Дп 042 01. 2014 Басылым№2 басылым 03. 09. 2014



бет5/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#14273
1   2   3   4   5   6
Ұсынылған әдебиеттер:

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.


Дәріс 9. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы орыс- қазақ қатынастарындағы мемлекеттік емес жаңа кезеңі.

Дәріс 10. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына бүтіндей өтуі және ХІХ ғ екінші жартысындағы әкімшілік территориялық реформалар

XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа жэне Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз жэне Торғай бойына шейін жететіндігін білдіреді. Сырдарияның төменгі жағасына орыс жэне қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мүнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бүл эрекеттері ол қалағандай Қоқан қолдары, артын ала жақсы қаруланған Ресей эскерлері ығыстыра бастайды. (Қосымша беттегі карта )

Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақыруды қару етіп алды. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Бірақ олардың мүндай эрекетінен мардымды нэтиже шыға қоймайды. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да қүтылуға эзір еді.

Тура осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бар-тын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта түсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркэсібіне түркістандық рынок аса қажет еді. Қазақ түтынушылары орыс көпестерінен үн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бүйымдарды үлкен мөлшерде ала бастайды. Бүхар мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалған бүйымдарды, қант жэне басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мыңдаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда Түркістанмен түрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады.

Бүл мезгілге шейін Үндістанға орнығып, енді Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі. Ресей үкіметінің бүл эскер күшімен іске асырылған эрекеті екі бағытта жүрді. Бірі батыстан, яғни Орынбор және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал екіншісі шығыстан, яғни Омбы-Семей-Жетісу арқылы.

Батыс бағытын іске асырушы Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 ж. бес мың қолдан түрған Хиуа жорығын үйымдастырды. Бүл жорық ешқандай нэтижесіз аяқталды. 1847 ж. генерал-губернатор В.А. Обручев Сырдың төменгі ағысында орнығуды көздеп, бүл өңірдегі аса ықпалды түлға Жанқожа батырмен жылы қатынас орнатып әрі оған түрлі сыйлықтар жасап, Райым (кейінірек Арал аталған) бекінісін салуға кол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бүл өңірдегі Хиуа жэне Қоқан тепкісінен қүтылу үшін керек болған еді. 1850 ж. Жанқожа Райым бекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорган бекінісін алады.

1844 ж. патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей еніп, түрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау ісі жаңа қарқын ала бастады. Соның нэтижесінде Райым бекінісінің артын ала Қазалы бекінісі түседі. Бүл бекіністерге жақсы қаруланған жаяу әскер мен атты казак эскері орналастырылды. Оларға жүктелген міндеттер қазақ ауылдарын бағындырып, хиуалықтар мен қоқандықтардың бетін қайтарып, олардың бекіністерін алу еді. 1853 ж. эскери губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан түрған орыс эскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт Перовский" деп қойды. Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекіністер тізбегі өмірге келеді.

Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісу облысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол арқылы Қоқан жэне қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді. 1846 ж. Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс эскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бүл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, ¥лы жүз қазақтарын өз қүрамына қосып алуды, сондай-ақ, Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісім-шарт жасасуды көздеді.

Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген ¥лы жүздің бір топ сүлтандары мен билері 1846 ж. жаңа билікті мойындайтындығын мэлімдеп, ант береді.

1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс эскеріне елеулі қарсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таукөбек қамалы еді. 1850 ж. сэтсіз аяқталған екі эрекеттен соң, келесі жылы жазда орыс қолдары бүл бекіністі алып, жойып жіберді. Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа шейін ұстанған эдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай жэне Қоқан сияқты қарсыластарымен егесте, сондай-ақ, Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар, эскери шен-шекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.

1853 ж. Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа Жетісуда Ресей позициясын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Қүлжа жэне Қырғыз бағытындағы сауда жэне басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды. ¥лы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы өзені бойындағы Алматы елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында казак эскерінің станицасы салынады. Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір казак-эскерінің 132 отбасы жэне 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Оның артын ала Алматыға Сібір казак-эскерінің оныншы полкін енгізу жөніндегі патша жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу эскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды жэне Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды. Бұл мезгілде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей енді негізгі назарын Түркістанға аударып, мұнда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бұхар жэне Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 ж. көктемде ол екі бағытта эскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды. Осы жылдың жазында бұл екі эскер қолдарының бірі Түркістанды, ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс эскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу жэне атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай — екі жақтың да эскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан эскері құрамындағы қазақ қолын Кенесары ханның ұлы Сыздық сүлтан, ал орыс әскері кұрамындағы қазақ жігіттерін Сұраншы батыр басқарған еді. Сондай-ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Сыздық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уэлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.Екінші шабуылдан соң, 1865 ж. орыс эскері Түркістан өңірінің ірі сауда жэне саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық жэне үйымдық түрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы қүрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тэуелділік кезеңі басталады.
Ұсынылған әдебиеттер:

1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

     3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.



Дәріс 11. 1917 жылға дейінгі кезеңдегі орыс пен қазақ халықтары арасындағы өзара экономикалық және мәдени ықпалдастық байланыстар
Алғашқыда түрлі саладағы қазақ-орыс қатынастарын зерттеуге деген қызығушылық орыс қоғамында ең алдымен саяси прагматикалық тәртіп пен Қазақ даласындағы орыстардың қоныстануына байланысты бекітілген міндеттер аясында пайда болды. XVI-XVIII ғасырда Қазақстанмен экономикалық қатынастар мен мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған мұндай императорлық ынталандыруларға қатысты қазақ тарихы мен этнографиясын алғаш зерттеушілердің қатарында ресейлік елшіліктердің қатысушылары, кейіннен әр түрлі ресми мәртебесі бар азаматтық шенеуніктер болды.

Қазақтардың географиясы, экономикасы, тұрмысы мен шаруашылығы жайында алғашқы деректер 1694-1697 жылдары ресейлік елшіліктерден алынды. Бір қызығы, революцияға дейінгі авторлар осындай елшіліктерден алынған деректердің мазмұнын талдауды өз алдарына міндет етіп алған жоқ. Бұл құжаттар кеңес кезеңінде қазақ-орыс қатынастарының мәселесін қарастырған Н.Г. Аполлова мен В.Я. Басин сияқты ғалым-зерттеушілердің жұмыстарында қарқынды түрде қолданылды. 1694 жылы құрамында Федор Скибин мен Матвей Трошин секілді Тобыл казактары бар ресей елшілігінің міндеті жайында Н.Г. Аполлова атап өтеді. Федор Скибин мен Матвей Трошин елшілігінің құрамындағы орыс казагы Василий Кобяковқа сүйенген Н.Г. Аполлова қазақтардың шаруашылығы туралы деректер келтіреді. Сібір бұйрығында Кобяков былай дейді: «Тәуке ханның барлық қалалары шикі кірпіштен салынған .... Ал Тәуке ханның астығы, бидайы мен арпасы өте мол, егіндері қыстық әрі жаздық болады. Ал олардың ірі қара малдары мен сиырлары болмағанымен, қойлары және жылқылары өте көп. Олар малмен қоректенеді».

1696 жылы 10 қаңтарда «боярлар үкімі» мен 1697 жылы 14 ақпанда Петр I-нің грамотасына байланысты елшіліктердің мәліметтеріне сүйене отырып карта жасалынды. Ол елшіліктің Тобылдан Түркістанға дейінгі, Бұхара арқылы Жайық пен Еділге және Уфа арқылы Тобылға апаратын жолдарды сипаттады. Елшілік мүшелері Қазақстан, Хива және Бұхара арасындағы шекаралардың шамамен белгіленген бөлінісін хабарлады. Жекелей алғанда, олардың мәліметі бойынша қазақ жүздері қазақ даласының солтүстік бөлігін иеленді және Тянь-Шань тауының баурайындағы Орта Азиялық аймақтардан оңтүстік арқылы бөлініп жатты. Ф. Скибин мен елшіліктің басқа мүшелері хабарлағандай, Орта жүз бен Ұлы жүз жоңғарларға тәуелді «Түркістан қаласын қоса алғандағы Сырдария мен Тянь-Шань таулары аралығын» мекендеді. Бұл жерлерді Тәуке хан бастаған қазақ көшпенділері жайлаған. Сырдария өзенінің төменгі және кейбір ортаңғы ағыстарына келетін болсақ, мұнда жартылай отырықшы қарақалпақ халықтары мекендеді. Сырдарияның солтүстік жағалауы мен оның батыс жақ сағасына Хиуа ханының иеліктеріне тиесілі болды (олар Қызылқұм шөлінде жайылып жатты). Орталық Сырдарияның батысынан Амударияның орталық ағысына дейінгі аралықты Бұхара алып жатты. Осы мәліметтерді В.Я. Басиннің монографиясынан кездестіреміз. Басиннің айтуына қарағанда, «Ф. Скибин елшілігінің хабарламасы айтарлықтай қызығушылық тудырады, онда: қазақтар негізінен көшпенді өмір сүрді, оларда егістік жерлер аз. Ал қалаларда негізінен «қорғасын балқытатын және оқ-дәрі шығаратын» тұтқындағы бұхарлықтар тұрды», - делінген. Сығанақ, Оқ-Карген, Созақ, Түркістан, Отырар, Сайрам және басқа да қазақ қалалары (барлығы 20 қала) туралы Ф. Скибин мен М. Трошиннің жазған еңбектері де ерекше маңызға ие.

ГФ. Дахшейгердің пікірінше, қазақ қалалары «қазақ және өзбек феодалдары арасындағы «тұрақты шатақ тудырушы себепке» айналды. Бұл өлкедегі өндірістік күштердің дамуына кедергі келтіріп, әсіресе егін шаруашылығы мен көшпенділер өміріне кері ықпалын тигізді».

XVI-XVIII ғасырда Қазақстан халқының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын елге айналды. Рулық бірлестіктер жақсы жайылымы мен суаты бар белгілі бір территорияларда көшіп-қонып жүрді. Дегенмен, XVI-XVIII ғасырдағы қазақтардың экономикасы, шаруашылық құрылымы мен мәдениетіне қатысты арнайы тарихи зерттеу жұмыстары іс жүзінде арнайы жазылған жоқ. Осылай, 1558-1560 жылдары қазақ даласына (Астраханьнан Каспий арқылы Маңғышлаққа, ол жақтан Хиуа мен Бұхараға) саяхат жасаған ағылшындық Антоний Дженкинсон қалалары мен үйлері жоқ далада мекендейтін «ислам дініндегі қассақтарды» ерекше атап өтеді. Бұдан басқа, Дженкинсон қазақтар жайында «олар ешқашан садақ, жебе, қылышсыз сұңқар салған аңшылыққа немесе басқа да сауықтарға шықпаған; олар ат үстінде де, жаяу жүрсе де, өте мықты мергендер болды. Осы халық алтын, күміс немесе басқа да монеталарды пайдаланбайды, егер оларға киім және басқа да заттар қажет болса, оларды малға айырбастап алады», - деген.

Қазақ халқының қонақжайлығы жайында Дженкинсон былай дейді: «мені жылы қарсы алып, етпен және бие қымызымен қонақ етті. Олар нанды қолданбайды, бірақ судан да басқа ерекше сусындары мол».

1571 жылы Базелада Мәскеу патшасы жанындағы Қасиетті Рим империясының өкілі Герберштейннің қазақтар жайында жазылған кітабы басылып шықты. Ол қазақтардың тамақтануы жайында былай дейді: «Ең басты дәмді тағам – жылқының қымызы. Олардың ойынша, қымыз адамды күшті әрі толық қылады. Олар тамақтарында, әсіресе Танаисте өсетін шөптерді көбірек қолданады. Ал тұз халық арасында аз таралған».

Ресейлік шығыстанушы П.С. Савельев нақты көрсеткендей, «Ұлы Петр кезеңіне дейін мұрағатта Орта Азияға қатысты барлық географиялық және этнографиялық деректердің бай қоры болды. Ол Делий теңізінің шығыс жағалауынан бастап Қытай жағалауына дейінгі аралықты қамтыды; алайда біздің ғылыми қызметіміздің алғашқы кезеңінде мұндай деректерді тек мемлекет пен кейбір шетелдік резиденттер ғана пайдалана алды, олар Сібір мен шығыс елдері жайындағы өз дәлелдерін құрғақ әңгімелерден емес, керісінше жазба деректерден нақты жинақтай алды», - деді.

XVII ғасырдағы қазақтардың тарихы, шаруашылығы мен тұрмысын зерттеуге өз еңбегін арнаған алғашқы батыс ғалымдарының бірі атақты саяхатшы әрі зерттеуші, венгрлік профессор Герман Вамберидің «Түрік халықтары» атты тақырыппен жазылған шығармасы Лейпцигте басылып шықты. Қазақ даласын зерттеген ғалым қазақтардың өмір сүру аймағы мен олардың саны туралы деректерді қарастырады: «Қазақтар-қырғыздар Оралдан Алтайға және оңтүстік Сібірден Оксусқа дейінгі аралықта үлкен, орта және кіші ордаларға бөлініп көшіп жүреді. Қытай бодандығынан бөлек қырғыздардың жалпы саны 2,5 миллионды құрайды». Қазақтардың шаруашылық құрылымы туралы жазған Вамбери шаруашылықтың көшпелі түрінің кең таралғанын айтады: «Орта Азиялық түріктердің басым бөлігі – көшпенділер; олар көктемнің келуін қуанышпен қарсы алады. Көктеммен бірге оларда еркіндік басталады. Орал-Алтай тауларында жердің бәрі шаттыққа бөленеді. Мамыр айы келгенде жастар жылқылар мен түйелердің бір топ отарымен даланың алыс жерлеріне көшіп кетеді. Қойларды өріске айдайды. Ал қыздар мен әйелдер киіз үйлер құрастырады. Бір жайылым мен құдықтан екіншісіне қарай көшу үрдісі үздіксіз бірнеше айлар бойы жалғасады. Табиғат берген сыйға байланысты қолайлы жерлерді, ойпатты, қыратты және қарлы тау шыңдарын жайлайды. Ал жаз мезгілі келгенде ерлер қауымы тонаушылық пен өш алу үшін жорыққа аттанады. Қырғыздардың осыған ұқсас ерліктері сирек кездеседі; түркмендер арасында бұған қатысты ешқандай өзгерістер орын алған жоқ.

Қысқы тұрағын таңдау кезінде көшпенділер жайылымы жақсы жерлерді табуға тырысады. Байлардың киіз үйі екі қабатты кілемнен жасалады; ал жарлылардың үйі дауылға қарсы тұра алатындай етіп қамыспен қапталады, қысқы тіршілік қанағат етерлік жағдайда болады, жұмыс та, сауық-сайран да өз орнында. Дегенмен, қыс мезгілі көшпенді халыққа едәуір мөлшерде зиян келтіруі мүмкін. Мұндай зиян малдарға азық қорының жетіспеушілігіне байланысты болады; аязға, жел мен боранға қарамастан жоғары көтеріліп, шаруаға қолайлы жер іздеуге тура келеді. Терісі жарамды аңдарды аулау үшін тұзақтан басқа қолға үйретілген жыртқыш құстарды жиі пайдаланады. Олардағы мылтық пен түтінсіз дәрінің нашарлығы соншалықты, оларды жеке қолдана алмайды.

Көшпенділер үшін үй қызметін атқаратын киіз үй құрылымында өзіндік даму байқалады; биіктігі он бес фут болатын киіз үйдің жалпақтығы отыз футты құрайды. Оның ішінде еркін қозғалуға болады, ол жазда ерекше салқындық берсе, ал қыс мезгілінде жанға жайлы жылылық сыйлайды. Киіз үйдің ортасында, яғни құрметті орында ошақ орналасады. Ежелгі заманнан бастап киіз үйдегі барлық заттардың өзіндік орны мен ерекшеліктері қалыптасқан. Киіз үйге күндіз 40 адам сыйса, ал түнде жиырма адамның түнеуіне мүмкіндік болады. Бір бөлігі асылған, екінші бөлігі жерде орналасқан киіз үйдің қабырғаларына әр түрлі үй аспаптары ілінеді. Үйдің ыбырсуы мен тазалықтың болмауы сияқты келеңсіз жайттар түрік киіз үйлерінде болған емес».

Вамбери қазақтардың мәдениеті мен наным-сеніміндегі салт-дәстүрлерге және өзара сабақтастыққа ерекше тоқталып кетеді. Сонымен, оның айтуынша: «Туылған кезде, үйлену тойы мен жаназа кезіндегі әдет-ғұрыптар ежелден бері өзгеріссіз жалғасып келеді. Сыртқы келбеті жағынан қырғыздар исламға берілгенімен, бірақ оларда шамандық сенім толығымен сақталған. Ислам қырғыздардың әдет-ғұрыптарына ешқандай әсер етпеген».

Соңында Вамбери көшпенді қазақтардың ақыл-ой, адамгершілік және мәдени дамуы жөнінде қорытындыға келеді: «Олар мінезі жағынан табиғаттың бұзылмаған балалары; дегенмен, адамгершілік пен ақыл-ойының дамуы жағынан басқа барлық Орта Азиялық түріктерді басып озады. Қазақтардың есте сақтау қабілеті де керемет; олардың ақыл-ой жүйріктігін халық поэзиясы саласында тереңінен байқауға болады. Халық мақалдары ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіліп отырылды; «кітаптық өлеңдер» сауатты қырғыздардың шығармашылығындағы басты негіз болып табылады; олардың әрбір туындысы өзіндік артықшылықтармен ерекшеленеді», - деп атап өткен.

1730 жылдардың басында Кіші жүз қазақтарының орыс бодандығына өтуіне байланысты ресейліктер қазақтардың экономикасы мен мәдениетін белсенді әрі жүйелі түрде ғылыми зерттеуді қолға ала бастады, 1734 жылдың өзінде Сенаттың обер-хатшысы И.И. Кирилов патша үкіметіне «Қырғыз-қайсақ және қара-қалпақ ордалары жайындағы түсінік» деп аталатын қызметтік жазба тапсырды. Бұл жазбада қазақ жерлерін игеру және Орталық Азиядағы хандықтармен тығыз сауда байланыстарын реттеудің жолдарын жеткілікті дәрежеде жан-жақты баяндаған жоспар келтірілген. Оның ойынша, ордалықтар өзара татулық пен келісімде өмір сүрген кезеңге дейін атақты провинциялар мен қалаларды өз иеліктерінде ұстады: Түркістан, Сайрам, Ташкент».

И.И. Кириловтың жобасы бойынша «Атақты экспедиция» құрылды. Ол «Орынбор экспедициясы» деген атаумен көпшілікке таныс. Осы экспедицияның жетекшісіне айналған Кирилов көп жағдайда қазақ жерлерін зерттеуге үлкен үлес қосты.«Петрден кейінгі Империя жазбалары» атты еңбекте Кирилов қазақ жерінің қойнауындағы байлыққа тоқтала отырып, Ресейдің Қазақстанмен экономикалық қатынасындағы мақсаттарды жан-жақты талдайды. Онда былай дейді: «1745 жылы мен губернияға бағытталған экспедицияға атау ұсындым және оған қосымша Казань, Уфа және Сібірлік Исек провинцияларын атадым. Менің ұмтылысыммен минералдарға бай жер

қойнауларын зерттеу ісі қолға алынды; өз еркімен келгендер әр түрлі зауыттар сала бастады, ондағы табыс жалпы және жеке зауытшылар табысы деп екіге бөлінді. Менің осыларды не үшін сипаттап отырғаным баршаға мәлім». Белгілі болғандай, Кирилов патшаханым қол қойған кең ауқымды қырық бір пункттен тұратын нұсқаулықты қабылдады. Ол бойынша Кириловқа пайдалы қазбаларды, кен орындары мен минералдарды барлауға және зауыттар салуға қатысты ерекше міндеттер жүктелінді. Экспедиция басшысы қазақ жерінде игерілген территорияларға «Жаңа Ресей» деген атау беріп, оларды келешекте еуропалық державаларға бәсекелес етуге ұмтылды: «Ұлы мәртебеліміздің ұсынысымен талап етілген құдайлық кәсіп ретіндегі Жаңа Ресеймен құттықтағым келеді; жер қойнауындағы атақты металдар мен минералдар еуропалық державалардан кем түспейді деп сенемін», - деп атап көрсетті.

Қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы жайындағы зерттеу жұмыстарына көптеген жылдар бойы Орынбор экспедициясында қызмет атқарған П.И. Рычков (1712-1777 жж.) та ерен үлес қосты. Ол «Орынборлық топография» атты екі томдық монография жазды. Рычков өз еңбегінде отырықшы өмірдің артықшылығы мен оны қалыптастыруды насихаттау жайында ой қозғайды. Ол көшпенді халықтарды отырықшы өмірге тартудың қажеттілігін баса көрсетеді. Оларды «алғашында пішен жинауға, кейіннен астық өсіруге үйретуге» болады.

Қазақтардың көшпенді шаруашылығының ерекшеліктерін революцияға дейінгі бірқатар зерттеушілер толығымен қарастырды. Мал шаруашылығының жайылымдық-көшпелі жүйесі мал жыл бойы жайылымда болатындай етіп жасалынды. Жыл мезгілдеріне байланысты қазақтар жазда жайлауға, күзде күзеуге, ал қыста қыстауға көшіп жүрді. Олардың ара қашықтықтары біршама алыс болатын. Қазақтар күзде малдарын оңтүстікке қарай айдаса, ал көктем мезгілі басталысымен жаздық жайылымдары мол солтүстік аудандарға қарай көшіп отырды. Кіші жүз бен Орта жүз арасындағы қашықтық 700-800 шақырымға дейін жетті. Ал Ұлы жүздің жайылымдық жерлері негізінен Жетісу аймағына тиесілі болды. Малдың жай-күйіне байланысты көктемде және күзде жүзеге асырылатын көшу үрдісі әр түрлі деңгейде болды. П. Маковецкийдің жазуынша, «Көктем мен күзде көшудің айырмашылығы мынада: көктемдегі көшу күзге қарағанда қысқа болады, ауылдар қыстан шыққан малдар өздеріне келмей жатып жайлауға көше бастайды». Көшу аралығы жайылымның күйі мен малдың санына байланысты анықталды. Түйелері, бақташылары мен терең құдықтары бар бақуат мал өсірушілер ұзақ ара қашықтықтарға көше алатын. Левшиннің мәлімдеуінше, кейбір бақуат мал иеленушілер өз үйірінде 500 немесе одан да көп түйе ұстайтын. Жайлау есебінде сауын сиырларға арналған суаты бар жайылымдар таңдалатын. Олар ең алдымен қазіргі Қазақстан территориясының солтүстік және батыс аудандарында орналасты. Сондықтан көшу үрдісі меридиандық бағытта жүзеге асырылды. Жайлы қыстау ретінде қоректік шөбі мол жерлер қажет болды. Қыста тұрақтау мақсатында күз мезгілінен бастап дайындық жасалды. Ол үшін солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желдері үздіксіз соғатын, сондай-ақ малдар өз бетімен қар астынан қорек іздеп жей алатындай қолайлы жерлер таңдалды. Оған қыстағы бораннан қамыстар мен құм бархандары арқылы қорғалған жайылымдар кіреді. Биік қамыстарды бұдан басқа отын ретінде де пайдаланатын. «Күздің соңында, - деп жазады Завалишин, - ауыл адамдар үлкен ауылдарға жиналып, өздерінің қоныстануына қолайлы қалың қамыстар, тау шатқалдары мен малдарды қысқы сұрапыл бораннан қорғауға болатын жерлерді таңдады».

Бақуат мал өсірушілердің қысқы тұрағындағы баспана ретінде ағаш үйлер қолданылса, ал кедейлер жер үйлерде, қамыс және қураймен қапталған киіз үйлерде қыстап шықты. Малшылар үшін баспана есебінде кіші көлемдегі киіз үйлер қолданылды. Кейбір аудандарда малдар үшін желіден сарайлар тұрғызылды. «Мұндай сарайлар тек аз мөлшердегі малдарға ғана негізделген. Бақуат мал өсірушілер өздерінің көп санды отар-отар малдарын бораннан қорғау үшін орманға, кейде қалың өскен қамыстар мен төбелердің арасындағы панаға айдайтын. Егер боран ашық жайылымдағы малдарға зиянын тигізсе, киізден ұзын жапқыш жасалынып, бір қатар етіп тартылады. Оның жел өтпейтін ық жағына малдарды айдайды». Аяз кезінде әсіресе түйелерді қорғау біршама қиындық туғызады.

Қыс мезгілінде жайылымдағы малдың құрамы былайша сипатталады: жұқа қар қабатымен жабылған жайылымға алдымен жылқылар жіберіледі. Олар тұяғымен қардың бетін ашып, шөптің басымен қоректенеді. Сол жерге жылқылардан кейін шөптің ортаңғы бөлігімен қоректенетін ірі қара малдар мен түйелер жайылады. Соңынан жіберілген қойлар қалған шөпті қорек етеді. Егер қойдың саны аз болған жағдайда, малшылардың өзі қардың бетін ашып, шөпті жинауға көмектеседі. Малға қорек ретінде сексеуілдің тікендері де жарамды болып келеді. «Өзінен-өзі белгілі болғандай, - дейді Левшин, - осындай құнарсыз қоректен малдар семірмейді, дегенмен, осы қорек жануарлардың өмірін сақтап қалады».

Жайылымдағы малдың қысқы құрамы туралы А. Добромыслов өзінің «Торғай облысындағы мал шаруашылығы» мен «Жылқы өсіру және оның Торғай облысындағы қырғыз халқы үшін маңызы» атты жұмыстарында толығымен қарастырады. Оның мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жайылымдағы мал жұт кезінде қиын жағдайға түседі. Мұзды тұяғымен жарып тастай алмаған жағдайда жылқылар мен басқа да жануарлар қорексіз қалады. Бұл жағдай малдың жаппай қырылуына алып келеді. Қорек табуды оңайлату үшін малшылар мұз қабығын балтамен жарып, сол жерге жылқыларды жібереді. Олардың соңынан ұсақ малдар жайылады. Даладағы борасыннан кейін қардың терең қабатын ашып, малдар үшін қорек табуға қолайлы жағдай жасау керек.

Көктем мезгілінің басы қысқы тұрақтың қиын жағдайынан босанған кезең ретінде нағыз мерекеге айналады. Онда көл-көсір тағаммен қонақ күтеді. Шабандоздық, ойын-сауық пен ән-думан басталады. Завалишиннің жазуына қарағанда, «кейде бір жаз мезгілінде ауыл осындай үздіксіз мерекенің ырғағымен ара қашықтығы 1000 шақырымнан асатын бір жерден екінші жерге жылжып отырған». Бірақ көктемгі қоныс аудару біршама қиындық туғызады: шөлді жерлермен өткен кезде құрғақшылық, құрғақ ыстық жел соғатын жазғы аптап пен құмдағы борандар кейде жануарлар арасында әр түрлі аурулардың пайда болуына алып келеді. Осындай қиындықтардың алдын алу үшін аралары жақын жайылымдар мен құдықтардың болғаны дұрыс. «Жақсы құдықтар, - Левшиннің сөзі бойынша, - ең ұзақ жолдардың бағытын анықтайды».

Қазақтардың негізгі байлығын қойлар мен жылқылар құрайды. Әсіресе жылқылардың шыдамды тұқымдары өсірілді. Қойлар көктем кезіндегі қардан жалаңаштанып қалған тұзды шөптермен де қоректене береді. Қой отарларында серке ешкілер болды. Негізінен ешкілерді далалы жерлердің оңтүстік аудандарында өсірді. Қазақ шаруашылығында жылқылар жоғары бағаланды. Жақсы аттың қазақ үшін қымбат екенін мына мақалдан байқауға болады: «Егер атың жаман болса – көңілің қалады, егер ұлың жаман болса – күшің кетеді». Қазақ даласының жылқылары өзінің жүйріктігімен, мықтылығымен және барынша төзімділігімен ерекшеленеді. Жылқылар бетеге қалың өскен жайылымдары мол далалы жерлердің солтүстік бөлігінде көп өсірілді. Бұл жайында Н. Рычков былай деп мәлімет береді: «Осы Орданың (Орта) Кіші Ордаға қарағанда халқы көп және бай, әсіресе жылқылары мол. Жылқылары Кіші Орданікімен салыстырғанда үлкен және мықты болып келеді». Бұған керісінше Кіші жүздің шаруашылығында қойлар басым болды.

Қазақтардың мал шаруашылығында әсіресе түйелер өте қажет болды. Олар өзінің ұзақ уақыт бойы қорек пен сусыз жүре алуына байланысты көшіп-қону кезінде көптеген қиындықтарға төзімді болып келеді. Ең көп тараған түрлері – қатты қыста айрықша төзімділігімен ерекшеленетін қос өркешті түйелер. Түйені өсіруге ең қолайлы жағдайлар далалық жерлердің оңтүстік аудандарында, нақты айтқанда Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы Үстіртте қалыптасқан. «Әсіресе ең көп түйе өсіретін жер Үлкен Ордада, жалпы шөлді оңтүстік алқаптарда болды. Мұндағы климат түйе өсіру үшін өте қолайлы, - деп жазады Левшин». Түнейтін жерге тоқтаған кезде көбінесе түйелер қой отарларындағы күзетші ретінде болатын. Броневскийдің айтуы бойынша, суық түндері көп мөлшердегі қойларды киіз үйлерге кіргізіп, бір-біріне жақын етіп жинады. Түйелерді қойлар қашып кетпеуі үшін олардың айналасына орналастырды. Ал ірі қара малдар аз мөлшерде өсірілді. Левшин «Ірі қара малды Орта Орданың кейбір бақуат рулары бағады, дегенмен қырғыздарда ірі қара аз болды» дейді.

«Қырғыздардың арасында, - деп жазады Н. Рычков, - малы өте көп адамдар болды, бір отбасы 20 мың жылқы мен осынша қойға ие болды». Осылайша, мал шаруашылығы қазақтарға тамақ, киім және үй жабдықтары үшін қажетті шикізат көзіне айналды. Үй өндірісі сипатындағы әр түрлі кәсіптер мал шаруашылығымен тығыз байланысты болып келеді. Оған былғары өндірісі, жүн мен аттың қылын өңдеу кәсіптері жатады. Былғары өндірісі, жүннен түрлі бұйым басатын өндіріс пен тоқымашылық қазақ қолөнер кәсібінде маңызды орынға ие болды. Сонымен қатар ағаш өңдеу кәсібіне де ерекше ден қойылды: ағаш өңдеу жұмысы мен ағаштан ойып, қашап, бояп жасалған ою-өрнек. Ағаштан киіз үйге қажетті шарбақтар (кереге), ойып өрнек жасалған есіктер, киімге арналған сандықтар, жастыққа арналған ағаш қондырғылар, ыдыстар мен ер тоқым, т.б. жасалынды.

Металл өңдеу нашар дамыды. Соның ішінде ұсталық кәсіп кенже қалды. Ұсталар қарудың тек кейбір түрлерін (қанжарлар, ұзын пышақтар немесе «жартылай қылыштар» (селебе немесе джекауз), айбалта, садақ, ат әбзелдерінің металдық бөліктері, жер игеруге қажетті арзан қол құрал-саймандар) ғана жасап шығарды. Тевкелевтің бақылауынша, қазақтар «мылтықты өздері жасамайды, оларды Хиуа мен Бұхарадан алады. Орнына қой немесе жылқы береді». А.Н. Рычков «Ташкентте білте мылтықтар сатылғаны жайында» деректер келтіреді.

Уәлиханов қазақ даласында мылтықтар сирек кездесті, олар белгілі бір атқа ие болып, бір рудан екінші руға ауысып отырды деп көрсетеді.

Ежелден егін шаруашылығы Жетісуда, Балхаш көлі мен Іле өзенінің айналасында, Ангрен ауданы, Шыршық, Арыс және Қара-Торғай өзенінің бойында қалыптасты. Қара-Торғай өзенінің аймағын кесіп өткен Н. Рычков қара топырақты егістікте айдалған жерлердің ізін бақылауға мүмкіндік алды. Егістік жерлерді Қара-Торғайдан бастау алып, Қара Тау аңғары, Атбасар даласы мен Зайсан көлі алқабы арқылы өтетін арықтармен суарды.

Орынбор комиссиясының нұсқаулығына сәйкес орыс-қазақ байланыстарын нығайту мақсатында 1741 жылы тамызда поручик Гладышев қазақ даласына аттанды. Оның жанында іскер әрі жігерлі ағылшындық көпес Роман (Реональд) Гок болды. Оның деректері орыс әкімшілігіне орасан зор пайдасын тигізді. Гоктың мынадай хабарламасы ерекше назарды талап етеді: «Ембі ауданында қара мұнайдың кен орны бар. Нақты айтқанда, оны Ембіден Каспий теңізіне дейін, сол жақтан Астраханьға қарай тасымалдауға болады». Соған байланысты XVIII ғасырдың ортасында ресей үкіметі қазақ даласында мұнай қорының бар екені жөніндегі сенімді дәлелдерге қол жеткізді.

Қазақ халқының тарихын зерттеуге әскери инженер И.Г. Андреев (1743-1801жж.) үлкен үлес қосты. Өз кезеңінде Э.А. Масанов атап кеткендей, Андреев «қазақ халқының өмірі мен тілін мүлтіксіз зерттеп, қазақ ауылдарын жиі аралайтын. Сондай-ақ, ол қарттармен және атақты адамдармен сұқбаттасып, Қазақ даласында, Жоңғария мен Орта Азияда болған көпестердің, шенеуніктер мен саяхатшылардың әңгімелерін жазып алып отырды».

И.Г. Андреевтің басты еңбегі «Қырғыз-қайсақтарға тиесілі, сондай-ақ Ресеймен, Колыван және Тобыл губернияларының бекіністерімен шекаралас жатқан қырғыз-қайсақтардың Орта Ордасын толықтырулар арқылы сипаттау» деп аталады. И.Г. Андреев өз еңбегінде қазақ халқының дәстүрі мен тұрмысына кеңінен тоқталып, XVIII ғасырдағы көшіп-қону орындарын кезеңімен атап шығады. Сонымен қатар, киіз үй және мал саны жайында маңызды статистикалық деректер мен сұлтандардың тізімін келтіреді. Осы еңбекте оларды Ресейге қосу мақсатында «беделді кісілерге» арналған ағаш үйлердің қыстаудағы құрылысы жайында айтылады.

1795 жылы И.Г. Андреев Омбы бекінісі аймағындағы егін шаруашылығының жай-күйін зерттей отырып, диқаншылық туралы публицистикалық очерк («Диқаншылық жайында ой толғау») жазды. Осы очеркте ол егіншілікке деген қазақтардың біршама қабілеттілігі жөнінде айтады. Осы бағытта жазылған Г.И. Спасскийдің «Үлкен, Орта және Кіші Орданың қырғыз-қайсақтары» атты еңбегінде қазақтардың еңбекқорлығы ерекше атап өтілген: «Диқаншылық саласындағы жетістіктер жөнінен Сібірдегі көшпенді халықтың ешқайсысы қырғыздармен бәсекеге түсе алмайды. Олардың еңбекқорлығы құрғақ шөлді жерді құнарлы жерге айналдырады. Олар егістік үшін өзен бойындағы кең ауқымды жерлерді таңдайды. Жаңбыр жетіспеген кезде жерді қазып, егістікті өзен суымен суландырады». Өкінішке орай, осы уақытқа дейін «қазақтар егін шаруашылығы саласында артта қалған» деген жаңсақ пікір кеңестік тарихшылардың да, қазіргі заманғы ресейлік зерттеушілердің де еңбектерінде басым болып отыр.

XVIII ғасырдың басында қазақтардың тарихына, экономикасы мен мәдениетіне деген қызығушылық шетелдік зерттеушілер тарапынан да арта түсті. Генерал, князь А. Бекович-Черкасскийдің атақты қасіретті Хиуа жорығына қаншама бұрынғы әскери тұтқындағы шведтер, соның ішінде – әдебиетте Страленберг деген лақап атпен белгілі болған офицер Табберг қатысты. Ол отанына оралған соң қазақтардың тұрмысын сипаттайтын «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөліктері» деген кітап шығарды. Шынында, көптеген зерттеушілер, жекелей айтқанда В.Н. Татищев Страленберг еңбектеріндегі ғылыми құндылықтарды жоғары бағалаған жоқ. Татищевтің айтуынша, «Страленберг көптеген жылдар бойы Русьте болып, татарлармен жиі араласып тұрды, бірақ орыс және татар сөздерін қате жазатын», - дейді.

1717 жылы орталық азиялық аймаққа италяндық Флорио Беневени жіберілді. Оның деректерінің арасында қызықты мәліметтер жиі кездеседі, мысалы «Сырдария өзенінің бойынан... алтын табуға болады».

1720-1727 жылдары Қазақстанның солтүстік бөліктеріне саяхат жасаған Даниил-Готлиб Мессершмидт Қазақстанның географиясы, тарихы, мәдениеті мен этнографиясы жайында қызықты деректер қалдырды. Материалдардың арасында Каспий пен Ертіс маңы өлкесінің және Түркістан ауданының суреттері мен карталары кездеседі. Оның жазбаларының бір бөлігі XIX ғасырдың 60 жылдары П.П. Пекарскиймен және XIX ғасырдың 80 жылдары В. Радловпен жарияланды.

XVIII ғасырдың 30 жылдары Ресей империясындағы шығыс этностарын зерттеумен неміс ғалымы Г.Я. Керр белсенді түрде айналыса бастады. Оның ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы орны ерекше болды. Н.И. Веселовский ол туралы былай дейді: «Шығыстану саласында ғылыми қажеттілік жайында ең алғаш рет орыс қызметінде жүрген шетелдік сөз бастады».

Атақты зерттеуші Герард Фридрих Миллер 1733-1743 жылдары Сібірді қарастырып, нәтижесінде «Сібір патшалығының сипаттамасы» деген негізгі ғылыми зерттеу жұмысын жазды (СПб, 1750). Г.Ф. Миллер өз еңбегінде ресейлік және шетелдік (еуропалық және азиялық) деректердің мол қорын пайдаланды. Оған Әбілғазы Бахадур-хан, Марко Поло, Страленберг, Витзен, Мартиний және Суснеттің, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Зерттеушінің атап көрсетуінше, «көрші азиялық елдердің тарихы мен олардың жерлерінің жай-күйі көптеген жағдайды анықтап береді. Солтүстіктегі бізге тиесілі бөліктерде белгісіз нәрселер өте көп. Миллер көптеген шығармалардың кемшіліктерін баса айтады: «Жеке жерлер туралы жазылған ежелгі географиялық және саяхат жазбаларында көптеген жалғандықтар кездеседі».
Швед зерттеушісі И.П. Фальк XVIII ғасырдың 60-70 жылдары Астрахань, Омбы, Петропавл және Семейдегі көптеген қазақ ауылдарында болып, қызықты этнографиялық материалдар жинады. Оның кейбіреулері кейіннен «Қырғыз және Зюнгор даласы туралы хабар» деген мақаламен жарыққа шықты.

Атақты неміс зерттеушісі П.С. Паллас 1769 жылы қазақ даласын аралады. Оның «Ресей империясының әр түрлі провинцияларына саяхат» деген еңбегі 1809 жылы Санкт-Петербургте жарияланды. Бұл жұмыста П.С. Паллас көшпенді қазақтардың өмір салты, тұрмысы, мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрпы, баспанасы, киімі, тамағы және сенім-нанымын сипаттап береді. Мысалы, ол қазақтардың өмір салтын былайша сипаттайды: «Әдеттегі далалық азиялық халықтарға қарағанда қырғыздар киіз үйлерде тұрады. Олардың үйлері қалмақтардікімен салыстырғанда әрі үлкен, әрі таза болады. Олардың киіз үйіне 20 шақты адам сияды».

Үй жануарларының түріне тоқталған П.С. Паллас түйелер мен жылқыларды атап кетеді. Қазақтардың түйе бағуы жайлы автор былай дейді: «Қазақтарда түйелер әлдеқайда аз өсірілді. Сондай-ақ, сиырлар да көп болмайтын. Себебі, оларды қыс мезгілінде далада кәдімгі қорексіз жақсы жағдайда ұстау мүмкін емес. Негізінен қос өркешті түйелер бағады. Бақуат қырғыздар түйе сауады, оның сүті көкшіл, қою және дәмі жағымды болады». Қазақтардың жылқы өсіруі жөнінде жазған автор «Қырғыз жылқылары қалмақтардікіне ұқсас келеді, дегенмен олардың бойы биігірек» дейді.

Зерттеушінің айтуынша, «қырғыздың қойлары өте көп. Олардың бойы жаңа туылған бұзаудың бойына жетеді. Сонымен қатар семіз болып келеді. Жылдың қолайлы мезгілінде кәрі қойдың салмағы төрт-бес пұт болады. Үлкен қойлардың құйрық майы 30-40 фунт аралығындағы салмақты құрайды. Құйрық майдан 20-30 фунт май алынады. Осы арқылы олар үндістердің қойларынан ерекшеленеді».

1771 жылы қазақ ауылдарына Х. Барданес екі рет саяхат жасады. Оның қысқа сипаттамалық материалдары тек жарты ғасырдан кейін ғана жарыққа шықты. Х. Барданес өзінің естеліктерінде дәулетті қазақтың ұлттық мерекелік костюміне тоқталып кетеді: «қара атлас шалбар, жібек белбеуі бар ашық қызыл түсті шұғадан тігілген шекпен, басында алтын түстес әдемі қырғыз бөрік киіп, беліне қылыш асынып жүреді». Бұдан басқа ол сұлтандардың киіз үйін жан-жақты сипаттайды: «Сұлтанның киіз үйі үлкен, аралары шымылдық арқылы бөлінген, үйдің ортасында сиыр еті мен жарма бар үлкен темір қазан отта тұр, айналасында кішкентай және жіңішке жәшіктер бар, онда киім мен тағы басқа заттары бар былғары қапшықтар жатыр. Кіре беріс есікке қарсы қазанның артқы жағына парсы кілемі төселген. Оның үстінде аяғын айқастыра жастыққа сүйенген сұлтан жұбайымен бірге отыр».

Атақты неміс зерттеушісі И.Г. Георги 1776 жылы Қазақстанға саяхат жасады. Оның «Ресей құзырындағы барлық халықтарды сипаттау» деген жұмысы сол жылы Санкт-Петербургте жарыққа шықты. Онда И.Г. Георги көшпенді қазақтардың өмір салты, тұрмысы, мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрпы, баспанасы, киімі, тамағы және сенім-нанымына сипаттама береді. Мал шаруашылығының басты орын алатынына тоқталған автор былай дейді:

«Қырғыздардың негізгі жұмысы мал өсіру болып табылады. Олардың табыны жылқылар, түйелер, ірі қара малдар мен қой-ешкілерден құралады. Олардан қырғыздар ет, сүт және қымыз алады».

Көшпенді қазақтардың негізгі баспанасы өте жақсы сипатталған: «Олардың баспанасы жылжымалы киіз үйлерден тұрады. Олар башқұрттардікімен салыстырғанда үлкен және таза. Беделді және ауқатты кісілер киіз үйлерін ақ киізбен жабады, сонымен қатар олардың әйелдеріне, балаларына және азық-түлікке арналған жеке үйлері болады. Ошақтың орны киіз үйдің ортасында орналасқан. Оның айналасында киіздер немесе парсы кілемдері, кейде төсеніштер жатады. Киіз үйдің немесе күркенің іші бай алуан түрлі жібек заттармен толтырылған. Айналасында сүт өнімдеріне арналған қапшықтар мен сандықтар тұрады, ал қабырғаларына қару-жарақтар, аттың жоғары әбзелдері мен киім-кешектер ілінеді».

Зерттеушінің атап кетуінше, «Қайғысыз қарапайым өмір сүріп, ашық далалы жердің таза ауасында өскен олар ауруға шалдықпайды, көпшілігі қартайған кезінде де мықты болады».

Қазақтардың жерлеу дәстүріне тоқталған автор былай дейді: «олар моланы терең қазбайды, оған қарама-қарсы тас үйінділерін тастайды. Егер ер кісі қайтыс болса, оның ең жақсы киімін қиындыларға бөліп, естелік ретінде жақын адамдарына таратып береді. Басқалар оның киіз үйіне азырақ белгі тастап, моласына жебе қадайды».

1774 жылы неміс зерттеушісі Иоганн-Эбергард Фишердің «Ресейлік қарумен жаулап алынған Сібір жерлерінің ашылуынан кейінгі Сібір тарихы» деген кітабы орыс тіліне аударылып жарыққа шықты. Осы кітапта қазақтар жайында көбінесе бір жақты, толығымен шындыққа жанаспайтын бірқатар қызықты деректер кездеседі. Бәлкім, Фишердің жалғыз шынайы бақылауы мынада болар: Оңтүстік Сібірдегі түріктер (пұтқа табынушы-шамандар) өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениеті жағынан Орта Азияның мұсылман түріктерінен («ислам дініндегі қырғыздар») ерекшеленеді.

«Қазақстан халқы Ресеймен салыстырғанда экономикалық қатынастардың дамуынан орасан зор пайда тапты» деген ой революцияға дейінгі орыс тарихнамасында белсенді жүргізілді. Революцияға дейінгі тарихнаманы талдау ойша мынадай қорытындыға әкеледі: Ресей империясы әуел бастан кең байтақ қазақ жерін отарлап алуды өз алдына мақсат етіп қойды. Орыс тарихнамасында қазақтардың Ресей бодандығына өту үрдісі номиналды сипатқа ие болды. Ресей мемлекетінің мақсаты қазақтар мекендеген территорияны Орта Азия және Қытай нарықтарымен транзиттік сауда байланыстарын орнату үшін пайдалану және қазақ жерінің табиғи байлығын игеру болып табылады. Сондықтан номиналды бодандықты іс жүзіне асырудың қажеттігі туындады.

М.И. Венюковтың «Орта Азиядағы Ресейдің басып алу қозғалысы» атты жұмысында былай делінген: «біздің ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін орыстар Орал мен Ертіс аймақтарын мүлдем мекендеген жоқ. Осыған қарамастан 1732 жылдан басталған қырғыздардың Ресейге тәуелділігі тікелей сипатта болды. Осылайша, қазақ даласындағы отарлау қозғалысы маңызды нәтижелерге қол жеткізе бастады».

1 .Ресей позициясының Кіші жэне Орта жүз жерінде нығаюы себептері 2.0рынбор экспедициясы, эскери шептердің қүрылуы.Бекініс-қамалдар қүрылысы

3. Жер мэселесінің шиеленісуі. 18-ғ.40-ж.ж. шаруашылық, элеуметтік қатынастардығы өзгерістер

Ресей қамқорлығына өту жоңғар қалмақтарының шабуылын тоқтата алған жоқ. 1742 ж. жоңғар қолдары Орта жүздің жеріне басып кіріп, ел билеушілерінің біразы аманат беріп, тэуелділігін мойындайды. Бүған шейін жоңғар қонтайшысы аманатқа ¥лы жүздің билеушісі Төле бидің баласы Жоланды алған болатын. Ресей үкіметінің қолдауымен Түркістандағы бас хандық таққа отырудан үміттенген Әбілқайыр хан өз арманына жақындай да алған жоқ, қайта ол орыс экімшілігіне аманатқа алдымен Ералы, сонан соң Қожахмет атты үлдарын беріп, тәуелділігін тереңдете түсті. "Патшалық ішінде патшалық болмайды!" деген принципті үстанған патша үкіметі ендігі уақытта Әбілқайыр ханның билігін нығайту емес, қайта элсірете түсу жолында түр еді.

Ресейдің отарлау шаралары. Тевкелев елшілігінің нэтижелеріне қанағаттанған патша үкіметі жедел түрде Қазақстанды игеру шараларына кірісіп кетті.

1734 ж. мүнда сенат хатшысы И.К.Кириллов бастаған экспедиция


жіберілді. Оған көмек беруге Тевкелев бекітілді. Экспедицйяға Қазақстанның
жер қойнауы байлықтарын, әсіресе алтын мен күміс кен орнын анықтау,
сондай-ақ Орта Азия хандықтарына жол ашу, осы мақсатта қазақ даласын
пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру жүктелді. Қазақ елі мен Ресей
империясының шекарасы ретінде Жайық өзенінің бойы белгіленді.

1735 ж. Ор өзенінің бойына Орынбор бекінісі түсті. Бекіністің салынуын


эскери оккупация есебінде қабылдаған башқүрт халқы тынымсыз азаттық
көтеріліске шықты (1735, 1737, 1740). 1738 ж. көктемде көтеріліске шыққан
башқүрт билерінің өтініші бойынша Әбілқайыр хан башқүрт жеріне кіріп,
орыс билігін қолдайтын башқүрттарды түтқынға алып, қалған біразынан
алым-салық жинатады. Осы оқиғадан соң башқүрттар мен қазақтардың орыс
билігіне қарсы күш біріктіруінен қауіптенген экімшілік орындары қазақ
билеушілерімен қатынасын жүмсартып, түрлі айла-шарғыға көшеді.
Сонымен бірге, бірінші Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев (1744—
1758) өзін-өзі ақтаған "тепе-теңдік" (баланс) саясатын жүргізді. Оның
мазмүны: Қазақстандағы бір емес, бірнеше аса ықпалды билеушілерге қолдау
көрсету, бірақ олардың ешқайсысын да әкімшіліктің ырқынан шығып кетерліктей күшейтіп жібермеу. Белгілі тарихшы М.П.Вяткин бүл саясаттың астарын ашып: "Ішкі феодалдық күрестің асқынған сәтінде жүргізілген бүл саясат анархияны, мемлекеттік қүлдырауды, яғни қазақ жүздерін, алдымен Кіші жүзді элсірету саясаты болды. Қазақ қоғамының саяси элсіздігі ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең шабуылға өтуге мүмкіндік беретін еді" деп жазды.

"Тепе-теңдік" саясатының ықпалын ең алдымен Әбілқайыр ханның өзі сезінді. Ол өмірінің соңына қарай императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында: "...Мына қайсақ ордасын мен бодандыққа өткенге шейін ешкім де білмейтін, оған алғаш жол салған мен, қүлыңыз, менен соң балаларым да осы жолда қызмет көрсетіп шен-шекпен алды. Ал бірақ жыл өткен сайын, аса жоғары император мәртебелім, өзіңіздің маған деген қамқорлығыңыз бен сый-күрметіңіз кеміп, оның есесіне менен төменгілер өсіп барады, неге олай екендігін түсінбедім" деп жазды.

1746 ж. Әбілқайыр хан И.И.Неплюевке Орынбордағы айырбас сауда үйінде эрбір қазақ жүздерінен 10-нан, барлығы 30 би үстау жөнінде үсыныс жасайды, ал олардың тізімін ханның өзі анықтауы керек еді. Бүдан ертерек ол өзінің қарсыластары Әбілмэмбет хан мен Барақ сүлтанды шекарадағы бекіністердің бірінде үстауды өтінеді. Ханның бүл үсыныстарын Неплюев қабылдамай тастайды. Осымен бір мезгілде отаршыл экімшілік Башқүртстан мен Қазақстан арасына эскери бекіністер жүйесін салып, екі халықтың өзара қатынасына шектеу қоюға тырысты. Ал Жайық өзенінің төменгі сағасына орналасқан бекіністердің коменданттарына қазақ пен Жайық қалмақтары билеушілерінің алыс-берісіне жол бермеу тапсырылды. Патшалық экімшілік үшін қазақтардың ортаазиялық хандықтармен байланысына шек қою қиынырақ еді, дегенмен бүл бағытта да түрлі шаралар қарастырылды. Соған қарамастан Әбілқайыр хан 1740—1741 жж. Иран шахымен Хиуа тағы үшін таласқа түсіп, бірақ мүнда орныға алған жоқ.

Ресейдің қазақ қоғамына тереңдеп ене бастауы, орталық билік пен жаңа өлкенің ара қатынасын реттеп отыру міндеті жүктелген орынборлық экімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне жиі араласа бастауы Қазақстанда мүлдем жаңа саяси ахуалдың қалыптасуына алып келді. Оның жинақы көрінісі қазақ билеуші тобының Ресейге қатынас мэселесінде өзара қарсы түрған екі лагерьге бөліне бастауы еді. Ресей үкіметінің алғашқы отарлау шаралары халықтың үлкен бөлігінің, оның Төле би, Абылай хан, Барақ жэне Батыр сүлтандар бастаған билеуші тобының жаңа билікке сескене қарауына түрткі болды. Бүл бағыттағылар Әбілқайыр ханның Ресеймен жақындасу шараларына сенімсіздікпен қарап, мүндай эрекет қазақтарды саяси тәуелділікке үрындырады деп түсінді. Келесі, екінші бағытты үстанушылар, яғни Әбілқайыр ханның үлдары, Жэнібек жэне Есет батырлар Ресеймен тығыз байланыс орнату арқылы сыртқы қауіптен қүтылуға жэне ішкі түтастыққа жетуге болады деп түсінді. Сондай-ақ, бүл топ Әбілқайыр ханның жеке беделіне үлкен үміт артты. Қазақ қоғамында пайда болған бүл рухани ала ауыздық тез арада егеске үласпағанымен өз нэтижесін бере бастады. Оны мынадай оқиғадан байқауға болады.

Ресейдің отарлау шаралары жэне Әбілқайырдың үлдарын аманатқа алуы, сондай-ақ ханның өз қарсыластарын шектеуге бағытталған өтініштерінің аяқ асты болуы оның халық пен қарсыластары алдында беделінің түсуіне алып келген еді. Неплюевке жолдаған бір хатында хан: "Мен жіберген хаттардағы өтініштерге байланысты бірде-бір іс атқарылған жоқ, ал бүдан өткен жаманы сол, мені бүтін өз жүртыммен үрыстырып, оның алдында үятқа қалдырдыңыздар", — деген өкінішін білдіреді. 1748 ж. тамызда қарақалпақ арасындағы қазақтарға араша түсіп, оларды көшіріп алып қайтуға барған хан қайтар жолында Барақ сүлтанның жасағына кезігіп, екі арада болған қақтығыста Барақ сүлтанның қолынан қаза табады. Бүл бүкіл қазақ даласына лезде тарап, жайсыздық туғызған оқиға еді. Алдымен Қазыбек би мен жоңғар қонтайшысынан сауға сүрап, жағымды жауап ала алмаған Барақ Сауранға, Төле бидің жанына келіп паналап, биден эділ үкім күтеді. Билер соты сүлтанды ақтап шығады, бірақ ол көп үзамай (1751 ж.) жаулары берген удан қаза табады.

Әбілқайыр хан өлген соң 1748 ж. Кіші жүздегі хандық таққа оның үлы Нүралы отырды. Бүл шешімді Ресей патшасы Елизавета Петровна бекітті. Нүралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бүл эрекеті арқылы ендігі уақытта қазақ жүрты хан ретінде мойындаған сүлтанды хандық дэрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін білдіруі еді. Бүл қазақ халқының дербес мемлекеттігін жоюға бағытталған алғашқы қадам, сондай-ақ "патшалық ішінде патшалықтың болуы мүмкін емес!" деген стратегиялық бағыт көрінісі болатын. Нүралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағы ықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ, сондықтан да оған ресейлік билік орындарының қолдауы қажет-ақ еді. Әкесіне үқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді де, бірақ сыртқы істер коллегиясы И.И. Неплюевтің кеңесі бойынша Нүралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады. Бүл қазақ қоғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту еді. Нүралы ханға дара қолдау көрсету өз ретінде Абылай, Барақ жэне басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең еді. Осы жағдайды ескере отырып, петербургтік билік Неплюев үсынған, қазақ қоғамындағы ықпалды топтардың бірде-бірінің басқалардан ерекше күшейіп кетуіне жол бермей, олардың арасында күштер "тепе-теңдігін" сақтау саясатын үстануға көшті. Сөйтіп, кейінгі XIX—XX ғасырларда жаңа тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырған, бірақ үздіксіз жүргізілген ресейлік қазақ саяси элитасын басқару эдісі осылайша орныға бастаған еді.

Ресей үкіметінің бүл саясатының орнығуына қазақ қоғамының ішіндегі билеуші топ арасындағы ала ауыздықтың етек алуы, сондай-ақ Нүралы ханның ел арасында беделінің жоқтығы қолайлы жағдай туғызды. Әбілқайыр ханның ескі жауы Батыр сүлтан Нүралыны хан ретінде мойындаудан бас тартып, Сырдарияның төменгі ағысындағы шекті тайпасының старшындары оны өздеріне хан сайлайды. Сөйтіп, Кіші жүз екі хандыққа бөлініп, солтүстік-батыс бөлігі Нүралы ханға, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Батыр ханға қарады. Егер Нүралы ханның Ресейге тэуелділігі жыл өткен сайын арта түскен болса, Батыр сүлтан өзін Ресейден алысырақ үстап, Хиуа хандығының қолдауына сүйенуге бейімділік танытады. Нүралы хан билігінің элсіреуіне оның көрші халықтармен екі жаққа бірдей тиімді қатынас орнықтыра алмауы да үлкен эсерін тигізді. Оңтүстік шекарада Хиуаға бағынышты түрікмендермен арада бейбіт қатынастың орныға қоймауы салдарынан Нүралы әскері біріккен өзбек-түрікмен қолдарынан қирай жеңіліп, мыңнан аса қазақ жігіттері опат болды. Ханның Еділ мен Жайықтың арасындағы торғауыт қалмақтарымен қатынасы да өзара жаулық сипатта болды. 1771 ж. қысында патшалықтың езгісі мен зорлығынан Жоңғар жеріне қашқан торғауыттарды Нүралы хан Ералы жэне Айшуақ деген інілерімен бірге аяусыз тонап алады. Нүралы ханның саясаты Кіші жүз қазақтарының башқүрт халқымен ара қатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755 ж. Башқүртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бүрқ ете қалды. Патша эскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқүрттар қазақ даласына еніп, қазақтармен біріге орыс шабуылынан қорғанудан үміттенді. Орынбор губернаторы И.И. Неплюев башкүрттар мен қазақтарды өзара жауластыру мақсатында Нүралы ханға және басқа қазақ билеушілеріне арнайы грамота жолдап, онда башқүрттардың малы мен мүлкін тонап, ал өздерін қүлға айналдыруға шақырады. Бүл үндеу қазақ ауылдары арасында кең қолдау тапқан жоқ. Тіпті, орыс билігінен бірігіп қорғану мақсатында жетіру тайпасы жерінде қазақ-башқүрт аралас қолдары қүрылып, шекара бекіністеріне шабуылдар да жасалынды. Дегенмен, Орынбор губернаторының тілегін орындауға кірісіп кеткен Нүралы мен оның інілері башқүрттарды тонап, олардың басшысы Батырша Әлеевті орыстарға үстап беруге күш салады. Бүл сатқындық эрекеттен қазақ пен башқүрт елдері арасындағы туыстық қатынас бүзылып, өзара жаулыққа үласуына жол ашады.

Көршілерімен араздасқан Нүралы хандық ішінен де қолдау таба алмады. Патшалық экімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен ара қатынасы алшақтап кеткен еді. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып түратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскен-ді. Ал Нүралы ханның Жайықтың оң жақ бетіндегі жайылымдарды пайдалануға патшалық әкімшіліктің келісімін ала алмауы, соның салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа үшырауы ханның беделін біржола қүлдыратты. 1785 ж. генерал-губернатор О.А.Игельстром II Екатерина патшаға "рубасылары мен халықтың ханға наразылығы соншалықты зор, тіптен өздерінің берекесі мен тыныштығын алушы ретінде қарайды" — деп жазды. 1772 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен хан-сүлтандардың зорлығына қарсы азаттық қозғалысының басында түрған Сырым батыр өзін қолдаған рубасыларымен біріге отырып, Нүралыны биліктен аластату мэселесін қояды. Генерал-губернатор қозғалыс басшыларының бүл талабын орындап, 1785 ж. Нүралы ханды Орынборға шақыртып алып, оған қызметкерімен ірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындайды.

XVIII ғасырдың соңындағы саяси жағдай. XVIII ғасырдың соңына қарай Қазақстанның үлкен бөлігі элі де болса саяси тэуелсіздігін сақтады. Ресей империясымен арадағы шекара XVIII ғасырдың орта түсындағыдай Жайық, Ой (Тобылдың тармағы), Ертіс арқылы өтті. Шекарадан алыс аймақтарға орыс билігінің ықпалы жете қойған жоқ еді. Оңтүстігінде қазақ жері Хиуамен жэне Түрікменстанмен шектесті. Оңтүстік-шығыста қазақ иеліктері Іле Алатауына жетті. Қытай билігіне ¥лы жүз қазақтарының шығыс аудандары ғана қарады, ал оның басым бөлігі, яғни батыс аудандары тэуелсіздігін сақтады. XVIII ғ. соңынан бастап қазақ елінің бүл жағдайы күрт өзгеріске үшырай бастайды. Орталық Азия хандықтары, Ресей жэне Қытай сияқты көрші мемлекеттер қазақ елінің өзін-өзі қорғай алатын мемлекеттік қуаты жоқтығын, сондай-ақ ішкі ала ауыздығын пайдаланып, қазақ жерін бөліске салу ниетімен нақты эрекеттерге көше бастайды. Қазақ жеріне шабуыл барлық түстан төніп түрды. Негізгі эрі аса қауіпті қарсылас патшалық Ресей еді. Қазақстанға бойлай ену мақсатында патша үкіметі эскери бекіністер тізбегін салуды одан ары жалғастырды. XIX ғ. басында бүрынғы бекіністер тізбегіне 19 бекіністен түратын Жаңа Елек тізбегі қосылды. Бүл тізбек арқылы патшалық билік Қазақстаннан су мен шүрайлы жайылымға бай көлемі 750 мың гектарлық үлкен аумақты бөліп тастады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет