Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет120/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   137
annotation81765

Магниттер. Магниттердің қасиеттеріне қарап, олардың айналасында белгілі бағыты бар магнит өрісінің болуы тиіс деген қорытындыға келуге болады. Бұл жерде мынандай сауалдар туады:
а) Магниттің төңірегіндегі және тоғы бар өткізгіштің айналасындағы өрістің тегі бір деп санауға бола ма, яғни екі жағдайда да бұл өрісті магнит өрісі деп санауға бола ма?
б) Егер екі өріс те магниттік болса, онда оны магнит өрісін тек электр тоғы ғана тудырады деген тоқтаммен қалай үйлестіруге болады?
Екінші сауалға жауапты Ампер берді. Ампердің теориясы бойынша магниттердің ішінде, тұйық тізбектердегі тоқ тәрізді, молекулалық (микротоқтар) тоқтар болады. Кейінірек белгілі болғандай, мұндай тоқтарды атомдардағы қозғалыстағы электрондар тудырады екен. Бұл дегеніміз, кез келген молекуланың (атомның) төңірегінде магнит өрісі болуы тиіс дегенді білдіреді. Демек, кез келген заттың қандай да болмасын магниттік қасиеттері болуы тиіс, олар оның молекулаларындағы электрондарының қозғалыс ерекешеліктеріне және молекулалардың өзара бағдарласуына, яғни заттың ішкі құрылысының сипатына тәуелді болады.
Бұл жерде темір айырықша қызық зат болып шықты. Оның атомдарының өрістері жеткілікті күшті болады және де, егер атомдар өздерінің өрістері бір-бірлерін күшейтетіндей түрде орналасса, онда темір дененің төңірегінде магнит өрісі пайда болады. Мұндай денелер магниттер деп аталады. Денедегі молекулалар хаосты түрде орналасатын болса, онда олардың өрістері өзара әлсірейді де, дененің төңірегінде магнит өрісі болмайды. Осындай денені магнит өрісіне қоссақ, онда оның молекулалары сыртқы өрістің әсерінен реттелген түрде орналасады.
Болаттың арнаулы сорттарынан жасалған дене сыртқы өрісті өшіргеннен кейін де өзінің магниттелгендігін сақтап қалады, яғни тұрақты магнитке айналады. Тұрақты магнит құрамына темір кіретін денелерді өзіне тартады. Магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарының тарту қабілеті күштірек болады. Өзінің ауырлық центрі арқылы үшкір оске орналастырылған кішкентай жіңішке созылыңқы магнит магнит стрелкасы деп аталады. Егер ешнәрсе бөгет жасамаса, магнит стрелкасының өзі бір ұшы солтүстікке, екінші ұшы оңтүстікке қарайтындай болып орналасады. Стрелканың солтүстікті көрсететін ұшын шартты түрде солтүстік полюс деп атайды және С (немесе N) әрпімен, ал оның екінші, қарсы ұшын оңтүстік полюс О (немесе S) әрпімен белгілейді.
Магнит өрісіне кез келген нүктеде белгілі бір бағытты сәйкестеуге болатындықтан (компас осыған мысал бола алады), осы нүктеде орналасқан магнит стрелкасының солтүстік полюсі қайда көрсетсе, әрбір нүктеде өріс солай қарай бағытталған деп есептеледі. Тәжірибенің негізінде магниттің аттас полюстерінің тебілетіндігі, ал қарсы полюстердің өзара тартылатындығы тағайындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет