135
келеді. Зерттеулер егер осы ауыртпалық шамадан тыс болмаса және
шаршатпайтын болса, онда кӛлем артқан сайын икемделе түсудің күштірек
болатынын, ал ауыртпалық қарқынды болған сайын қалыпқа келтіру процестері
күшейетіндігін кӛрсетті. Ауыртпалық шамасының бірегей болуына қарамастан
ағзаның жауап реакцияларының ӛзгеріп отыратындығын атап кӛрсету керек:
белгілі бір ауыртпалыққа бірте-бірте икемделу
одан туатын биологиялық
ілгерілеушіліктерді азайтады, энергия жұмсау тӛмендейді, ӛкпенің жел үруі,
жүректің минуттық кӛлемі, оның жиырылу жиілігі және қан қысымы, қан
құрамындағы биохимиялық және морфологиялық ілгерілеушіліктер азая түседі.
Ӛзгермейтін
жұмысқа
икемделу
нәтижесінде
ағзаның
ӛсе
түскен
функционалдық мүмкіндіктерін, оған сол жұмыстың ӛзін әлдеқайда үнемді,
функцияларға кӛп күш түсірмей атқарып шығуға мүмкіндік береді.
Ауыртпалыққа икемденудің биологиялық мәні міне, осында.
Бірақ бұл
ауыртпалық әдетке айналса, онда ол ағзадағы игі ӛзгерістер факторы болудан
қалды. Бұдан былай да функционалдық мүмкіндіктерді арттыра түсу үшін
ауыртпалықты жүйелі түрде жаңартып отыру, олардың кӛлемі мен
қарқындылығын ӛсіріп отыру керек. Дене тәрбиесі
процесінің негізгі бір
заңдылығының мәні міне, осында. Талапты арттыру онымен байланысты
ауыртпалық баланың шамасы келерліктей болып,
ағзаның функционалдық
мүмкіндіктерінен аспайтындай (жас және индивидуалдық ерекшеліктерге сай)
болғанда ғана жақсы нәтижелерге жеткізеді. Жүйелілік, үздіксіздік және
жұмысты демалыспен кезектестіру де міндетті шарт болып табылады. Жаңа,
неғұрлым күрделі жаттығуларға кӛшу бірте-бірте, қалыптасып келе жатқан
дағдылардың нығаюына және ауыртпалыққа икемделуге қарай ӛту керек.
Машықтанудың жаңа жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік туғызатын
икемделудің болып ӛтуі үшін белгілі уақыт талап етіледі.
Қаралған
қағидалардың бәрі ӛз мазмұны жӛнінен ӛзара кірігіп және ішінара сәйкес келіп
жатады. Олардың бәрі біртұтас болып табылатын бір процестің белгілі бір
жақтары мен заңдылықтарын кӛрсетеді және шартты түрде ғана жеке-жеке
алып қарастырылады. Сондықтан аталып ӛткен қағидалардың бәрі олар ӛзара
байланысатын жағдайда ғана жүзеге аса алады.
Достарыңызбен бөлісу: