Досанова м. М



бет36/36
Дата12.07.2023
өлшемі291.24 Kb.
#475640
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ОФПД лекция жинағы

3.Өзіндік сананың дамуы
Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөаспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар.Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есептейді, өйткені осы кезең ішінде балаларда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтан да қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, әлеуметтік педагог пен оның төңірегіндегі ересек адамдар тарапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.
Кеше ғана сыпайы жүрген жасөспірім мінезінде аяқ астынан дөрекілік, әдепсіздік, қиқарлық, тәртіпсіздік байқалады, ересек адамдардың айтқанын талғампаздықпен, сын тұрғысында қабылдайды, олардан дәлелді, қисынды пікірді талап етеді. Осының бәрі тәжірибесіз мұғалімнің, тәрбиешінің жасөспірім оқушылармен ортақ тіл таба алмауына соқтыруы мүмкін.
Әлеуметтік педагогтар жасөспірімдермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырған кезде осы кемшіліктерді міндетті түрде ескеруі керек.
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Жасөспірім тұлғасының индивидуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі.
Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудід маңызды кезеңі, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінін, көрсеткеніндей, жасөспІрімдерде өзіне, өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы мүдде пайда болады. ЖасөспІрімдерде өзіндік сана-сезімнің жетілуі өз қылығын, содан кейін езінің моральдық сапасын, мінезін, өзінін қабілетін бағалаудан басталады. Жасөспірімдерде жаңадан пайда болатын елеулі психологиялық езгеріс?ерге — ересектік сезімін жатқызуға болады. Ондайда олар өзін ересекпін деп есеитеп, өзінің ересектігін объективті дәлелдегісі келеді. Ол өз өмірінің кейбір жақтарына ересектердің араласпауын қалайды, өз көзқарасы мен сенімін жақтауға тырысады.Жасөспірімдерде сирек те болса қарама-қарсы қасиет — жауапкершіліктен қорқу, өзінің дербестігін сезінуді және жақтауды қаламау, енжарлық таныту, жетекшІлік, басшылық етуден тайсақтау байқалады.Жасөспірімдік жаста жолдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы коллективтік және қоғамдық өмірге қызығуы, өз мүмкіндігін бағалауы, коллективте өз ор-нын табуға тырысуы, мінез-құлкындағы және жеке басында қандай ерекшеліктсрі өзіне көмектесетіндігін немесе, керісінше, өзіне қойылған талапты орындауға бөгет жасайтындығын сезінуі айқын байқалады.Көп жағдайда жасөспірімдерге ата-аналардын немесе мұғалімнін, пікірінен гөрі, класс коллективінің қоғамдық бағасы көбірек ықпал етеді. Сондықтанда мұғалім жасөспірімге коллектив арқылы да таяап қоя білгені жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В.Петровского. - М., 1986.
2. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000
3. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.
4. Обухова Л.Ф Возрастная психология. - М., 1999
5. Хрестоматия по возрастной психологии / под. ред. Д.И.Фельдштейна. - М., 1994.
6. Уилям Крэйн. Теории развития. - СПб., 2002.



Ф.7.03-18




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет