Қазақстан өкілі, тауар белгілері туралы Заңға сәйкес «тауар шығарылған жерлердің атаулары» термині ДСҰ-ның ТРИПС келісіміндегі «географиялық нұсқаулар» терминіне тең екендігін атап өтті. Егер негізгі ерекшелікше және басты түрде оның өндіріс орнымен байланысты (табиғи жағдайлар мен/немесе адам факторларын қоса алғанда) тауардың белгіленуі үшін пайдаланылса, тауар шығарылған жердің атаулары (географиялық нұсқаулар) тіркелуі мүмкін. Тек белгілі бір тауармен байланысты тауар шығарылған жерлердің атаулары (географиялық нұсқаулар) тіркелуі мүмкін. Тіркеу туралы куәлік оның иесіне куәлікте көрсетілген тауар шығарылған жерлердің атауларын (географиялық нұсқауларды) пайдалану құқығын береді. Тауардың өндіру орнына қатысты жаңылуға әкелетін болса немесе тіркеу үшінші тараптың құқығын бұзатын болса, тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге жол берілмейді. Жалған, теңдес, араласу деңгейі бойынша ұқсас немесе шынайы шыққан жеріне қатысты жаңылуға әкелетін тауар шығарылған жерлердің атаулары қорғалмайды. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде, Қазақстанның өкілі тауар өндірісінің формальды түрде шынайы орнын көрсететін, алайда тауар басқа аумақтан әкелінді деген қате ұғым беретін белгілеулер тауар шығарылған жерлердің атаулары (географиялық нұсқаулар) түрінде тіркелмейтінін түсіндірді. Тауар белгілері туралы Заңда ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22 және 23-баптарына сәйкес шарап және спиртті ішімдіктер үшін қорғау көзделмейді. Географиялық нұсқауларды жосықсыз бәсекелестіктен қорғау тетіктері заңнамада көзделген-көзделмегені туралы сұраққа жауап ретінде, ол «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы №112-IV Заңының (бұдан әрі - Бәсекелестік туралы заң) 16 және 17-баптарының ережелеріне сілтеме жасады.
Тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауларды) тіркеу үшін өтініш беруші ҰЗМИ-ға төмендегі деректер: (i)тауардың шығарылған жерін көрсететін (бір немесе одан да көп сөзден тұратын) бір атау; (ii) өтініш берушінің (берушілердің) аты, сондай-ақ оның (олардың) тұрғылықты жерлері; (iii) тауардың мәлімделген белгіленуі; және (iv) өндірілген жерін және/немесе табиғи орналасқан жерін қоса алғанда, шығарылған жердің атауын (геограиялық нұсқауларды) тіркеуге өтініш берілетін тауар түрі, сондай-ақ тауардың ерекше қасиеттері сипаттамасы көрсетілген өтінішін бере алады. Оған қоса шетелдік өтініш берушілер өтініш берушінің атынан әрекет ететін патенттік сенімді өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс. Ұлттық өтініш берушілер өтініш беруші оның аумағында орналасқаны және ерекше қасиеттері географиялық объектінің табиғи жағдайларымен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды өндіретіндігі туралы құзыретті органның қорытындысын ұсынуға тиіс. Шетелдік өтініш берушілер де тауар шығарылған елде мәлімделген тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауды) пайдалануға шетелдік өтініш берушінің құқығын растайтын құжатты осындай түрде ұсынуға тиіс (тауар белгілері туралы Заңның 29-бабының 3(3) тармағы). Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі тауардың шығарылған жердің атауын тіркеу осы талаптарға сай келеді деп түсіндірді. Оған қоса, сертификатталған белгінің тіркелуі сияқты шет мемлекетте қорғалудың осындай расталуы немесе пайдалануы мен бақылануын растайтын құжатты Қазақстан, егер бұл құжат тауардың шығарылған жерінің мәлімделген атауын (географиялық нұсқауды) растайтын жағдайда, қабылдайды. Қазақстан өкілінің пікірі бойынша, аталған ереже ұлттық режимнің және барынша қолайлылық режимнің қағидаттарын бұзуға алғышарттар жасамайды.
Мүшелердің бірі шетелдіктер патенттік сенімді өкіл арқылы өтініш беруі тиістілігін көздейтін ереже шетел азаматтарына қатысты кемсіту ретінде қаралуы мүмкін екенін атап өтті және Қазақстан азаматтары патенттік сенімді өкілдердің қызметтерін пайдаланулары тиіс пе деп сұрады. Қазақстан өкілі Қазақстан азаматтары патенттік сенімді өкілдердің қызметтеріне жүгінбеуі тиіс деп түсіндірді. Оның пікірінше, бұл ереже ДСҰ-ға кіру шеңберінде құқыққа сыйымды болып табылады, себебі Қызметтер бойынша міндеттемелер тізбесіне сәйкес Қазақстан патенттік сенімді қызметтерге қатысты қандай да бір міндеттемелерді өзіне алған жоқ. Бұдан басқа, Париж конвенциясының 2-бабының 3-тармағы (ерекшеліктерге қатысты ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 3.2-бабында көрсетілген) «өнеркәсіптік меншік туралы заңдар негізінде сақталуы талап етілетін сенімді өкілдің […] тағайындалуына қатысты Одақтың әр елінің заңнамасы ережелерінің сөзсіз сақталатынын» көздейді.
Кейбір мүшелер шетел азаматтары патенттік сенімді өкілдер қызметтерін пайдалануы тиіс деген талап ДСҰ-ның ТРИПС келісімнің барынша қолайлылық режиміне қайшы болатынына алаңдаушылықтарын айтты және осыған қатысты кемсітушіліксіз режимді қамтамасыз етуді сұрады. Қазақстан өкілі бұл талап ДСҰ-ның ТРИПС келісімнің барынша қолайлылық режимі қағидатына сәйкес қолданылуы тиіс екеніне келісті. Осыған байланысты Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Грузиямен жасалған екіжақты келісімдер олардың азаматтарына патенттік сенімді өкілдердің қызметтеріне жүгінбей өтініш беруге мүмкіндік беретін преференциялық ережелерді алып тастау мақсатында қайта қаралатын болады. Қазақстан өзінің барынша қолайлылық режиміне қайшы болатын зияткерлік меншік құқықтарын қорғау аясында ТМД-ның қалған елдерімен немесе ЕАЭО елдерімен қандай да бір басқа уағдаластықтар жоқ екенін растады.
Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстанның өкілі патенттік сенімді өкілдер арқылы өтініш беру мақсаттары үшін «шетел тұлғалары» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV кодексінің (Салық Кодексінің) анықтамасына сәйкес Қазақстан Республикасының «бейрезиденттері» ретінде түсініледі деп жауап берді.
Мүше географиялық нұсқаулардың Қазақстанда қорғалуы үшін оларды тіркеудің қажеттілігі-қажет еместігін анықтауды өтінді. Бұл мүше осы ереженің қорғауды тіркеуге қарамастан беруді талап ететін ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22.2-бабы талаптарына қайшы келетінін атап айтты.
Қазақстанның өкілі тауар белгілері туралы Заңның 37-бабының
2-тармағында пайдаланылуы тұтынушының жаңылуына әкелуі мүмкін жағдайларда, тіркелген тауар шығарылған жердің атауымен (географиялық нұсқаумен) бірдей немесе араласу деңгейіне дейін ұқсас тауар шығарылған жердің атауын тіркеусіз пайдалануға жол берілмейтінін айтты. Тауардың шығарылған жердің атауына (географиялық нұсқауға) Қазақстанда құқықтық қорғау тауар шығарылған оның шығарылған жерінің атауын (географиялық нұсқауды) қорғауды куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылуы мүмкін тіркелу арқылы беріледі. Қазақстан өкілі, өз көзқарасынша, ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22.2-бабының талабы сияқты тауардың шығарылған жері атауының (географиялық нұсқауларды) құқыққа сыйымсыз пайдаланылуын болдырмауға қызмет етуі мүмкін мүдделі тұлғалар үшін тіркеу жеткілікті құқықтық құрал болып табылады деп қосты. Бәсекелестік туралы Заңның
16 және 17-баптарына сәйкес біркелкі тауарларға арналған тауар шығарылған жерінің бөгде атауын (географиялық нұсқауды) құқыққа сыйымсыз пайдалану Қазақстанда тауардың шығарылған жерінің атауын (географиялық нұсқауды) жосықсыз пайдалану ретінде қаралады. Қазақстанның өкілі кез келген мүдделі тұлға басқа тұлғаға тиесілі тауардың шығарылған жерінің атауын (географиялық нұсқауды) заңсыз тіркеуге дау айтуға құқылы екенін растады. Құқыққа сыйымсыз тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға дау айту үшін мүдделі тұлға Қазақстанда тіркелгенін немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға дәлелдемелер беруге міндетті емес.
Мүше бәсекелестік туралы Заңның 16 және 17-баптары ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22-бабының қорғау аясын белгілі бір географиялық нұсқауды «біртектес тауарлар» үшін құқыққа сыйымсыз пайдаланылған жағдайлармен шектейтініне қатысты алаңдаушылығын білдірді. Мүше ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22-бабын толықтай имплементациялайтын Қазақстан заңнамасына сәйкес географиялық нұсқауға берілетін қорғауға қатысты, атап айтқанда, кез келген тауар түрлеріне осындай қорғау қолданылатыны-қолданылмайтынына қатысты түсіндірме беруді өтінді. Қазақстан өкілі ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 22-бабын имплементациялайтын заңнама тауар шығарылған жердің атауы ретінде мынадай: (і) тауар шығарылған жерге қатысты жаңылуға әкелетін географиялық объектілердің атауын қамтитын белгілер (яғни белгілі бір аумақтан, өңірден немесе жерден шығарылғанын сәйкестендіретін тауар нұсқаулары); (іі) тауардың өндірілген шынайы орны формальды көрсетілген, бірақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате ұғым беретін белгілер; (ііі) тауардың шығарылған жерімен байланысты емес географиялық объектілер атауын қамтитын белгілер тіркелмейтінін көздейтін тауар белгілері туралы Заңның 27-бабы болып табылатынын түсіндірді. Осылайша, 27-бап тиісті географиялық нұсқаумен белгіленген, шектелмеген белгілі бір тауар түрлерін қорғауды көздейтін құқықтық шараларды қамтиды. Бәсекелестік туралы Заңының 16 және 17-баптары Париж конвенциясының 10bis бабының мәні бойынша жосықсыз бәсекелестік актісін білдіретін кез келген пайдаланудың алдын алуды талап ететін ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 2.2(b) бабының ережесін имплеметациялайды.
Мүше Қазақстанмен ұлттық режим және ДСҰ мүшелеріне барынша қолайлылық режимін беру мен тауар шығарылған жердің атауларын қорғау үшін екіжақты келісім жасауға қажеттілігі бойынша алаңдаушылығын білдірді.
Қазақстан өкілі тауар белгілері туралы Заңның 48-бабына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғалар, егер Қазақстан заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларымен қатар, осы Заңмен көзделген құқықтарды пайдаланып, міндеттерді орындайды деп жауап берді. Атап айтқанда, шетелдік құқық иелерінің өз мемлекеттері үкіметтерінің қолдаухатынсыз тауардың шығарылған жерінің атауын (географиялық нұсқауларды) қорғау үшін жүгіне алатын мүмкіндігі бар.
Жаңылуға әкелетін тауар белгілерінен және уақыты бойынша мейлінше кеш географиялық нұсқаулардан қорғала ма деген сұраққа жауап ретінде, ол тауар белгілері туралы Заңның 39-бабының
3-тармағына өзгерістерді көздейтін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңның жобасы әзірленгенін айтты. Жаңа өзгерістерге сәйкес егер, мейілінше ерте басымдығы бар, сондай-ақ Қазақстанда жарнамада қолданылуын қоса алғанда, белсенді пайдалану нәтижесінде кеңінен танымал болған тауар белгісінің болуына байланысты тауарға немесе оның шығарушысына қатысты тұтынушыны жаңылдыруға әкелетін болса, тауар шығарылған жер атауының (географиялық нұсқауларды) тіркелуі даулануы және ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Тұтынушыны жаңылдыру мүмкіндігі төмен болған жағдайда, тауар белгісі мен тауар шығарылған жер атауының (географиялық нұсқаулардың) бірге жүруіне жол берілетін болғандықтан, енгізілген өзгерістер тауар белгілеріне берілетін құқықтардан шектелген ерекшеліктер болып табылады. Тұтынушыны жаңылуға әкелу мүмкіндігі айқын болған жағдайда, тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге мүдделі тараптар сот арқылы дауласа алады.
Жұмыс тобының мүшесі географиялық нұсқаулардың қорғалуын жарамсыз деп тану мүмкіндігіне сілтеме жасай отырып, осы Баяндаманың 1044-тармағы географиялық нұсқауларды қамтитын немесе олардан тұратын тауар белгілерінің құқық иеленушілері уақыт мерзімі бойынша мейілінше кеш географиялық нұсқаудың тіркелуі туралы арызға дау айтып қана қоймай, сонымен бірге географиялық нұсқауды жарамсыз деп табуды талап етуге қатысты алаңдаушылығын білдірді.
Қазақстанның өкілі жауабында Баяндаманың 1044-тармағы, тауар белгілері туралы Заңға енгізілген өзгерістер сияқты, белгілі бір шарттар сақталған кезде, атап айтқанда, егер ол, жарнамада пайдалануды қоса алғанда, белсенді пайдалану нәтижесінде кеңінен бұрын мейілінше басымдығы бар, сондай-ақ Қазақстанда кең танымал/ жалпы танымал тауар белгісінің болуына байланысты тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты тұтынушыны жаңылдыруға қабілетті болса, тауардың шығарылған орны атауының (географиялық нұсқаудың) тіркелуіне дау айту және оны жарамсыз деп тану мүмкіндігін көздейтінін түсіндірді. Қазақстанның өкілі іс жүзінде тіркеу туралы әлі мақұлданбаған өтінішке де, тіркелген географиялық нұсқауға да қарсы дау айтуға және оны жарамсыз деп тануға болатынын растады.
Арнайы қойылған сұраққа Қазақстанның өкілі тұтынушыны жаңылдыру ықтималдылығының «төмен» немесе «жоғары» болуын түсіндіруді Қазақстанда белсенді пайдалану нәтижесінде алынған ерте тіркелген тауар белгілерінің танымалдылығы/жалпыға танымалдылығы өлшемшарты негізінде сот әрбір жеке жағдайда жүзеге асыруы тиіс деп түсіндіріп берді. Тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауды) мейлінше кеш тіркеуге дау айту, ерте тіркелген тауар белгісі болған жағдайда, ресми бюллетеньдегі тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауды) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін бес жыл ішінде мүмкін болады.
Тауар белгілерінің мейлінше кеш тіркелуіне қатысты Қазақстанның өкілі тауар белгілері туралы Заңның 23-бабына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жыл ішінде даулануы мүмкін екенін растады. Тауар белгісінің жосықсыз тіркелуі уақыт бойынша қандай да бір шектеулерсіз даулануы мүмкін. Мәселен, тауар белгілері туралы Заңның 42-бабының 1(1) тармағына сәйкес тауар белгісін не тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауды) тіркеу туралы куәлікті берудің құқыққа сыйымдылығы туралы дау соттың қарауына жатады.
Тауар белгісінің белсенді пайдалануы оны Қазақстаннан тыс пайдалануын көздейтінін түсіндіру туралы сұраққа, Қазақстанның өкілі тауар белгілері туралы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар белгісін пайдалану ретінде тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайша жазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар белгісіне құқықты беру немесе Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн. Осылайша, тауар белгілерін белсенді пайдалану, соның ішінде Қазақстаннан тысқары пайдалану деп түсініледі. Тауар белгісінің Қазақстандағы танымалдылық/жалпыға танымалдылық өлшемшарттары туралы сөз болып жатқанын назарға ала отырып, ол Қазақстанда да белсенді пайдалануылуы тиіс.
Тауар белгісі Қазақстанда да белсенді пайдалануы тиіс деген тұжырымға қатысты бір мүше ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің
16.2-бабына сәйкес басқа мемлекеттерде пайдалану жеткілікті болып табылатынын атап өтті. Қазақстанның өкілі тауар белгілері туралы Заңның 39-бабы 3-тармағындағы «пайдалану» терминінің тауар белгілері туралы Заңның 19-бабындағы анықтамасында берілген мәнге ие екенін және оның ойынша ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 16-бабының мағынасында жарнама тұжырымдамасына сәйкес екенін атап көрсетті. Тауар белгісі белсенді пайдаланылғаны-пайдаланылмағанын қарау кезінде уәкілетті орган жарнамаға жұмсалған бюджетті (жыл сайынғы қаржылық есептер негізінде), тұтынушыға тауар белгісінің танымалдылық дәрежесі мен танымал /жалпыға танымал болған елдер туралы ақпарат назарға алынады.
Қазақстанның өкілі, егер шығарылған елде тауар шығарылған жердің атаулары (географиялық нұсқаулар) ретінде қорғалатын жағдайда, Қазақстанда дәстүрлі географиялық емес атаулар тауарлар шығарылған жердің атаулары (географиялық нұсқаулары) ретінде тіркеле алатынын растады.