Дєріс тезистері


Дене шынықтыру және спортты насихаттау



Pdf көрінісі
бет200/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   217
ДШТӘ лекция

5.7. Дене шынықтыру және спортты насихаттау 
Тұрғындарды салауатты ӛмір салтына, дене шынықтырумен және 
спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық 
топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы 
жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық 
ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар 
бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар 
бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу 
керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік 
топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың 
басымдығын дәлелдей кӛрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, 
темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың 
таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене тәрбиесі жӛнінде 
жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы 
жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні 
саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет. 
Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың 
спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру, 
спортпен ӛз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен 
және спортпен шұғылдану қажеттігін кӛпшіліктің санасына сіңіру болып 
табылады. 
Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық 
және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру 
саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге, ғылыми зерттеулер мен 
жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс. 
Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі - 
олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың ӛмірі мен денсаулығына қауіп 
тӛндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен талаптарға сай 
келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен дене 
жаттығуларын дамытуға қолдау кӛрсетілмеуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет