Дуйсенбекова Асем Алматовна


Тіл ғылымында сыңарлары семантикалық жақтан бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады



бет2/4
Дата15.05.2024
өлшемі27.43 Kb.
#501144
түріҚұрамы
1   2   3   4
3 тапсырма

Тіл ғылымында сыңарлары семантикалық жақтан бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Антонимдік қатынастарды тек тілдік деректермен ғана түсіндіріп қоймай, болымды, болымсыз (ақылды ақылсыз) тұлғалардың қарама қарсылығын және антонимдік оппозицияда аралық ұғымның болуы (биік – орта – төмен), контекстегі қарсы мәнді ұғым (түздегі май ішеді, үйдегі шай ішеді) туралы алғашқы ғылыми талдаулардың үлесі Ә.Болғанбаев есіміне тиесілі.
Антонимдер туралы арнайы зерттеу жүргізіп, кандидаттық диссертация қорғаған, алғаш рет антонимдер сөздігін құрастырған (1984) Ж.Мусиннің еңбегінде антонимдердің теориялық мәселелері қарастырылған. Автор қазақ тіліндегі антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық және стилистикалық деңгейде жан-жақты талдаған.
Зерттеушінің пікірінше, қарама-қарсы ұғымдағы антонимдердің арасында, мысалы, сулы құрғақ, бақ сор және қарама-қарсы ұғым беретін болымсыздық категориясы, мысалы, сулы – сусыз, бақытты-бақытсыз дегендердің арасында тікелей байланыс бар дейді де, «қазақ тілінде бір түбірлі антонимдер жоқ» деген қорытынды жасайды.[16, 10].
Демек, қарама-қарсы ұғымдар тілдегі болымсыздық категориясына сәйкес келетіндіктен антонимияға да қатысты болады деген сөз. Ал басқа да пікірлерге келсек, болымсыздықты антонимдік оппозицияның инварианты емес, қарама-қарсылық пен антонимдік байланысты тудыратын жүйе ретінде тану керек деп дәйектейді. Егер антонимдерді болымсыздық категориясы негізінде анықтап, «болымсыздық аффикстерін антонимдерді жасаушы механизм» ретінде қарастыратын болсақ, онда тілдегі лексикалық құрамның барлығының антонимдік жұбы бар деп топшалауға болады.
Антонимдік жұптар бір-бірін жоққа шығарып, затқа, құбылысқа жаңа бағы бере алады. Мысалы, ақылды – ақылсыз деген жұптарда ақылсыз сөзі ақылды дегенннің мағынасын мүлде жоққа шығарады, алайда адамға тән қасиетке жаңа баға бере алмайды Лексикалық қорымызда ақылды сөзіне мүлде керағар ұғымды білдіріп, адамның жаңа бір қасиетін білдіретін сөз – ақымақ. Яғни  ақылды – ақымақ  антоним сөздер болса, ақылды – ақылсыз бір түбірлі болымды, болымсыз тұлғалар ғана.
Қазақ тілінде антонимдер әр түрлі түбірлерден де, түбірлес сөздерден де жасалуы мүмкін. Түбірлес сөздерден жасалған антонимдердің сөздегі мағынасы ешуақытта қарсы мағынаны аңғартпайтыны белгілі. Сондықтан, түбірлес сөздердің антоним сөздерге айналуы жұрнақтың қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, бақытты –бақытсыз, көрікті – көріксіз, білімді – білімсіз. Бірақ бұл жүйеге етістіктің болымды, болымсыз тұлғаларын енгізу орынсыз. Мысалы, жазды – жазбады, оқыды – оқымады. Себебі бұл болымды және болымсыз етістіктер ұғымның бір-біріне қарсы мәнін білдірмейді, бірін-бірі жоққа шығарады.
Сондай–ақ тілдегі қарама–қарсылық пен логикалық қарама – қарсылықтың байланысы неде, екі ғылымдағы қарама – қарсылықты тепе – тең дәрежеде қарастыруға бола ма деген мәселелер төңірегіндегі ой – пікірлер қазақ тіл білімінде Ж.Мусин мен А.Жұмабекова еңбектерінде қарстырылған.
Тілде де дәл осылай, антонимдерде де жоғарыда айтылған белгілерге ұқсас мынадай қасиеттерді игереді:
А) Тілдегі антоним сөздердің қарама–қарсылық семантикасы тепе-тең дәрежеде болуы тиіс. Мысалы: жомарт — сараң, жалқау –еңбекқор, ақ – қара, жақсы – жаман, үлкен – кіші, биік – аласа;
Б) Түбірі бір болымсыз тұлғалы жұптар антоним бола алмайды. Мысалы: ақылды – ақылсыз, бақытты –бақытсыз, құнарлы – құнарсыз, әдептіі – әдепсіз, жазды – жазбады, оқыды – оқымады.
С) Тіліміздегі оппозициялық мәндегі мысық-тышқан, аю-бал, жігіт-қыз сыңарларының логикалық қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылық бола алмайды. Бұл сыңарлар тек қатар мәндес сөздер ғана.
Д) Қазақ тіліндегі туынды, болымсыз қайшы мәндес сөздер антоним бола алмайды. -Сыз, -сіз, -ма, -ме грамматикалық формаларымен емес, жоқ сөздері арқылы жасалған сөздер. . Мысалы, білімді- білімсіз, көр- көрме, тоғай-тоғай емес.
Е) Немесе бүйірі шығу — бүйірі шықпау (тою – тоймау) фразалық тіркестері бірін – бірі жоққа шығарғанымен адам халіне жаңа баға беріп тұрған жоқ, ал бүйірі шығу – қарны қабысу (тоқ – аш), мерейі өсу — сағы сыну тіркестері бірін–бірі жоққа шығарып, жаңа баға беріп, логикалық қайшылыққа құрылған.
Ж) Антонимдер үнемі бір–біріне қарама – қарсы қолдана келе мүлде жақындасып, кірігіп кетеді. Мысалы: жақсылы – жаманды өмір сүру, істің бас – аяғы.
Қазақ тілінде лексикалық антонимдердің ерекшеліктері төмендегідей:

  • Антонимдер сапалық ұғымдарды білдіреді: жақсы – жаман, ақ – қара, жаңа – ескі, қатты – жұмсақ.

  • Антонимдік жұптың сыңарлары қарама – қарсылықтың мәні жағынан тепе – тең болу керек: ыстық суық

Лексикология үшін үлкен қызығушылық тудыратын құбылыстардың бірі — антонимдер.Антонимдердің табиғатын терең түсіну үшін, ең алдымен, қарама-қарсылық дегенді анықтау қажет.
Философиялық тұрғыдан алғанда: «қарама-қарсылық дегеніміз табиғат, қоғам, адам санасындағы бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар» (1,44).
Негізінен адамның ой-санасының объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарама-қарсы қою қабілеті антонимдердің пайда болуына негіз болады.
«Қазақ тілінің антонимдер сөздігінде» Ж.Мусин (2,58) антонимдерге әр түрлі бағытта төмендегідей тұжырым айтқан:

  1. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

  2. Антонимдік мағыналық сапалық ұғымдарға тән болады.

  3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні олар бір сөйлем ішінде қатар қолданғанда айқын байқалады.

  4. Антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылығы мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек.

Осы секілді антонимияда әр алуан пікір таласын тудырып жүрген мәселенің бірі – тіліміздегі болымсыздық пен қарама-қарсылық мағынадағы сөздердің қарым-қатынасы.
Зерттеушілердің бір тобы болымсыздық тудыратын жұрнақтар қарама-қарсы ұғым тудырады десе, екіншілері бұл тұжырымды жоққа шығаруға тырысады.

  1. Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді.

Ақылсыз адам айқайлап келеді, жан-жағын жайпай келеді.

  1. Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар.

  2. Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық.

Міне, «осы секілді тілімізде кездесетін ақылды-ақылсыз, балалы-баласыз, малды-малсыз жұптарын антоним ден қабылдаймыз ба, жоқ па ?» деген мәселелер күні бүгінге дейін екі жақты сипатталады.
Туынды антонимдер мәселесіне байланысты антоним мен болымсыздық категориясын ара жігін ашу қажеттілігі туады дей келе, ғалым Ж.Мусин бұл сұраққа мынадай жауап қайтарады: қазақ тілінде болымсыздық категориясы- сыз,-сіз,-ма,-ме аффикстері және жоқ, емес дегендер тіркесе қолданылатын сөздер. Және олардың қызметін, семантикалық реңктерін төмендегіше жіктейді.

  1. Фактіні жоққа шығарады (тау-тау емес, кісі-кісі емес)

  2. Заттың құбылыстың сапасын жоққа шығарады.

  3. Іске, қимылға тыйым салады (кел-келме, кет-кетпе)

Бұлардың ішінде заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығаратын тобы антонимдерге бір табан жақын тұрады, кейбір зерттеушілер бұларды антонимдер деп атайды. Бірақ бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан мүлдем басқаша.
Дәлірек айтқанда, бұл жұрнақтар антонимдік мағына тудыра алмайды.
Антонимдік қатынастар — көркем шығарма тілінде қарама-қарсылық мағыналық жүк көтеріп, үлкен стилистикалық қызмет атқарады.
Тіл ғылымында соңғы кездері аса бір қызығушылық тудырып жүрген мәселелердің бірі — контексті сөздер мен сөз тіркестерінің мәтін ішінде ұтымды, қисынды қарама-қарсы мәнде жұмсалу жайы. Сол мағына қарама-қарсылығына негізделген контекстік антонимдердің өзін тілші-ғалымдар әр түрлі атап жүр.
Стилистикалық антонимдер (Ж.Мусин), ретсіз (В.Иванова), жеке сталистикалық, ситуациялық (М.Львов), сөйлесімдік (Р.Есболатова), авторлық (Л.Касаткин), контексте қатар қойылатын сөздер (Л.Балахонская) және контекстуальды (А. Жұмабекова) антонимдер.
Біздің ойымызша, контекстуальды антоним сөзін — жеке стилистикалық, авторлық антонимдік қолданыстар деп қабылдасақ, олардың мәтін ішіндегі жасалу жолына назар аударалық.
Сонымен, ғылыми еңбектерден антонимдердің контекстегі көріністерінің орныққанын байқадық. Олардың көркем шығармадағы көріністерін, сандық, сапалық өсуін нақты деректерге сүйеніп, төмендегіше сипаттауға болады.
Контекстік антонимдердің қалыптасуына уақыт, аралық, қашықтығы жағынан семантикалық белгілері алшақ жатқан сөздер негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет