Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Түзу тоқтың, дөңгелек тоқтың және соленоидтың магнит өрісі



бет122/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137
annotation81765

Түзу тоқтың, дөңгелек тоқтың және соленоидтың магнит өрісі. Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі тоқтың күшімен және бағытымен және сонымен қатар осы өткізгіштің формасымен анықталады.
Тоқтары қарама-қарсы бағытта өтіп жатқан тоғы бар түзу өткізгіштердің магнит өрістері схемалық түрде 3.43-суретте көрсетілген. Бұл өрістер, көріп отырғанымыздай, тек индукция сызықтарының бағытымен ғана ажыратылады. Түзу тоқтардың магнит өрісі өткізгішке перпендикуляр орналасқан жазықтықта орналасқан концентрлік шеңберлер түрінде болады. Магнит өрісінің индукциясының күш сызықтарының бағыты оң бұранда ережесімен анықталады: егер бұранданың ілгерлемелі қозғалысы өткізгіштегі тоқтың бағытында өтетін болса, онда бұранданың сабының бұрылу бағыты магнит өрісінің индукция сызықтарының бағытын көрсетеді.


Дөңгелек тоқтың магнит өріс 3.44-суретте көрсетілген. Магнит өрісінің индукциясының сызықтарының бағыты магнит стрелкасының қалпы бойынша көрінеді. Ол оң бұранда ережесінің көмегімен анықталады. Тоғы бар катушка болып табылатын соленоидтың магнит өрісі 3.45-суретте көрсетілген; осыдан көріп отырғанымыздай, соленоид ішінде магнит индукциясы сызықтары өзара параллель және оны сырт жағынан айналып өтеді. Соленоидтың магнит индукциясы сызықтарының бағытын, дөңгелек тоқтың сызықтарының бағыты тәрізді оң бұранда ережесімен анықтауға болады.
Соленоидтың және тұрақты магниттің магниттік қасиеттерін салыстыру. Тоғы бар контурдың магниттік полюстері. Жолақ тұрақты магниттің (3.46-сурет) магниттік өрісін соленоидтың магнит өрісімен салыстыра отырып (3.45-сурет), бұл өрістердің сырт пішінін бойынша ұқсас болатындығын көреміз. Олардың арасындағы айырмашылық тек соленоидтың және магниттің ішінде ғана (магнит ішіндегі индукция сызықтарын көруге болмайды).


Тоғы бар соленоид пен жолақ магниттің магниттік қасиеттері бірдей болады. Мысалы соленоидты горизонталь жазықтықта айнала алатындай түрде іліп қойсақ, онда оның өзі-ақ солтүстіктен оңтүстікке қараған бағытта орналасады. Бұл Ампердің ойымен жақсы үйлесімді, оның ойынша магниттің өрісі молекулалардың микротоқтарымен жасалатын еді. Жоғарыда айтып өткендеріміз магниттің өрісінің индукция сызықтарының тұйықталғандығы жөніндегі тоқтамды растайды, яғни бұл сызықтар оның ішінде соленоидтың ішіндегідей түрде болады (3.47-сурет).


Магниттің полюстері болатындықтан, ондай полюстердің соленоидтарда да болуы тиіс деген қорытындыға келуге болады. Шындығында да, тоғы бар солениодтың бір ұшы магниттің солтүстік полюсіне тартылатын болса, ал оның екінші ұшы одан тебіледі. Оң бұранданың ережесінің көмегімен индукция сызықтарының бағытын тағайындап, солениодтың полюстерін де тағайындауға болады: магниттегі тәрізді индукция сызықтары соленоидтың солтүстік полюсі жағынан шығып, оңтүстік жағынан оның ішіне енеді. Тоғы бар контурдың да “полюстері” дәл осылай анықталады (оның полюсі болып тоқ қамтып өтетін бет болып табылады).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде соленоид пен дөңгелек тоқтың полюстеріне мынандай анықтама беруге болады: тоқ сағат тіліне қарсы қамти ағатын бет солтүстік полюс, ал тоқтың сағат тілі бағытында қамти ағатын беті оңтүстік полюс болып табылады (3.48, а, б-сурет). Катушканың полюстері 3.48, в-суретте көрсетілген. Соленоидтың полюстері 3.44-суретте берілген.
Магниттік полюстер тек қосақталып қана кездеседі. Бір магнит полюсті ешқандай тәсілдермен алуға болмайды, егер тұрақты магнитті екіге бөлсе, онда әрбіреуінің солтүстік және оңтүстік полюстері болатын екі магнит аламыз (3.49-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет