Негізгі әдебиеттер:
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.
Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Ибрагимов У.М. Новые информационные технологии: Пользовательский курс. -Шымкент, ЮКГУ, -2004, 150с.
Қосымша әдебиеттер:
Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.
Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік техно-логия негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы. Аламаты Мем. Универ, -2000, 235 б.
Лекция 6. Windows-дың жұмыс столы элементтері. Windows-қосымша терезесінің интерфейсі. Терезелермен, бас мәзірмен және ішкі анықтамамен жұмыс істеу. «My computer» және «Explorer». Windows–дың стандарт және қызметші қосымшалары. Информацияны қорғау негіздері. Файлды архивтеу.
Жұмыс столы (Desktop) - әр түрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны. Бұл жерде әдетте Windows интерфейсінің кейбір элементтері орналасқан:
Мой компьютер (My computer);
Корзина (Recycle Bin);
Сетевое окружение (Network Neighborhood);
Мои документы (My documents);
Портфель (My Briefcase);
Панель задач (Task bar);
Пуск (Start).
Бас мәзір көмегінде Windows - қосымшаларды жүктеу, құрылғыларды баптау және ішкі анықтамамен жұмыс істеуге болады. Бас мәзірдің пунктерін қарастырамыз.
Программы (Programs);
Избранное (Favorites);
Документы (Documents);
Настройка (Settings);
Поиск (Find);
Справка (Help);
Выполнить (Run);
Завершение сеанса (Log off);
Завершение работы (Shut Down) – Windows-тан шығу.
Windows терезелермен жұмыс атқарады. Терезеде әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Барлық терезелерде типтік элементтер бар, оларға төмендегілер жатады:
тақырып терезесі;
басқару түймелері;
менюлік қатар;
аспаптар тақтасы;
мәлімет қатары;
полоса прокрутки;
строка состояния.
Windows жүйесінің стандартты программалары:
Paint графикалық редакторы – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Word Pad – күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді.
Калькулятор – программа екі режимде жұмыс істейді: стандартты - жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор, ғылыми қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор.
Блокнот (Notepad) – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Ол файлдармен ASCII / ANSI форматтарымен ғана жұмыс істейді.
Мультимедиа:
CD Player (лазерлік проигрыватель) – музыкалық компакт-дискілерді ойнату программасы;
Media Player (универсалды проигрыватель) – үнтаспа мен видеотаспаларды ойнататын программа;
Sound Recorder (фонограф) – көшіру және дыбысты ойнату кезінде дауысын жөндеу программасы.
Windows жұмыс программалары:
Дискіні тексеру (Scandisk). Scandisk дискіні тексеру программасы қатқыл дискідегі бумалар мен файлдардың қатесін табады және оның физикалық сыртын тексереді.
Дискіні дефрагментациялау программасы (Defrag). Дискінің бөліктерге бөлініп сақталған файлдармен жұмыс істеу жылдамдығын арттыру үшін “дискіні дефрагментациялау” программасы қолданылады.
Дискіні тығыздау (Drive Space). Drive Space дискіні тығыздау программасы қатқыл немесе иілгіш дискілердің көлемін кеңейтеді. Тығыздау дискілердің көлемін бір жарым-екі есе кеңейтеді.
Иілгіш дискілерді форматтау. Дискіні алғаш қолданар кезде оны форматтау қажет. Форматтау – бұл электрондық белгі қойып, мағлуматтарды көрсетілген жерге жазу.
Интернет арқылы қаржылық операциялар жүргізу, тауарларға бұйыртпа беру және қызмет ету, несие карточкаларын қолдану, жабық информациялық ресурстарға кіру, сымтетік хабарласуларын узату қажет ететін қауыпсіздік деңгейін талап етеді.
Компьютерлік тораптарда информацияларды таратудағы қауыпсіздік мәселелерін негізгі үш топқа бөлуге болады:
информацияны ұрлау — информацияның бүтіндігі сақталады, бірақ оның авторлық құқықтары бұзылады;
информацияның модификациясы — шығатын хабарлар өзгереді немесе басқасымен ауыстырылады да, қажет жерге жеткізіледі;
авторлық информацияның ауыстырылуы. Бұл көтерілген мәселенің ақыры өте күрделі болуы мүмкін. Мысалы, біреу сенің атыңнан хат жіберуі мүмкін (алдаудың бұл түрі спуфинг деп аталады) немесе Web-сервер өзін электрондық магазин қылып көрсетіп, бұйыртпа қабыл алып, несие карталарының нөмерлерін қабылдап, бірақ ешқандай тауар жібермеуі мүмкін.
Санап өтілген мәселелерде қауыпсіздік сауалдары шешімінде “қауыпсіздік” термині астында үш түрлі қауыпсіздік жүйесін атап өтеміз:
аутентификация — бұл пайдаланушының жүйені танып алу процесі және оған барлық құқықтары мен міндеттері жеткізіледі;
бүтіндік — берілгендер жағдайы, өздерінің информациялық мазмұнын және бірыңғайлығы мен қолданылуын әртүрлі жағдайларда сақтап қалады;
құпиялық — информацияға рұқсат етілмеген кіруді жоғалту.
Криптография.Құпиялықты сақтау үшін шифр қолданылады, немесе криптография, берілгендерді шифрлық формада трансформация қылуға мүмкіндік жаратады, бұл информацияны тек қана кіліт арқылы алуға болады. Шифрлаудың астында екі түрлі түсінік жатады: алгоритм мен кілт. Алгоритм – бұл берілген текстті кодтау жолы, соның нәтижесінде шифрланған жолдау пайда болады. Шифрланған жолдау тек қана кілт арқылы қолданылады.
Компьютерлік вирустар. Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңынан немесе алдына қосымша жазыладыда, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.
Компьютерлік вирустардың негізгі типтері төмендегілер:
• программалық вирустар;
• қосылатын вирустар;
• макровирустар.
Компьютерлік вирустарға троян аттары сияқты вирустар жатады. Компьютерлік вирустардан сақтану амалдары. Компьютерлік вирустардан сақтанудың үш шекарасы бар:
вирустың кіруін тоқтату;
вирустардың жаулауының алдын алу, егер вирус компьютерге кірген болса;
бұзуын тоқтату, егер жаулауды бастаса.
Сақтанудың үш амалы бар:
сақтанудың программалық амалы;
сақтанудың аппараттық амалы;
сақтанудың ұйымдық амалы.
Антивирустер компьютерлік вирустерден сақтайды және оларды жоғалтады. Антивирустық программалар арасында кең тарағандары AIDSTEST, Dr.Web және Adinf АО “Диалог-Наука”(И.Данилов) жиынтығына кіреді, AVP – Anti Viral Toolkit PRO (Е.Касперский), және Norton AntiVirus (Semantec). Антивирустық программалар әртүрлі вирустар жиынтығында жұмыс істейді, сондықтан тексеру жүргізілмейді, сондықтан оларды бірге қолданады.
Архиваторлар кішігірім файлдардың көшірмесін алуда қолданылады да барлық алынған көшірмелерді бір архивтік файлға жинайды. Олар файлды тығыздау амалын қолдану арқылы архивтік файлдар құрайды. Архиваторлар арасында кең тарағандары ARJ (Robert Jung), WinRar (Eugene Roshal), LH (Haruyasi Yoshizaki) және т.б. Олардың айырмашылығы жұмыс жылдамдығы мен жинақтау амалы және информацияны тығыздау дәрежесінде.
Достарыңызбен бөлісу: |