43
эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер
ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен
беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық
тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау
процесінде
қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін,
мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған
бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін
дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа
ұмтылысты, әрекеттердегі, сӛздердегі, қылықтардағы дӛрекілікке тӛзбеушілікті
тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады.
Еңбекке
даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын
шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері
тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бӛлмені, балабақша үлескісін
жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға
және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Балалар дене тәрбиесі
жабдықтарын күтіп ұстау жӛніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді:
қабырғадағы сатылардың, орындықтардың, тақтайлардың, доптардың,
таяқшалардың, шеңберлердің шаңын сүртеді,
шаңғылардың қарын тазалайды,
оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп
жинастырады, шаналардың қарын сілкіп түсіреді, велосипедтің шаңын сүртеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған
міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: