Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет42/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   137
annotation81765

Заттың агрегаттық күйі. Бір зат қатты, сұйық және газ күйінде кездесе алады, оларды агрегаттық күйлер деп атайды, мысалы, мұз, су және су буы.
Заттың қасиеттері оның молекулаларының қозғалысы және олардың арасындағы өзара әрекеттесу күштеріне тәуелді болады. Молекулалық өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінен белгілі қашықтықта ұстап тұруға тырысады да, ал молекулалардың хаостық қозғалысы оларды бүкіл кеңістік бойынша шашып тастауға тырысады. Осы екі себептің біріккен әсері әрбір заттың агрегаттық күйін анықтайды.
Екі молекуланың потенциалдық қисығын қарастырайық (2.1,б-сурет). Молекуланың ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы Eілг әліде болса аз кезде, молекула потенциалдық шұңқыр ішінде тербелмелі қозғалыс жасайды. Осы кезде оның кинетикалық энергиясы өзара әрекеттесудің потенциаялық энергиясына және керісінше өтеді. Дененің молекулаларының жылдамдықтары және Eілг шамасы түрліше бола алады, бірақ молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы Пмин мәнінен анағұрлым кіші болатын кездерде, молекулалар өздерінің орташа қалпының төңірегінде тербеліп тұрады да, зат қатты күйде қала береді.
Қыздырудың нәтижесінде дене молекулаларының энергиясы артып, Пмин мәніне жақындаған кезде, зат сұйыққа айналады: <Пмин шарты орындалатын молекулар тербеле береді де, ал көптеген молекулалардың шамасы Пмин мәнінен артық болып шығып, олар жаңа қалыпқа көшеді: затта аққыштық пайда болады.
Дененің температурасын одан да бетер арттырған кезде, мәні Пмин мәнінен артық болып шығып, молекулалық өзара әрекеттесу күші молекулаларды бір-бірінің жанында ұстап тұра алмайды да, олар бос кеңістікке шашырап кетеді, яғни газ күйіне көшеді. Сонымен, егер <<Пмин болса, онда зат қатты; егер Пмин болса, онда зат сұйық; ал егер >>Пмин болса, онда зат газ түрінде болады.
Мынандай сұрақ тууы мүмкін: неліктен бірдей температура кезінде бір заттар қатты, екінші заттар сұйық, ал үшінші заттар газ күйінде болады? Бұл былайша түсінідіріледі: потенциалдық қисықтың түрі барлық заттардың молекулалары үшін де бірдей түрде болса да, потенциалдық шұңқырдың Пмин тереңдігі және r0 мәндері заттың тегіне тәуелді болады. Сондықтан бірдей Т темпреатура кезінде бір заттар үшін <<Пмин, екінші заттар үшін Пмин, ал үшінші заттар үшін Пмин болады. Бірдей Т температура кезінде бір заттардың қатты, екінші заттардың сұйық, ал үшінші заттардың газ тәрізді болатындығы міне осылай түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет