Дп 042 01. 2014 Басылым№2 басылым 03. 09. 2014



бет6/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#14273
1   2   3   4   5   6

Дәріс 7. Қазақстанды Ресейдің жаулап алуының аяқталуы отарлау саясатын жүзеге асыратын жүйенің құрылуы.
1. Жетісу, Сыр, Арал өңірі қазақтары жэне 19-ғ. 30-40жылдарындағы Ресей патшалағының эскери жорықтары

2.Қазақтардың Ресей патшалығы мен Қоқан билеушілерінің отарлық қысымына қарсы азаттық күресі

З.ресей империясының қазақ даласын жаулап алу, отарлауда қолданған эдіс-тэсілдері

XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа жэне Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз жэне Торғай бойына шейін жететіндігін білдіреді. Сырдарияның төменгі жағасына орыс жэне қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мүнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бүл эрекеттері ол қалағандай Қоқан қолдары, артын ала жақсы қаруланған Ресей эскерлері ығыстыра бастайды. (Қосымша беттегі карта )

Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақыруды қару етіп алды. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Бірақ олардың мүндай эрекетінен мардымды нэтиже шыға қоймайды. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да қүтылуға эзір еді.

Тура осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бар-тын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта түсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркэсібіне түркістандық рынок аса қажет еді. Қазақ түтынушылары орыс көпестерінен үн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бүйымдарды үлкен мөлшерде ала бастайды. Бүхар мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалған бүйымдарды, қант жэне басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мыңдаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда Түркістанмен түрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады.

Бүл мезгілге шейін Үндістанға орнығып, енді Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі. Ресей үкіметінің бүл эскер күшімен іске асырылған эрекеті екі бағытта жүрді. Бірі батыстан, яғни Орынбор және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал екіншісі шығыстан, яғни Омбы-Семей-Жетісу арқылы.

Батыс бағытын іске асырушы Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 ж. бес мың қолдан түрған Хиуа жорығын үйымдастырды. Бүл жорық ешқандай нэтижесіз аяқталды. 1847 ж. генерал-губернатор В.А. Обручев Сырдың төменгі ағысында орнығуды көздеп, бүл өңірдегі аса ықпалды түлға Жанқожа батырмен жылы қатынас орнатып әрі оған түрлі сыйлықтар жасап, Райым (кейінірек Арал аталған) бекінісін салуға кол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бүл өңірдегі Хиуа жэне Қоқан тепкісінен қүтылу үшін керек болған еді. 1850 ж. Жанқожа Райым бекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорган бекінісін алады.

1844 ж. патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей еніп, түрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау ісі жаңа қарқын ала бастады. Соның нэтижесінде Райым бекінісінің артын ала Қазалы бекінісі түседі. Бүл бекіністерге жақсы қаруланған жаяу әскер мен атты казак эскері орналастырылды. Оларға жүктелген міндеттер қазақ ауылдарын бағындырып, хиуалықтар мен қоқандықтардың бетін қайтарып, олардың бекіністерін алу еді. 1853 ж. эскери губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан түрған орыс эскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт Перовский" деп қойды. Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекіністер тізбегі өмірге келеді.

Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісу облысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол арқылы Қоқан жэне қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді. 1846 ж. Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс эскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бүл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, ¥лы жүз қазақтарын өз қүрамына қосып алуды, сондай-ақ, Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісім-шарт жасасуды көздеді.

Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген ¥лы жүздің бір топ сүлтандары мен билері 1846 ж. жаңа билікті мойындайтындығын мэлімдеп, ант береді.

1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс эскеріне елеулі қарсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таукөбек қамалы еді. 1850 ж. сэтсіз аяқталған екі эрекеттен соң, келесі жылы жазда орыс қолдары бүл бекіністі алып, жойып жіберді. Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа шейін ұстанған эдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай жэне Қоқан сияқты қарсыластарымен егесте, сондай-ақ, Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар, эскери шен-шекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.

1853 ж. Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа Жетісуда Ресей позициясын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Қүлжа жэне Қырғыз бағытындағы сауда жэне басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды. ¥лы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы Алматы елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында казак эскерінің станицасы салынады. Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір казак-эскерінің 132 отбасы жэне 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Оның артын ала Алматыға Сібір казак-эскерінің оныншы полкін енгізу жөніндегі патша жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу эскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды жэне Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды. Бұл мезгілде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей енді негізгі назарын Түркістанға аударып, мұнда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бұхар жэне Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 ж. көктемде ол екі бағытта эскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды. Осы жылдың жазында бұл екі эскер қолдарының бірі Түркістанды, ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс эскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу жэне атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай — екі жақтың да эскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан эскері құрамындағы қазақ қолын Кенесары ханның ұлы Сыздық сүлтан, ал орыс әскері кұрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді. Сондай-ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Сыздық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уэлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.Екінші шабуылдан соң, 1865 ж. орыс эскері Түркістан өңірінің ірі сауда жэне саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық жэне үйымдық түрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы қүрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тэуелділік кезеңі басталады.

Пысықтау сұрақтары:

1. Жетісу, Сыр, Арал өңірі қазақтары жэне 19-ғ. 30-40жылдарындағы Ресей патшалағының эскери жорықтарының маңызы неде ?

2.Қазақтардың Ресей патшалығы мен Қоқан билеушілерінің отарлық қысымына қарсы азаттық күресінің нәтижесі ?

З.ресей империясының қазақ даласын жаулап алу, отарлауда қолданған эдіс-тэсілдері қандай болды ?
Ұсынылған әдебиеттер:

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.


3. Практикалық сабақтар:

Тақырып 1.
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы.


2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 2.

Қазақ-орыс қатынастарының тарихнамасы



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 3.

XVI-XVIІІ ғасырлардағы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланыстары



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 4.

XVI-XVIІІ ғғ. қазақ-орыс саяси қарым-қатынастарының негізгі



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 5.

XVI-XVIІІ ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 6.

Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары және экономикалық қарым-қатынастары



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 7.

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы






1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 8. Қазақстанды Ресейдің жаулап алуының аяқталуы отарлау саясатын жүзеге асыратын жүйенің құрылуы және оның маңызы

2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 9.

Кіші және Орта жүз хандықтарының Ресей бодандығын қабылдауы және Ресей дипломатиясы.



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 10.

XVI-XVIІІ ғғ. Қазақ хандығының халықаралық жағдайы.



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 11.

Қазақ хандарының дипломатиялық шеберлігі.



2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 12.

ХҮІІІ – ғасыр мен ХІХ ғасырдың І жартысындағы ресей-қазақ қоғамы.



3

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,19974. Барг М.А. Категория и методы исторической науки.


Тақырып 13. ХҮІІІ - ғасырдың соңы мен ХІХ - ғасырдың І жартысындағы Қазақ – Ресей қатынастары онығң әлеуметтік – экономикалық жағдайы.


3

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997


Тақырып 14 Қазақстан мен Ресейдің қазіргі саяси-экономикалық байланыстары

2

1Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

2Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

3 Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003


Тақырып 15. Қазақ халқынының басқа елдермен халықаралық қатынастар

2

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.

5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы.,2003

6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. Алматы.,1997



4. МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Магистранттардың өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.

Өздік жұмысының кең таралған және маңзыд түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастырудағы үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені магистранттың өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға магистранттың тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірніш кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқа да библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Магистрантты анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау.


4.2 Магистранттардың өздік жұмыстарының тақырыптары

    1. Қазақ – орыс қарым - қатынастардың алатын орны

4.2 ХVІ-ХVШ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының зерттелуі.

4.3 ХVІ-ХVШ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының дерек көздері.

4.4 XVI ғ. Қазақ хандығының көрші елдермен елшілік байланыстары.

4.5 XVII ғ. Қазақ хандығының көрші елдермен елшілік байланыстары.

4.6 XVIII ғ. І-ширегіндегі Қазақ хандығының көрші елдермен елшілік байланыстары.

4.7 Тәуекел хан тұсындағы қазақ-орыс байланыстары.

4.8 Жоңғар басқыншылығының қазақ-орыс қатынастарына ықпалы.

4.9 Әбілқайыр ханның саясаты.

4.10 XVI-XVШ ғғ. Қазақ хандығының халықаралық жағдайы.

4.11XVI-XVШ ғғ. қазақ-орыс байланыстары ауызша дерек көздерінде.

4.12XVI-XVШ ғғ. қазақ-орыс байланыстары «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде жүйеленуі.

4.13Қазақ хандығының XVIII ғ. І-жартысындағы саяси, экономикалық жағдайы.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет