ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Еркін аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар



бет44/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78

Еркін аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар

  1. Қазақстан өкілі Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) құру, ең алдымен, тікелей шетелдік инвестицияны тартуға, өндірістің қазіргі заманғы жоғары технологиялық салаларының жедел дамуына, көлік инфрақұрылымын, туризмді дамытуға, жұмыс орындарын құруға және АЭА құру кезіндегі құжаттарда айқындалатын басқа да мақсаттарға бағытталғанын мәлімдеді. Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі №469-IV Заң (бұдан әрі – 2007 жылғы «АЭА туралы» Заң) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңды (бұдан әрі – 2007 жылғы «АЭА туралы» Заң) алмастырды. 2011 жылғы «АЭА туралы» Заң 2011 жылғы оған дейінгі заңды жойды және қазір АЭА жөніндегі негізгі заң болып саналады. Қосымша нормалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 269-IV кодексте (бұдан әрі – Қазақстан Кеден кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV кодексте (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) қамтылған. Қазақстан Республикасының өкілі одан әрі ЕАЭО аясында АЭА 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін «Еркін (Арнайы) экономикалық аймақтар мен Еркін қоймаларды құру және олардың жұмыс істеуі туралы» 27-баппен және өз күшінде қалатын 2010 жылғы 18 маусымындағы Кеден одағы аумағындағы еркін (арнайы) экономикалық аймақтар және арнайы экономикалық аймақтың кедендік рәсімі туралы келісіммен (бұдан әрі – АЭА туралы КО келісімі), сондай-ақ 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексімен (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) және басқа да құқықтық актілермен реттелетінін айтты. Одан әрі ол 2015 жылғы қаңтардан бастап, ЕАЭО туралы шарт пен АЭА туралы КО келісімінің ережелері жаңа АЭА құру мен жұмыс істеуі үшін, сонымен қатар АЭА аумағында еркін кедендік аймақтардың кедендік рәсімдері жөніндегі жалпы ережелерді қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған АЭА-ны реттейтін ережелерді қолдану үшін ЕАЭО шеңберінде құқықтық негіз болып табылатынын айтты.




  1. Жұмыс тобының мүшелері АЭА құру мен жұмыс істеуінің қолданыстағы қағидалары, АЭА туралы жаңа заңға сәйкес жасалған және әкімшілік ету туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ аймақтың ДСҰ талаптарына сай келетінін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратқа сұрау салды. Жұмыс тобының мүшелері 2011 жылғы «АЭА туралы» Заң мен 2010 жылғы 1 шілдеде күшіне енген АЭА туралы КО келісімінің ережелері арасындағы байланыс туралы ақпарат сұратты. Одан басқа, 2007 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес құрылған бұған дейінгі алты АЭА мәртебесі туралы ақпарат және бұл АЭА қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істейтіндігі немесе істемейтіндігі туралы ақпарат та сұратылды. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан аумағында жұмыс істейтін АЭА-да ол ДСҰ-ға кіргеннен кейін ДСҰ міндеттемелері қалай қолданылатынын, әсіресе, 1994 жылғы ГАТТ келісімінің І және ІІІ баптары қолданылатыны не қолданылмайтыны және АЭА аумағында құрылған компанияларға берілетін артықшылықтар экспорттық қызметке немесе жергілікті қамту туралы талапқа негізделетінін не негізделмейтінін сұрады. Осыған байланысты жұмыс тобының мүшелері көтерген басқа мәселелер ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан импортталатын және АЭА-да тауарлар өндіру процесінде пайдаланылатын, түпкі соңында Қазақстанның қалған аумағына немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортталатын, егер тіпті импортталатын тауар жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келу үшін жеткілікті түрде өңделсе де, тауарларға немесе материалдарға барлық тарифтердің немесе салықтардың орнын толтыру қажеттілігіне қатысты болды. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі, оның пікірінше, ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттен импортталатын құрамбөліктерге баждар мен салықтарды АЭА-да салықсыз әрі бажсыз алуға мүмкіндік беретін жеткілікті өңдеудің мұндай деңгейі жоқ екенін, өйткені шыққан тегі қағидалары елдің бір бөліктері арасында емес, елдер арасында қолданылатынын атап өтті. Басқа мүшелері қандай басқа артықшылықтар салықтардан босату жағдайында АЭА аумағында орналасқан компанияларға берілетіні туралы ақпаратты сұратты.


(а) Кеден одағында АЭА-ны реттеу

  1. Қазақстан өкілі бұған дейін айтылып кеткендей, Қазақстандағы АЭА 2011 жылғы «АЭА туралы» ұлттық Заңға сәйкес құрылғанын және АЭА жөніндегі КО келісімінде және КО кеден кодексінде белгіленгендерін қоса алғанда, АЭА жөніндегі ЕАЭО талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Осы Келісім мен КО Кеден кодексі ЕАЭО-дағы АЭА-ны реттеудің жалпы шеңберін белгілейді, бұл ретте АЭА құру, басқару, кеңейту, қолданысын тоқтату рәсімдерін, АЭА түрлерін және АЭА шеңберінде рұқсат етілген қызмет түрлерін реттеуді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына қалдырады. Көп жағдайларда ұлттық режим мен ЕАЭО режимі КО-дағы АЭА-ны реттеу режимінің өзіндік элементтерін белгілей үшін бірлесіп жұмыс жасайды. Мәселен, ұлттық құқық АЭА қатысушыларын тіркеуді реттейді және ұлттық органдар мұндай қатысушылардың ұлттық тізілімін белгілейді, ал КО келісімі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер АЭА жұмыс істеуі бойынша ақпаратты және АЭА қатысушыларының ұлттық тізілімін Комиссияға жіберуге тиіс, ол өз кезегінде АЭА қатысушылары бойынша жалпы тізілімді жасап, жариялайды. Комиссияның ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет АЭА-да тыйым салынғандарына қосымша ретінде АЭА шегінде экономикалық қызметтің және операциялардың қандай түріне тыйым салынуы мүмкін екенін шешуге құқығы бар.

  2. Жұмыс тобы мүшелердің сұрағына Қазақстан өкілі, АЭА туралы КО келісімінің 1 Бабына сәйкес еркін(арнайы) аймақ кәсіпкерлік және басқа да қызметті жүзеге асырудың айырықша (арнайы құқықтық) режимі қолданылатын, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген шекте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бір бөлігі ретінде анықталған деп түсіндірді. АЭА туралы КО келісімі АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылатынын және тиісінше АЭА аумағында орналасқан тауарларға Кеден одағының Кеден кодексіне және АЭА туралы КО келісіміне сәйкес еркін экономикалық аймақтың кедендік рәсімі қолданылатынын айқындайды. Ол Қазақстан Республикасының кеден органдары АЭА аумағында кедендік бақылауды ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыратынын түсіндірді.




  1. АЭА туралы КО келісімі күшіне енгенге дейін шетелдік және қазақстандық тауарлар АЭА аумағына кеден органдарының рұқсатынсыз әкелінді. Мұндай тауарлар, әдеттегі кедендік тазарту рәсімін еркін кедендік аймақтың кедендік режимінде өтті. Қазіргі уақытта, АЭА туралы КО келісіміне сәйкес тауарлар АЭА аумағына тек кеден органдарының рұқсатымен ғана әкелініп, әкетіледі. Жұмыс тобы мүшесінің рұқсаттар беру рәсімі сипатталатын заңнама туралы сұрағына Қазақстан Республикасының өкілі Қазақстан Республикасының Кеден комитеті АЭА аумағына әкелу мен одан әкетуге рұқсаттар беру рәсімін белгілейтін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру рәсімін белгілейтін «Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі деп жауап берді. Қаулы жобасына сәйкес АЭА аумағына тауарлар әкелуге рұқсат алу үшін АЭА резиденттері кеден органдарына әкелінетін тауарларға қатысты, тауарлардың және көлік құралдарының кедендік бақылауы үшін қажетті ақпараты бар коммерциялық, көлік және кедендік құжаттарын ұсынады. Бұл құжаттарда ұсынылған ақпараттың нақты деректерге сәйкес келуін тексеру негізінде кеден органдары тауарлар мен тасымалдау құралдарын АЭА аумағына импорттау туралы шешім қабылдайды.




  1. АЭА туралы КО келісімінің 10-бабына сәйкес «еркін кедендік аймақ» АЭА шеңберінде жұмыс істейтін кедендік рәсімді білдіреді, онда АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде шетелдік тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай орналастырылады және пайдаланылады. ЕАЭО тауарлар АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде оларға тыйымдар мен шектеулер қолданылмай орналастырылады және қолданылады.




  1. АЭА туралы КО келісімінің 10-бабы импортталған шикізат пен материалдарды қолдана отырып АЭА резиденттері өндіретін, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген тауарлар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО тауарлары деп танылады, яғни, егер импортталған шикізат пен материалдар жеткілікті көлемде өңделсе немесе АЭА бойынша КО келісімінің 19-бабының кез келген шарттарына сай болса, оларды ЕАЭО-ның қалған аумағында импортталған материалға баж төленбей өткізуге болатынын көздейді:

  • өндіріс СЭҚ ТН тауарлық кодын кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгертті;

  • оларды өңдеу жеткілікті дәрежеде тауарларды ЕАЭО тауарлары ретінде тану үшін қажетті шарттардың, өндірістің және технологиялық немесе өндірістік операциялардың алдын ала анықталған тізбесіне сай келеді;

  • қосылған құнның пайыздық үлесі дайын өнімнің бағасында (адвалорлық үлес қағидасы) тіркелген үлеске жетеді; немесе шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасында тіркелген үлеске жетеді.




  1. Комиссияның консенсус негізінде: (і) АЭА өндірілетін тауарларға, бұл тауарларды ЕАЭО тауарлар тану үшін жеткілікті немесе жеткіліксіз болып табылатын импортталған тауарларды қоса алғанда, шарттар мен операциялар тізбесін және (іі) оларды ЕАЭО тауарлары ретінде тану үшін аталған тауарларды жеткілікті дәрежеде өңделгенін анықтау өлшемшарты ретінде адвалорлық үлес қағидаларын қолдану рәсімін қабылдауға құқығы бар. Адвалорлық үлес қағидасы АЭА өндірілген ЕАЭО тауарларын жөндеуде қолданылмайды. Егер өңдеу бойынша операциялар Комиссия айқындаған жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сай келмесе, тауарлар ЕАЭО тауарлары болып танылмайды. Ұлттық заңнамада айқындалған ұлттық орган АЭА бойынша КО келісімінің қағидаларына сәйкес тауарлардың дәрежесін анықтайды, тиісті құқықтық қорытындылар шығарады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда Инвестиция және даму министрлігі осындай орган болып табылады.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің жеткілікті өңдеудің өлшемшарты ретінде қолданылатын алдын ала анықталған үлестері қандай екендігі туралы сұрауына жауап ретінде Қазақстан Республикасының өкілі адвалорлық үлес қағидасы «Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар қолданыла отырып дайындалған (алынған) тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемшарты ретінде адвалорлық үлес қағидаларын пайдалану тәртібі туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 148 қарашадағы № 515 шешімімен белгіленгенін айтты. Осы Шешімге сәйкес еркін кедендік аймақтың және еркін қойманың кедендік режимінде орналастырылған шетелдік тауарларды қолдану арқылы өндірілген, егер түпкі тауар өндірісінде пайдаланылған шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі тауар бағасының елу (50) пайызынан аспаса, жеткілікті өңделген болып есептеледі. Еркін кедендік аймақтың және еркін қойманың кедендік режимінде орналастырылған және түпкі тауар өндірісінде пайдаланылатын шетелдік тауарлардың құны осындай тауарлардың кеден органдары тауарларды еркін кедендік аймақтың және еркін қойманың кедендік режимдерінде орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалған кедендік құны ретінде айқындалады. Түпкі өнімнің бағасы франко-зауыт жағдайында анықталады. Ол одан әрі, қазіргі кезде Қазақстан «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №793 қаулысымен белгіленген жеткілікті өңдеудің ұлттық өлшемшарттарын қолданатынын айтып өтті.




  1. Ол АЭА туралы КО келісімінің 17-бабы АЭА аумағынан әкетілетін тауарлардан алынатын кедендік баждар мен салықтарды алу рәсімін белгілейтінін атап өтті. Атап айтқанда, АЭА аумағынан ЕАЭО-ның қалған кедендік аумағына әкетілетін ЕАЭО тауарлары кедендік баждар мен салықтар салуға жатады. АЭА аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін ЕАЭО тауарлары егер қолданылатын болса, кедендік әкету баждарын салуға жатады. Кедендік әкету бажын есептеу кезінде кедендік баждың мөлшерлемесі, тауарлардың құны және/немесе олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе басқа да сипаттамасы), сондай-ақ тауарлардың саны мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы кеден орган экспорттың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне анықталады. Шетелдік тауарларды АЭА аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды әкету кезінде кедендік баждар мен ҚҚС төлеуге жатады. АЭА аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге әкетілетін шетелдік тауарларға әкету баждары мен ҚҚС салынбайды. Әрі қарай, ол 2012 жылдың 1 қаңтарында дейін тіркелген резиденттер АЭА аумағында импорттық құрамбөліктерді пайдалана отырып дайындаған (алған), бірақ ЕАЭО тауарлар деп танылған және жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына жеткен тауарларға олар АЭА аумағынан ЕАЭО кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар мен ҚҚС салынбайтынын атап өтті. Бұл ережелер 2017 жылдың 1 қаңтарында күшін жояды.


(б) АЭА бойынша ұлттық заңнама

  1. Арнайы экономикалық аймақтарды реттейтін бұрынғы заң, 2007 жылғы «АЭА туралы» Заң АЭА-ның 25 жылға дейінгі мерзімге құрылуы мүмкін екенін және оларды кедендік органдар «еркін кедендік аймақ» режимінде АЭА шекарасы шегінде басқаратынын көздеген. АЭА аумағында орналастырылған және пайдаланылатын шетелдік және қазақстандық тауарлар кедендік импорт үшін қолданылатын акциздік салықты қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатылады. Қауіпсіздік талаптарынан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмады. АЭА аумағынан басқа елдің аумағына экспортталатын тауарлардан салықтар мен баждар алынбады. Шетелдік құрамбөліктерді пайдалану арқылы дайындалған және Қазақстан аумағының қалған бөлігіне экспортталатын тауарларға қатысты импорттық баждар егер олар жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сай келген жағдайда қолданылмады. АЭА аумағында шығатын тауарлар шығу тегі сертификатымен расталады. Осындай сертификат берілмеген жағдайда, тауарлар қазақстандық (Қазақстаннан үшінші елдерге экспорттау кезінде) немесе шетелдік (Қазақстан аумағының қалған бөлігіне импорттау кезінде) болып есептелді.




  1. Қазақстан өкілі 2011 жылдан бері қолданылып келетін 2011 жылғы «АЭА туралы» Заң Қазақстан аумағында АЭА-ны құру және жұмыс істеу рәсімін анықтайтынын түсіндірді. АЭА Қазақстан аумағының Үкімет басым қызмет түрлерін жүргізу үшін арнайы режим қолданатын шекте белгілі бір шекарасы бар бөлігі ретінде қаралады. АЭА шегінде ЕАЭО қалған аумағынан және үшінші мемлекеттерден АЭА-ға импортталатын шетелдік және отандық тауарлар үшін және АЭА аумағынан ЕАЭО-ның (і) қалған аумағына және үшінші елдерге (іі) экспортталатын және АЭА-дан ЕАЭО-ның (і) қалған аумағына және үшінші елдерге (іі) экспортталатын тауарларға қатысты арнайы кедендік және салықтық режим құрылған. Еркін кедендік аймақ режиміне орналасқан, яғни кедендік баждар төлеуден босатылатын жағдайда қазақстандық тауарлар және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарларына импорттық кедендік баждарды қолдану мақсатында олар отандық тауарлар ретінде қаралады. ҚҚС-қа қатысты, ЕАЭО туралы шарттың ХVII бөліміне (осы Баяндаманың «Импортқа ішкі салықты қолдану» бөлімін қараңыз) сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы импортқа ҚҚС салынады. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық заңнамасына қарағанда маңызды орын алатын АЭА бойынша КО келісімінің 21-бабында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еркін кедендік аймақтың кедендік режиміне орналастырылатын тауарларына кедендік органдар куәландырған кедендік декларацияға сәйкес осындай тауарлар еркін кедендік аймақ режиміне орналасқанда оның көшірмесі берілген жағдайда ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі салынатыны белгіленген. Қазақстан өкілі АЭА қатысушысына қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қажетті тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар ғана еркін кедендік аймақтың кедендік режиміне орналастырылуы мүмкін, яғни кедендік баждар мен ҚҚС төлеуден босатылуы мүмкін екендігін атап өтті. Бұл тауарлардың тізбесі АЭА әрбір қатысушысы қол қойған қызметті жүзеге асыру туралы келісімде анықталған. Инвестиция және даму министрлігі Қазақстан аумағында АЭА құру, оның жұмыс істеуі және тарату жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.




  1. Қазақстан өкілі әрі қарай, 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар уәкілетті органға АЭА-ны құру мақсаты туралы, қызметтің басым түрлері туралы, өңірдегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы, АЭА орналасу орны туралы және экономикаға болжанатын әсері туралы ақпараты бар АЭА құру туралы ұсыныс енгізуі мүмкін. Ұсынысты уәкілетті орган мақұлдағаннан кейін АЭА құру туралы ұсынысты енгізген тұлғалар құрылатын АЭА-ның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауды қоршаған ортаға әсерін бағалап, қамтамасыз етеді. Техникалық-экономикалық негіздеме нәтижелері мақұлданғаннан кейін мүдделі мемлекеттік орган Үкіметке АЭА құру туралы ұсыныс енгізеді. АЭА құру және құрылатын АЭА-ның мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлері туралы шешімді Үкіметтің ұсынысы бойынша Президент қабылдайды.



  1. 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңның 8-бабына сәйкес АЭА 25 жылға дейінгі мерзімге құрылуы мүмкін. Әрбір АЭА-ның әрекет ету мерзімі аталған АЭА-ны құру туралы Президентің тиісті Жарлығында айқындалады. АЭА құрылатын және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған жер учаскелері АЭА қатысушысына Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес АЭА құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі. Әдетте, АЭА оның мерзімі аяқталғаннан кейін таратылады. АЭА қатысушылары белгіленген мақсатты индикаторларға құл жеткізбеген жағдайда, АЭА-ні Үкіметтің ұсынысы бойынша ҚР Президенті мерзімінен бұрын таратады. Қазақстан Республикасының өкілі АЭА құрылғаннан кейін инвесторлар АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш бере алады, яғни арнайы салық режиміне және қалған кедендік аумақтағы заңды тұлғаларға қолжетімді жағдайларға қарағанда қолайлы болып табылатын басқа да жағдайларға және АЭА аясында олардың қызметінің шарттары белгіленген келісімдер жасасуға құқығы бар заңды тұлға ретінде тіркелген болып танылатынын атап өтті. Өтініш беруші беруге тиіс құжаттардың тізбесі 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңның 10-бабында айтылған. Қазақстан Республикасының өкілі шетелдік қатысу үлесіне қарамастан, шетелдік қатысатын компаниялар барлық өтініш берушілерге кемсітпеушілік негізде қолданылатын тиісті талаптарды орындаған жағдайда АЭА қатысушысы ретінде тіркеле алатынын атап өтті. Өтініш берушінің ақшалай қаражаты және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін өзге мүлкі болуға тиіс және оның қызметі АЭА аумағында жүзеге асыралатын қызметтің мақсаттары мен түріне сай болуы керек.




  1. Мына ұйымдар АЭА-да қызметті жүзеге асыруға өтініш бере алмайды:

  • жер қойнауын пайдаланушылар;

  • Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдардан басқа, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;

  • арнайы салықтық режимдерді қолданатын ұйымдар;

  • инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;

  • ойын бизнесі ұйымдары.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі 2011 жылғы «АЭА туралы» Заң акционерлік қоғам түріндегі басқарушы компаниялар құруды көздейтінін атап өтті. Мына тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшылары болуы мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

  • мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

  • басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқаруда тәжірибесі бар шетелдік заңды тұлғалар.




  1. 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес егер ҚР Президентінің АЭА құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың кемінде 50 пайызы мемлекетке тиесілі болған кезде АЭА орталық және жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен құрылады. АЭА мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасымен құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың кемінде 26 пайызы мемлекетке тиесілі болуға тиіс. Басқарушы компанияның көрсетілген құқықтық нысаны инвесторларға басқарушы компанияның жарғылық капиталына қатысуға мүмкіндік береді, осылайша, жобаларды жүзеге асыруды басқаруға қатысуға мүмкіндік береді және АЭА-да қолданылатын режимдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

  2. 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес АЭА аумағында қызметтер көрсетуге арналған «Бірыңғай терезе» қағидаты енгізілді, ол құжаттарды дайындау және беру жөніндегі рәсімді жеңілдетуді көздейді.

  3. 2007 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес құрылған, жұмыс істеп тұрған алты АЭА 2011 жылғы «АЭА туралы» Заң күшіне енген кезде осы Заңның қолданыстағы және әкімшілік ережелерін қабылдады (қолданыстағы АЭА тізімі және олардың мақсаты осы Баяндаманың 21-қосымшасын қараңыз).

(с) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы

  1. Қазақстан өкілі одан әрі 2009 жылдың қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексі 2007 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес құрылған АЭА қатысушыларын қоса алғанда, АЭА қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктерге бірыңғай тәсілді айқындағанын атап өтті. Кедендік баждардан босатуға қосымша ретінде ҚР Салық кодексінің 151-бабында корпоративтік табыс салығының сомасын 100%-ға азайтуды; жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге «0» коэффициенті; мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме көзделген. Бұдан басқа, Салық кодексінің 244-2-бабына сәйкес АЭА аумағында Үкімет айқындаған және АЭА мақсаттарына сай келетін қызмет процесінде толық тұтынылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатуға ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі салынады. Бұл ереже осы Бөлімнің 903-тармағында сипатталған шетелдік тауарларға ұсынылған режимі бар Қазақстан аумағынан АЭА-ға импортталған тауарларға ұсынылған режимді теңестіруге бағытталған.



  1. Салық кодексінің 150-бабына сәйкес жеңілдіктер тек мынадай шарттарға сай келетін АЭА мүшелеріне ғана беріледі: (i) арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органдарына тіркеу есебінде тұрады; (ii) арнайы экономикалық аймақтардың аумағынан тыс жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ; (iii) жылдық жиынтық табыстың кемінде 90%-ын меншікті өндіріс тауарларын (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынуға жататын (алынатын) табыстар құрайды. Арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлері Салық кодексінің 150-бабында айқындалған және оған: ақпараттық технологияны дамытуға бағытталған жобалар; тоқыма өнеркәсібі және тері бұйымдар өндірісі; химия өнеркәсібі; металлургия; көлік құралдары, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісін қоса алғанда, машина жасау, электр жабдығы мен тұрмыстық электр аспаптары өндірісі; фармацевтикалық индустрия; азық-түлік өндірісі; қағаз бен жиһаз өндірісі; авиациялық индустрия; мұнайхимия өнімін және ілеспе, сабақтас өндіріс өнімін өндіру және технологиялар; және туристік қызметтер көрсету кіреді.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан заңнамасы салықтық және кедендік жеңілдіктерді алу үшін отандық және шетелдік компанияларға бірыңғай талаптарды көздейтіндігін атап өтті.




  1. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі Қазақстанның АЭА-сы кәсіпорындардың экспорттық бағытталуымен және/немесе импорт ауыстырумен байланысты арнайы преференциялар беру жөніндегі ережелерді қамтитын заңнамамен реттелетінін атап өтті. Жұмыс тобының осы мүшесі бұл ережелер Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі ДСҰ келісіміне де және Саудаға байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісімге де қайшы келетінін және ендеше, олардың күші жойылуға тиіс екенін айтты. Жұмыс тобының бұл мүшесі Қазақстаннан ДСҰ-ға кіргеннен кейін оның аумағы шегінде қолданыстағы немесе құрылатын еркін аймақтарда саудаға байланысты инвестициялық шараларға немесе отандық тауарларды пайдалану туралы талаптармен және экспорт тауарларымен байланысты субсидияларға тыйым салуды қоса алғанда, Қазақстан өз міндеттемелерін ДСҰ аясында жүзеге асыруға кепілдік беретінін күтеді. Қазақстан компаниялардың осы аймақтарда құрылу және қызметті жүзеге асыру құқығы экспорт көрсеткіштеріне, сауданы теңгерімдеу немесе жергілікті қамту туралы талаптарға байланысты болмайтынын растауға тиіс. Бұдан басқа Қазақстан АЭА-да баждар мен белгілі бір салықтардан импорттық тауарлар мен импорттық материалдарды болғызбайтын салықтық және тарифтік ережелерге сәйкес өндірілген тауарлардың баждар мен салықтарды қоса алғанда, Қазақстан аумағының қалған бөлігіне кіргізілген кезде қалыпты кедендік рәсімдермен реттелетін болуы тиіс екені кепілдік беркі қажет.




  1. Қазақстан өкілі, «экспортқа бағдарлану» және «импорт алмастыру» деген екі термин де «ҚР Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 және 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 657 Жарлығымен алынып тасталды деп жауап берді. Президенттің № 657 Жарлығына сәйкес «экспортқа бағдарланған өндіріс» термині АЭА туралы жарлықтарда жаңа «бәсекеге қабілеттілік» терминімен, ал «импорт алмастыру» термині Жарлықтың мәтінінен алынып тасталған. Сондай-ақ «Арнайы экономикалық аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму қорының қаражатын құру және пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 26 қыркүйектегі № 1376 қаулысы өз күшін жойды. Оның үстіне, 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңда, АЭА туралы КО келісімінде немесе Президенттің АЭА туралы басқа да жарлықтарында экспорт және импорт алмастыру көрсеткіштеріне байланысты АЭА-да компаниялар құру құқығын көздейтін ережелер жоқ.



  1. Қазақстан өкілі қазіргі кезде Қазақстан аумағында он АЭА жұмыс істейтінін хабарлады: «Астана – жаңа қала», «Ақтау теңіз порты», «Инновациялық Технология паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Бурабай», «Сарыарқа», ««Павлодар», «Қорғас-Шығыс қақпа» және «Тараз» химия паркі». Алғашқы алты аймақ 2007 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес құрылды. Олардың әрекет ету шарттары және кезеңі 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңмен реттеледі. Қалған төртеуі 2011 жылғы «АЭА туралы» Заңға сәйкес құрылды (Осы аймақтар туралы толық ақпарат алу үшін осы Баяндаманың 21-қосымшасын қараңыз).

(d) «Еркін қойма» кедендік режимі

  1. Қазақстан Республикасының өкілі Қазақстан Республикасының аумағында еркін қоймалардың құрылуы және жұмыс істеуі ЕАЭО туралы шарттың «Еркін (арнайы) экономикалық аймақтар мен еркін қоймаларды құру және олардың жұмыс істеуі туралы» 27-бабымен және 2010 жылғы 18 маусымдағы «Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы» КО келісімімен (бұдан әрі – Еркін қоймалар туралы КО келісімі) реттелетінін атап өтті. Келісімге сәйкес еркін қойма – бұл шегінде еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік туарлар мен ЕАЭО тауарлары, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін құрылыс (ғимарат). Ол еркін қоймалар туралы келісімнің 8-бабына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімі – бұл кедендік рәсім, ол кезде тауарлар еркін қоймада кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай және ЕАЭО тауарларына шектеулер мен тыйымдар қолданылмай орналастырылады және пайдаланылады деп қоса айта кетті. ЕАЭО аумағына импортына және ЕАЭО аумағынан экспортына тыйым салынған тауарлар еркін қойма режиміне орналастырылмайды.




  1. Ол әрі қарай, Еркін қойма туралы КО келісіміне сәйкес еркін қойманың иесі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тиісті ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес тіркелген және Келісімнің 4-бабында көрсетілген өлшемшарттарға сай келетін заңды тұлғасы. Заңды тұлғаны кедендік органдар оны Еркін қойманың иелерінің тізіліміне қосқаннан кейін еркін қойманың иесі деп танылады. Еркін қоймалардың иелерін Тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі «Еркін қоймалардың қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 1086 қаулысында белгіленген.




  1. Еркін қоймалар туралы КО келісімінің 11-бабына сәйкес еркін қоймаларда келесі операциялар жасалуы мүмкін:

  • тауарларды қоймаға жинау (сақтау, жинақтау, ұсақтау);

  • тауарларды тиеу (түсіру) бойынша операциялар және сақауға байланысты басқа да жүк операциялары;

  • тауарлардың сақталуына қажетті операциялар, сондай-ақ партияны ұсақтауды, жіберуді қалыптастыруды, сұрыптауды, қаптауды, қайта қаптауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға және сатуға дайындау жөніндегі қарапайым операциялар, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операциялар;

  • жүргізілу нәтижесінде тауарлар өзінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) жөніндегі және/немесе тауарларды дайындау (құрастыруды, жинауды, монтаждауды, баптауды қоса алғанда) жөніндегі операциялар, сондай-ақ тауарларды жөндеу бойынша операциялар;

  • осы тауарларға иелік ету, пайдалану және/немесе билік ету құқықтарын беру бойынша мәмілелер жасауды көздейтін операциялар.




  1. Қазақстан өкілі әрі қарай Еркін қоймалар туралы КО келісімінің
    8- бабына сәйкес еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылатын шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар дәрежесін сақтайды және еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылатын ЕАЭО тауарлары ЕАЭО тауарлары деген дәрежесін сақтайды.




  1. Еркін қоймалар туралы КО келісімінің 14-бабы еркін қойманың аумағынан әкетілетін тауарлардан алынатын кедендік баждар мен салықтарды есептеу рәсімін белгілейді. Атап айтқанда, еркін қойма аумағынан ЕАЭО аумағының қалған бөлігіне әкетілетін ЕАЭО тауарлары кедендік баждар мен салықтар төлеуге жатпайды. Кедендік әкету бажын есептеу кезінде кедендік баждың мөлшерлемесі, тауарлардың құны және/немесе олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе басқа да сипаттамалары), сондай-ақ тауарлар саны мен Кеден кодексіне және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамын кеден органы экспорттың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады. Шетелдік тауарларды еркін қойма аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарған жағдайда кедендік баждар мен ҚҚС төленеді. Еркін қойма аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағына тыс жерлерге шығарылатын шетелдік тауарларға әкету баждары мен ҚҚС төленбейді. Әрі қарай ол иелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Еркін қоймалар тізіліміне енгізілген, шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып, еркін қойма аумағында дайындалған (алынған) тауарлар еркін қойма аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылған кезде оларға кедендік баждар мен ҚҚС салынбайтынын атап өтті. Бұл ереже 2017 жылғы 1 қаңтарда күшін жояды. Еркін қойманың кедендік режимі аясында шетелдік тауарларды пайдалану арқылы өндірілген (өңделген) тауарлар, егер олар Кеден одағының Еркін қоймалар туралы келісімінің 16-бабында сипатталған жеткілікті өңдеудің өлшемшарттарына сай келсе, ЕАЭО тауарлары мәртебесін алады:

  • өндіріс СЭҚ ТН кодын кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгертті;

  • өзгерістер тауарларды ЕАЭО тауарлары ретінде тану үшін шарттардың, өндірістің және технологиялық немесе өндірістік операциялардың алдын ала анықталған тізбесіне жеткілікті дәрежеде сай келеді;

  • қосылған құнның пайыздық үлесі дайын өнімнің бағасында (адвалорлық үлес қағидасы) тіркелген үлеске жетеді; немесе шетелдік тауарлар құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасында тіркелген үлеске жетеді.




  1. Еркін қоймаларда импортталған тауарларды пайдалану арқылы өндірілген тауарларды ЕАЭО тауарлары ретінде тану үшін жеткілікті не жеткіліксіз шарттар мен операциялардың тізбесін Кеден одағының Комиссиясы консенсус негізінде қабылдайды. Кеден одағының Комиссиясы адвалорлық үлес қағидаларын пайдалану тәртібін осы тауарларды ЕАЭО тауарлары ретінде тану үшін жеткілікті өңдеу өлшемшарты ретінде де мақұлдайды.




  1. Қазақстан өкілі әрі қарай Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес еркін қойма аймағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасының қалған аумағына өткізілетін тауарларға, егер олар Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сай келсе және олар Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған тауарлар тізбесіне енгізілсе, ҚҚС салынбайтынын түсіндірді. Бұл преференциялар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына «Еркін қойма аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тiзбесiн және еркiн қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткізілетін, өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтарындағы № 133 қаулысына сәйкес ұсынылады. Бұл преференция Салық кодексіне сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.




  1. «Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
    16 шілдедегі №793 қаулысымен бекітілген шығу тегі қағидаларының
    7-бабына сәйкес тауарлар мынадай өлшемшарттардың біріне сай келсе, жеткілікті өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келеді деп танылады:

  • тауарды қайта өңдеу нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;

  • бұл операциялар орын алған ел тауар шығарылған ел болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;

  • құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес қағидасы).

№793 қаулы үшінші елдерден импортталған тауарлар өндірістік процестерде қолданылған кезде тауардың шыққан елін айқындау үшін жеткілікті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды белгілейді.


  1. Қазақстан Республикасының өкілі қазіргі уақытта Қазақстанда еркін қойма ретінде 59 заңды тұлға тіркелгенін атап өтті. Олар негізінен мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға маманданған: көлік құралдарын құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын құрастыру, тамақ өнімдері өндірісі, құрылыс материалдары өндіріс.




  1. Жұмыс тобының мүшелері АЭА немесе еркін қоймаларда ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттерден импортталған тауарларды қолдану арқылы өндірілген немесе өңделген тауарларды Қазақстанның қалған аумағында өткізу кезінде кедендік баждар мен салықтарды қолданудан болғызбау мақсатында бұл туарлар жеткілікті өңдеу мен жергілікті қамту қолданылмайтынын ескертті. Қазақстан аумағының қалған бөлігіне немесе ЕАЭО-ға олардың АЭА-да және еркін қоймаларда өңделгеніне және басқа тауарларға қайта жасалғанына қарамастан осы импорттық құрамбөліктерді шығару кезінде оларға қатысты баждар мен салықтар қалпына келтірілуге тиіс. Олардың пікірінше, осы импорттық құрамбөліктерді баждар мен салықтар алу мақсатында босату 1994 ГАТТ-тың І бабына сәйкес келмейді және жергілікті қамтуды (жеткілікті өңдеудің өлшемшарттары) бағалауға негіздеп, осы алымдардан босату тыйым салынған субсидияны білдіруі мүмкін. Мүшелер Қазақстаннан осы ережелерді жоюды және АЭА-ның ДСҰ ережелеріне сәйкес жұмыс істеуіне жәрдемдесуді өтінді.




  1. Қазақстан өкілі АЭА-да тіркелген және/немесе өз қызметін Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін еркін қоймаларда жүзеге асыратын заңды тұлғалар беретін тауарларға қатысты төменде белгіленген өтпелі кезеңдер ішінде қолданылатын алып қоюды қоспағанда, Қазақстанда АЭА және еркін қоймалар ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес ДСҰ-ға кірген күннен бастап құрылатынын, әрекет ететінін және басқарылатынын растады. Ол, Қазақстан ДСҰ келісімінің ережелерін барлық АЭА-да және еркін қоймаларда қолданатынын қоса айтты. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Жергілікті қамту туралы талаптарға, жеткілікті өңдеуге, яғни елеулі түрлендіруге және баждар мен салықтардан босатуға қатысты, Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін АЭА-да және Еркін қоймаларда тіркелген және қызметін жүзеге асырған заңды тұлғалар беретін тауарлар осы Баяндаманың 904, 907, 927 және 929-тармақтарында сипатталған жеңілдіктерді 2017 жылғы 1 қаңтарда аяқталатын өтпелі кезең ішінде қолдануды жалғастырады. Өтпелі кезең өткеннен кейін АЭА-да тіркелетін немесе еркін құратын кез келген жаңа компанияларға қатысты сияқты АЭА аумағында тіркелген және өз қызметін еркін қоймаларда жүзеге асыратын компанияларға қатысты экспортты жүзеге асыру, төлем балансының талаптары немесе жергілікті қамту өлшемшарттары заң бойынша немесе практикада қолданылмайды. Оның үстіне Қазақстан аумағының қалған бөлігіне және ЕАЭО-ның аумағына одан әрі өткізу шартымен ЕАЭО-ның мүшелері болып табылмайтын елдерден импортты кедендік баждар мен салықтар төлеуден босату көздейтін ережелерге сәйкес еркін қоймаларға және АЭА-ға әкелінетін тауарлар Қазақстан аумағының қалған бөлігіне және ЕАЭО аумағына әкелу кезінде тиісті баждар мен салықтар төлеуге және кедендік формальдылықтардан өтуге жатады. Егер осындай әкелінетін тауарлар қайта өңдеуден өтсе, яғни елеулі өзгерсе, АЭА аумағы шегінде немесе еркін қоймада осы тауарлар үшін есепке жазылуы тиіс баждар мен салықтар дайын өнімді Қазақстан аумағының қалған бөлігіне немесе ЕАЭО аумағын әкелу кезінде төленуге жатады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.


Мемлекеттік сатып алу

  1. Қазақстан өкілі мемлекеттік сатып алу 2012 жылғы 27 сәуірдегі
    № 15-V Заңмен өзгертілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңмен (бұдан әрі – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң); «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен (бұдан әрі - Үкіметтің №1301 қаулысы); «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен (бұдан әрі – Үкіметтің № 623 қаулысы); және «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1353 қаулысымен реттелетінін айтты. Жоғарыда көрсетілген заңнама халықаралық құқық талаптары, атап айтқанда БҰҰ-ның Халықаралық сауда жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік заңы ескеріле отырып әзірленген.

  2. Қазақстанның мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасы әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті дамытуға; әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруге; Үкімет үшін қолданылатын ақшалай активтерді ұтымды және тиімді жұмсауға; сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын және ашықтығын қамтамасыз етуге қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты орган болып табылады.

  3. Қазақстан өкілі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу еңбек шарты бойынша жеке тұлғалардан не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан, мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді қоспағанда, өздерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды орындау не тапсырыс берушінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жарғылық қызметі, сондай-ақ жарналар (салымдар), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің ақылы негізде алуы ретінде айқындалады. Ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының 50% және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар тапсырыс берушілер болып танылады. Ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың сатып алу қағидалары осы Баяндаманың «Мемлекеттік меншік, мемлекеттік сауда ұйымдары және жекешелендіру» бөлімінде сипатталады.



  1. Қазақстан өкілі, мемлекеттік сатып алу процесі: (i) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді; (ii) өнім берушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауды; (iii) мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтитынын айтты.



  1. Қазақстан өкілі мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдер арқылы жүргізілетінін қоса айта кетті: (і) конкурс; (іі) бір көзден алу; (ііі) баға ұсыныстарын сұрату арқылы өнім берушіні таңдау; (іv) аукцион; және (v) тауар биржалары арқылы. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін тапсырыс беруші Қаржы министрлігімен келіспей таңдай алады. Аукцион тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алу тек электрондық форматта ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Конкурс және бір көзден алу тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу қағаз түрінде де, электрондық форматта да жүзеге асырылуы мүмкін.
    2012 жылғы 1 шілдеден бастап конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тек электрондық форматта ғана жүзеге асырылады. Аукцион, бір көзден алу арқылы және тауар биржалары арқылы сатып алынатын тауарлардың тізбесі осы Баяндаманың 22(А) Қосымшасында, 22(B) Қосымшасында және 22(C) Қосымшасында қамтылған.




  1. Қазақстан өкілі конкурс мемлекеттік сатып алудың негізгі әдісі болып табылатынын және барлық жағдайда қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін: (і) мемлекеттік кәсіпорындарда және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларда және олармен үлестес заңды тұлғаларда қолда бар тауарларды, жұмыстарды, жабдықтарды, технологияны, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді біріздендіру, стандарттау және олармен үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында сол бір өнім берушіден сатып алуды жүргізу қажеттілігі туындаса; (іі) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, (ііі) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылып, күшіне енгенге дейін, уақытша шара ретінде күнделікті және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса; (іv) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда көзделген шаралар баға ұсыныстарын сұрату және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізуден кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкелмесе. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу осындай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі. Сонымен қатар, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуда баға шешуші шарт болып табылады. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асыруға тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылады. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу биржалық тауарлар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  1. Қазақстан өкілі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның мемлекеттік сатып алу жүргізудің ашықтығы жөніндегі ережені қамтитынын атап өтті. Мемлекеттік сатып алу туралы барлық ақпарат Қаржы министрлігінің ресми сайтында - www.goszakup.gov.kz орналастырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы реттеу туралы ақпарат http://goszakup.gov.kz/wiki/index.php?title=Main_page ұсынылған. Конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей бірақ кемінде күнтізбелік отыз күнде, ал электрондық сатып алу жағдайында әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінім берудің түпкілікті күніне дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: (і) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық ұсынысқа құжаттама тізбесін орналастыруға; (іі) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін; және (ііі) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы ұсыну фактілерін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және пошталық мекенжайы; шарт нысанасы, талап етілетін көлем, тауарларды беру қызметтер көрсету орны мен мерзімі, конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алу орны мен тәсілі;конкурсқа қатысуға өтінім беру орны және оның түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашу күні, уақыты және орны.




  1. Қазақстан өкілі мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы ұлттық заңнамада белгіленген қағидаларға, яғни осы бөлімнің 935-тармағында көрсетілген заңдар мен қағидаларға сәйкес анықталатынын атап көрсетті. Конкурс біткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алуың веб-порталында жариялануы тиіс.




  1. Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарындағы жергілікті қамту талаптары туралы сұраққа Қазақстан өкілі мұндай талаптардың «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда, Үкіметтің № 1301 және № 623 қаулыларында белгіленгенін айтты. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағында тізбеленген өлшемшарттар ескеріледі. Бұл өлшемшарттар конкурстық құжаттамада жазылады және барлық конкурстық құжаттамаға тең мөлшерде қолданылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына мынадай өлшемшарттар әскер етеді: (і) әлеуетті өнім берушіде: а) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің; в) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың; с) ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің); және d) ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуы; (іі) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстар; және ііі) жергілікті қамту. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға, Үкіметтің № 1301 және № 623 қаулыларына сәйкес конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасын отандық тауар өндірушілерге 20 %-ға дейін және отандық қызметтер (жұмыстар) берушілерге 15 % дейін төмендетуі мүмкін.




  1. Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алу саласындағы комиссиялардың, сарапшының және бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), егер олардың әрекеті (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы.




  1. Мүшенің ЕАЭО аясында мемлекеттік және (немесе) муниципальдық сатып алудың ортақ режимі бола ма не болмай ма деген сұрағына Қазақстан өкілі, «Мемлекеттік (муниципальдық) сатып алу» XXII Бөлім және ЕАЭО туралы шарттың 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Сатып алуды реттеу туралы хаттаманың» 25-қосымшасы ортақ саясатты жүзеге асыру үшін құқықтық база болып табылатынын айтты. Бұл ережелер 2012 жылғы 1 қаңтардағы Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы мемлекеттік (муниципальдық) сатып алу туралы келісімді алмастырды. ЕАЭО туралы шарттың XXII Бөлімнің 88-бабына сәйкес мүшелер мемлекеттер өзаралық негізде басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелері жүргізетін мемлекеттік сатып алуда ұлттық режимді ұсынады. ЕАЭО туралы шарт мемлекеттік органдар, бюджеттік ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көрсетілген басқа да тұлғалар өткізетін сатып алуға қолданылады. ЕАЭО туралы шарт коммерциялық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын кәсіпорындардың сатып алуына, сондай-ақ Ұлттық (Орталық) банктердің сатып алуына қолданылмайды.

  2. Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделгендей, «мемлекеттік сатып алудың» қамтуы 1994 жылғы ГАТТ III:8 және ХVII:2 баптарында және ГАТС XIII:1 бабында айқындалғандай «сатып алу» шеңберінен шығады, яғни коммерциялық қайта сату мақсаты үшін немесе оларды коммерциялық сату мақсатында тауарлар өндіру және қызметтер көрсету үшін пайдалану мақсатында емес, мемлекет мақсаты үшін сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің шегінен шығады. «Сатып алу» әдетте Мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ келісімінің қолданылу аясына кіретін жай тауарлар мен қызметтерден басқаларды да қамтиды. 1994 жылғы ГАТТ III:8 және ХVII:2 баптары және ГАТС XIII:1 бабы анықтамасы шеңберіне шығатын заңдар, қағидалар және сатып алуға қатысты басқа да шаралар Дүниежүзілік Сауда Ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің 1-қосымшасының келісімдерін реттеу аясынан алынып тасталмайды. Осы мүшелер қазақстандық заңнамадағы «сатып алу» мемлекеттік мақсаттарға арналған тауарларға қосымша ретінде тікелей тұтыну және қолдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, яғни компаниялар сатып алатын және коммерциялық мақсатта сатылатын немесе коммерциялық сату үшін тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қамтитынын атап өтті. Олар 1994 жылғы ГАТТ III:8 және ХVII:2 баптары және ГАТС XIII:1 бабы шеңберінде мемлекеттік сатып алу ретінде қаралмайтын сатып алуды өткізу кезінде ұлттық режим мен қолайлылығы жоғары режим талаптары қолданылатынына растауды сұрады. Осы мүшелер мемлекеттік сатып алу жөніндегі қазақстандық заңнамаға сәйкес сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер коммерциялық нарықта қайта сатылмайтынын немесе коммерциялық сату үшін тауарлар өндіру және қызметтер көрсету үшін пайдаланылмайтынын растауды сұрады.




  1. Қазақстан өкілі мемлекеттік мақсаттар үшін, бірақ коммерциялық қайта сату мақсатында немесе коммерциялық сату үшін тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету үшін пайдалану мақсатында сатып алынбаған, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылауындағы кәсіпорындардың сатып алуына қатысты ДСҰ-ға кірген күннен бастап мұндай сатып алу және сату 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі ДСҰ бас келісімінің III:8 (а) бабының және Қызметтер саудасы жөніндегі ДСҰ бас келісімінің XIII:1 бабының мағынасы бойынша «мемлекеттік сатып алу» ретінде қаралмайтынын растады, осылайша, Қазақстан мен ЕАЭО-ның құзыретті органдары ДСҰ келісімінің барлық қолданылатын ережелеріне сәйкес болатынын айтты. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстаннан ол ДСҰ-ға кіргеннен кейін дереу ұйымдар бойынша ұсыныстар жасау жолымен Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ДСҰ келісіміне қосылу туралы келіссөздерді бастайтыны жөнінде міндеттеме қабылдауды талап етті.




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстанның Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ДСҰ келісіміне қосылу және бұл туралы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетке Қазақстан ДСҰ-ға кірген күні хабарлау және осы күнге өзінің мемлекеттік органдары жарияланған заңдарға, қағидаларға және ұсынымдарға сәйкес ашықтылық қағидаты негізінде шарттар жасасуын қамтамасыз ету ниетін растады. Ол, сондай-ақ Қазақстан Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ДСҰ келісімі бойынша байқаушы дәрежесін алу туралы сұрау салуды ДСҰ-ға кірген күні жіберетінін және ДСҰ-ға кіргеннен кейін төрт жыл ішінде І Қосымшаның бекітілген нысанында ұсыну жолымен Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ДСҰ келісіміне қатысу туралы келіссөздерді бастайтынын растады. Ол, келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Келісімнің басқа мүшелерінің мүдделерін қанағаттандырса, Қазақстан осы Келісімге қосылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан Үкіметінің коммерциялық сату (қайта сату) мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын кәсіпорындардың, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын кәсіпорындардың сатып алуын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қолданылу аясынан шығару мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер әзірлеп жатқаны туралы хабардар етті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына тиісті өзгерістер Қазақстан ДСҰ-ға кіру күніне қарай енгізіледі.


Транзит

  1. Қазақстан өкілі Қазақстан 1994 жылғы ГАТТ V бабының ережелеріне сәйкес еркін транзит ұсынатынын айтты. Ол сондай-ақ Қазақстанның Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бұрын қабылданған қағидаттардың негізгі кезеңдеріне әсер етпегендігін айтты. А 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін тауарларды кедендік бақылау 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағы Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) 32-тарауына негізделген. «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы 269-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің транзиттік бақылауға қатысты ережелері КО Кеден кодексіне қайшы келмейтін шамада қолданысын жалғастырып жатыр.

  2. Атап айтқанда, КО Кеден кодексінің 215-бабында кедендік транзит – бұл шетелдік тауарларға (яғни ресейлік те, беларусьтік те, қазақстандық та емес) қолданылатын кедендік режим екендігі бекітілген; (і) кіру нүктесі мен ЕАЭО кедендік аумағынан шығу нүктесі арасындағы кедендік бақылаумен ЕАЭО-ның кедендік аумағынан өтетін (яғни, транзит ЕАЭО кедендік аумағының шекарасы шегінен тыс басталатын және аяқталатын тауар маршрутының бір бөлігін білдіреді); (іі) ЕАЭО-ға аумағына кіру нүктесінен ЕАЭО-ның кедендік аумағындағы кедендік бекетке дейін; (ііі) ЕАЭО-ның ішкі кеденлдік аумағының кедендік бекетінен ЕАЭО-ның кедендік аумағының шегінен тыс жердегі нүктеге дейін; және (iv) ЕАЭО аумағындағы екі кедендік бекеттің арасы. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі халықаралық поштамен, құбыржолмен және электр беру желілері арқылы тасымалданатын тауарларға қолданылатыны қосымша көзделген. Кедендік транзит кезінде тауарларға кедендік баждар мен салықтар салынбайды немесе мыналарды қоспағанда қандай да бір экономикалық шектеулер мен тыйымдар қолдануға жатпайды: (і) бірыңғай тізбенің 1-кіші бөлімінде тізбеленген, «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» КО комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 132 шешімімен бекітілген және «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» Алқаның 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен қайта бекітілген үшінші елдермен саудадағы импорт пен экспортқа тыйымдар және шектеулер қолданылатын және осы Баяндаманың 6-қосымшасына енгізілген тауарларға қатысты қолданылатын шектеулер; (іі) осы Баяндаманың «Санитариялық және фитосанитариялық шаралар» бөлімінде сипатталған СФС шаралар; (ііі) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындау үшін Қазақстан қолданатын шектеулер.




  1. ЕАЭО пен Қазақстанның заңдарына, заңнамалық актілеріне және нормаларына және Қазақстан кірген басқа да халықаралық келісімдерге сәйкес транзитіне тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген шетелдік коммерциялық тауарлар халықаралық кедендік транзиттің нысанасы бола алады. Дегенмен, КО бөлек келісімімен, яғни 2010 жылғы 21 мамырдағы және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «КО кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың кедендік транзитінің ерекшелігі туралы» келісіммен ЕАЭО аумағы бойынша теміржол арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға ерекше бақылау белгіленген. Сонымен қатар, КО Кеден кодексінің 215-бабында шартталғандай, кедендік транзиттік рәсім, егер халықаралық рейсті орындайтын әуе кемесі тауарларды ішінара бөлшектемей (түсірмей) аралық қонса немесе қажеттілігі бойынша қонса (техникалық себептермен қонса), авиакөлікпен тасымалданатын тауарларға қолданылмайды. Ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарлары ЕАЭО ішіндегі жөнелту пунктінен үшінші елдер арқылы ЕАЭО аумағына кіру нүктесіне дейін тасымалданса, осы тауарларға кедендік транзит қолданылуы мүмкін екендігін қосымша айта кетті. ЕАЭО-ның бір елінен шыққан және ЕАЭО-ның екінші елінің аумағы арқылы экспортталатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарлары экспорттың кедендік режимінің қолданылу аясына түседі және, егер Комиссия өзгеше шешпесе, транзиттің кедендік режимінің қолданылу аясына түспей ЕАЭО аумағы арқылы тасымалданады.




  1. Ол кейіннен КО Кеден кодексінің 216-бабына сәйкес, егер мынадай шарттар орындалса, тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатынын нақтылады: (і) бұл тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге тыйым салынбаған; (іі) ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауға қойылатын барлық талаптардың (егер осындай болса) орындалғанын растайтын құжаттар ұсынылған; (ііі) егер тауарлар межелі орында осындай тексеру нысанасы болып табылса, аумаққа кіру нүктесінде кедендік бақылау рәсімдері мен мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлері; (iv) транзиттік декларация ұсынылған (яғни, тауарлар декларацияланған); (v) КО Кеден кодексінің 217-бабына сәйкес кедендік транзитке кепілдік беретін шаралар қабылданған; (vi) КО Кеден кодексінің 109-бабына сәйкес тауарлардың сәйкестігі қамтамасыз етілген; және (vii) егер тауарлар кедендік мөрлермен тасымалданса, халықаралық көлік құралы тиісінше жабдықталған және жарақталған. КО Кедендік кодексінің 156-бабына сәйкес алдыңғы сөйлемнің (vii) тармағында көрсетілген талаптар теңіз немесе өзен көлігімен немесе көлігімен тасымалданатын, ЕАЭО-ның кедендік аумағында орналасқан порттарда немесе әуежайларда тоқтамай ЕАЭО-ның кедендік аумағын кесіп өтетін тауарларға немесе құбыржолдар және электр беру желілері арқылы тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.




  1. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарының транзитіне салынатын транзиттік баждар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 461-бабымен реттеледі. Салық кодексінің 461-бабына сәйкес автомобиль жолдарымен халықаралық жүктерді тасымалдайтын шетелдік көлік құралдары үшін транзиттік алымдар он айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде тіркелген. 2014 жылы транзиттік алым 18 520 теңгеге (шамамен 100 АҚШ доллары) жетті. Теміржол транзитіне қатысты Қазақстан өкілі Қазақстан Халықаралық Транзиттік Тарифтер (ХТТ) туралы келісімнің және Бірыңғай Транзиттік Тариф (БТТ) келісімінің мүшесі болып табылатыны мәлімдеді. Осылайша, тауарларды транзиттік тасу мөлшерлемесі осы халықаралық келісімдердің қағидаттарына сәйкес белгіленеді және кемсітпеушілік негізде есептеледі. Транзит мөлшерлемесінің жоғары шегі осы келісімдерде белгіленген қағидаттарға есептеледі және Келісімдердің қатысушылары жыл сайын белгілейтін шектен төмен қолданылатын тарифті белгілейді. Кейбір теміржолдар/межелі пункт үшін транзит мөлшерлемесі дара болып табылады әрі тауарлардың шығу тегіне қарамайды. Тұтастай алғанда, транзиттік тарифтік саясат елдер арқылы өтетін халықаралық транзиттік маршруттардың бәсекелестік мүмкіндігіне байланысты болады және мөлшерлемені осындай елдер бірлесіп белгілейді (осы Баяндаманың «Баға белгілеу саясаты» бөлімінің «Экономикалық саясат» ІІ тарауын қараңыз).



  1. Қазақстан өкілі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап КО Кеден кодексінің 217-бабына сәйкес кедендік транзитке сәйкестікті қамтамасыз ету шаралары мыналарды қамтитынын айтты: (і) КО Кеден кодексінің 12-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу кепілдігі; (іі) кедендік алып жүру; (ііі) жүктерді тасымалдауға арналған маршруттардың болуы (жоғарыда аталған шараларға қосымша ретінде ғана қолданылады). Кедендік алып жүру мөлшерлемесі және сәйкес рәсімдер осы Баяндаманың «Тауарлармен саудаға әсер ететін саясат» тарауы «Импортты реттеу» (А) бөлімінің «Көрсетілген қызметтер үшін алынатын алымдар мен төлемдер» кіші бөлімінде сипатталады.




  1. КО Кеден кодексінің 218-бабына сәйкес кеден органдарының тауарларды мынадай жағдайларда кедендік алып жүрумен кедендік транзитке орналастыруға құқығы бар:

- тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде анықталған;

- кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылмаған;

- егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда, біреуі орындалмаса, тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулылармен белгіленген кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;

- тасымалдаушы осы КО Кеден кодексінің 227-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған.




  1. Ол бұлардың кедендік алып жүру жүзеге асырылуы мүмкін барлық міндеттемелер екендігін және бұл міндеттемелер тізбесінің КО Кеден кодексіне түзетулер енгізу немесе тиісті ішкі заңнама белгілеу арқылы өзгеруі мүмкін екенін растады. Тауарларды кедендік алып жүру кедендік транзиттің тиісті рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуы тиіс. Кедендік алып жүрумен байланысты шығыстар Қазақстанның салық мен алымдар туралы заңнамасына сәйкес алынатын кедендік алымдар нысанында толық өтеледі.




  1. Қазақстан өкілі кедендік транзитке арналған кепілдіктер КО Кеден кодексінің 85 – 88-баптарымен реттелетінін түсіндірді. Бұл ережелер кепілдіктердің кедендік баждар мен төлемдердің төленуін орындау үшін қажет екендігін белгілейді, оған мыналар қосылмайды: і) кедендік алып жүру рәсімін қолдану; іі) Қазақстанның уәкілетті кедендік көлік операторының және тіркелген экономикалық оператордың транзиті; немесе ііі) Қазақстанның халықаралық транзит міндеттемелерін халықаралық шарттармен, оның ішінде өзгелерді бекітетін автомобиль көлігі жөніндегі конвенцияны реттеу жағдайларында. Беру желілері, құбыржолдар, теміржол көлігі арқылы транзит кедендік кепілдіктерден босатылады. Төлеушінің кепілдіктердің мынадай құралдарын таңдауға құқығы бар: і) ақшалай қаражат; іі) банк кепілдіктері; ііі) кепілдемелер; іv) мүлік кепілдігі; немесе ЕАЭО-ға мүшелердің ұлттық заңнамаларында көзделген басқа да құралдар. Қазақстан өкілі мүшелерді КО Кеден кодексінің 88-бабы кепілдіктер құнын бағалау қағидаларын айқындайтыны туралы хабардар етті және кепілдіктердің төленетін кедендік төлемдер мен салықтарға жақын екенін атап өтті. Ол одан әрі кедендік транзит жөніндегі кепілдіктер ашық түрде және кемсітпеушілік тәсілмен қолданылатынын түсіндірді және оның пікірі бойынша бұл еркін транзит туралы 1994 жылғы ГАТТ V бабының талаптарына сай келеді.




  1. Кепілдіктердің қайтарылуы туралы сұраққа жауап бере отырып, ол КО Кеден кодексінің 85-бабына сәйкес 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кедендік баждар мен алымдарды төлеу кепілдігін кеден органы барлық міндеттемелердің орындалғанын анықтағаннан кейін немесе міндеттемелер туындамаған жағдайда қайтарылатынын айтты.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің Қазақстанның ұлттық заңнамасындағы кедендік транзит саласындағы КО Кеден кодексін іске асыру туралы сұрағына жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстанның Кеден кодексінің 38-тарауы КО Кеден кодексінің кедендік транзит саласындағы ережелерін көрсететінін хабарлады. Ол Қазақстанның Кеден кодексі КО Кеден кодексінің ережелерін, кедендік мәселелер бөлігінде ЕАЭО-ның құқықтық құралдарын және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретіндегі КО Кеден кодексіне қалдырылған жағдайларды қамтитынын түсіндірді. Негізінен, Қазақстанның Кеден кодексінің 319-бабы КО Кеден кодексінің 215-бабын бір құрамда біріктіреді.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан жүк тасымалдағаны, жолмен, теміржолмен және әуе көлігімен транзит үшін алымдарды реттейтін сияқты тауарлар транзитін (энергияны қоса алғанда) реттейтін өз заңдарын, қағидаларын және өзге де шараларын, сондай-ақ 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің V бабының ережелеріне және ДСҰ келісімінің тиісті ережелеріне сәйкес өзге де алымдар мен кедендік баждарды қолданатынын растады. Қазақстан өкілі одан әрі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап транзитпен байланысты осындай алымдар мен кедендік төлемдерді қолдану мен олардың деңгейіне қатысты барлық заңдар мен қағидаларды жариялайтынын растады. Мүдделі мүшенің жазбаша сұрау салуын алғаннан кейін Қазақстан аталған мүшеге кедендік төлемдер мен кедендік алымдар алудан түсетін кірістер туралы және тиісті қызметтер көрсетуге кететін шығыстар туралы ақпарат береді жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.


Қарсы сауда және мемлекет рұқсат берген айырбас мәмілелер

  1. Қазақстан өкілі айырбас саудасын Үкімет реттемейтінін атап өтті. Қарсы сауданы және айырбас мәмілелерді жүзеге асыру үшін Үкіметтің рұқсаты талап етілмейді. Оның үстіне, айырбас саудасы мүмкін болған жағдайда ондағы айналыстағы тауарларға қалыпты арналар арқылы импортталатын ұқсас тауарларға қатысты қолданылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу тетіктерінің күші қолданылады. Мысалы, Қазақстан осындай мәмілелерге қатысты әдеттегі арналар арқылы әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын ДСҰ нормаларына негізделген кедендік бағалаудың ұқсас жүйесін қолданады, яғни әкелінетін тауардың нарықтық құнын айқындау мүмкін болмағанда, тауардың құны реттілік тәртіппен қолданылатын, 1994 жылғы ГАТТ VII бабын қолдану туралы ДСҰ келісімінде көзделген құнды айқындаудың басқа да әдістерінің бірі негізінде айқындалады. Кез келген айырбас мәмілелер және қарсы сауда қатысатын тараптардың арасындағы уағдаластық негізінде ғана жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет