Дєріс тезистері


Негізгі қозғалыстардың маңызы



Pdf көрінісі
бет113/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   217
ДШТӘ лекция

Негізгі қозғалыстардың маңызы. Негізгі қозғалыстар-бұл адам үшін ӛмірлік 
қажетті қозғалыстар, адам бұл қозғалыстарды: жүруді, жүгіруді, секіруді, 
лақтыруды, ӛрмелеуді ӛзінің сан алуан қызметінде қолданады, бұл 
қозғалыстардың тұрақты, қажетті компоненті тепе-теңдік сезімі болып 
табылады. Негізгі қозғалыстар динамикалық сипатқа ие. Олар бұлшық 
еттердің кӛптеген бӛлігін әрекет етуге қатыстырады және барлық 
физиологиялық процестерді жандандыра отырып, бүкіл организмнің тіршілік 
қызметін арттырады. Сӛйтіп негізгі қозғалыстар баланың денесінің дамуына, 
денсаулығының жақсаруына жағдай жасай отырып, органимге тұтастай әсер 
етеді. Жүйке жүйесінің реттеуші қызметі негізгі қозғалыстардың жетілдірілуін 
айқындайды. Сонымен бірге кері тәуелділік жүйке жүйесінің қызметін 
жаттығудың әсерімен жетілдіру де байқалады. Мақсатты басшылық жасау 
жағдайында негізгі қозғалыстарды дамыту психикалық процестерді: таным 
процесін-зейінділікті, қабылдауды, ойша болжауды, кӛз алдына елестетуді, 
ойлауды; жігерлілік процесін-назар аударуының жинақтылығын, бала танып 
білген әрекеттердің мақсаттылығын, ӛз әрекетін үйлестіре білуін, жалпыға 
бірдей міндетті бірлесіп орындауын; эмоциялық процесін-жалпы ӛмірлік 


181 
кӛңіл күйді ӛсіруді, сезімталдыққа, мүдделілікке және ӛз іс-әрекетіне белгілі 
бір кӛзқарасқа баулуды қалыптастырумен байланысты.  
Негізгі қимыл-қозғалыстар баланы түрліше бағдарлай білуге 
тәрбиелеуге: кеңістікте-қозғалыс бағытын, заттың алыстығы мен тұрған 
орнын, заттардың кеңістіктегі арақатынасын бағдарлай білу, кӛзбен бақылап 
білуді дамытуға; уақыт жӛнінде-жаттығулардың орындалу ұзақтығын және 
олардың жеке фазаларының дәйектілігін, қозғалысты белгіленген немесе жеке 
қарқынмен орындауды бағдарлауға; ұжым арасындағы қозғалыс кезінде 
бағдарлауға-қайта сапқа тұрғызу және барлық топты сапқа тұрғызу кезінде
балалардың арасында бытырап жүріп келе жатқан кезде ӛз орнын табуға 
кӛмектеседі. Мұның бәрі ӛзін қоршаған ортаны ескере білуге және соған 
сәйкес мақсатты түрде әрекет етуге тәрбиелеуге кӛмектеседі. 
Негізгі қимыл-қозғалыстар эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуде де 
маңызды: олар тұлғаның әдемі де дұрыс қалыптасуына, қозғалыстың дәл, әсем 
әрі үйлесімді болуына, ұжымда әрекет ете білуге және кеңістікті толық 
пайдалануға кӛмектеседі. 
Негізгі қимыл-қозғалыстар-тәрбие және үйрену процесінде біртіндеп 
пайда болатын күрделі шартты рефлекстер. Мектеп жасындағы бүкіл кезеңде 
негізгі қозғалыстар дамиды, жетіледі және қозғаушы стереотиптер 
қалыптасады. Қозғалысты белгілі бір жүйелілікпен, мысалы, жүру, жүгіру, 
лақтыру және басқа да жаттығулар кезінде сан рет қайталау осы 
қозғалыстардың әрбірінің жекелеген элементтері арасында уақытша 
байланысты тудырады. Буын-бұлшық еттің алғашқы қозғалысты орындаудан 
басталатын сигнал беру жүйесі тікелей барлық, келесі сигнал беруді туғызады, 
олар сол жүйеде қалыптасып автоматтанады. Осы кезде балаларда пайда 
болған динамикалық стереотиптер тамаша тұрақтылыққа ие болады. Алайда 
негізгі қимыл-қозғалыстарды балаларға үйрету және олардың бойында 
дамыту процесінде икемді қозғалыс стереотипін, қозғалысты тез ӛзгерту 
қабілетін, қоршаған ортаның ӛзгермелі жағдайына бейімділікті біртіндеп 
қалыптастыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Бұл тапсырмалар қозғалыс 
қарқынын, қозғалыс шартын ӛзгертетін жаттығулардың әртүрлі нұсқаларын 
орындау жолымен жүзеге асырылады. 
Негізгі қимыл-қозғалыстар циклді және ациклді болып бӛлінеді. 
Біріншісі үнемі біркелкі циклдерді (айналымдарды) орындау болып табылады, 
мұндайда бүкіл дене мен оның жекелеген мүшелері үздіксіз бастапқы 
жағдайына қайтып келеді (мысалы, жүру, жүгіру). Циклді типтегі қимыл-
қозғалыс тез меңгеріледі және автоматтанады. Мұның ӛзі бұл жүйеде осы 
циклдің қозғағыш элементтерінің дәйектілігін қалыптастыратын циклдерді 
қалыпты қайталаумен түсіндіріледі. Қозғалыстардың алмасуымен және 
олардың қайталануы кезінде тиісті бұлшық еттің сезінуімен байланысты 
циклдердің 
қайталанатын 
дәйектілігі 
осы 
қозғалыстың 
ырғағын 
қалыптастырады. 
Ациклді типтегі қимыл-қозғалыста қайталанатын циклдер болмайды (лақтыру, 
секіру). Мұндай әрбір қимыл-қозғалыс қозғалыс фазалардың белгілі бір 


182 
дәйектілігін сақтайды, жекелеген фазаларды орындаудың белгілі бір ырғағына 
ие. Циклді қозғалыс типіне қарағанда, ациклді қимыл-қозғалыс типі ұзақ 
уақыт бойы біртіндеп меңгеруді талап етеді. Оларды орындау кезінде қимыл-
қозғалыстарды неғұрлым күрделі үйлестіру, барлық әрекетті бір мақсатқа 
шоғырландыру және жігерлі қимыл жасау қажет. 
Жүру-адамды қозғаушы, циклді қимыл-қозғалыс типіне жататын, 
негізгі, табиғи әдіс. И.М.Сеченов жүру механизмінің барлық күрделі актісін 
ашты. Қозғалысты тікелей реттеуші нақты тері-бұлшық ет түйсіктері алғаш 
сигнал беретін тітіркендіргіштер болып табылады. «Әрбір қадам жасау 
барысында екі аяқ бірдей жерге тиіп тұрған кезде, мынадай бір сәт болады, 
осындай сәтте сезіну ақыл-ой үшін бір аяқтың табанын жерден кӛтеру және 
екінші аяқты тіреу сигналы-уақыт пен кеңістікте екі бірдей аяқтың қызметін 
дұрыс ауыстыруды реттеуші сигнал ретінде қызмет етеді». Жүрудің дұрыс 
дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті бала тұлғасының біркелкі 
ӛсуіне, аяқ басуын қалыптастыруға кӛмектесетін дұрыс жүруге, икемділікпен 
аяғын ілгері қарай басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді қорғауға 
тәрбиелеу болып табылады. «Дағдылы жүріс кезінде ілгері басқан аяқтың 
ӛкшесі жерге тиеді, ал содан кейін дененің салмақ орталығының ілгері қарай 
жылжуы кезінде тірек ӛкшеден біртіндеп аяқтың ұшына ауысады. Бала 
жүрген кезде кеудесінің қандай қалыпта тұрғанын бақылау қажет: ол алға 
қарай бағытталуы керек, сондай-ақ оның тӛменгі бӛлігіндегі тыныс алу 
қозғалыстары үшін кедергі жасайтын нәрсенің бәрін жою қажет. Бұл жағдайда 
бас еркін алға қарай бағытталуы керек, мұның ӛзі де дұрыс тыныс алуға 
кӛмектеседі». Жүру кезінде денеге түсетін ауыртпалық жүрістің қарқынына 
және сол кезде жұмсалатын күшке байланысты. Жүрістің дағдылы, қалыпты, 
жедел қарқыны кӛптеген бұлшық еттерді ширақ қимылға келтіре отырып, 
жүрек-қан тамырлары мен тыныс жүйелері қызметін күшейтеді, мұның ӛзі 
тұтас алғанда зат алмасудың жақсаруына кӛмектеседі. Бұлшық еттердің 
ширақ жұмыс істеуіне қарамастан белгілі бір мӛлшерде жүру баланы 
шаршатпайды. Бұл жүрістің ырғақтылығымен және автоматтандырылуымен, 
бұлшық еттердің жұмыс істеу кезінде тартылу және босаңсу сәттерінің кезек 
алмасуымен, жүйке жүйесі жұмысының үйлесімділігімен түсіндіріледі. 
Мұндай кезде аяқ тірек ретінде бүкіл дененің салмағын кӛтеріп тұрады да, 
екінші жерден кӛтерілген аяқ жұмыс істеп, маятник сияқты қозғалыс 
жасайды, ал оның жұмысқа қатысы шамалы болады (П. Ф. JIесгафт). Жүріс 
қарқынын баяулатқан кездегі аяң жүріс шапшаң қозғалыстан — жүгіруден, 
секіруден және т.б. кейін денеге түсетін ауыртпалықты біртіндеп бәсеңсітуге 
кӛмектеседі және қан тамыры соғуының жиілігін мӛлшерге келтіреді. Бала бір 
жасқа толғаннан кейін жүруді игере бастайды. Бұл жасында және екі жасқа 
қараған кезінде де қозғалыстардың автоматтылығы мен үйлесімділігі нашар 
дамиды. Алғашында бала аяқтарының арасын кең ашып, қолдарын екі жағына 
сермеп, алға және жоғары созып, құлашын жайып жүре бастайды. Бұл тепе-
теңдікті сақтау қажеттігіне байланысты: денесі тік тұрған кезде баланың 
бойындағы салмақ орталығы ересектерге қарағанда, салыстырмалы түрде 
жоғары болады, сондықтан ол тез құлайды. Адым жасаған кезде бала аяғын 


183 
толық жазбайды, аяқтары тізесі мен белінен бүгулі тұрады, табандарын бір-
біріне қатар қойып, тіпті аяқ ұшын ішке қарай сәл бұрып тұрады. Жерге аяқ 
басқанда бала жүрісті ӛкшесінен аяқ ұшына ауыстырмай табанымен тырп-
тырп басады. Кӛпшілік балалар жан-жағына теңселіп тұрады, екі қолын 
бауырына басып немесе ептеп қана бір қолын ербеңдетеді, аяғын жерден әрең 
кӛтереді (тыпырлайды). Қимыл-қозғалыстың әркелкі қарқыны байқалады: 
бала бірде жүгірген сияқты тез жүреді, бірде аяқ алысын баяулатады. Екі 
жасқа қараған кезінде әр бала ӛзіне ыңғайлы қарқынмен жүреді. Қол мен 
аяқтың ӛзара үйлесімді қозғалыстары 2,5-3 жастағы балалардың шамамен 
25%-нен, 4 жасқа келгенде олардың тең жартысынан байқалады. 
Табандарының жерге басылуы параллель қалпында қалады. Балалар бірінің 
артынан бірі тізбекпен, кӛрсетілген бағдарлардың бағытын сақтай отырып, 
екеу-екеуден, шеңбер бойлап жүре алады. Олар қимыл-қозғалысқа келтіретін 
тапсырмаларды жақсы қабылдайды және ӛз бетінше орындауға тырысады. 
Саналылық тапсырманы орындауға дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға жеке-
жеке, бірінің ізінен бірі жүруге, әр жерге қойылған заттардың арасымен 
бағдар ұстап, оларды айналып, аттап ӛтіп, қолына ұстап жүруге мүмкіндік 
береді. Балалар бастап жүруші болуға, кеңістіктегі кӛріністі қабылдауға және 
жүрген кезінде кӛрсетілген затқа (орындық, жалауша, ойыншық және т.с.с.) 
саналы түрде бағдар ұстауға үйренеді. 
Жасы беске қараған, әсіресе, бес жарым жасқа толған бала үйрену 
процесінде біртіндеп дене тұлғасын дұрыс қалыптастыру, қолдар мен 
аяқтардың ӛте-мӛте үйлесімді қимылын, кеңістікте бағдар ұстаудың, бағытты 
ӛзгертудің мол еркіндігін игереді. Дұрыс дағдылы жүріс тӛмендегі 
белгілермен сипатталады, кеуде тік қалпында, иық керілген, іш тартылған, бас 
сәл ғана (жолды бақылап кӛру үшін) аяқтан 2-3 м озыңқы болуы тиіс. Тыныс 
алу мұрын арқылы ырғақты, қалыпты. Адым белгілі бір қалыпта және 
ырғақта, аяқ пен қолдың үйлесімі дұрыс болуы қажет. Балалардың жас 
мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбиеші кимыл-қозғалыс қасиетіне неғұрлым 
жоғары талап қояды. Бұрынғы топта игерілген жүріс дағдылары нығаяды, 
жетіледі, жүріс аяқтың ұшына, ӛкшеге, табанның сыртқы жағына және т.с.с. 
кезекпен ауысады. Балалардың бәрі де бастап жүруші бола алады және 
кеңістікте тәрбиешінің тапсырмасымен де, ӛз бетінше де бағдар ұстай алады. 
Жасы алтыға қараған баланың жүрісі неғұрлым орнықты, баяу 
қарқынмен, адымының кеңдігімен сипатталады. Тәрбиеші әрбір баланың 
тұлғасының дұрыс қалыптасуын, қолдары мен аяқтарының үйлесімін, тыныс 
алуының біркелкілігін (3 адым-мұрын арқылы терең дем алу; 4 адым ұзақ дем 
шығару) және жүрістің әдістерін ӛзгерте отырып, сенімді, байыпты мәнер 
жасауын (тізені бүкпей, жартылай отырып, тізені биік кӛтеріп және т. б.) 
бақылауға назар аударады. Жүрісті жетілдіру, сондай-ақ балаларды үйреткен 
кезде жалпақ табанды болдырмау мақсатында бірқатар арнаулы жаттығулар 
пайдаланылады. Аяқтың ұшымен жүру тірек алаңы тар жерде орындалады 
және балтыр мен табан бұлшық еттерінің ширығуын тудырады, сол арқылы 
табанның жерге тірелуін нығайтады. Бұл жаттығу қысқа адым жасап, қолды 
жай сермеуге мәжбүр етеді және омыртқаны түзетуге кӛмектеседі. Табанның 


184 
сыртқы қырымен аяқты қисайтып жүру («маймақ қонжық»). Аяқты жартылай 
бүгіп, бұқпалап жүру. Жерде жатқан сатымен жалаң аяқ оның кӛлденең 
басқыштарын аяқтың саусақтарымен іліп жүру. Белгіленген ауыстыру арқылы 
ӛкшеден аяқ ұшына жүрісті ауыстыру. Жас ӛскен кезде арқаның, құрсақ 
шандыры мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтатын, қолды кең сермеуді талап 
ететін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға, байланыс және буын 
аппаратын нығайтуға кӛмектесетін жүріс-санды жоғары кӛтеріп жүру; әртүрлі 
тапсырмалар мен кеңістікте бағдар ұстауға, қарқын мен бағытты ӛзгертуге 
сигнал беру арқылы орындалатын, сан алуан ӛзгерістер мен, заттардың 
арасында жүру; ептілікті дамытатын шалыс жүріс, қосымша адым жасап 
жүру; қолды қосымша қозғалтып, зат ұстап жүру; жоғарыға біртіндеп 
кӛтерілетін, тарылтылған тірек алаңымен жүру, сондай-ақ тепе-теңдікті 
сақтау, тӛзімділік, жинақылық, ептілік, қимылды үнемдеу сезімін тәрбиелеуге 
кӛмектесетін әртүрлі биіктікте (белдіктің тақтайдың, бӛрененің үстінде) жүру 
қолданылады. Иық белдеуінің, құрсақ шандырының, аяқтың, табанның 
бұлшық еттерін күшейтетін, аяқтың ұшына салмақ салып, қолды кең сермеп 
жүретін гимнастикалық жүріс. Жүріп жасалатын жаттығу жүрісті немесе аяқ 
алыс кезінде дене тұлғасын қалыптастыратын қозғалыс стереотипінің пайда 
болуына кӛмектеседі. Жүрісті жетілдіру мектеп жасына дейінгі бүкіл балалық 
кезең бойына жалғасады. Жасқа байланысты жүріс дағдысын игерудің 
сапалық қана емес, сандық кӛрсеткіштері де ӛзгереді: адымның ұзындығы 4 
жасар балаларда 39-40 сантиметрден, 7 жасар балаларда 51-53 сантиметрге 
дейін ӛседі, тиісінше адым саны минутына 170-180-нен 150-ге дейін азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет