңды құрылуы тиіс деген талапқа қатысты нақтылауды сұрап, бұл талапты қанағаттардыруға корпоративтік тіркеу жеткілікті ме немесе басқа да критерийлер де қанағаттандырылуы тиіс пе деп сұрады. Оған Қазақстан өкілі ТМД-ның 2011 жылғы Еркін сауда аймағы туралы келісімінде заңды құрылуға қатысты тіркелуден басқа өлшемдер жоқ екендігін айтты. Тіркеуге қоса, преференциялық тарифті алу үшін тауарлар тікелей ТМД-ға мүше мемлекеттерден жеткізілуі тиіс, яғни үшінші елдер арқылы кедендік бақылаумен тауарлар транзитін қоспағанда, «ТМД-ғы тауарлардың шығарылу ережелері туралы» келісімнің 5.1-бабына сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан әкетілмейтін тауарлар ғана, ТМД еркін сауда аймағы туралы келісім шеңберіндегі преференциялдық режимге сәйкес преференциялық режимді ала алады.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері сонымен қатар ЕАЭО заңнамасындағы «егер тауарлардың шығарылу елін айқындау үшін оларды бөлу қажет болса, тауарлардың шығарылу елі ретінде елдер тобы не елдердің кеден одақтары не елдің өңірі немесе бір бөлігі қарастырылуы мүмкін» дегенге байланысты түсініктемелер беруді сұрады. Олар ДСҰ келісімінде мұндай ереже жоқ екендігін атап өтіп, қандай жағдайларды тауардың шығарылуы өңірге немесе елдің бір бөлігіне қатысты болатындығына қатысты түсініктемелерді сұрады. Бұл мүшелер Қазақстаннан мұндай ережелер ДСҰ келісіміне толықтай сәйкес қолданылатындығы туралы міндеттемелерді талап етті. Оған Қазақстанның өкілі КО Кеден кодексі 58-бабының 1-тармағы тауарлардың шығарылу елі ретінде елдер тобы не елдердің кеден одақтары, сондай-ақ, елдер тобында нақты елді белгілеу қиын болса, елдің өңірі немесе бір бөлігі қарастырылуы мүмкін екендігі айтылатынын растады. Осы міндеттерге сүйене отырып, тауарлардың шығарылған елін анықтау мақсатында, тиісті елдер тобы не елдердің кеден одақтары, не елдің өңірі немесе бір бөлігі тауарлардың шығарылған елі ретінде қарастырылуы мүмкін. Ол егер тауардың шығарылу елін айқындау қажет болған жағдайда ғана өңір немесе елдің бір бөлігі тауардың шығарылу елі ретінде қарастырылатынын атап өтті және қазіргі таңда ондай мүмкіндік тек қана қорғаудың сауда шаралары үшін қолданылғанын атап көрсетті.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі сауда басталғанға дейін тауардың шығарылуын айқындау ережесі ДСҰ-ның шығарылу ережелері туралы келісімі 1-қосымшасының 2 (һ) бабында және 3 (d) тармағында бар екендігін атап өтті. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін келісімнің сол және басқа аспектілерін (мысалы, апелляция құқығы) іске асыруы тиіс екендігін атап өтті. Оған жауабында Қазақстанның өкілі ЕАЭО мүше мемлекеттер тауарлардың шығарылу елін айқындауға қатысты КО Кеден кодексінің 58-бабында көрсетілгендей, ұлттық заңнамада көзделген тәртіпте алдын ала шешімдерді қабылдай алатындығын атап өтті. Осылайша, ҚР Кеден кодексінің 91-бабына сәйкес, кеден органдары тауарлардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдай алады. Егер де арыз беруші тауар туралы қажетті ақпаратты ұсынса, кеден органдары тауардың шығарылған елі туралы алдын ала шешімді қабылдайды. Тауардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешімдер ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі «Тауарларды жіктеу туралы шешімдер нысандарын бекіту туралы, тауарды жинақталмаған түрінде жіктеу туралы және преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолданған кезде тауардың шығарылған елін айқындау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы» № 912 қаулысымен бекітілген нысан бойынша қабылданады. Ол сонымен қатар қабылдау тәртібі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының «Алдын ала шешімді қабылдау ережелері мен нысанды бекіту туралы» 2003 жылғы 15 мамырдағы № 210 бұйрығының 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылғандығын атап көрсетті.




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап Тауарлардың шығарылу елін айқындау ережелері бойынша шаралар олар Қазақстанның немесе ЕАЭО құзыретті органдарының қабылдаған, қабылдамағанына қарамастан, Қазақстанда Шығу қағидалары жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес қабылданатынын және осы келісімге ІІ Қосымшаның аралық ережелері, соның ішінде транспаренттілік, шағымдану құқығы, Тауарлардың шығарылу елін айқындау ережелері бойынша ДСҰ комитетіндегі хабарламалар туралы қағида көрініс табатынын растады. Ол, сонымен бірге, Шығу қағидалары жөніндегі ДСҰ келісімнің ІІ қосымшасының 2 (һ) бабы мен 3(d) тармағының талаптарына сәйкес, тауарлардың шығарылу елін айқындаудың преференциялық және преференциялық емес ережелерін қолдану кезінде, Қазақстанның кеден органдары экспорттаушыдан, импорттаушыдан немесе барлық қажетті элементтері берілген жағдайда оған қажетті негіздемесі бар басқа тұлғадан тиісті сұрау алғаннан кейін 150 күннен кешіктірмей әкелінетін тауарлар үшін тауардың шығарылу еліне қатысты қорытынды шығаратынын растады. Шығу қағидалары жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес кез келген тауардың шығарылу елін анықтау бойынша сұрау осы тауардың саудасы басталмай тұрып та қабылдана алады, және мұндай анықтау 3 жыл ішінде, егер олар сәйкес жасалған деректер мен шарттар, оның ішінде шығу тегін анықтау ережелері салыстырмалы болса, қабылдана алады. Одан кейін ол шығарылуы анықталмаған тауарларды әкелген кезде қосарлы кеден мөлшерлемесін қолдану тәжірибесі жойылғандығын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді қаперлеріне алды.


Басқа кедендік формальдылықтар


  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері валюталық бақылау мақсатында тіркеу және лицензиялау жөніндегі талаптарға қоса импортқа жасалған мәміле төлқұжатын алу туралы талап қосарлаушы шара және сауда үшін қажетсіз болып табылатындығын атап өтті. Сондай-ақ олар мәміле төлқұжаттарын пайдалану 1994 жылғы ГАТТ XI және XV баптарының ережелерін бұзатын жалпы лицензиялау және валюталық бақылау үшін орынсыз нысан болып табылады деген пікір білдірді. Жұмыс тобының мүшелері қазақстандық тарапқа ДСҰ-ға кіргенге дейін мәміле төлқұжатын жою талабын қойды.




  1. Қазақстан өкілі 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) немесе ЕАЭО заңнамалық актілері мәміле төлқұжаты бойынша талаптарды реттемейтінін атап өтті. Бұл мәселе ЕАЭО мүше мемлекеттердің құзыретінде қалып отыр. Одан кейін ол саудадағы әкімшілік кедергілерді төмендетудің нәтижесінде 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңына түзетулер енгізіліп, мәміле төлқұжаты «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 530-IV Заңмен жойылғандығын атап өтті. Мәміле төлқұжаты 50 000 АҚШ долларынан асатын келісімшарттарды есептік тіркеуге ауыстырылған. Экспорттаушы немесе импорттаушы келісімшарт бойынша ақшаны төлеуден бұрын және (немесе) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарларды өткізуден бұрын шетелдік сауда келісімшартын тіркеуі тиіс. Ол үшін экспорттаушы немесе импорттаушы банкке тек қана өтінішті және келісімшартты немесе оның көшірмесін ұсынуы тиіс. Бір жұмыс күнінің ішінде банк келісімшартты тіркейді және тіркеу нөмірін береді. Шетелдік сауда келісімшартының тіркеу рәсімі ақпаратты статистикалық жинау және шетелдік келісімшарт бойынша төлем мониторингі үшін ғана қажет.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері кеден құжаттары пакетінің құрамында әкелуге немесе әкетуге декларациялардың электрондық көшірмелерін беру туралы қолданыстағы талапқа, сондай-ақ декларациялардың электрондық көшірмелерін беруге айрықша лицензияны «Акцепт Корпорация»-ға беруге қатысты алаңдаушылығын білдірді. Импорттаушы мен экспорттаушының электрондық көшірмені алуға шығынданатыны, сонымен қатар оған қоса тауарларды әкелуге декларацияның қағаз көшірмесін ұсыну қажеттігі алаңдаушылық туғызды.




  1. Қазақстан өкілі шекарадағы бақылауды қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе (БААЖ) енгізілуде деп жауап берді. Бастапқыда, Үкімет декларациялаудың электрондық жүйесін енгізді. Оған қоса қағаз кеден декларациясын қолдану жалғауда. Қазіргі уақытта Қазақстанның бірқатар облыстарында бағдарламалық өнімді тестілік пайдалану жүріп жатыр. Содан кейін бағдарламалық өнім Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын болады. ҚР бүкіл аумағында пайдалана бастау уақыты жүйені пилоттық аумақтарда енгізудің нәтижелеріне байланысты. БААЖ шеңберінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету туралы сұраққа ол Қаржы министрінің Мемлекеттік кіріс комитеті өз жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асыру үшін стандартты бағдарламалық жасақтаманы қолданады деп жауап берді. Ол «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы №292-ІV ҚР Кеден кодексінің 16-бабына сәйкес, кеден органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізген басқа тұлғалар мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпаратты, (осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды) қоспағанда, жария етуге, жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес. 




  1. Тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақтау режимін қайта қарау нәтижелері туралы сұраққа берген жауабында Қазақстан өкілі тауарларды уақытша сақтау рәсімі Қазақстан Кеден кодексінің 30-тарауымен (259-270- баптар) регламенттелгендігін түсіндірді. 260-бапқа сәйкес, тауарларды уақытша сақтау рәсімі уақытша сақтау қоймаларында ғана емес, көлік құралдарында, жеке тауарларды сақтау қоймаларында, арнайы бөлінген және жабдықталған бөлмелерде және ашық алаңдарда да жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазақстан Кеден кодекінің 265-бабына сәйкес тұлғаның жазбаша өтінішімен және кеден баждары мен төлемдерін төлеу кепілдіктері берілгенде әкелінетін тауарлар алушының меншігіндегі немесе оның өзіне тиесілі немесе жалға алу құқығы негізінде пайдаланып жатқан аумағында орналасқан жағдайда, тауарлар уәкілетті емес қоймаларында, автомобиль көлік құралдарында уақытша сақталына алады. Қазақстан Кеден кодексінің 259-бабы 2- тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтау құбыр, көлік жолы және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылмайды.




  1. Мамандандырылған кеден бекеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстан өкілі ҚР Кеден кодексінің 248-бабына сәйкес, тауарларды рәсімдеу тауарлар кедендік рәсімдеуге орналастырылған жерлерінде жүзеге асырылады деп мәлімдеді. Сондай ережелер ЕАЭО шеңберінде де бар. КО Кеден кодексінің 156- бабына сәйкес тауарды кеден рәсіміне орналастыруға қатысты кеден операциялары жұмыс уақыты кезінде кеден бекеттерінде жүреді. ҚР Кеден кодексінің 248-бабы Қазақстанның Үкіметіне тауарлардың белгілі бір санаты үшін мамандандырылған кеден бекеттерін белгілеу құқығын береді. Еуразиялық экономикалық қауымдастық алқасының 2012 жылғы 26 тамыздағы №134 шешімімен мақұлданған «Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің» 2.9 және 2.10-тармақтарының ережелеріне сәйкес, мемлекеттік бақылау Кимберлий үдерісінің Сертификаттау жүйесінің талаптарына сәйкес табиғи алмастар экспортына орнатылуы тиіс, сондай-ақ келесі тауарлар санатының экспорты мен импортына бақылау жүзеге асырылуы тиіс: табиғи алмастар (ТН 7102 21 000 0); өңделмеген асыл тастар (ТН 7106, 7108, 7110); асыл тастар концентраттары мен кендері (ТН ВЭД 2616); асыл металдар сынықтары мен қалдықтары (ТН ВЭД 7112).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет