Дєріс тезистері


Ырғақтық сипаттама. Ырғақ -



Pdf көрінісі
бет38/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   217
ДШТӘ лекция

Ырғақтық сипаттама. Ырғақ - бұл қозғалыстың күшті, айрықша бӛліктерін, 
әлсіз, сылбыр бӛліктерімен уақыт жүзінде үйлестіру. Қозғалыстың айрықша
күшті бӛлігі бұлшық ет күшін мейлінше кӛп жұмсаумен орындалады, содан 
соң қозғалыс біраз уақыт инерция бойынша, сылбыр жүріп жатады (шаңғы 
таяқтарын бір мерзімде таяна серпілу және қосаяқтап сырғанау). Айрықша 
кезең интенсивті болған сайын қозғалыстың сылбыр бӛліктері соғұрлым толық 
пайдаланылады. Бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуын дер кезінде 
кезектестіріп отыру дене жаттығуларын дұрыс орындаудың, қимыл-қозғалыс 
міндеттерін шешудің үнемді тәсілдерінің бірі болып табылады. Ырғақты 
қозғалыс оңай орындалады, сондықтан ұзақ уақытқа дейін шаршатпайды. 
Қимыл-қозғалыс ырғағы игерілген қозғалыстарда, әдетте, тұрақты сипатқа ие 
болады, бірақ жағдай ӛзгерген кезде ырғақ та ӛзгереді (бет бедері әр түрлі 
жерде шаңғымен жүргенде). Қимыл-қозғалыс ырғақтарын адам саналы және 
ықтиярлы түрде қалыптастырады, реттейді. Жаттығуды орындаған кезде әр 
адамның ӛзінің индивидуалды ырғағы болады, бірақ оның белгілі бір 
қозғалыстың рационалды құрылымы анықтайтын шектен шықпауына талпыну 
керек. Дене жаттығуларымен айналысу әсерімен қозғалыстың белсенді және 
сылбыр бӛліктері ұзақтығының арақатысын ӛзгертуге болады.
Динамикалык сипаттама. Адам денесінің қозғалысына әсерін тигізетін 
күштер ішкі және сыртқы болып бӛлінеді. Ішкі күштерге жататындар: тірек-
қозғалыс аппаратының сылбыр күштері (бұлшық еттерінің серпінділігі
тұтқырлығы т.б.), қозғалыс аппараттарының белсенді күштері (бұлшық 
еттерінің тарту күші), реактивті күштер (үдемелі қозғалыс процесінде дене 
буындарының ӛзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын қайта тебетін күштер). 
Сыртқы күштерге - адам денесіне сырттан әсер ететін күштер жатады: ӛз 
денеңнің салмақ күші, сүйеніш реакция күші, сыртқы орта (су, ауа, құм) 
кедергілерінің күштері және сыртқы дене (күрестегі қарсылас, акробатикадағы 
әріптес), сыртқы ауырлық (нығыздалған доп, штанга) күштері адам орнынан 
қозғайтын денелердің инерциялық күштері. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеті 


54 
бұлшық еттік тарту күштерінің басқа ішкі және сыртқы күштермен ӛзара 
әрекеттесуінің қосымшасы ретінде қарала алады. Дене жаттығуларын 
орындаған кезде кедергі жасайтын күштерді азайтумен бірге қозғалтқыш 
күштердің бәрін мүмкіндігінше толық пайдалануға талпыну керек. 
Қозғалысты дұрыс меңгергендерде ӛзара әрекеттес күштердің арақатысы 
орынды, тиімді, үнемді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет