Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға музыканың
әсері. Музыка ерекше эмоциялық әсер ету күшіне ие болғандықтан, қимыл-
қозғалысты сүйемелдей отырып, олардың атқарылу сапасын - мәнерлілікті,
ырғақтылықты,
айқындықты,
үйлесімділікті,
әсемдікті,
тұтастықты
жақсартуға әсерін тигізеді. Мәнерлілік және қимыл-қозғалыстың музыкамен
үйлесімді келуі қабылдау жинақылығымен және балалардың музыкалық
шығармалардың кӛркем образдарынан, олардың әртүрлі сипатынан,
музыкалық мәнерлілігінен (қарқыны, динамикасы, ӛлшем ырғағы) эмоциялық
күйге түсуімен анықталады. Музыкамен байланыстағы қимыл-қозғалыс
сипатын балалардың қабылдауының осындай эмоциялық бояуы қимыл-
қозғалысты жетілдіреді, қимыл-қозғалысқа қуат немесе жұмсақтық, кең
құлаштылық, байсалдылық бітіреді, сонымен бірге оның еркін әрі ықтиярлы
болуына кӛмектеседі. Музыканың сүйемелдеуімен қозғалу музыка үнін
қабылдау қабілетін дамытуға жақсы әсерін тигізеді, уақытты бағдарлауды -
музыкалық шығарманың әртүрлі ӛлшем-ырғақтық құрылысына сәйкес ӛз
қимыл-қозғалысын белгілі бір уақыт ішіне сыйдыру қабілетін тәрбиелейді.
Баланың қимыл-қозғалысымен байланысты белгілі бір ӛлшем-ырғақ бүкіл
организмнің үйлесімді реакциясын (тыныстық, жүректік, бұлшық еттік),
сондай-ақ психиканың эмоциялық жағымды күйін тудырады, бұл организмнің
жалпы толысуына жәрдемдеседі. Музыкамен сүйемелдеу балалар негізгі
қимыл-қозғалыстарды (жүру, секіру), балаларға ерекше қызықты, затпен
атқарылатын (лента, жалауша, шарф, доп, шығыр т.б.), жалпы жетілдіретін
жаттығуларды, сапта тұрып атқаратын жаттығуларды орындаған кезде
қолданылады: ол қимыл-қозғалыс сипатын музыкалық шығарма сипатына сай
ӛзгертуге әсерін тигізеді. Марш музыкасының сүйемелімен жүрген кезде
(әсіресе кӛңілді немесе салтанатты сипаттағы) пайда болатын эмоциялық
кӛтеріңкілік және баланың соған сәйкес дене жағдайы тұлғаның дұрыс
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Қимыл-қозғалысты музыка сүйемелімен
орындар алдында балаларға шығарманы толық тыңдау, музыкалық образды
қабылдау, мазмұн мен кӛркем форманы бірлікте сезіну қажет. Педагог
балалардың назарын музыкалық шығарманың кӛркемдік ерекшеліктеріне,
музыкалық мәнерлілік құралдарына аударады, сӛйтіп олар үшін қимыл-
қозғалыстарды орындау сипаты ұғымды бола түседі. Дене шынықтыру
сабақтарының бәрінде де музыкалық шығармалардың орындалуы жоғары
шеберлікте болып, балалардың қабылдау кӛркемдігі мен талғамының
қалыптасуына әсер етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |