25
туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдынала
айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Кӛлемді
экспериментке
кӛп
оқушылар
қатысады.
Жергілікті,
микроэксперименттерге аз адам қатысады. Кең кӛлемді,
ірі эксперименттерді
мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары ӛткізеді.
Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім
беру үлгісі тексеріліп, оған кӛп оқушылар қатысқан эксперимент ӛтті.
Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға кӛшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не
бірнеше оқушыны ұжымнан бӛлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың
қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда ӛткізіледі.
Тексеру эксперименті ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған
оқулықтардың пайдалылығын арнайы мектептерде
тексеру эксперименті
арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда
болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы,
педагогикалық
ғылыми-зерттеу
институттары
жаңадан
шығарылған
оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы
зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, принциптері
мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны
жасампаз эксперимент дейді. Мақсатына
қарай эксперимент анықтаушы,
қалыптастырушы, нақтыландырушы деп бӛлінеді. Озат және кӛпшілік
тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз,
ӛзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық
эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бӛліп алу
керек. Табиғи эксперимент ӛткізу үшін зерттеуші жобаны оқу-тәрбие, басқару
жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық эксперимент арқылы
зерттеуші ӛзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін
жасанды жағдайлар
жасайды. Ол рӛлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп,
табиғи экспериментке енгізу үшін әзірленеді. Нәтижесінде эксперимент
бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді.
Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие,
білім беріледі. Эксперименттің мәні мынада: зерттеуші арнайы жағдай
туғызып, жанама құбылыстарды жояды, қажетті материалды жинақтауда
кездейсоқтықтар мен кідірістерге жол бермейді.
Бұған қоса ол құбылыстар
арасындағы себептік байланыстарды дәлірек анықтау үшін эксперимент
шарттарын түрлендіре алады. Қажетті жағдайда, мәселен, фактілер жеткіліксіз
болған кезде, эксперимент қайталанады. Зерттелініп жатқан мәселеге тікелей
қатысы жоқ жанама факторлар әсерін жою үшін эксперимент кӛбіне,
әдеттегіден басқаша жағдайда жүргізіледі.
Әдеттегі
жағдайдың ӛзгеруіне қарай эксперимент табиғи және
зертханалық (лабораториялық) болып бӛлінеді.
Табиғи эксперимент кезінде сабақтар кәдімгі дене жаттықтыру сабақтары
жағдайынан алшақ кету болмайтын күйде ӛткізіледі,
алшақтаулар болғанның
ӛзінде олар шамалы ғана болады.
26
Зертханалық эксперимент. Жасанды жағдай туғызудан және жанама
әсерлерді жоюдан тұрады.
Эксперименттер белгілі бір фактілерді немесе олардың тәуелділіктерін
анықтау
мақсатында
жүргізіледі.
Кейбір
эксперименттер
қайсыбір
кӛрсеткіштерді салыстыруға бағытталады. Мұндай эксперимент-салыстармалы
эксперимент деп аталады. Эксперимент жүргізер алдында міндеттерді анықтау
және
зерттеулердің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру,
эксперименттік сабақтардың әдістемесін, фактілерді тізімге алу және оларды
ӛңдеу әдістемесін жасау қажет. Салыстырмалы экспериментте екі немесе
бірнеше біртекті топтар қатысады. Олардағы сабақтар қандай да бір фактормен
ерекшеленеді. Эксперимент
соңында қандай топта, мәселен, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру жӛнінде, неғұрлым жоғары кӛрсеткіштерге қол
жеткені анықталады. Экспериментті сабақтар ӛткізілетін топ эксперименттік
топ деп аталады. Әдеттегі әдістеме бойынша айналысатын топты бақылау тобы
деп атайды. Эксперимент нәтежелерінің неғұрлым дұрыс болуы үшін айқыш-
ұйқышты эксперимент деп аталатын сызба қолданылады. Мысалы алғашқы
экспериментте бір топ бірінші әдістеме бойынша, ал басқа топ екінші әдістеме
бойынша айналысады. Екінші экспериментте бірінші топ екінші, ал екінші топ
бірінші әдістеме бойынша айналысады.Үш және одан да кӛп
нұсқалар
(варианттар) тиімділігі салыстырылатын зерттеулерде эксперименттер үш және
одан да кӛп кезеңде ӛткізіледі де нұсқалардың біреуінің артықтығы
анықталады. Егер бірден бірнеше фактордың әсерін анықтау міндеті қойылатын
болса, кӛп факторлы эксперимент деп аталатын сызба пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: