44
біріне ұқсамайды. Дене жаттығуларының мазмұны негізінен қозғалыс істеріне
кіретін қимылдар мен жаттығулар процесінің денеге тигізетін әсерімен
анықталады. Ал процестерді әртүрлі: атап айтқанда психологиялық,
физиологиялық,
биохимиялық, биомеханикалық т.с.с. тұрғыдан қарауға
болады. Психологиялық кӛзқараспен қарағанда, дене жаттығулары еркін
қозғалыс болып саналады. И.М.Сеченовтың
айтуы бойынша бұл құбылысты
«адамның санасы мен жігері басқарады». Адам физиологиясы тұрғысынан
қарағанда, дене тәрбиесінің жаттығулары организмнің функционалды қызметі
мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. П.К.Анохин қозғалыс ерекшелігін
түсіндіре келіп ӛзінің «функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынады. Бұл
тұғырнама бірінші жағдайда шартты рефлекстің негізінде
пайда болып сонан
соң ӛз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н.А.Бернштейннің айтуынша
«физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыс шын мәнінде,
рефлективтік қозғалыс» деп тұжырымдайды (сыртқы әсер арқылы пайда
болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін
жағдай, әрбір кез келген жаттығуды белсенді орындау организмнің
функционалды деңгейінің екінші түрге ауысуына әкеліп соғады. Дене
жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін
дамытуы
мен қозғалысты білу жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: