09.04.2019
Қазақ халқы жылқыны қастерлеп, жеті қазынаның қатарына қосады: «Түбім – түрік, түлігім – жылқы» деп. Жылқылар кішкентай тіршілік иелері, сондықтан олар туралы көптеген аңыздар мен жырлар бар. Қазақтың тұздық дәстүріне қарамастан, аралар жылқыдан - кішкентайдан өтпейді, бұл жылқы қалыпты адамның дүниеге келуімен байланысты екенін білеміз. Олардың поэзиясында ел мен халықтың бойтұмары болған жабайы аңдар поэзиясында көптеген жылқы бейнелерін қалдырады. Ақын жырларындағы батырды серік еткен жылқылар бейнесіндей әсерлі, әсерлі сөйлейді.
Жылқы қылының терең сырлары мен символдық бейнелері барлық жырауларда кездесе бермейді.
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа /16,28/.
Арғымақ – қазақтың ең асылы, сұлуы. С.Қондыбай арғымақ сөзіне мынадай анықтама береді: «Қазіргі қазақ тіліндегі арғымақ сөзі таңдамалы, асыл, қайсар деген мағынаны білдіреді, бұл сөздің түпкі мағынасы мүлде басқа» деп, сөзге этимологиялық талдау жасайды. "арғымақ" сөзі: "арғымақ -" арғы түпкі ана "; арғымақ – «арғы дүниеден келген ана»; арғымақ – «арғымақ-ана»; яғни арғымақ бейнесінің «арұғ-имақ» – Ұлы Баба , әке» нұсқасы, яғни Арғымақ «адамның жаратушы-әжесі» деген мағынаны бере алады. Бұл мифологияда айғыр туралы айтылмағанымен, жылқыдан адамның жаратылуы туралы мотивтер бар. Ал жылқы күннің символы бола алады /30./.
Жетпісбаев та өз еңбегінде атап өткен. Қазақ тілімен айтқанда, аспандағы қос жұлдыз – Ақ боз ат пен Көк аттының аттары бекер айтылмаса керек. Жоғарыдағы жыр жолдарында Асан өгіздің үстінде отырдың, киелі жерде, аспанда тірі жұлдыз бар деп, соңынан ерген жолдастарыңнан ұтылмауды ұсынады. Жылқыларды күн немесе жұлдыз ретінде сақтау идеясына сәйкес мысалдарды келтіруге болады:
«Кенелейін деген жігттің,
Жылқы ішіндегі екі арғымағы тел өсер».
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымдық философиясында маңызды орын алатын төрт түлік, сондай-ақ олардың сипаттамасының пайда болу тарихы тереңде жатыр. Қазтуған жырауында:
Мұздай үлкен көбелі
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені.
Қалайылаған қасьы орданың сырығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайлаған жалғызы / 16,31/.
«Мадақ» поэмасында Қазтуған жырау өзіне қошқар бейнесін береді. Ән қошқардың әсерлі қимылын суреттейді. Қазақ халықтарында қой киелі саналған. «Қойды киелі санаған халықтарымыздың санасында оның шығу тегін көк аспан мен оттан жаратып, қазақ салт-дәстүрінде қой культі кеңінен таралған». Ал қошқар мифтерде сақталмаған, оны бағыттаушы қасиеттерінің арқасында мүйізді тақтардың қатарына жатқызуға болады. Жыр құрылыстарынан Қазтұңға жыраудың беделі биік болғаны, оның халқын, елін дұрыс жолға бастайтын көсем болғаны аңғарылады.
Арендуйте облачный сервер в oblako.kz
Удобная панель. Мощные 3GHz процессоры. SLA 99.86%. Поддержка 24/7. Бесплатный тест
Узнать больше
Студент
Бас бет Қазақ әдебиеті
XV-XVІІІ ғасырдағы ақын жыраулар шығармаларын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру
08.03.2019
Жазушы М. Мағауин дегенде, тіл ұшына соның бәрінен бұрын «Қобыз сарыны» орала береді. Ол да заңдылық оқырман үшін бұл қаламгер Иә, иә… қазақ әдебиетінің тарихын үш ғасыр әріден зерделеген «Қобыз сарыны» монографиясы мен атышулы репрессия психологияның белгілі дәрежедегі үлгісін түсірген «Болезнь Боткина» әңгімесіне дейінгі күрделі күрес жол. Қазір де библиографиялық сирек басылым қатардағы «Қобыз сарыны» монографиясы қаламгердің тасы басылған тұңғыш дара кітабы.
«Қобыз сарыны» 1968 жылы жарық көрген, ХV-ХVІІІ ғасырларда
қазақ жырауларының творчестволық- тарихи тұлғаларын нанымды нақты сипатталған бұл зерттеу жазушының ғана тырнақалдысы емес,
қазақ әдебиеті тарихындағы профессор Бейсенбай Кенжебаев мектебінің бір белесті кезеңінің басы, басты құбылысы болатын. Бұған қоса сол тұста шыққан әрі зерттеу, әрі хрестоматиялық оқулық «Ертедегі әдебиет нұсқалары» да оқырман есінде. Сөйтіп, қазақ әдебиетінің тарихын үш ғасыр тереңдей түсті, үш ғасыр әрі жылжыды…
Қазақ әдебиетіне қаншама соны сарын, тың беттер, тұлғалы ақын- жыраулар қосылды. Ақындық өнердің жеті қат көктің төріндей қаншама шырқау қабатары ашылды… Ендігі биіктен көз салғанда қазақ поэзиясы, зерттеуі тарихындағы бір қайта өрлеу кезеңі сол екен. Сол тұста сол ізденістің бұл ортасында зерттеуші, жазушы М.Мағауин таланты, қызметі ерекше оқшауланып көрінді. Халық әдебиетіне деген соншама жанкешті махаббат, халық жырларының сиқырлы
сырларына құштарлық, жалпы мәдениетінің халықтың рухына іңкәрлік қаламгер, талантының бұдан кейінгі өмірлік кредосына айналғандай. «Қобыз сарынынан» басталады.
М.Мағауин творчествосы турасында ғана емес, басқа да бірқатар
қаламгерлеріміз тарих- тағдырдың қайбір күңгірт парақтары тұмшалаған сайын, асылдарымызды әркез еске түсіріп, ауызға алып, ақы мен де, көзсіз тәуекел мен де ел құлағына салып отырмағанда, әдеби процестегі бүгінгі жанару, ағарту болар ма еді, болмас па еді, кім білсін.
Тарихи тақырыптағы шығармалары ғана емес, жазушының бүкіл
туындыларында ұлтымыздың кешегі- бүгінгі психологиялық, материалдық дара белгілері саурап жатыр. «Қара қыз», «Бір атаның балалары» повестері сияқты күні бүгінгі тақырыпқа арналған туындыларын еске түсіреміз.[5; 16-17 бет]
«Қобыз сарыны» — Мұхтар Мағауиннің жиырма бес жасында тәмам болған екен. Алғашқы елеулі шығармасы және қалай, қанша жазса да, бірегей әрі мәнді еңбегі болып қала бермек.
XV-XVIII ғасырларда, яғни Қазақ Ордасы заманында жасаған ақын, жыраулардың мүлде дерлік ұмытылған, көбіне көмескі тартқан, қазақ-совет әдебиеттану ғылымынан мүлде аласталған һәм тыйым салынған мұрасын жинақтау, қайта тірілту бар байыбын айғақтап, жан-жақты зерттеуге түсіру тарихы, бұдан соңғы зобалаңдар жайы жазушының «Қия жолдар» роман-естелігінде көрініс тапқан. Бір сөзбен ғана қайырсақ – көне мұра, ұлт мәдениеті, болашақ бағдар үшін күрес…
Ежелгі түрік дәуірінен бастау алатын қазақ әдебиетінің мың жарым жылдық дәйекті тарихын қалпына келтіру мәселесін алғаш көтерген – профессор Бейсенбай Кенжебаев еді. Ақыры көкезу дауға айналды. Әлбетте, түрік текті халықтардың бәрінің де әдебиеті Түрік қағанаты, тіпті, одан да бұрынғы дәуірлерден бастау алатыны – Одақтық, ел алдымен орыс
түркологиясында шешімін тапқан мәселе, ерте ме, кеш пе, қазақта да мойындалуға тиіс; мұндағы дүмшелердің ең басты қарсы дәлелі – Алтын Орта дәуірінің әдебиеті үзілген XV ғасыр мен біздегі, XVIII ғасырда жасаған Бұқар жыраудың арасында ештеңе жоқ, яғни тарихи және дәстүрлі жалғастық туралы да сөз болуға тиіс емес деген долбар еді.
Профессор Бейсенбай Кенжебаев өзінің университеттің алғашқы курсынан бастап қамқорлыққа алған жас шәкіртін аспирантураға түсіреді де, осы XV-XVIII ғасырлар аралығын зерттеуге міндеттейді.
«Қия жолдарда» айтылғандай, бірінші жыл қармаланумен өтеді. Екінші жылдың ортасында әлденендей сәуле көрінеді, бұдан соңғы жарты жылда бар дерек жиналып бітеді. Жазу – аспирантураның соңғы, үшінші жылданда басталыпты – 18 қазаң, 1964, Шал ақын. Бес күнде тәмам болады. Бұдан соң, деректерді жинаұтаған, ой қорытқан үлкенді-кішілі үзілістермен жұмыс бірқалыпты жылжи береді. 5 маусым, 1965 – диссертация, яғни болашақ «Қобыз сарыны» монографиясы тәмам. Ғылыми жұмыстарға тән жалпақ кіріспе тарау, жан-жақты дәйек, сілтемелерімен қосылғанда, мәшіңкеге басылған 285 бетке тартыпты, мұның сыртында қазақ тарихы мен мәдениетінің арғы-бергісін, тақырыпқа қатысты қатысты теориялық еңбектерді түгел қамтыған, тура 33 беттік әдебиет тізімі бар… Жұмыс ғылыми жетекшінің мақұл, ризашылығынан соң, II қазан күні кафедрада талқыға түседі. Бес жыл университет, үш жыл аспирантура – көз алдарында өскен жас балаға, қазақ әдебиетінің бұған дейін белгісіз болып келген, тұтас бір дәуірін айғақтаған зерделі еңбек ұсынып отырған жас ғалымға ақсақал, қарасақал ағалары – бүкіл қазақ әдебиеті кафедрасы тарпа бас салыпты. Иә… бұл туралы да «Қия жолдарда» жазылған.
Кітап жайына көшсек, арада үш апта толмай, талайын алыстан таныған Ғабит Мүсіреповтың жебелеуімен «Қазақ әдебиеті» газетіне сын бөлімнің меңгерушісі дәрежесінде қызметке орналасқан жас жігіт диссертацияның
ғылыми аппаратын жеңілдетіп, «Жазушы» баспасына «Қобыз сарыны» деген атпен алғашқы кітабын ұсынады. Қолжазба алдағы 1966 жылдың тақырыптық жоспарына ілінбейді. Келесі — 1967 жылдың жоспарына да сыймай қалады. Ендігі үміт — 1968 жылда…
Бұл екі ортада қаншама бейнеттен соң диссертация да корғалады — наурыз, 1967. Ол кезде диссертацияның қорғалуы — қажетті ғылыми атақ қана емес, айтылмыш тақырып та ресми түрде, саяси тұрғыда бекіді, шатағы, кілтипаны жоқ, рұқсат деген сөз. Басқа рұқсаттар да ретімен келіп жатқан. Еңбек түгелге жуық, түгел болмаса да, негізгі бөлігі, басты тұрғыларымен жарияға шыққан — он бес мақала. Әйтсе, де, кітаптың жолы жабық еді- ескілікті тақырып, әдебиет тарихы… Ақыры, оның да сәті түседі. 1967 жылы, көкек айының соңғы күндерінде «Жазушы» баспасына Ілияс Есенберлин директор болып келеді. Арада апта өтпей, Мұхтар Мағауин де баспаның орынбасар бас редакторы қызметіне шақырылады.
Бұдан соңғысы оңай болыпты. Дайын тұрған қолжазба арынды жаңа директордың алқауымен алдағы жылдың тақырыптық жоспарына енгізіледі, көп ұзамай, өндіріске әзірленіп, қыркүйекте терімге түседі; жаңа жылдың екінші айында басылып шығады.
«Қобыз сарынының» жарыққа шығуы қазақ руханиятындағы көмескіні айқындаған, тың серпіліске, жаңа өрістерге жол ашқан ерекше оқиға болды. Кітап қазақ зиялылары тарапынан (Б. Кенжебаев, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Қ.Бекхожин, Р.Сланов, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, Б. Ысқақов, т. б.) мейлінше қолдау тапты, ағымдағы баспасөзде жоғары бағаланды.
«Қобыз сарыны» 1970 жылы орыс тіліне аударылды (П. Косенко, «Жазушы» баспасы). Алғашқы басылымнан соң, арада ширек ғасырға тақау уақыт өткенде «ғасырлар бедері» біртомдығының құрамында екінші қайыра жарияланды. 1992 жылы «Қазак хандығы дәуіріндегі әдебиет» атауымен, жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық ретінде үшінші мәрте басылды.
«Қобыз сарынының» ізін ала, ондағы ежелгі ақын-жыраулар мұрасы жинақталған «Алдаспан» антологиясы баспаға дайындалған еді. 1970 жылы жарыққа шықты. Кітап жұрт алдыма жетіп, жаңа тарай бастаған кезде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің (С. Имашев, М. Есенәлиев) шұғыл нұсқауы бойынша тұқынға алынып, көп ұзамай бар тиражы жиналып, пышаққа жіберіледі. «Алдаспанның» күзелген, қысқарған жаңа нұскасы келесі, 1971 жылы қайыра басылады. Арада бірталай заман озғанда бұл кітап «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) жинақтарына ұласты. 1993 жылы «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, хрестоматия» атауын жамылып, толығымен қайыра басылды. 1978 жылы Ленинградта орыс тілінде шыққан «Поэты Казахстана» атты алты ғасырлық антологияның бастапқы, ең сүбелі бөлігі де сол «Алдаспанды» қайталайды.
«Қобыз сарыны» он үш томдық «Шығармалар жинағының» құрамында, («Қағанат» баспасы, 2002. VIII т.) төртінші мәрте басылған еді. Әлбетте, қазір заман өзгерген, дүние кеңіген, ой-пікірге тұсау жоқ. Алайда жазушы жаңа басылымға ешқандай өцдеу, үстеме жасамады. Әрине, кезінде айтылмай қалған сөз, қыстығып қалған пікір бірталай болса керек. Алайда, жазушы жаңа сөз — өткенге түзету ретінде емес, өз алдына жеке лепес түрінде айтылуы қажет деп есептейді (мұның бірден-бір мысал — 1993 жылы Бұқар жырау туралы жазылған «Ұлт ұраншысы» атты шағын мақала). Тек бір-ақ жерде, кезінде қазақша нұсқаға өтпей қалған, өтуі мүмкін емес, алайда орысша аудармасына қосылған бір сөйлем қалпына келтірілді. Қолыңыздағы жаңа, бесінші басылым осы он үш томдық бойынша беріліп отыр.
«Қобыз сарыны», ондағы әдеби мұраға қатысты қаншама жаңалық, сол заман үшін мүлде тосын тарихи көзқарас пен өзгеше ұлттық сана, еңбегің өз тұсындағы ой-танымға әсер-ықпалы, бүгінгі күнге жалғасқан үлгі-өнегесі өз кезегінде болашақта қаншама соны зерттеуге ұйтқы болары күмәнсіз.
Әлбетте, қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен- ақ кемел өре көркем келісімге жетуі заңды болса керек. Қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері- өз кезінде бүкіл Дәшті-Қыпшаққа даңқы кеткен Асан Қайғы, Қодан – тайшы, Қазтуған жырлар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз.Бұлардың біздің заманымызға жеткен шығармаларынан Көк Орда ұлысындағы бүліншілік, қазақтаркөтеріле көшіп, тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедер тапқан. Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы да танылғандай. Елге ұйытқы, ер- азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт- бағдырын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін де айқындап кетті.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді. Ол көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында хандық үкіметті нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті, Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді.
Сақара эпосын тудырушылардың бірі- ірі эпик, ерлік жырлаған шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик болған Қазтуған өз артына өмір туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан
мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырады. Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырларытабиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады.
Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз өнернамалары айрықша әсер етті.
Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523 ж., өлген) шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің өр тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады.
Көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі- Шалкиіз жырау ( шамамен 1465-1560) Өзінің ұзақ өміріндегі Дәшті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді.Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді, турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлігімен, көзегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы- түз тұрғынының дүние танымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері,моралдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Жырау дүниеде мәңгі, тұрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем бір қалыпта тұрмайды. Сол сияқты, адам да тіршілікте талай қилы кезеңдерді өткермек. Шалкиіз ислам дінінің қағидаларын жақсы білгенімен де, ата- баба дінін жоғары тұтқан сияқты, алла атынан гөрі тәңірі атына көбірек ден қояды. Жыраудың пайымдауынша, адамның адамдық қасиеті оның ата тегінде, қоғамдағы орнында емес, жеке басының жақсылығы, жаманды сипатайды. Досқа адал, дұшпанға айбар, ағайын жұртқа мейірлі, туған елге қайырлы тиер жігіт қана азамат атануға тиіс. Адам үшін ең қымбат нәрсе- Отаны. Жырау өнернамасынан ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да өзекті орын алады.
Қазақ халқы ерлік күреске толы күн кешкен XVІІ ғасырдың біздің заманымызға Жиембет, Марғасқа жыраулардың аттары жетті. Екеуінің де өмір жолы XVІІ ғасырдың алғашқы жартысында, Есім хан тұсында болған тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жоршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа ұйысқан күшті феодалдық мемлекет құру туралы идеяларының ұраншысы қызметін атқарса, ел билеуші ірі шонжарлар әулетінен шыққан Жиембет жырау хан үкіметіне оппозицияда болады. Бұлардың екеуі де сөз өнерін жете меңгерген арқалы жыраулар еді. Марғасқа мен Жиембеттің біздің заманымызға жеткен санаулы ғана толғаулары XVІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының сын-сипаты, даму бағдары ежелгі арна, байырғы дәстүр ауқымында болғандығын танытады.
XVІІІ ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан-шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт- бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті.
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойраттарға күйретте соққы беруді армандайды,жұртшылықты ерлікке үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Ақтамберді өнернамасындағы отаншылдық, патриоттық сарындар XVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт- бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады.
Осы кезеңде өмір сүрген тағы бір талантты жырау Үмбетей (1706-1778) Мұрасындағы жетекші тақырып- сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен ел қорғаны батырларды мадақтау. Әсіресе жыраудың Бөгембай
батыр атына қатысты жырлары халық арасына кең тарады. Бұл шығармаларында Үмбетей Бөгембайдың жеке басының ерлігін, қолбасылық қызметін, адамгершілік қасиеттерін, әсіре патриотизмін негізге ала отырып, халық бақыты жолындағы күрескер, ел тұлғасы- азаматтың биік бейнесін жасайды. Сонымен қатар Үмбетей әр түрлі тақырыптағы тұрмыстық өлеңдерге де көңіл бөлген. Жырау қазақ ауылындағы барымташылдық, зорлықшылдық, ру таласы сияқты жарамсыз мінездерді сынайды.
Үмбетейдің замандасы, жорық жыршысы болған Тәтіқара ақын өзінің 1756 жылы Қазақстан шегіне басып кірген Цин әскерлеріне қарсы күрес күндерінде туған жырларымен аты шығады. Қазақ халқының шүршіт басқыншыларына қарсы ерлік күресіне қолына қару алып қатысқан Тәтіқараның ұрыс- соғыстар үстінде, от жалында туған патриоттық мазмұндағы жырлары өз кезінде жұртты тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыруда игілікті қызмет атқарады.
XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең соқталы өкілі- Бұқар жырау. Арқалы жырау, қабырғалы би Бұқар өз тұсындағы қазақ хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды.
Бұқар өзінің таңдаулы шығармаларында қазақ қауымы үшін мәні зор әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұлардың ең бастысы- ел бірлігін ту ету, ішкі, сыртқы жаулардың қандайымен болса да бітіспес күреске үндеу. Бұқар Абылайға арнаған және халық атына қарата айтылған толғауларында Цин империясының түпкі саясаты- қазақ даласын жалмап жеу екендігін ашып көрсетеді. Ел шетіне енген шүршіт әскерлеріне қарсы аяусыз күрес қажетін насихаттайды, шүршіт басқыншыларының осының алдында ғана еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін тегіс қырып,
Жоңғар мемлекетін жер бетінен қалай жойғанын мысалға келтіреді.
Бұқар шығармаларынан жыраудың өзі өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Хан – сұлтандардың, ірі феодалдарының әр жүзде, тіпті кейде жекелеген руларда өз билігін жүргізбек болған, ұлттық мүддеге қайшы, баққұмар саясаты, ру аралық тартыстың күшеюі, заманның өзгеруіне байланысты адамдардың санасындағы құбылыстар- міне, осының бәрі де белгілі мөлшерде жырау өнернамасынан көрініс тапты. Бұқар қазақ қауымының ежелгі тұйықтықтан арылуға бет алғанын, көне патриархалдық қатынастар бұзыла бастағанын көреді, осының бәрі болашақта жүзеге асар түбегейлі өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді.
Енді бір топ өлеңдерінде Бұқар өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Табиғат бір қалыпта тұрмайды дейді жырау. Ол өзгеріп, жаңарып отырады. Айдын көлдер суалып, шөлге айналуы мүмкін, қу медиен дала көкорай шалғынға бөленуі мүмкін: дүниеде мәңгілік, тұрақты ештеңе жоқ. Адам табиғаты да сондай. Адамның өзгеруіне, оның мінез- құлқының, моральдық қағидаларының өзгеруіне орай, қоғам да өзгеріп отырмақ дегенде мегзейді жырау. Дәстүрлік жыраулық поэзияның көркемдеу тәсілдерін жете меңгерген Бұқар жырауды көне қазақ поэзиясының қорытынды түйіні іспеттес болды.
XVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері- Көтеш және Шал ақындар. Жарлы ортадан шыққан, өмір бойы жоқшылық тартып өткен Көтеш өлеңдеріндегі негізгі сарын- кедейлік тақсыретті, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырыптық жағынан алғанда біршама бай. Бұлар: дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайы сөз етілетін философиялық- дидактикалық үлгідегі туындылар, көшпенділердің күнделікті өміріне, шаруашылығына қатысты тұрмыстық өлеңдер, жеке адамдарға арналған эпиграммалар, арнау жырлар мен әр түрлі жағдайда туған экспромттар. Жан- жақтылығы, өмірге жақындығы,елегезектігі, жыраулар поэзиясында қамтылмаған жаңа тақырыптарға баруы Шал шығармаларының қазақ қауымының барлық саласына кеңінен тарауына ғана себеп болған жоқ, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтті, қазақ топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына септесер алғы шарттар жасады. [4; 170-175 б]
Достарыңызбен бөлісу: |