178
тамырларының және тыныс алу жүйелерінің) және шынығуын қамтамасыз ету
болып табылады. Н е г і з г і г и м н а с т и к а н ы ң мазмұнына бойды тік
ұстап қозғалу, жалпы денені дамытатын және негізгі қозғалыстар кіреді.
Жаттығуды орындаған кезде гимнастиканың саймандары мен дене
шынықтырудың ұсақ-түйек жабдықтары пайдаланылады.
Негізгі гимнастика
адам организмнің функциялық процестерін арттыруға, оның дене күшін
дамытуға, әр алуан қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, дене қасиетін тәр-
биелеуге, ӛмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда меңгерген қозғалыс
әрекеттерін ӛз бетінше пайдалана білу іскерлігіне, ӛз мүмкіндіктерін
бағалауға, козғалыс іс-әрекетінің негізгі
заңдылықтарын танып-білуге, ӛмір
және іс-әрекет үшін жинақтаған білім мен дағдылардың маңызын түсінуге
кӛмектеседі.
Г и г и е н а л ы қ
г и м н а с т и к а н ы ң
міндеті
адам
денсаулығын нығайту және сақтау, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу,
организмнің негізгі жүйелерінің қызметін жетілдіру (тыныс, қан айналыс, зат
алмасу процестерін жеделдету). Гигиеналық гимнастиканың құралдары
ретінде
жалпы
денені
дамытатын,
қолданбалы
жаттығулар
су
процедурасымен, сылау және организмді шынықтырумен ұштастырыла
пайдаланылады. Гигиеналық гимнастика барлық жастағы балаларға
ұсынылады. С п о р т т ы қ бағыттағы гимнастиканың негізгі міндеті дененің
қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жету үшін адамды
қозғала білу ӛнерінде жетілдіру болып табылады. Қазіргі заманғы спорттық
гимнастиканың классификациялық
бағдарламасы бар, оны гимнаст дәйекті
түрде меңгереді. Спорттық гимнастика-спорттың олимпиадалық түрі.
Спорттық а к р о б а т и к а қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін,
күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кӛмектеседі, ӛз денесін ширақ меңгере
білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды. К ӛ р к е м
г и м н а с т и к а қимыл-қозғалысты жетілдіруді кӛздейді және спорттық
сипатқа ие. Кӛркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл-қозғалыстың
жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлілігін меңгеруге кӛмектесетін
музыкамен табиғи байланысты. Кӛркем гимнастиканың мазмұны сапта тұрып
жасайтын, жалпы денені дамытатын жаттығулардан және кейбір негізгі
құралдарсыз жасалатын түрлі би комбинацияларынан тұрады.
Спорттық-
қолданбалы гимнастика арнайы дене тәрбиесі дайындығына, оның дене
қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттың қимыл-қозғалыс
әрекеттеріне кіретін жекелеген қимылдарды жетілдіруге бағытталған.
Спорттық-қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы
шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады.
Кәсіптік-
қолданбалы г и м н а с т и к а белгілі бір мамандықты меңгеруге кӛмектесетін
қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады, жетілдіреді (биікте
жұмыс істейтін монтажшы, шахтер, транспорт жүргізуші және басқалар).
Ӛ н д і р і с т е г і г и м н а с т и к а адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру
және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс
күні тәртібіне кіреді: кіріспе гимнастика-жұмыс басталар алдында, ал дене
шынықтыру үзілісі (физкульт-пауза)- жұмыс күні процесінде, үзілісте
жасалады. Е м д е у г и м н а с т и к а с ы емдік
дене шынықтыруға жатады
179
және денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған.
Кез келген аурумен сырқаттанған кезде қолданылады, спецификалық емес
функциялық терапия құралы болып табылады. Ол жарақат алғаннан және
аурудан тәуір болғаннан кейін қимыл-қозғалыс аппаратының қызметін
қалпына келтіру үшін, дене бітімінің кемшіліктерін түзету үшін (дене
бітімінің әртүрлі ӛзгерістері) пайдаланылады. Емдеу гимнастикасы жүйке
жүйесінің жағдайын және ауру адамның ӛзін-ӛзі сезінуін жақсартуға, олардың
ӛмірлік кӛңіл күйін кӛтеруге және жағымсыз әсерлерді жоюға бағытталған.
Сонымен, гимнастика дене тәрбиесі құралдары мен тәсілдерінің бірі
болуымен қатар әртүрлі оқыту-тәрбие
беру мекемелерінде, емдеу
орындарында,
кәсіпорындардағы,
мекемелердегі,
фабрикалардағы,
зауыттардағы дербес дене тәрбиесі қимыл-қозғалысында, дене тәрбиесімен
жеке айналысу кезінде балаларға, жастар мен ересектерге арналған дене
тәрбиесінің бүкіл мемлекеттік бағдарламаларының ажырағысыз бір бӛлігін
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: