Дєріс тезистері


«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және



Pdf көрінісі
бет202/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   217
ДШТӘ лекция

«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық ережелері 
1. Жалпы ережелер 
1.Осы «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» 
санитариялық ережелері (бұдан әрі – санитариялық ережелер) білім берудің 
мектепке дейінгі ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға, жер 
учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды күтіп ұстауға, жӛндеуге және пайдалануға 
енгізуге, жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режиміне
табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрізге, 
медициналық кӛмек кӛрсетуге және гигиеналық тәрбиеге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
2.Осы санитариялық ережелер қызметі барлық типтегі және түрдегі 
мектепке дейінгі ұйымдарды пайдаланумен және күтіп-ұстаумен байланысты 
жеке және заңды тұлғаларға арналады.
3.Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды:
1) 
білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары - Қазақстан 
Республикасының заңдарына, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың 
мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген бағдарламалар 
мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбие-білім беру қызметін жүзеге асыратын, 
сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада кӛзделген басқа да қызметтерді 
кӛрсететін жеке және заңды тұлғалар
2) білім берудің жалпы типтегі мектепке дейінгі ұйымдары – 
сыйымдылығы 4-тен бастап 12-ге дейін топ болатын, ережеге сай ӛзінің 
тәрбиеленушілерінің тұрақты контингентіне педагогикалық және медициналық 
қызмет кӛрсететін және жеке тұрған ғимаратта орналасатын мектепке дейінгі 
ұйымдар; 
3) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – 
сыйымдылығы 3 топқа дейінгі, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, кӛп пәтерлі 


352 
тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын 
мектепке дейінгі ұйымдар; 
4) топтық бӛлік – бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы; 
5) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны; 
6) күн тәртібі – балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;
7) таңертеңгі сүзгі - инфекциялық аурулардың әкелінуінің алдын алуға 
бағытталған профилактикалық медициналық іс-шаралар;
8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін 
дамытуға бағытталған қызмет саласы;
9) тиімді тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас 
нормаларын ескере отырып, баланстанған тамақтандыру;
10) бракераж – органолептикалық кӛрсеткіштер бойынша тамақ 
ӛнімдерінің және дайын тағамның сапасын бағалау;
11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;
12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясын 
нормалайтын кӛрсеткіш;
13) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі - ТЖК) – үй-жайды 
табиғи жарықтандыруды нормалайтын кӛрсеткіш;
14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) 
бойынша бӛлінетін аумақ;
15) септик – ағынды сұйықтық ағып ӛтетін бір немесе бірнеше 
камерадан тұратын кӛлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын 
кӛлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;
16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектілерінде 
инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық 
заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет