302
Даярлық тобына денесін аз жаттықтырған, жүрек-қан тамырлары және
тыныс алу қызметінде шамалы ғана
функционалды ауытқушылығы бар,
гастритпен, созылмалы бронхитпен ауыратын, бұрын күшті жұқпалы
аурулармен (дифтерия, скарлатинамен) ауырған балаларды енгізеді. Даярлық
тобындағы балалардың кӛпшілігі жылдам шаршауымен, жүйке және жүрек-қан
тамырлары жүйесінің жоғары деңгейде қозуымен ерекшеленеді. Осыларға
байланысты күш жаттығулары мен шыдамдылықты
арттыруға бағытталған
жаттығуларды мӛлшерлегенде ерекше бір ұстамдылықты сақтау, секірулердің,
қысқа қашықтыққа жүгірулердің, арқанмен ӛрмелеудің санын шектеу қажет
болады, жаттығу құрамынан қашықтыққа жүгіру мен шаңғымен жүру
жаттығуын алып тастаған жӛн.
Гимнастикалық, спорттық жаттығулар
техникасын даярлық тобының балалары бағдарлама талаптары шегінде жалпы
негізде оқып үйренеді. Дегенмен, жүктеме біршама азайтылады және жаттығуды
іріктеп алу мен жүктемені мӛлшерлеуде үлкен кӛлемде жекелеу ісі жүзеге
асырылады.
Арнайы топқа күшті сарп (ревматизм) дертіне шалдыққаннан кейін 6-12
ай ӛткесін, дерттің қайталап қозу кезеңі аралығында сарппен, жүрек
ауруымен
ауыратын, дене дамуында елеулі түрде кейін қалған, асқа тәбеттің тартпауымен
қосарлана жүретін ішек-асқазан ауруларын басынан ӛткізген, алыстан
кӛрмейтін, козғалыс-тірек аппаратының ақауы бар балаларды жатқызады.
Олардың дене тәрбиесі елеулі түрде шектеледі немесе онымен айналысуға тіпті
рұқсат етілмейді. Осы топтағы балаларға емдеу дене шынықтыруын белгілеу
және дәрігердің тікелей бақылауымен 30-45 минуттен аптасына 2-3
рет сабақ
ӛткізу тиімді. Дене тәрбиесінің пайдалы екендігіне дәрігер күмәнді болса
сабаққа рұқсат етпейді. Баланың денсаулық жағдайына байланысты
мамандармен кеңескеннен кейін дәрігер жаттығудың нақты түрлерін белгілейді,
олардың орындалу ұзақтығын анықтайды,
балалардың іс-қимылы мен
денсаулығын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Қатты науқастанып
тұрған балаларға дене тәрбиесі сабақтарына қатынасуға уақытша рұқсат
етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: