1 жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балалар үшін:
Жүру және тепе-теңдік жаттығулары: үлкендермен (5-7 адам) бір-
бірімен, екі-екіден қол ұстасып; айнала таяқшалар мен жіптерден аттап ӛту,
гимнастикалық орындықтар мен жәшікке кӛтеріліп, түсу (тәрбиешінің
кӛмегімен қол ұстасып, 10-15 см).
Жүгіру: тура бағытта ойыншықтарға дейін жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
Қолды жоғары кӛтеру және түсіру, қолды алға созу, артқа жасыру;
алақанды жұмып ашу; отырып тұру. Заттарды бір-біріне беру арқылы оңға,
солға бұрылу.
Еңбектеу, ӛрмелеу: бӛрене арқылы екі қатар жатқан жіптің ортасымен
тӛртаяқтап еңбектеу, шығыршықтан ортасынан, орындықтың үстімен жүру,
(биіктігі 1,5м) сатыға ӛрмелеп шығу.
Лақтыру, сырғанау, қағып алу: допты жоғарыға (қағып алмай) лақтыру, екі
қолмен сырғанату, допты бір-біріне беру, әртүрлі құралдарды
1 кіші топтағы екі жастан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған
бағдарлама
Бұл кезеңде жағдайлы-іскерлік қарым-қатынастар пайда болып және белсенді
түрде дами бастайды. Бала мен ересектің ӛзара іс-әрекет үдерісінде баланың
тілдік енжарлығымен қатар белсенділігі де қалыптасады. Бала тілдің дыбыстық
жағын меңгеріп, оның фонематикалық естуі дами бастаса, сондай-ақ, ана тілінің
дыбыстарын дұрыс дыбыстауы қалыптасады.
«Денсаулық» білім беру саласы
2 жастан 3 жасқа дейінгі кіші жас кезеңінде ағзаның барлық жүйелері мен
қызметтері қалыптасады. Бойы 90-95 см; денесінің салмағы 14-15 кг, кеудесінің
кӛлемі 50-52 см. Бұл жастағы негізгі даму буыны тек физикалық ғана емес
сонымен қатар интелектуалдық дансаулығын қамтамасыз ететін дене, қол,
саусақтарының қозғалыстары болып табылады. Бала үлкендердің кӛмегімен
гигиеналық процедураларды бар ықыласымен орындайды, киіміндегі
ұқыпсыздықты байқайды, ұзақ уақыт ӛзін сергек сезінеді. Үшке қараған
шағында 20-ға жуық сүт тісі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |