ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- Қызмет көрсету белгілерін қоса алғанда, тауар белгілері



бет50/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78

- Қызмет көрсету белгілерін қоса алғанда, тауар белгілері


  1. Қазақстанның өкілі жаңа тауар белгілері туралы Заңның қабылдануымен ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 15-24-баптарының барлық талаптары ескерілгенін атап өтті. «Қазақстан Республикасында тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) жалпыға мәлім деп тану жөніндегі Нұсқаулық» бекітілген 2010 жылғы 23 сәуірдегі №136 бұйрық тауар белгісін тіркеуге өтінімдерді жасақтаудың, берудің және қараудың қағидаларын көздейтін басқа нормативтік акт болып табылады. Сондай-ақ тауар белгілері туралы Заңды ТРИПС келісіміне толықтай сәйкес келтіру мақсатында 2004 және 2007 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол Париж Конвенциясының талаптары, атап айтқанда 6bis және 10bis баптары Қазақстан Республикасының Конституцияның 4-бабына сәйкес тікелей қолданысы бар екенін атап кетті.




  1. Ол тауар белгілері туралы Заң бір өндірушінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін басқа өндірушілердің оған ұқсас тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бейненің барлық объектілеріне, ауызша, жазбаша, цифрлік, көлемдік және басқа комбинацияларына қорғау ұсынылатынын атап өтті. Ерекшелікті араласу деңгейіне дейін қорғалған бірдей немесе ұқсас белгілер, сонымен қатар жалпы қолданыстағы белгілер мен терминдер құрайды. Заңның
    6-бабының 3(1) тармағына сәйкес жалған немесе тауарға және оның дайындаушысына қатысты жаңылуға әкелетін ерекшеліктердің, оның ішінде тауардың өндірілген жеріне қатысты жаңылуға әкелетін географиялық нұсқаулардың тауар белгілері ретінде тіркелуі жүргізілмейді. Жалпыға белгілі тауар белгілерін (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін) шектеулердің қатысуынсыз қорғалады. Оның пікірінше, бұл нормалар ДСҰ-ның ТРИПС келісімнің 16-бабының ережелерімен сәйкес келеді.




  1. Тауар белгілерін қорғауды Әділет министрлігі тауар белгісінің сертификатын тіркеу және беру негізінде қамтамасыз етеді және тауар белгісі Қазақстанда тіркелмегендігіне қарамастан, жалпыға белгілі тауар белгілерінің барлық иелерінің құқығын қорғауды көздейді. Тауар белгілерінің тіркелуіне шағым берілуі мүмкін және толығымен немесе ішінара жарамсыз деп танылуы мүмкін және жалпыға белгілі тауар белгілерінің иесі өзі иелік ететін тауар белгілерінің танымалдылығын мойындау және оның рұқсат берілмеген қолданысын тоқтату туралы арызбен Қазақстан Республикасының соттарына жүгіне алады. Жалпыға белгілі тауар белгілерін мойындау үшін оның иесі тұтынушыларды сұрау нәтижелерінен тұратын тауар белгілерін жалпыға танылуын растайтын мәлімдемелерді ұсынуға тиіс. Сұрау нәтижелерінен басқа, Қазақстан аумағында тауар белгілерін қарқынды пайдалану, тауар белгілерін пайдалану тәсілдері, тауарлардың осы тауар белгілерімен сатылу көлемі мен өткізу арналары, осы тауар белгілерімен тауарды тұтынушылардың орташа жылдық саны, тауар белгісінің құны туралы, тауар белгісінің жарнама қарқындылығы, белгінің бастапқы немесе алынған айыру қабілетінің дәрежесі туралы, үшінші тұлғалардың сол белгіні немесе оған ұқсас белгілерді пайдалануы туралы, лицензиаттардың саны және тауар белгілерінің шетелде тіркелуі туралы ақпарат тауар белгілерінің жалпыға танылуын растайтын мәліметтер бола алады. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстанның өкілі ДСҰ-ның ТРИПС келісімі 16-бабының талаптарына сәйкес келтіру және тауар белгісінің белгілі болуын анықтау үшін, Қазақстан сұрау нәтижелерін назарға алады деп түсіндірді. Оған қоса, құқық иелері тауар белгілерінің жалпыға танылуын растау үшін басқа да құралдарды, оның ішінде жалпыға белгілі белгілерді қорғауға қатысты ережелер туралы ЗМХҰ-ның Бірлескен ұсынымдарында аталғандарды қолдануға да құқылы. Бірлескен ұсынымдардың 2-бабына сәйкес құзыретті орган мыналар: (і) қоғамның тиісті секторында белгінің танымалдылық немесе танылушылық дәрежесі; (іі) белгінің пайдалану ұзақтығы, дәрежесі және географиялық ауданы; (ііі) бұл белгі пайдаланылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіндегі немесе көрмесіндегі жарнаманы немесе насихатты және таныстырылымды қоса алғанда, белгінің ілгерлетілуі бойынша кез келген әрекеттің ұзақтығы, дәрежесі және географиялық ауданда қолданылуы; (іv) жүзеге асырылатын белгілер ұзақтығы мен географиялық ауданы және/немесе бұл белгінің пайдалануылуын немесе танылуын көрсететін дәрежеде тіркеуге кез келген өтінімдер; (v) белгіге құқықтардың табысты іске асырылуы фактілерін, атап айтқанда бұл белгілердің жалпыға белгілі құзыретті органдардың тануы дәрежесін көрсететін материалдар; (vi) бұл белгіге тән құндылықтар туралы өзіне берілген ақпаратты қарастырады.




  1. Тауар белгілерінің бастапқы тіркелу мерзімі және әрбір тіркеуді ұзарту 10 жылды құрайды. Тауар белгісін ұзарту саны шектелмейді. Кез келген адам тауар белгісінің үш жыл пайдаланылмауын негізге ала отырып, оны тіркеудің қолданысын тоқтату туралы өтінімін Әділет министрлігінің Аппеляциялық кеңесіне бере алады. Алайда, тауар белгісінің иесі тауар белгісі өзіне байланысты емес мән-жайларға орай қолданыста болмағандығы жөнінде дәлелдеме келтіруі мүмкін.




  1. Тауар белгілерінің сезілмейтін активтермен бірге берілуі жүзеге асырылу-асырылмауы туралы сұраққа Қазақстан өкілі тауар белгісіне құқықтың берілуі белгілі бір тауар немесе көрсетілетін қызметтермен пайдаланылатын тауар белгісінің және оны пайдаланған уақыт ішіндегі іскерлік беделінің де берілуіне әкеледі деп жауап берді. Тауар белгілері туралы Заңға сәйкес тіркелген тауарлық белгі иесі (лицензиар) тіркелген тауарлық белгіні иемдену құқығын басқа тұлғаға (лицензиатқа) бере алады. Лицензиатқа тауар белгісін пайдалануға рұқсат беретін жазбаша лицензиялық шарт лицензиат ұсынатын тауардың сапасы лицензиардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтері сапасынан төмен болмауы және лицензиар осы шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы екендігі туралы шартты қамтуға тиіс. Лицензиялық шарт пен басқаға беру туралы шарт Әділет министрлігінде тіркелуге тиіс. Осы шарттарды тіркеу рәсімдерінен сауда белгілері иелерінің заңды құқықтарына ықтимал теріс салдарлар туралы сұраққа берген жауапта, Қазақстанның өкілі Әділет министрлігінде шарттардың мемлекеттік тіркелуі белгілі бір өнеркәсіптік объектіге құқықтар берілетін тұлғаның құқықтарына ешқандай түрде кемсітушілік болмайтынын білдіреді және егер кейіннен басқа тарап жасалған шартқа қандай да бір өзгерістер енгізгісі келген кезде, мұндай өзгерістер тек сот шешімімен мүмкін болады. Оның пікірінше, тауар белгілері туралы Заңның ережелері Париж конвенциясының 6quarter бабының талаптарына сай келеді.




  1. Мүше лицензиялық шарттың міндетті тіркелу қажеттілігі және оның тауар белгілері иелерінің заңды құқықтарына әсер етуі туралы сұрады. Қазақстанның өкілі міндетті тіркеу зияткерлік меншіктің құқықтары иелерінің құқықтарын қорғайтындығын және ДСҰ-ның ТРИПС бойынша келісімнің 21-бабына сәйкес келетіндігін атап көрсетті.




  1. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстанның өкілі тауар белгілері туралы Заңның 6-бабына сәйкес жалпыға бірдей пайдалануға енген тауар белгілерін тіркеуге жол берілмейтінін түсіндірді. Аталған белгілеу, егер тауар белгілерінде үстем жағдайға ие болмаса, ол оның қорғалмаған элементі ретінде пайдаланылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет