Доспамбет жыраудың өмірбаяны



бет6/9
Дата06.03.2023
өлшемі151.72 Kb.
#470438
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Доспамбет жырауды? ?мірбаяны

Үмбетей мен Бұхар жырау.
18-ғ бірінші жартысында өмір сүрген, пәл сапалық- дидактикалық толғауларымен ерекше көзге түсетін Үмбетей (1706-1778) мен Бұхар жырау (1688-1781) .
Бөгембай батырдың сенімді серігі, жалынды жыршысы ретінде көзге түскен ақын- Үмбетей жырау.
Үмбетей адам мінезіндегі кейбір кесірлі қылықтарды өткір сынап, адамгершілік мәселелерін де сөз етеді.
Мысалы, “Жауға – шарға “ деген өлеңінде:
Бұрала біткен емендей,
Қисық туған адамсың.
Бұл мінез, бұл қылықпен
Қайдан абырой табасың, —
деп мінеп –сынаса, қолына ұры ұстап, маңайындағы елдің малын ұрлап, азаматын сойылға жығып, маза бермеген Бәке биге;
Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық-
деп көрші жатқан елдің жылқышысын сойылға жығып, басын дауға, малын сауғаға салған әрекетін әшкереілеп, оның жауыздығын бетіне басады.
17-18ғғ. өмір сұрген ақын жыраулардың ішіндегі биік тұлғаның бірі- Бұхар Қалхаманұлы. Ол арабша өте сауатты болған. Ел билеу ісіне белсене араласқан, Абылайханның ақылшысы, қабырғалы билердің бірі.
Бұхар өзінің бір топ өлеңдерін қалмақтармен қырғын соғыста ерен- ерлік көрсетіп, елін, жерін жаудан аман-есен қорғап қалған қазақтың үш жүзінен шыққан көптеген батырлардың ерлік істерін мадақтауға арнаған.
Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған.Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл- қайрат пен талаптың тасыған шағы жиырма бесті іздесеңде таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп ақыл айтқан.
Шал ақын.
Шал ақын (1748-1819) 18ғ. Екінші жартысында Бұқардың ізін баса аренаға шыққан суырып салма, ақылгөй ақын- жыраулардың бірі. Шал туралы алғашқы пікір айтқан Ш. Уалиханов.
Шалдың дүниеге көзқарасында діншілдік сарын кездесіп отырады.
Ақын шығармаларында жігіттің “құр жан”, “тірі жан”,”жігіт жан” деген үш түрлі типтерін сөз етеді.
Шал толғауларында нәресте, бөбек, сәби, боз бала психологиясының қалыптасу, даму ерекшеліктері қақында да салихалы ои түиіндері кездеседі.
Ақын әр тұрлі жас өкілдеріне айшықты теңеулер арқылы психологиялық анықтамалар береді. Қазақта келінге деген ілтипат оған деген зор құрметке айналған.
Шал өлеңдерінде нашар келіндер былаиша сипатталады:
Ақырған аждаһардай аю келін,
Біз түгел құдайыннан ұялды ма
…Кей келін ас бермейтін қара келін
Келін шайнау болғаны оңбағаны…
Көрьедің шыбын құралы мені келін
Жұрт силаған басымды күлге теңеп,
Жаярмын талай жерге сені келін…



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет