«Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы тынығу лагеріндегі «Балдаурен» тобында жүргізілген жұмыстардың



бет2/4
Дата30.07.2024
өлшемі2.1 Mb.
#503068
1   2   3   4
Жазғы лагерь

03.06.2024 жылы «Таланттар шеруі» күні
«Көңілді балалық шақ» тақ ырыбында «Балдаурен» тобында ғ ы балалар «Аққ у» және «Сұңқар» болып бөлініп білімділер сайысына түсті. Нәтижесінде екі топ бірдей баға алды. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді.
Мақал сайысына 3 оқушы, жұмбақ сайысына 3 оқушы қатысты.
Мақал сайысы бойынша жеңіп шыққан 2 сынып оқушысы Біләл Жомарт мен жұмбақ сайысының жеңімпазы Орынтай Айлин ақтық сайысқа түсті . Жұмбақшы жұмбақ жасырып, мақалшы сол жұмбақтың жауабына мақал құрастырды. Осылай сайыс жалғасып, өз мәресіне жетті.
04.06.2024 жылы «Денсаулық лигасы» күні
«Денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыпта әңгіме жүргізілді.«Ертегілер еліне саяхат» тақырыпта балаларды кюармен ертегілер көрсетіп,қандай ертегілер көргендері туралы сұрақтар қойылды.

05.06.2024 жылы «Бірлік-тірлік тірегі» күні.
«Оқиық та,тоқиық» топтық жарыс ұйымдастырылды. Оқушыларға кез келген оқулықтар үлестірілді, берілген тақырып бойынша оқып,әңгімесі айтылды. «Табиғат аясында» саяхат жасадық,оқушылардың қызығушылықтарын артып. «Туған жердің дәстүрі мен қолөнері» түрлі-түсті қағаздардан аппликация жапсырды.

06.06.2024 жылы «Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде» күні.
Өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігі бойынша таныстырылып,түсіндірілді. Әр түрлі сұрақтар қойылды. Аппликация үйірме сабағынан Қағаздан мысық бейнесін жасады.Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,әдемі жасауға тырысты.

07.06.2024 жылы «GARMONIA» күні.
«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұмат берілді.Әр түрлі сұрақтар қойылды. «Гүлдер әлемі» аппликация жүмысы ұйымдастырылды. «Арқан тартыс» ойыннан ойнатылды.

08.06.2024 жылы «Досыңа қуаныш сыйла» күні.
«Досыма хат» тақырыпта оқушылылар өздерінің сыртағы достарына хат жазды.
«Досыңа қуаныш сыйла» тақырыпта оқушылар өздерінің жақын достарына сыйлық жасап бір-біріне ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет