Педагогикалық талдап қорыту әдістері. Әдістердің бұл тобына
педагогикалық бақылау енеді. Күнделікті бақылаудан мұның айырмашылығы-
ол арнайы ұйымдастырылады, айқын тұжырымдалған міндеті, анық белгіленген
бақылау заты, сондай-ақ бақылау фактілерін түйіндеу жүйесі болады. Мұның
ӛзінде зерттеуші педагогикалық үрдіс барысында араласпайды. Ол фактілерді
жинау, оларды түйіндеу жүйесінің бір ізділігі кӛрсетілетін бақылау ӛткізу және
ӛңдеу жоспарын алдынала жасайды. Бақылау тапқыр, нақты болуы керек.
Педагогикалық бақылаудың артықшылығы - ол обьектілерді табиғи жағдайда
зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық бақылау фактілері обьективті
болып, зерттеушінің жеке басының қасиеттеріне тәуелді болмауы тиіс. Бақылау
үрдісінде бақыланатын нәрсені дәл есепке алып отыру әдісін пайдалану керек.
Мысалы, қозғалыс техникасын есепке алып отыру үшін фото түсіру, кино
түсіру, циклография, кӛріністік-магнитофондық, бейне таспа, үн таспа, жазба,
т.б. пайдаланылады. Қозғалыстардың жеке параметрлерін тіркеу үшін әртүрлі
аппарат қолданылады.
Хронометрлеу әдісімен дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді
орындауға кететін уақыт, сондай-ақ сабақтың жекелеген бӛліктері мен толық
сабақ
ұзақтығы
анықталады.
Хронометрлеу
хронометрлердің,
қол
секундомерлердің және басқа аспаптардың кӛмегімен жүргізіледі.
Тәрбиешінің сӛзі стенографиялау, магнитофонға жазу арқылы тіркеледі.
Бақылау нәтижелері журналға, күнделікке хаттамаға жазылады. Бақылау
процесінде тіркелген мәліметтерді алдынала бағалау қажет. Оларды ӛңдеу
кезінде кездейсоқ фактілер алынып тасталып, байқалған заңдылықтар
іріктелінуі, жинақталып, қорытылуы тиіс. Фактілерді зерттеу және талдау
нәтижесінде олардың жеткіліксіз болуы немесе қарама-қайшы болып, түбегейлі
қорытынды жасауға негіз бола алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау одан
әрі жүргілуі тиіс. Қайта бақылаудан алынған мәліметтер негізінде алдынала
жасалынған қорытындылар тиянақтала түсуі және бастапқы жорамалға,
бақылауды
ұйымдастыруға
түзетулер
енгізілуі
мүмкін.
Бақылау
бақылаушының ӛзіне қатысты әрекеттерді, денсаулық жағдайын және басқа
факторларды ӛздігімен тексеру түрінде ӛзін-ӛзі бақылау сипатында болуы
мүмкін. Ӛзін-ӛзі бақылау дене шынықтыру жаттығулары сабақтары үрдісінде
де, соңдай-ақ бұдан соң оның ағзаға әсерін зерттеу үшін де қолданылады.
Мұның ӛзінде субьективті түйсіктерді ғана емес, обьективті мәліметтерді де
(қан тамырының соғысы т.б. ) басшылыққа алып отыру керек. Ӛзін-ӛзі бақылау
мәліметтері арнаулы күнделікке жазылып, талдануы тиіс.
|