Дуйсенбекова Асем Алматовна



бет4/4
Дата15.05.2024
өлшемі27.43 Kb.
#501144
түріҚұрамы
1   2   3   4
3 тапсырма

фразеологизмдер сияқты жиынтық немесе тұрақты тіркестерді зерттейді фразеологизмдер, фразалық етістіктер, және көп сөздің басқа түрлері лексикалық бірліктер (жиі жиынтықта деп аталады фразеологизмдер), онда өрнектің құрамдас бөліктері дербес қолданылғанда олардың мағыналарының қосындысынан гөрі нақтырақ немесе басқаша болжауға болмайтын мағынаға ие болады. Мысалға, 'Голландиялық аукцион' сөздерден құралған Голланд 'Нидерланды туралы немесе оған қатысты' және аукцион 'тауарлар ең жоғары баға ұсынушыға сатылатын қоғамдық сатылым', бірақ оның мағынасы 'Нидерландыда тауарлар ең жоғары баға ұсынушыға сатылатын сатылым' емес; оның орнына, бұл фраза бағаның өсуінің орнына төмендейтін кез-келген аукционға қатысты шартты мағынаға ие.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі ФТ қазіргі уақытта тілдік қатысымдық деңгейінде жиі ұшырасады, ресми және ғылыми стильде фразеологизм типтес тіркестердің жазу, сөйлеу стилінде бейнелеуіш элемент болып келуінен гөрі жай атауыштық қызметі басым. Ауызекі сөйлеу стиліне жалпыхалықтық тілдегі әлеуметтік мәндегі ФТ қолдануы заман, қоғамдағы сан алуан мәселелерге қатысты қолданылады, оның астарында прагматиканың ықпалы ерекше байқалады: басына іс түсу–қиыншылық көру, қылмысты болу–жазаға тарту, құлап қалды–оқуға түсе алмау, қалтасықалың–ақшасы көп, орнынан түсті–әкімшілік орнынан айырылуы сияқты “жаңашыл” тіркестерді көп кездестіруге болады.Ақша мінді, ақшаға жығылды,ақшаны судай сапырды, ақша жеп қойды, ақша түбіне жетті,ақшасын астына жасырды, ақшасы күйіп отыр, көрпесі толған ақша, ақшасын судай шашып-төкті, ақшасы қалтасын тесіп барады, ақшасын басына жақсын, ақшасымен көпірді деген сөздер әлеуметтік өмір тіршіліктегі ақшамен байланысты алынған. Ауызекі сөйлеу тілінде қоғамдық өзгерістерге және ақшаның орнына теңге келуіне байланысты теңге өмір айнасы, теңгесі бардың еңсесі жоғары, теңгесі көп жаңа қазақ , бай қазақтар, теңгесін сидыра алмау, теңгесін желге шашты, барлығы су құрдымға кетті сияқты тіркестер пайда болды.

ФТ өмірдің сан алуан жақтарына қатысты прагматикалық мақсатта қолданылады. Бұл топтағы тіркестер көбінесе адам, табиғат төңірегіндегі мәселелерді сөз ету барсында ұшырасады. Қай кезеңнің тілінде де, қай суреткердің тілдік қолданысында да негізгі бейнелілік құрал-тәсіл ретінде жүзеге асып отыратындықтан, осындай тіркестердің пайда болуының өззаңдылығы болады.

Функционалдық стильдердегі ФТ симантикалық-стилистикалық қызметін талдау мақсатының негізгі арқауы- жазу, сөйлеу қолданысындағы әрқайысының өзіне тән ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатта ФТ әр стильде жұмсалған бейнелітіркестердің тақырыбы жағынан сан алуан болып келеді: адам, оның өмір сүрудәуірінің әлеуметтік проблемалары, өмір шындығы, өмірдіңөзгеру, жаңару, яғни қоғамдағы “жаңашыл құбылыстарды” қамтитын әрекет, тіршілік, заман тынысы, адамның ақыл-ойы, танымдық көзқарасы т.б толып жатқан құбылыс, әрекеттерді нақты көрсетуде стилистикалық фразеологизмдер жиі қолданылады. Адамдардың , әлеуметтік топтардың өз шеңберінде, ортасында ғана айтылатын ФТ мағыналық топтарының пайда болғанын көруге болады.
Кітаби фразеологиялық тұлғалардың функционалдық аумағы : кітаби стиль, ғылыми стиль, іс қағаздар стилі және публицистикалық. Кітаби фразеологизмдер көркем әдебиет стилінде де кездеседі.Мысалы мәңгілік ұйқыға кету,қайтпа сапар шегу, өмірге жолдама дастарқаны мол, пайғамбар жасына келу.
Кітаби фразеологизмдер өзіндік қолдану ыңғайында:
Ресми іс қағаздарында фразеология келісуші екі жақ, әкімшілік акт, сыртқы қарыз, ерекше экономикалық аймақ,дүниежүзілік баға, өндіріс шығыны, т.б.
Публицистикалық фразеологияға : қаламы желіді, бәсекеге түсу, төртінші билік,
Ғылыми фразеологияға: тауар айналымы, тілдік құралдар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет