1)Есте қалдыру – бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :
1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.
2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.
3.Оперативтік есте қалдыру.
4.Ырықты есте қалдыру.
5.Ырықсыз есте қалдыру. Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.
6. Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады.
Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
1.Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2.Салыстыру.
3.Материалды топтастыру және жіктеу.
4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5.Бейнелі байланыстарға сүйену.
6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7.Мағыналы байланысты орнату.
7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
2)Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз.
3) Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді:
1)Ырықты.
2)Ырықсыз.
4) Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
1)Жағымсыз индукцияның әсері.
2)Проактивтік тежелу.
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4)Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.
5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:
Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар:
Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу.
Ұмыту – баяу тез, баяу тез.
Когнитивті даму: ойлау мен қиял
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.
Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.
Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.
Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.
Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялдың түрлері:
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман.
Пассив. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жанжақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы. Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Анализ:
Агглютинация. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді. Мәселен, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы.
Гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілерін үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп колданылады.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланысқатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |