Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Магнит индукциясының сызықтары. Құйындық өріс



бет121/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137
annotation81765

Магнит индукциясының сызықтары. Құйындық өріс. Магнит өрісіне енгізілген магнит стрелкасының бұрылатындығын білеміз, демек, оның ұштарына қос күш құрайтын магниттік күштер әсер етеді (3.41,а-сурет). Стрелка тыныштық күйге келген кезде бұл күштер стрелка орналасқан бағытта бір түзудің бойында орналасуы тиіс (3.41,б-сурет). Бұл дегеніміз, магнит стрелкаларының көмегімен оларға әсер ететін магниттік күштердің әсер бағытымен байланысты сызықты табуға болатындығын көрсетеді.
Магнит өрісін схемалық түрде магниттік күш сызықтарымен белгілеу қабылданған, бұл сызықтар магнит өрісінің индукциясының сызықтары деп аталады. Магнит өрісі индукциясының сызығы деп әрбір нүктесінде кішкентай магнит стрелкалары жанама бойымен орналасатын сызықты атайды. Магнит өрісі сызықтарының орналасуын темір (болат) ұлпаларының көмегімен жеңіл және көрнекі түрде алуға болады. Темір ұлпалары магнит өрісінде магниттеліп, кішкентай магнит стрелкаларына айналады да, олар өріс индукциясының сызықтары бойында орналасады. 3.42-суретте ұлпалардың және бірнеше магнит стрелкаларының көмегімен алынған түзу тоқтың өткізгішке перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы магнит өрісінің түрі көрсетілген. Индукция сызықтары магнит стрелкаларының солтүстік полюстері бағытында бағытталған деп, яғни, егер жоғарыдан төмен қараса (тоқ бағытында) сағат тілі бағытында бағытталған деп есептеледі.


Кеңістіктің әрбір нүктесі арқылы жалғыз ғана индукция сызығы өтеді, сондықтан индукция сызықтары еш жерде де бір- бірімен қиылыспайды.
3.42-суреттен көріп отырғанымыздай, магнит индукциясының сызықтары тұйықталған болады, яғни олардың басы да, аяғы да жоқ және әрқашанда да тоғы бар өткізгішті орап тұрады. Бұл – магнит өрісі индукциясының сызықтарының өте маңызды қасиеті. Еске ала кететін болсақ, электр өрісінің кернеулік сызықтары зарядтарда басталып, зарядтарда аяқталып жататынды. Индукция сызықтары әрқашанда тұйықталған болатын өріс құйындық деп аталады. Сөйтіп, электр зарядтарының өрісі потенцалдық болса, магнит өрісі құйындық болып табылады екен.
Жоғарыда айтылғандардан, магнит өрісі және электр тоғы әрқашанда қатар өмір сүреді (болады) деуге болады деген қорытындыға келуге болады. Табиғатта электр тоғысыз магнит өрісі болмайды және электр тоғы магнит өрісісіз болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет