Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет84/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   217
ДШТӘ лекция

әдістері де қолданылады, ол балаларға сӛзбен, кӛрнекілік және практикалық 
басшылық кезінде қолданылады. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалану 
кезінде балалардың алдына нақты міндет қойылады, оны бұлар ӛз беттерімен 
шешеді. 
Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйретудің әдістемелік тәсілдері. Тәсіл - 
әдістің бір бӛлігі, оның бӛлшегі, әдісті толықтырушы, нақтылаушы. Балаларды 
қимыл-қозғалыс әрекеттеріне үйрету процесінде әдістемелік тәсілдер әрбір 
жеке жағдайда міндеттерге және қимыл-қозғалыс материалының мазмұнына 
сәйкес, оны балалардың игеруіне, олардың жалпы дамуына, дене жағдайына, 
жасына және типологиялық ерекшеліктеріне қарай іріктеліп алынады. Осыған 
байланысты үйрету тәсілдері әртүрлі үйлесімділікте бір жағынан, балалар 
тапсырмаларды қабылдаған кезде барлық анализаторларға жан-жақты әсер 
жасауды, екінші жағынан, балалардың қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды 
орындау саналылығын және дербестігін қамтамасыз ететіндей болып 
ұштастырылады. Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйреткен кезде тәсілдердің 
үйлестірілуі олардың ӛзара әрекеттесуімен анықталады. Тәрбиешінің кӛрнекілік 
әдіске жататын тәсілдерді, мәселен, үйретудің барлық, кезеңдерінде және 
әртүрлі жас топтарында қимыл-қозғалыс үлгісін кӛрсетуді басымырақ 
пайдалану (бұл кейде практикада ұшырасады) баланың оларды санаға жӛнді 
сіңірмей механикалық түрде қайталануын тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда 
баланың қабылдауын байыта отырып, тек қабылдау органдарына басым әсер 
ету бір жағынан қажетті ақыл-ой ынтасын бәсеңдетеді, осы жаттығудың барлық 
элементтерін санада логикалық бір ізділікпен сақтап қалуға кӛмегін тигізбейді, 
кейде оны баланың бұдан былай ықтиярлы орындау мүмкіндігін жояды. 
Дегенмен, балалардың мүмкіндіктерін ескерместен (әсіресе, кішкентайлар мен 
естиярларды (орта топ)) тек сӛзді басым пайдалану баланы қимыл-қозғалыс 
бейнелілігін, түйсіктердің, нақтылы-бейнелі ойлау процесінің кӛрнекілік 
анықтығын қабылдаудан айырады. Сондықтан тәрбиеші балаларды дұрыс 
қимыл-қозғалыстарға үйретуде жақсы нәтижелерге жетуге ұмтыла отырып, 
үйретудің әртүрлі тәсілдерін - кӛрнекілік, сӛйлесу және практикалық тәсілдерді 


139 
ӛзара байланыстыра пайдаланады. Сӛйтіп ол балалардың жан-жақты дамуына, 
қимыл-қозғалыстарды ӛз беттерімен игеруіне, оларды тиісті жағдайларда ӛз 
беттерінше және шығармашылықпен қолдануына кӛмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет