Досанова м. М



бет32/36
Дата12.07.2023
өлшемі291.24 Kb.
#475640
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ОФПД лекция жинағы

Тұлғалық құндылықтар.
Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа айта білген елміз.
Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты [1-2] сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) [3-4] жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.
Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.
Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену процесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады. Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұлғаның субъектілік сапасын қояды. «Адамның өмірлік күші» жəне «өмірлік кеңістік» деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеуметтенудің жеке жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табылатын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған əлеуметтік ортасына, яғни өмірлік кеңістігіне сөзсіз əсерін тигізеді.
Жеке адамның өзі қоғам мүшесі, әрі әлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өміріндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі – ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатымен байланысты.
Адамның жеке тұлға болып тумайтындығы баршамызға белгілі. Ол тұлға болып, басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Адам қандай әрекет жасаса да (көп жағдайда мақсатсыз) қоршаған орта бұны қабылдай ма? – деген сұрақ маза бермейді. Басқаша айтқанда ол басқа адамдардың талап-мүдделерін көзқарасын, сезімдерін өзіне «салып өлшейді». Айналасындағылардың көзқарасынан адам бойындағы өз мінез-құлқын реттейтін өзіндік бағалау атты механизмін қалыптастырады [1].
Тұлғааралық қарым-қатынас азаматтық қоғамның өмірлік қажеттіліктерімен бір уақытта жүзеге асырылатыны сөзсіз. Адамның әлеуметтік-тарихының тәжірибесін игеру барысындағы жеткіншектің тұлғалық қалыптасуындағы жолдастарымен қарым-қатынасы біріккен іс-әрекет ретінде жеткіншектің тұлғалық қалыптасуының маңызды алғышарты. Қарым-қатынас процесінде ол коммуникативті дағды және икемін жаттықтыра отырып, өз «Менін» қоршаған ортадағы жолдастырымен салыстыра отырып қалыптастырады.
Психология ғылымында тұлғааралық қарым-қатынастың үш жақтылығы мәлім. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы ақпараттық алмасуымен байланысты, жора-жолдасының жинақтаған білімдерін бір-бірімен толықтырып отырады. Қарым-қатынастың интерактивті жағы біріккен іс-әрекет процесінде құрбы-құрдастарының өзара практикалық, әсерін қарастырады. Бұнда олардың бір-біріне көмектесу, бір-бірімен келісу, яғни жеткіншектерде өз құрбы-жолдастырмен бірігіп жұмыс атқару қабілеті пайда болады.
Қарым-қатынас икемділігі мен дағдысының жоқ болуы немесе олардың құрастыру, тұжырымдаудың жеткіліксіз болуы – жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына кері әсерін тигізеді және тәрбиелеуде қиындықтарға әкеледі.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы жеткіншектің жолдастарын, құрдастарын қабылдау және олардың индивидуалды қасиеттерін және ерекшеліктерін тану процесін сипаттайды. Бірін-бірі тану және қабылдау процесінің негізгі механизмдері – идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия және стереотипизация болып табылады.
Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті жақтарының бірлігі – балалардың өмірлік іс-әрекетінің рөлі мен формасын және мағынасын анықтайды. Жеткіншектердің өз құрбы-жолдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынасы жеке адам дамуының өмірлік қажетті алғы шарты болып табылады [2].
Қарым-қатынастың интенсивтілігі, формасы, мағынасы жасқа байланысты өзгеріп отырады. Осыған орай жеткіншек балалардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы бір үлкен ортақ құндылықты білдіреді. Олардың бір-біріне қызығушылығының өсуі және өзін құрбы-құрдастарымен салыстыруы, олармен интимдік достықты игеруге орнатуға ұмтылады.
Ересек адам жеткіншек үшін мінез-құлық эталоны еліктеудің үлгісі болып табылады. Ал, құрбы-құрдастары – бұл біріккен іс-әрекеттегі серіктестер рөлін атқарады. Жеткіншектер ересектер мен құрбы жолдастарына жаңа талаптар қойып өзара қатынастың көп түрлілігін тудырады.
Кон. И.С. пікірінше, егер төменгі сынып баланың жағдайы үлгерімінің негізіне байланысты болса және ересек адамдардың талаптарын орындаудағы мінез-құлқына тәуелді [3, 37б]. Жеткіншектердің көбісі құрбы-жолдасының топтық жетілуіне өзінің сәйкестенуіне маңызды ден қояды. Осыдан келіп, батылдық аңғарымпаздық, зеректік, өз досын түсіну және оған көмек көрсету икемділігі сияқты қасиеттер жеткіншектер үшін құндылықтың негізі болып табылады.
Жеткіншек өзінің құрбы-жолдасына көмек көрсетуге, тірегі болуына дайындығын білдіреді және жолдасынан да сондай көмекті күтеді, яғни әділеттілікке ұмтылады. Жеткіншектер арасындағы қатынастардың күрделенуі жүреді. Жеткіншек құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасынан әлеуметтік және моралды есеюінің жаңа деңгейінің көтерілу мүмкіндігіне ие болады. Жеткіншек кезінде құрбы-жолдастарымен қарым-қатынас екі тенденцияны құрайды: қарым-қатынасқа ұмтылу және берілген топқа мүшелікке қабылдануға ұмтылу.
Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктерімен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі. Оқушы білімді жай уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа әрекеттермен (шығармашылық, танымдық, қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда “білсем”, “маған керек”, “маған қажет”, деген сияқты мотивтерге “білгім келеді”, “үйренгім келеді” деген мотивтер ұласады.Сонымен дамыта оқытуды” негізгі принципінде мәселелік оқыту пайда болады. Мәселелі оқыту дегеніміз, меңгерілетін білім және интеллектуалдық дағдының бастапқы кезеңінің қалыптасуы және мұғалімнің басшылығымен өтетін оқыту процесіндегі өз еркімен тапсырма мен мәселені шешу жүйесі[4, 13-б].
Психологиялық талдауды жүзеге асыру үшін ең алдымен адамдардың өздерімен тікелей түрде іштей (терең) байланыс орнатқан, сондайлық етене кірігіп-бірігіп кеткен яғни тұтастығы көзге ұрып тұрған бірлескен қызметтік әрекеттестік ең зор маңызға ие дейміз. Философиялық пән социологиялық талдауды алатын болсақ, аталған бұл екеу өзара әрекеттесулердегі адамдардың қоғамдық қызметтерін анағұрлым кең масштабта әрі жанамаланған түрде қарастырады. Мұндай талдауларды жүргізу біз жазып отырған мақаланың міндетіне жатпайды. Біздің ұсынып отырған талдауымыз адамдардың бірлесіп қызмет атқарулары мен тікелей өзара әрекеттесулерін талдау арқылы қоғамдық процестердің кең ауқымын жоғарыда аталып көрсетілгендермен бірмезгілде жарыстыра қарастырып ашуды болжалдап отыр.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бірлесіп қызмет атқаруға өздерінің мінез-құлықтарында қоғамдық норманы бұзбауы, оны орындап жүруі дәйімі қашанда болсын қоғам мүддесінің түрткі болуынан деуге келе бермейді. Сонда басқа тұсынан келер болсақ кооперативтік қатынастардың орнығуы қоғамдық мүдденің бірлесіп қызмет атқарушылар үшін түрткі болуының жетекшілік рольге айнала бастауын жуандатады, міне осыдан байып жаңа типтегі өзара тәуелділік алдыңғы қатардан көріне бастайды. Оның мәні өзара жауапкершіліктің пайда болуынан біліне бастайды. Бұл жағдайда қоғамдық норма дербес мүдделердің жүзеге асуының алғышарттарын айқындамайды, әйткенмен ол қоғамдық мүддемен астасып біріңғай түрткілік күшке айналады. Қоғамдық маңызы бар мақсатқа қол жеткізуді бірлесіп жүзеге асыруда өзара жауапкершілікті дамытып тереңдету тұлғаны дамытудың бірден- бір маңызды жолын құрайды. Деңгейлі талдаудың мәніне келсек - онда бірлесіп қызмет атқарулар тікелей түрде және сол мезгілдің өзінде әрі саналы, әрі қоғамдық яғни ұжымдық болып орнығады, қалыптасады. Ұжымдасып қызмет атқарысудың барысында бір мақсатқа бағытталған қатынастармен және қызметкерлер аралығындағы өзара қатынастарына бағытталған айырмашылықтарынан арылып жеңілдене бастайды. Табыстарға қолы жеткен ұжымдардың тәжірибесіне көз салсақ, мұндағы топтамалардың атқарып жатқан ортақ іс-әрекеттерін әлеуметтік әрі әсерлі, байсалдылық пен біркелкілік олардың тіршіліктерінің қажетті құрамдарына айналғанын және бұлар топтың нәтижеге жетуіне оң ықпал тигізгенін көреміз. Мұндағы топтама атқарып жатқан қызметтері затқа қатыстылығы арқылы сол топтың өзіне бағытталған болады да, сол топқа қатыстылығы арқылы заттқа бағытталады. 
Осының салдары ұжымның тұтас құрылым ретінде әрі қарайғы дамуына алып барады. Осындай үжымдасып әрекет ету жағдайында қоғамдық норманың реттеушілік функциясы жаңаша түрге ие болады.Осы жаңаша түрге енген реттеушілік функция кей жағдайларда қоғамдық норманың әлгі үжым ішінде қабыл алынған қүндылығына айналады,ал басқа бір жағдайларда әлгі реттеушілік функция қүндылықтыңреттеушілік функциясына өз орнын береді. Бұл тұста қоғамдық норманың түрлі қүбылуларын тәптіштеп жатпай-ақ әлгі атап отырған норманың ерекше өзгешелекті мәнінің кейінгі қатарға шегеріліп кетіпдүндылықтың түрткілік рөлінің жоғарылай беруге бет алғаны жалпылама қорытынды екенін көреміз.Сонымен жеке дара мүдде де емес, тіпті топтамалық мүдде де емес, тек, қоғамдық қүндылық болып табылатын ғана мақсат ең басты,ешбір сатысыз тікелей түрде түрткі бола алатын күшке айналады. Ұжымдылық жағдайындағы өзара жауапкершілік өзінің ең жоғарғы нысанына көтеріледі, сөйтіп екі жағы да өзара шығармашылықтың дамуына бастау алады. Құндылықтардың реттеу функциясы әрекетке барудың мақсатына шығармашылық қолдау көрсетуден тұрса, сондайлық дәрежеде де қызметтерге қолдау көрсетуден тұрады. Ұжымдасып қызмет істеу осы мағынада алғанда шығармашылық қызметті дамытумен тығыз байланысты болып табылады.
Жеке даралықты игеру, қажеттілікті және оларды сыртқы ортаның қабылдануына жету, ересек болуға ұмтылу бұл кезеңнің негізгі қажеттілігі. Құрбы-жолдасының ұйымдасқан құрылымда әртүрлі қоғамдық ұйым және ресми емес топтар жеткіншекті өзіне тартады және мұнда олардың қызығушылығы, құндылықтары мен симпатиялары бірігіп жалпыланады.
Жеткіншектің жеке қасиеттері бір топқа құнды болып саналады, ал екінші топта одан бас тартады және оны құнды деп санамайды. Мұндай жағдайлар өзіне деген көзқарастар арасында қайшылық және өзіне деген қатынас немесе қарым-қатынаста сәтсіздік кездеседі.
Жеткіншек белгілі бір топта өзін тұлға ретінде бекіте алады және мұнда ол белгілі бір жағдайлардың ықпалына түсуі мүмкін, кейбір кезде жағымсыз әлеуметтік мінез-құлықтармен байланысты болуы да мүмкін. Жеткіншектерде қарым-қатынас процесі бірінші жоспарға адамгершілік қасиеттердің комплексін қояды. Бірақ бір немесе екі жағымсыз қасиеттері бар жолдасы оның барлық адамгершілік қасиеттерін жоққа шығарады.
Құрбы-жолдастар тобы мектеп жасындағы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына әсерін тигізеді. Олар әлеуметтік өзара әрекет формасын және эмоцияның көріну сферасы, бұлардың қажеттілігі, жеткіншекті осы топқа деген әділетті қатынас, өзара бір-біріне достық көмек көрсету, ал егер бұл процестің біреуінің бұзылуы шиеленіске әкеп соғады. Жеткіншек кезінде шиеленіс топтарды әр түрлі құнды көзқарастарды және әр түрлі адамгершілік қасиеттерінің болуынан шығады.
Адамның жалпы тұлға болып қалыптасу процесінде жеткіншектік кезең дамудағы өзгерістермен ерекше орын алады. Жаңа арнайы тәжірибе жинағы, жаңа қоғамдық қатынастар мен байланыстарға түсетін орташа жас шамасы 11-14 жастағы балаларға кез келеді. Бұл жастың негізгі жаңа қалыптасуы қарым-қатынастың кеңеюі салдарынан өзіндік сананың өсуі ата-анамен, улкендермен, құрдастармен қатынастарының күрделене түсуі болып табылады. Жеткіншектің дамудағы өзіндік санасы біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі. Олардың көптеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатыны белгілі. Бірақ өмір немесе іс-әрекет тұтастай реттелмейді. Тек олардың жеке түрлерімен механикалық түрде болады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша іс-әрекеттің бір түрлері берілген сатыда жетекші және маңызды, ал басқа түрлері алдағы дамуына онша маңызды емес[5,33].
Жеткіншектік жас – субъект психикасының онтогенетикалық дамуының бір кезеңі. Жеткіншектің психикалық даму факторларын анықтаушылар, анықталған қоғамдық тарихи шарт, оның іс-әрекетінің сипаты, оның организмнің даму ерекшеліктері болып табылады. Л.С. Выготский жастық кезеңнің дамуын қарастыра отырып, «дағдарыс жасы» деген ұғымды бөліп шығарады. Оның пікірінше дағдарыс жас дамудағы бұрылыстар, өзгерістер болып табылады, даму диалектикалық процесс және дамудың бір сатысынан екінші сатысына көшу революциялық жолмен жасалынады деп тұжырымдайды. Сондықтан бұл жасты қиын, өтпелі дағдарыс жасқа жатқызады. Бұл жас кезеңіндегі дамудың қозғаушы күші жаңа қажеттіліктердің орындалу арасындағы мүмкіншіліктер мен қарама-қайшылықтарды балаға жеңу қажет.
Көрнекті ғалымы, профессор С.М.Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орындалады деген [6].
Жеткіншектер арасында конфликттер ересек адамдармен қарым-қатынаста қанағаттанбау, өз құрбы-жолдастарының ортасына қабылданбау, жеке даралануға ұмтылудың күшеюінен туындайды. Қарым-қатынас құрбы-жолдастармен олардың «ересектілікті» жүзеге асырудың алдындағы күнделікті қорытынды дайындық.
Жеткіншектер бұл кезде әр жасқа және әр түрлі статусқа рөлдік жинағын кеңейтіп өзара қатынас құруға тырысады. Есеюдің бір деңгейі – бұл жеке адамның басқа адамды түсінуі яғни, ол іскерлік және өзара әрекет құруға әсер етеді. Жоғары сынып оқушылары құрбы-жолдастарының қайсысымен емтиханға дайындалуға болады, ал қайсысымен бос уақытын өткізуге болатыны туралы жақсы біледі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясы оқу процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Сонымен қарым-қатынас оқу-тәрбие іс-әрекетінің нәтижесінен анықталатыны байқалды. Оқыту мен тәрбие процесінде өзара қарым-қатынас жүйесін бір ізді ұйымдастыруға арналған бірнеше кеңестерді ұсынамыз:
М. Мұқанов нышан адамда іштен туа пайда болатын нерв жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері екенін дәлелдей келіп, нышанды тұқым себумен салыстырады. Себілген тұқымның өсуі топыраққа, ылғалға және күн нұрына байланысты. Өсудің бұл түрін қабілеттің даму процесімен ұқсатыруға болады [7,56б]. Психология ғылымында жеткіншек балалардың құрбы-жолдастарымен қарым-қатынастағы психологиялық функцияларын үшке бөліп көрсеткен. Біріншіден, қарым-қатынас – ақпаратты маңызды каналы, мұнда жеткіншектер ересектерден алмаған мәліметтерді өзара талқылау. Екіншіден, бұл арнайы іс-әрекеттің түрі және жеке адамаралық қатынасы, бұнда құндылық бағдардың қалыптасуының шартымен қамтамасыз етеді. Үшіншіден, бұл эмоционалды контакт. Жеткіншектердің белгілі бір топқа енуі ересектерден эмансипациясынан туындайды және өз құрбы-жолдастары жағынан психологиялық қорғанысты сезінуден пайда болады. Егер жеткіншек кезінде құрбы-жолдастарының құндылығын игеру бағдар болса, ал мұның негізінде бір-бірімен түсіну.
Ол осы қарым-қатынаста өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады. Өзінің оған, оның өзіне қатынасын салыстырады, жәбірлейтін қылықтарды анықтап, олардың себептерін білуге тырысады. Ойланумен бірге жеткіншек өзін жолдасымен салыстырады. Қорыта келе, осындай бағалау процесінде қатынастарға көңілі толмаудың себептері, кімнің кінәлі екендігі, одан әрі не істеу керек, мәселен, кешірім сұрау немесе достасуды қою қажет пе деген түсінік қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет