Дєріс тезистері


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде



Pdf көрінісі
бет112/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   217
ДШТӘ лекция

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде 
гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы 
дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың тәрбие жұмысында жоғарыда аталған гимнастиканың барлық 
түрлерінің ішінде мыналар қолданылады: негізгі гимнастика, емдеу 
(қалыптастыру) гимнастикасы және гимнастиканың негізі түрі ретінде 
массаж. 
Негізгі гимнастиканың маңызы балалардың денесін жан-жақты дамыту, 
организміндегі функциялық процестерді жақсарту, денсаулығын нығайту 
үшін оның тиімділігінде болып табылады. Негізгі гимнастикаға кіретін 
жаттығу тұлғаның дұрыс қалыптасуына, дағдылы қимыл-қозғалысқа, 
қозғалыстың жалпы үйлесімі мен дене қасиетінің дамуына әсер етеді. 
Негізгі қозғалыстар-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, ӛрмелеу және тепе- 
теңдікті сақтауды дамытатын жаттығу жасау. Бұл жаттығуларды алда тұрған 
міндетке байланысты үлкенді-кішілі дене тәрбиесі құралдарын (дӛңгелек, 
құрсау, секіріп ойнайтын жіп, доп, ӛрмелейтін мінбелер, лақтыру үшін 
қажетті нысаналар, секіруге арналған бағаналар, т.б.) пайдалану арқылы 
жүргізуге болады. 
Жалпы денені дамытатын жаттығулар бұлшық еттердің жекелеген 
топтарын дамыту және нығайту, тұлғаны дұрыс қалыптастыру мақсатында 
қолданылады. Жаттығу организмге жалпы физиологиялық ықпал жасайды 
және қозғалыстарды үйлестіруді, кеңістікте бағдарлай білуді жетілдіруге 
кӛмектеседі. Ол жаттығулар жалаушалар, таяқшалар, дӛңгелек құрсаулар, 
ленталар, т.б.құралдармен және құралдарсыз да орындалады. 
Сапта тұру жаттығулары - сапқа тұрғызу (шеңберде, тізбек-сапта, 
қатарлы-сапқа т.б.), сапқа қайта тұрғызу (бір тізбекті саптан екі, үш, тӛрт 
тізбекті сапқа, қатарлы сапқа және с.с. тұрғызу), жан-жаққа бұрылу (оңға, 
солға, кері қарай), саптың созылып, сиректеуі және тұтасуы, кеңістіктегі 
барлық қозғалыс әртүрлі сапқа тұрғызуда және бытыраңқы (сабақтарда, 


180 
ертеңгілік гимнастикада, кӛп қозғалысты ойындарда, қол ұстасып әндетіп 
билейтін ойындарда, мереке салтанатында, қыдыру, экскурсия кезінде) 
пайдаланылады. Кішкентайлар мен ортаңғы топ балалары кеңістік 
терминологиясын затқа қарай бағдарлау арқылы қабылдайды: «Tерезеге қарай 
оңға бұрылыңдар!» Ересектер тобында бағдарлаусыз: «Диагонал бойлап-
марш!», «Қарама-қарсы жаққа тізіліңдер!», «Бірінші звено-оңға, екінші-солға 
марш» және с.с. 5-6 жасар балалардың кеңістік терминологиясын меңгеруінің 
қолайлылығы және ӛз бетінше пайдалануын эксперимент арқылы 
(Э.Я.Степаненкова) анықтаған. Осы жаттығуларды орындау барысында 
балалардың кеңістікте бағдар ұстауы, ұжымда әрекет ету үйлесімділігі 
(әртүрлі тапсырмаларды жалпыға ортақ қарқында және ӛзара байланыста 
орындау) қалыптасады. Сапта орындалатын жаттығулар балалардың дене 
бітімінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды. Олар әртүрлі заттармен 
орындалуы, әнмен, музыкамен, ұрып ойнайтын аспаптармен (даңғыра, 
барабан) сүйемелденуі мүмкін. Негізгі қозғалыстар, денені жалпы дамытатын 
және сапта жүріп жасайтын жаттығулар дене шынықтыру және музыка 
сабақтарында, сондай-ақ ертеңгілік гимнастикада жүзеге асырылады. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасындағы гимнастика жӛніндегі 
барлық материал әрбір жастағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әр 
жастағы топтың ӛз ішіндегі, сондай-ақ олардың арасындағы қиындықты 
біртіндеп ӛсіру арқылы орналастырылған. Бұл жаттығулар арқылы әрбір бала 
балабақшада болған кезеңі ішінде бағдарламалық материалды дер кезінде 
меңгеру, ӛзінің жасына лайық қимыл-қозғалыс техникасын игеру және 
мектептегі оқуға дайын болу мүмкіндігі қатамасыз етіледі. Бұл 
жаттығулардың бәрі балалардың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, зейінділігін 
дамытуға, кеңістікте бағдарлай білуге, келісімді әрекет жасауға, тәртіптілікке 
кӛмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет